Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Дина Нұрпейісова (1861 — 1955 жж.)

Дина Нұрпейісова (1861 — 1955 жж.)

Нурпеисова Дина (1861–1955 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1861

Бе­кетай құмы, Жаңақала ауда­ны, Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы.

Қай­тыс болғаны: 1955

Ал­ма­ты

Ман­са­бы: Күйші

Жұбайы: Тұрманұлы Қанас.

Нұрпейіс келіні Ди­на (1861–1955) – қазақтың әйгілі күйші ком­по­зито­ры.

Өмірба­яны

Ту­ып өскен жері Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жаңақала ауда­нына қарас­ты Бе­кетай құмы де­ген жер. То­пырақ Ал­ма­ты қала­сынан бұйырған.

Қазақстан­ның ха­лық әртісі. Ха­лық өнер­пазда­рының 1937 жы­лы өткен рес­публи­калық байқауына қаты­сып 75 жа­сын­да ха­лық ас­папта­рын тар­та­тын өнер­паздар­дың Мәске­уде өткен Бүкіло­дақтық бірінші байқауын­да, одан кейін 1944 жы­лы 83 жа­сын­да Ор­та Ази­яның бес рес­публи­касы­нан өнер­паздар қатысқан Таш­кент­тегі он күндікте Ди­на тағы да жүлделі орын­дарды жеңіп ала­ды.

Ди­на ата-ана шаңырағын­да бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулет­ке­рей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Ес­жан, Байжұма, Ба­ламай­саң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тар­тып, төңірегі «дом­бы­рашы қыз» деп атаған. Қар­ша­дай қыз­дың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы ар­найы іздеп кел­ген. Ол Ди­наның дом­бы­ра тар­ты­сына сүйсініп, бо­лашағынан үлкен үміт күтіп, ба­тасын бер­ген. Осы­дан кейін Ди­надан көз жаз­бай, үнемі ай­на­лып соғып, до­далы күй ай­тыс­та­рына ертіп ба­рып, дом­бы­ра тар­ту­дың те­рең сыр­ла­рын үй­ре­теді. Ди­на тоғыз жа­сынан бас­тап он тоғыз жа­сына дейін, қашан ұза­тылған­ша Құрманғазы­ның ба­улуын­да бо­лады. Құрманғазы­дай дәулес­кер күйшінің ұстаз бо­луы Ди­наның ғана бақыт­ты бо­лып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты бол­ды.

Ди­на 1880 жы­лы Беріш ішіндегі Бесқасқа ру­ынан шыққан Тұрманұлы Қанас де­ген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Ди­надан Нұрпейіс ат­ты бір ұл туған. Алай­да, алғашқы пер­зенті дүни­еге кел­ген соң Қанас көп кешікпей қай­тыс бо­лады. Ди­на ата сал­ты­мен қайын інісі Шәпек­ке қосы­лады. Күйеуінің атын ата­май­тын дәстүр бойын­ша Ди­на күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атай­тын болған. Кейбір де­рек­терде «Жәпек» деп жа­зылуы со­дан. Ди­наның алғашқы күйеуінен көрген пер­зенті Нұрпейіс 14 жа­сын­да қай­тыс бо­лады. Кейін ел ішінде са­нақ па, сай­лау ма, әй­теуір бір тізім алу атай ал­маған Ди­на фа­мили­ясы­ның ор­ны­на қай­тыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Ди­наның Нұрпейіс келіні ата­ну­ының сы­ры осын­да. Жәпек пен Ди­на бақыт­ты ғұмыр кешіп, бе­рекелі жанұя құрған.

Шығар­ма­лары

Ди­наның әсем саз­ды аяулы күй­лері осы­нау жар қызығын көріп, ба­ла бақыты­на мейірлен­ген жыл­дарда туған. Ұза­тылар­да әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа аты­на ар­нап шығарған «Қарақасқа» ат" күйі, өзі пір тұта­тын күйшілері Дәулет­ке­рей мен Түркеш­ке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күй­лері, ақыл­ды да ай­бар­лы, сұлу да сыр­баз абы­сынан ар­налған «Кер­без» күйі, үлкен ұлы Жұрым­бай 1916 жылғы «Июнь жар­лығы» бойын­ша әскер­ге шақырылған­да тартқан «Он ал­тыншы жыл» («На­бор») күйі, қадірлес за­ман­даста­рына сүйсіну­ден туған «Қосалқа» күйі, бал­дай тәтті, ба­уыр етіндей жақын ба­ласы Қоңырға ар­наған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Ди­наның өзіндік қол­таңба­сын айқын та­ныта­тын бірту­ар күй­лер. Бұл күй­лері арқылы Ди­на қазақ күй­лерінің өрісін ұзар­тып, өресін биікте­тумен бірге, өзі де ұлы күйшілер­мен те­резесін теңестірді.

Ди­на Кеңес за­манын­да да өзінің ар­ман аңса­рын, үміт тілегін халқының жо­лына бағыш­тап өтті. Жа­сының ұлғайғаны­на қара­мас­тан Қазақстан­ның 20 жыл­дығына орай «Той­бас­тар», Отан соғысы жыл­да­рын­да «Ана бұй­рығы», «Жеңіс» сияқты күй­лер шығар­ды. Рас, қоғам­ның реп­ресси­ялық қатал­дығы ту­ыдрған жағым­сыз са­ясат пен жел­бу­аз иде­оло­гия Ди­наның бұла да­рынын қақпай­лап бақты. Оны төлту­ма арқасы­нан (ша­быты­нан) айырып, әсіре ұран­шылдықтың қол­жа­улығы ет­пек бол­ды. Ол шығарған күй­лер­ге «Еңбек ері», «Са­уын­шы», «Ста­лин», «Де­легат», «Көкөніс» деп ат қойып, ала­ула­тып жа­ла­ула­тып, рес­ми сал­та­нат­тардың ұран күйіне ай­нал­дырды. Алай­да, шын асыл­ды тот бас­пай­ды. Ди­наның қанат­ты өнері халқының ру­хани асыл қазы­насы ретінде бүгін мен бо­лашаққа қыз­мет көрсе­те бер­мек.