Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Жамал Омарова (1912 — 1977 жж.)

Жамал Омарова (1912 — 1977 жж.)

Омарова Жамал (1912 — 1977 гг.)

Мын­да өту: шар­лау, іздеу

Жа­мал Ома­рова

Дүни­еге кел­гені: 1912

Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 1977

Жа­мал Ома­рова 1912 жы­лы Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы, Жаңажол ауда­нының Қауын­шы де­ген жерінде ту­ып өскен. Қазақстан ха­лық әртісі. Өмір жо­лын көрке­менер­паздар үйірмесінен бас­та­ды. Мек­теп қабырғасын­да-ақ та­мыл­жы­та ән са­лып, көзге түсе бас­таған жас Жа­мал 1925 жы­лы Таш­кент­те өткен Ор­та Ази­ялық ба­лалар олим­пи­ада­сын­да әншілік өнерімен көзге түсіп, бірінші жүлде­ге ие болған.

1925–27 жы­лы Таш­кент­тегі қазақ, қырғыз, өзбек жас­та­рына ар­налған пе­даго­гика­лық учи­лище­де оқыды. Жа­мал Ал­ма­тыға Мәске­уде өткен қазақ өнері онкүндігінің аз-ақ ал­дында кел­ген. Кел­ген бет­те 1934 жы­лы Қазақтың му­зыка дра­ма те­ат­ры­ның (қазіргі Қазақтың опе­ра және ба­лет те­ат­ры) құра­мына қабыл­данды. Ол Мақпал («Шұғада»), Қамқа («Қыз Жібек­те»), Ай­ман («Ай­ман-Шол­панда») об­разда­рын жа­сады. 1936 жы­лы Мәске­уде өткен қазақ өнерінің тұңғыш онкүндігі біздің халқымыз­дың бо­лашақ өнеріне ашылған ал­тын қақпа іспет­тес бол­ды.

Сон­да көзге түсіп, көп көңілінен шыққан­дардың ішінде атақты әншіміз Жа­мал Ома­рова да бар еді. Мұнда Жа­мал Ома­рова үш ән шырқаған: «Ертіс», «Қара­торғай», «Ләти­па». Бұрын мұндай әдемі да­уыс­ты қазақ әнін тыңда­маған, та­лап-талғамы жоғары Мәскеу жұртшы­лығының ри­за болғаны сон­ша­лық, әр әнді әдет­тен тыс екі рет­тен орын­да­тып, үсті-үстіне қол соғып отырған­да, ло­жаға М. И. Ка­линин кел­ген екен. Осы­дан бір жыл бұрын ғана Қазақстан­ның 15 жыл­дық тойын­да Ал­ма­тыға келіп, ме­рекелік кон­церт­те бо­лып, әнші өнерін тыңдаған Ми­ха­ил Ива­нович: «Ән салған қара­торғай ма? Олай бол­са, қай­та тыңдайық» де­ген. Сөйтіп «Қара­торғай» әнін мәске­уліктер үш дүркін тыңдаған екен.

Осы кез­де Жа­мал Ома­рова 24 жас­та ғана еді. Ол кісі сах­наға ке­лер­де ешқан­дай да му­зыка мек­тебінде не­месе ар­на­улы оқу ор­нында оқып, да­яр­лықтан өтпе­ген. Ту­мысын­да та­биғат­тың өзі қазақтың кең да­ласын­дай кең ты­ныс­ты үн сый­лаған. Құлаққа жағым­ды­лығы, жүрек­ке қоным­ды, жұмсақтығына қарай, ха­лық он­дай да­уыс­ты «мақпал да­уыс» деп атай­ды. 1939 жы­лы Мәске­уде өткен Бүкіло­дақтық эст­ра­да әртістерінің кон­курсы­на қатысқан. 1937 жы­лы қазақ фи­лар­мо­ни­ясы­ның әнші-со­лисі бол­ды. Осы жыл­да­ры жоғары­да аталған атақты үш әнді және «Екі жи­рен», «Ой-гөк», «Ақ да­риға», «Жалғыз ар­ша», «Қор­лан», «Кәми­ла» сияқты әндерді орын­дап жүрген. Қилы за­ман­дардан ха­лық жа­дын­да ұмы­тыл­май сақта­лып ке­ле жатқан бүл әндер әншінің орын­да­уын­да қай­та жан­да­нып, ауыл­дан ауылға, ауыз­дан ауызға та­рай­ды. Әнші ха­лық әндерін орын­даған­да да­уысын әдейі құбыл­тып, бо­яма­лап, кейбір әншілер­де кез­де­сетін жа­сан­ды­лыққа са­лынып әуре­лен­бейтін. Әндерді ха­лықтың өзі білетін мәнерінен шығар­май-ақ, үнінің наз­ды, саз­ды, қоңыр­жай­лығымен жүрек­терге жеткізе орын­даған. Осы қаси­еті Жа­мал Ома­рова­ны қазақ халқының сүйікті әншісі ет­кен. Тағы бір ерек­шелігі әндерін көп тілде шырқауын­да бо­латын. Ре­пер­ту­арын орыс, ук­ра­ин, бе­ларус, тәжік, өзбек, та­тар, қырғыз, гру­зин, ар­мян, басқа да ха­лықтар әндерімен байытқан.

1941–1945 ж. Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры май­дан­дағы жа­уын­герлер­ге кон­церт беріп, пат­ри­от­тық сезімдегі әндерді орын­да­ды. Солтүстік Ба­тыс­тағы май­дан шеп­теріне дейін ба­рып, жауған оқ пен жанған от­тың ара­сын­да жүрген жа­уын­герлер­ге ойын-са­уық көрсет­кен, олар­ды жа­уды жеңуге жігер­лендірген.

Кейінгі жыл­дардағы ре­пер­ту­арын­да ка­зақтың ха­лық әндері: «Ақ да­риға», «Би­пыл», «Ләти­па», қазақ кеңес ком­по­зитор­ла­рының шығар­ма­лары: «Менің елім», «Ал­тай», «Оңтүстікте ақ ал­тын», «Гүлден­ген Қазақстан», «Ұста­зым» т. б. әндері болған. Әнші еңбегі жоғары бағала­нып, 1942 жы­лы Қазақ КСР-нің ха­лық әртісі де­ген қүрметті атақ берілген. Ле­нин ор­денімен, Еңбек Қызыл Ту ор­денімен және он­даған ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған. КСРО Мәде­ни­ет ми­нистрлігінің «Мәде­ни­еттің озық қыз­меткері» зна­чогы­мен үш дүркін наг­радта­лу­ының өзі оның өнер өрінде ерек­ше орын алғанын си­пат­тай­ды. Жа­мал апай­дың ар­тында әнін сүйетін халқы, ұрпақта­ры, төрт ба­ласы мен сегіз не­мересі, шәкірттері бар.

Жа­мал Ома­рова аты­на берілген Шым­кент қала­сын­да му­зыка мек­тебі, Ал­ма­ты қала­сын­да көше бар.