Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы (1904 — 1989 жж.)

Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы (1904 — 1989 жж.)

Нұртас Оңда­сынов (1904—1989жж.) Нұртас Дөндібайүлы Оңда­сынов — қоғам қай­рат­кері, тілші-ғалым. Ол кісі за­ман­ның ауыр ке­зеңінде 13 жыл бойы Қазақстан Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесінің төрағасы бол­ды. Үкімет ба­сына келісімен бірінші ке­зек­те ел­де жүріп жатқан са­уат­сыздықты жо­юды қолға алып, аяқтай­ды. Шалғай аудан­дарда мүғалімдер да­яр­лай­тын курс­тар, учи­лище, об­лыс ор­та­лықта­рын­да Мұғалімдер инс­ти­тутын ашып, Ор­та­лық Ко­митеттің са­яса­тының жүзе­ге асу­ына күш са­лады. Қазақстан Ор­та­лық Ко­митетінің бю­ро мүшесі ретінде ол мәде­ни­ет мәсе­лелеріне жа­уап­ты бол­ды. Н. Оңда­сынов соғыс жыл­да­рының ауырт­па­лығына қара­май Абай­дың 95 және 100 жыл­дық ме­рей­тойын аса биік дәре­жеде атап өту жөнінде Үкімет қаулы­сын шығарып, ко­мис­си­яның төрағасы өзі бо­лып өткізген. Қыз­дар пе­даго­гика­лық инс­ти­туты, Үлттық кон­серва­тория, Де­не шы­нықты­ру инс­ти­туты, По­литех­ни­калық, тех­но­логи­ялық инс­ти­тут­тар ашу және ме­дици­на, шет тілдер инс­ти­тут­та­рына көпте­ген жаңа фа­куль­тет­тер қосу сол кісінің түсын­да істелінген істер. Опе­ра және ба­лет те­ат­ры қүры­лысы­ның же­дел аяқта­лу­ын тіке­лей бақылап, об­лыстар­да те­атр­лар­дың ашы­лып, фи­лар­мо­ния, ән-би ан­самбль­дерінің үйым­да­су­ына да үйытқы болған.

КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның дер­бес қүры­лу­ына бірден-бір ат­са­лысқан адам. Соғыс­тың жүріп жатқаны­на қара­май жаңа ғима­рат­тың са­лыну­ына қара­жат қарас­ты­рып, оның іргесі қаланған­да ырым­дап: «Қазақ ғылы­мы күмістей та­за бол­сын» деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым ака­деми­ясы­ның ба­сына Қаныш Сәтба­ев­тың ке­луіне де се­бепші осы кісі. Қ. Сәтба­ев­тың га­зет­ке шыққан мақала­сын­дағы бо­лашақ ғалым­ның сөз сап­та­сы үнап, жаңа ой­ла­рын білу­ге, та­нысуға Мәске­уге шақыра­ды. Кез­десіп, сөй­лес­кеннен кейін КСРО Ғылым Ака­деми­ясы­ның пре­зиденті В. Л. Ко­маровқа алып ба­рып: «Қазақтың Ғылым Ака­деми­ясы­ның бо­лашақ пре­зиденті…» — деп, бірден та­ныс­ты­рады. 1942 жыл­дың ба­сын­да Кенді Ал­тай, Ле­нино­горға ісса­парға кел­ген Оңда­сынов білімді, бай­сал­ды Дінмүха­мед Қона­ев­ты кез­дестіреді. Кейіннен Ал­ма­тыға келіп, Қазақстан Ком­парти­ясы Ор­та­лық Ко­митетінің бірінші хат­шы­сы Сквор­цовпен ақыл­да­сып, өзіне орын­ба­сар­лыққа шақырт­ты­рады. Д. А. Қона­ев он жыл бойы Оңда­сынов­тың орын­ба­сары бо­лады. Нүртас Дәндібайүлы 1954–1955 жыл­да­ры Қазақ КСР Жоғары КеңесіПре­зиди­умы­ның төрағасы, со­сын Гурьев (Аты­рау) об­лыстық атқару ко­митетінің төрағасы және осы об­лыстың пар­тия үйымын басқар­ды. «Жа­уап­ты қыз­метте жүріп, шығар­ма­шылықтан қол үзбейтін. Араб, пар­сы тілдеріне жүйрік еді. 1962 жы­лы зей­нет­керлікке шыққан­нан кейін шығар­ма­шылықпен шын­дап ай­на­лысқан.

1969 жы­лы „Араб­ша-қазақша түсіндірме сөздігі“, 1974 жы­лы „Пар­сы­ша-қазақша түсіндірме сөздігі“ жа­рық көріп, қалың оқыр­манның ыс­тық ықыла­сына бөленді» — дейді Д. А. Қона­ев өзінің «Өтті дәурен осы­лай» кіта­бын­да. Ал­ма­тыдағы Абай ес­керткішінің ав­то­ры Хакімжан На­урыз­ба­ев­ты да Қос­та­найға барған ісса­парын­да байқап, Ал­ма­тыға алып келіп, оқытып, ат бағушы­дан қазақтың түңғыш мүсіншісін жа­саған осы кісі.