Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Бердібек Соқпақбаев (1924 — 1992 жж.)

Бердібек Соқпақбаев (1924 — 1992 жж.)

Сокпакбаев Бердибек (1924–1992 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1924 қазан

Ал­ма­ты об­лы­сы, На­рынқол ауда­ны, Қос­то­бе се­лосы

Қай­тыс болғаны: 1992

Ал­ма­ты

Ман­са­бы: жа­зушы

Бердібек Соқпақба­ев (13.10.1924 жы­лы туған, Ал­ма­ты об­лы­сы, На­рынқол ауда­ны, Қос­то­бе се­лосы) — қазақ жа­зушы­сы. Қазақтың Абай атын­дағы пе­даго­гика­лық инс­ти­тутын бітірген соң (1949) На­рынқол ауда­нын­да мұғалім бол­ды. «Жүлдыз», «Бал­дырған» жур­на­лын­да, Қазақстан Жа­зушы­лар одағын­да түрлі қыз­мет атқар­ды (1952–70). «Бұлақ» (1950) өлеңдер жи­нағы, «Он ал­ты жа­сар чем­пи­он» (1951), «Бақыт жо­лы» (1952), «Алыс­тағы ауыл­да» (1953), «Ба­лалықшаққа са­яхат», «Да­ла жүлды­зы» (1960), «Аяжан» (1963, орыс тілінде 1965), «Гауһар» (1966) по­вес­терін жаз­ды. «Менің атым Қожа» (1957) кіта­бы ба­лалар­дың сүйіп оқитын шығар­ма­сына ай­на­лып, орыс, ук­ра­ин, фран­цуз, лит­ва, ла­тыш, өзбек тілдеріне ауда­рыл­ды. 1963 жы­лы «Қазак­фильм» сту­ди­ясы сол кітап бойын­ша жа­зылған ки­нос­це­нарийді эк­ранға шығар­ды. «Ба­лалық шаққа са­яхат» ат­ты по­весі бойын­ша жа­зылған ки­нос­це­нарийі де фильмғе түсірілді (1965). «Менің атым Қожа» фильмі фран­цуздың Канн қала­сын­дағы жас­тар мен ба­лаларға ар­налған ки­нофиль­мдердің ха­лықара­лық фес­ти­валінде (1967) ар­найы сый­лыққа ие бол­ды. Б. Соқпақба­ев «Бозтөбе­де бір қыз бар» (1958), «Әпен­денің ай­ла­сы» (1960), «Менің атым Қожа» (1967) т. б. дра­малық шығар­ма­лар жаз­ды. Б. Соқпақба­ев­тың қырқын­шы жыл­дардағы жас­тар өмірінен жазған «Өлген­дер қай­тып кел­мейді» ро­маны (1940–1974) орыс тіліне ауда­рылып ба­сыл­ды (1969).

Бәй­те­рек

Ба­ла шақты кес­те­леген тілі нық,
Бір бол­са егер-осы бо­лар ірілік:
Ұлан­да­ры оты­зын­шы жыл­дардың
Қай­та ке­лер көз ал­дыңа тіріліп.
«Бас­тан кеш­кен» шын­дық шы­мыр ек­шеліп,
Кітап бо­лып бізге жетті ес­телік.
«Чем­пи­он­нан» Бе­кең өзі бап­таған
Та­лай мықты жат­ты құлап, сес­кеніп.
Ас­панта­удан ақ бұлақтар атқылап,
Эк­ранда – туған өлке, бақ, қырат…
Қолын бұлғап Жа­нар, Жан­тас, Сұлтанға
Ке­леді әне Қара Қожа шапқылап!
Кейіпкер­мен бірге тұрып, жүресің,
Бірге жа­сап, бірге жы­лап, күлесің.
«Сөз қадірін білген ше­бер екен!» деп,
Өз қадірін Бе­кеңнің де білесің.
Ту етіпті тектілікті бұл ағай,
Пір ет­кені қара ша­лың- Ұлы Абай!
Тік қал­пында мәңгі жа­сай бе­реді
Бәй­те­регі Берді-ағаның құла­май!

Б. Кірісбайұлы

Қазақ ба­лалар әде­би­етінің клас­сигі, та­маша жа­зушы Бердібек Соқпақба­ев тірі болған­да би­ыл 80 жасқа то­лар еді. «Жақсы­ның өзі өлсе де сөзі өлмейді» де­мекші, ба­лалар­дың сүйікті жа­зушы­сы ар­ты­на «Менің атым Қожа», «Ба­лалық шаққа са­яхат», «Қай­да­сың, Гауһар» және «Ер­ге­жейлілер елі» сын­ды бірқатар әңгіме, хи­ка­ялар қал­дырды. Ба­лалар­дың бал мінезін ішкі дүни­есімен жақсы сезіне білген жа­зушы әрбір шығар­ма­сын­да өзі ту­ып өскен На­рынқол та­улы өңір та­биғаты­ның жан­ды су­рет­терін оқыр­манға үлкен ше­берлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақба­ев­тың әңгіме, по­весть, ро­ман­да­ры және пьеса­ларын­да балғын шаққа ба­тыл са­яхат­тар жа­сап, таңдан­ды­рып, там­сантып, бал дәурен әсер­лерінің қай­мағын бұзбай, ақиқат­тан ал­шақта­май, ба­лаға тән қиял­дап, өмірдің өз бол­мы­сын тебіре­не толғай­ды. Оқысаң еріксіз езу тарт­ты­рып, кей­де күрсінтіп те­рең ойға же­телейді. Лез­де кейіпкер­лермен ете­не ара­ласып, олар өзің күнде көріп жүрген адам­дардай Бер­кен, Қожа секілді кейіпкер­лерімен жа­дыңда жат­та­лып қала­ды…

Бердібек Соқпақба­ев ту­ралы ай­шықты ой­лар

Шы­найы да шын­шыл су­рет­кер көркемдік әлемінің азап­та­рын бас­тан кеш­кен кез­де ғана, бір бе­лес­тен екінші бе­лес­ке сәтті көтеріле біледі. Де­мек, екінші сөзбен айтқан­да, бо­лашақ шығар­ма­ның да жұлды­зы жа­рық бо­лады. Бердібектің «Ба­лалық шаққа са­яхат», «Менің атым Қожа», «Қай­да­сың, Га­ухар!» по­вес­тері мен «Өлген­дер қай­тып кел­мейді» ро­маны осын­дай биік талғам­ның, көркемдік әлемінің сәтті ту­ын­ды­сы бол­ды. Бұл шығар­ма­лар­да тек жа­зушы Бердібек­ке ғана тән тапқыр­лық пен ти­янақты­лық, су­рет­теу құрал­да­рының дәлдігі, кейіпкер әре­кетінің та­биғилығы, сезім ар­па­лысы­ның сенімді су­рет­тері «мен мұнда­лап» тұр…. Мен Б. Соқпақба­ев­тың шығар­ма­ларын Сэл­линжер мен Белл­ге қар­сы қоюдан аулақпын. Менің ай­тпағым, Бердібек өз шығар­ма­лары­на әде­би үлгілер­ден емес, өмірдің өзінен кел­гендігі…

… Б. Соқпақба­ев – бірінші жақпен жа­зуды мықтап меңгер­ген жа­зушы. Мұның өзі оқиғаға өмірде болған қилы-қилы құбы­лыс­тарға сенімділікті, жа­зушы­ның нақты­лы оқиғаға тіке­лей қаты­сып та­ныта­ды. Бердібектің «мені» маған қан-сөлі та­мып тұрған өмір, бәріміз тіршілік етіп жүрген жер бетіндегі үлкенді-кішілі адам­дардың әре­кеті, бол­ма­са қуаныш-күйініші боп көрінеді…

… Бердібек не нәрсені жа­зуды, оны қалай жа­зуды еркін игеріп, меңгер­ген су­рет­кер жа­зушы.

Т. Ах­та­нов

… Қалам­гердің анық өсіп, ше­берліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсет­кен ту­ын­ды­сы – «Менің атым Қожа» по­весі…

… Қожа бей­несі қазақ ба­лалар әде­би­етіне қосылған қомақты ол­жа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Ар­ка­дий Гай­дар­дың Ти­муры­мен, қазақ фоль­кло­рының Таз­ша ба­ласы­мен тай­та­лас­пай-ақ, тіпті со­ларға же­те қабыл жүргеннің өзі әде­би­етіміз үшін аз бе­дел ме?!

Қас­тек Ба­ян­ба­ев

… Са­ясат­тан сая ізде­мей, рес­ми иде­ало­ги­яны ықта­май өткен Бердібек шығар­ма­ларын­да өз тен­денци­ясын берік ұста­нып, со­нысы­нан ай­ны­май, ақиқат­шылдықты темірқазық тұтты. Өзі қалтқысыз білетін өмірді ғана қалтқысыз жа­зып кетті.

Ар­тында өшпес мұра­лар қал­дырған аса биік да­рын, қазақ ба­лалар әде­би­етінің клас­сигі Бердібек Соқпақба­ев көзі тірісіндегідей ұстаз­дығынан жаз­бай, ру­хани тірлігін жалғас­ты­ра бе­ретіні хақ. Өнер­паз ата­улы­ның өлместігі осын­да.

Мұза­фар Әлімба­ев

… Бердібек Соқпақба­ев сөзіне берік, ісіне ұқып­ты жан. Мен білетін жа­зушы­лар­дың ішіндегі қара­пайым, ша­руақоры. Ол қалам­ды ғана емес, орақ пен күректі қалай ұста­уды білетін жа­зушы. Өзіне де, өзге­ге де қатал, ту­ра, әділ. Твор­чест­во ада­мы, әдет­те, сал­дыр-са­лақтау бо­лады. Бірақ, Бердібек олай емес, әске­ри адам сияқты, әбден жи­нақы.

… Ол жұмыс істеп отырған кез­де еден­де, не стол үстінде көлде­нең жатқан дүние көрмейсің. Тіл өнерінде де со­лай: әр сөздің, әр сөй­лемнің өз ор­нында тұрғанын қалай­ды. Қашан көңілі толған­ша түзе­туден тал­май­ды…

… Бердібек Соқпақба­ев кітап­та­рының соңғы бет­терін жапқан­да көркем шығар­ма оқып шыққан­дай бол­май­сың, өзіңнің ең та­ту-тәтті дос, жол­даста­рыңды ұзақ са­парға шығарып салған­дай бо­ласың. Қимай­сың. Көңілің бұзы­лады. Бердібек Соқпақба­ев шығар­ма­лары, міне осын­дай. Жа­зушы үшін бұдан асқан бақыт бо­луы мүмкін емес.

Қадыр Мыр­за­ли­ев

… Бәріміз де ба­ла бол­дық. Қазір есейдік, ере­сек тарт­тық. Де­ген­мен, со­нау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді ай­на қатесіз бей­не­леген «Менің атым Қожа­ны» бар­лығымыз оқып шықтық. Біз со­ны жазған Бердібек ағамызға сол кез­де-ақ ба­лалық көңілдің Мем­ле­кеттік сый­лығын сый­лап қойған­быз…

Ма­рат Қабан­бай

Әрбір шығар­ма­ның ту­уының өмірге ке­луінің се­беп­терін ізде­ген жағда­ят­та, оның ав­то­рының қилы-қилы қам-қара­кеті, тағдыр-тәлейі бо­латы­ны зерт­теу еңбек­терінде сөз етілетіні бол­ма­са, бы­лайғы жер­де ауызға алын­бай, тіпті еле­усіз қала­тыны да шын­дық. Дұры­сы – қалам­герлік игілікке мін түсірмей, тіршіліктің аума­лы-төкпелі толқын­да­рын­да да сыр бер­мей, өз еңбегінен үлгі мен сенім тапқан қала­мының ба­лы бар, жа­зушы­ның ма­засын ал­мау, аза­мат­тық па­рыз­ды өтеп оты­ру. Біз қадірлейтін адам­гершіліктің үлкен үлгісі, міне, осы.

Сайын Мұрат­бе­ков

… Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жа­затын, қағаз­ды бе­кер­ден-бе­кер ши­май­ла­май­тын еді ғой. Жа­зады – түбін түсіріп ба­рып бір-ақ тоқтай­ды. Бұл Бердібектің шы­райы, Бердібек­ке ғана тән нәрсе.

Нақты­лы жа­зу, ұтым­ды жа­зу Бердібектің үлгісі деп тар­тынбай-ақ ай­туға әбден бо­лады. Жоқтан бар ет­пе­ген қалам­гер. Шын­дықтың ал­ды­на бас имейтін не нәрсе бар? Осын­дай шы­рай Бердібек қала­мынан шыққан шығар­ма­лар­дың бар­ша­сына тән. Оның ту­ын­ды­лары­ның елек­тен өткен дүни­едей бо­лып мөлдіреп тұра­тыны сон­дықтан. Оның шығар­ма­лары­ның оқыр­ман жүрегіне қона ке­тетін, ұзақ жа­сай­тын қаси­ет –қадірі де осын­да! … Бердібек ту­ын­ды­ларын­дағы ге­рой­лар өмірдегі бар қал­пында көрініп, шығар­маға ши­ратылған сәтте де он­ша­лықты киіндірілмей, жа­лаңаш жүрген жан­дар тәрізді боп көзге түсетіні де ғажап емес. Бұл жа­зушы­ның кемшілігіне қарадүрсінділігіне жат­пай­ды. Сезінуі, дүние қызықта­рын түйсініп, қабыл­да­уының қыры бұл. Осы тұрғыда, та­биғи өлшем­мен түзілген ге­рой­лар га­лере­ясы ба­рын­ша сенімді, ба­рын­ша шын­шыл сым­ба­тымен оқыр­ман жүргенінен жол та­уып, олар­мен қол­тықта­сып өмір ба­зарын­да жүрген­дей бо­лады.