Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Бикен Римова (1923 — 2000 жж.)

Бикен Римова (1923 — 2000 жж.)

Римова Бикен (1923–2000 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1923

Қай­тыс болғаны: 2000

Ри­мова Би­кен (1923 -2000 жж.)- тұрақты түрде бір-ақ те­атр­да жұмыс істеді. Кейін Мұхтар Әуезов­тың есімі берілген Ака­деми­ялық дра­ма те­ат­ры оның өз үйінен ар­тық бол­ма­са, кем болған жоқ. Осы сах­на­да ол эр алу­ан өйел­дер бей­несін жа­сады. Кейбіреуін ғана са­нап өтсек: Еңліктен кейін М. Әуезов­тың «Қаракөзіндегі» Мар­жан, «Абайын­дағы» Зей­неп, Шыңғыс Ай­тма­тов­тың «Ана-Жер-ана­сын­дағы» Жер- ана, «Жәми­ласын­дағы» Жаңыл, «Ақ ке­месіндегі» Әжей, Әбділда Тәжіба­ев­тың «Жалғыз ағаш — ор­ман емесіндегі» Фа­рида, «Май­ра­сын­да­гы» Май­ра, Ғаби­ден Мұста­финнің «Мил­ли­онеріндегі» Жа­нат,

Әбіш Кекілба­ев­тың ’Абы­лай­ха­нын­дағы" Әулие-ана, Мольердің «Са­раңын­дағы» Эли­за, [Го­голь|[Н. Го­гольдің]] «Ре­визо­рын­дағы» Пош­лепки­на, Н. Ост­ров­скийдің «Шын­дықжақсы, бақыт одан да ар­тығын­дағы» Мав­ра Ду­расо­ва, Шах­мет Хұсайынов­тың «Ал­дар көсесіндегі» Меңсүлу, «Сы­рым­бет са­ласын­дағы» Зы­лиха, Та­ха­уи Ах­та­нов­тың «Кез­дей­соқкез­де­суіндегі» Ғай­ни, Сәкен Жүнісов­тың «Ажар мен Ажа­лын­дағы» Са­рыжорға. Бөле-жа­ра атауға бо­латын об­раздың бірі — «Абай» дра­масын­дағы Зе­ре. Азуы ал­ты қарыс Қүнан­бай­дың ана­сы, бо­лашақ да­ныш­пан ақын­ның өжесін сах­на­да сом­дау екінің бірінің қолы­нан кел­мейді. Ешкімді бетіне қарат­пай­тын ақыл­ды да ай­бын­ды Құнан­бай­дың өзі оның ал­дында именіп, Абай бір жағы ер­ке­лесе, бір жағынан одан тәлім-тәрбие ала­ды, — ауыл-ай­мақтағы үлкен-кішінің бәрі со­ның аузы­на қарай­ды — осын­дай сан қыр­лы қарым- қаты­нас­тарды, сезім, мінез тай­та­лас­та­рын көрер­менге на­ным­ды түрде жеткізе білу, өри­не, үлкен ше­берлікті ке­рек етеді. Сах­на­да та­лай об­раздар жа­сап, көпшілікке кеңінен та­ныл­са да өзінің көкейінде көптен жүрген бір об­разды ол соңғы рет ой­лағанын­дай шығар­ды.

Ақын-дра­матург Иран­бек Ораз­ба­евқа өзі ай­тып, қазақтың ең бір сыр­шыл саз­гері Ес­тай өмірінің соңғы ке­зеңін бей­не­лейтін дра­ма жаз­дырды. Жас­тайынан ғашық болған Қор­ланға Ес­тай бір емес, бірне­ше ән ар­наған. Оның бәрі ел аузын­да. Бірақ тағдыр екеуін қос­паған. Ал мы­на пьеса Ес­тай­дың да, Қор­ланның да қар­тайған шағын бей­не­лейді. Ре­сей жақтағы бай қазақтарға тұрмысқа ұза­тылған Қор­ланды Ес­тай­дың іздеп барғаны — та­рихи шын­дық. Енді екі ғашықгың жа­сы ұлғайған­да кез­де­суі, әри­не, қызық тақырып. Би­кен Ри­мова жа­сы жетпістің мол ішінде де «сы­ны кет­се де сы­ры кет­пе­ген» Қор­ланның бей­несін аса бір тебіреніспен, тұңғиық те­рең сезіммен ой­нағанын көзіміз көрді. Бүл — ұлы акт­ри­саның сах­на­мен де, өмірімен де қош­та­сар ал­дындағы аққу әніндей көрініс еді… Сах­на саңлағы ки­нода да көрнекті рөл атқар­ды. «Тақиялы періште», «Ша­бан­доз қыз», «Менің атым Қожа», «Қозы көрпеш — Ба­ян сұлу», «Қүлан­ның ажа­лы», «Гауһар тас», «Ару­ана», «Абай» т. б. филь­мдер­де эр қилы об­раздар жа­сады. Олар­дың ішінде дра­малық та, күлкілі де бей­не­лер бар.

Соңғы жыл¬да­ры «Тоғысқан тағдыр­лар» («Пе­рек­ресток») ат­ты көп се­ри­ялы те­лефиль­мге түскені та­лай­лар­дың жа­дын­да бо­лар. Би­кен Ри­мова қолы­на қалам үстай білетін да­рын­дардың бірі еді. Ол өзінің за­ман­дас әртістерін на­сихат­тай­тын бірқатар мақала­лар жаз­ды, сүй­ген жа­ры — көрнекті дра­матург Шах­мет Хұсайынов жайын­да жазған ес­теліктері бір төбе. «Еңлігім — Еңлік гүлім», «Онер­дегі өне­гелі өмірлер» ат­ты кітап­та­рын­да қазақ те­ат­ры сах­на­сы жайын­да та­лай сыр­лар бар. Ша­хаң қай­тыс болған­нан кейін Би­кеннің дра­матургтік та­лан­тын да байқадық. «Абай — Әй­герім», «Қос мүңлық», «Қорған­сыз жан­дар» сияқты пьеса­ларын сах­на­дан көрген­де кәнігі дра­матург­пен кез­дескен­дей бол­дық. Өзіме, әсіре­се,

«Қос мұңлық» ерек­ше үна­ды. Ба­ла-шағасы­нан зәбір көрсе де мүң-за­рын білдірме­уге ты­рысып жүрген ер мінезді, өр ке­уделі әйелдің көңіл күйі, жүріс-түры­сы кімді де бол­са тебірент­пей қой­май­ды. Сах­наға шыкқан­нан бас­тап бақыт­ты ғұмыр кеш­кен Би­кен әпкеміздің ба­лалық, жас­тық шағы өте қасірет­те болған. 1923 жы­лы бұрынғы Тал­дықорған об­лы­сының Қара­тал ауда­нын­да тұған ол кішкен­тай кезінде қажы­мас, қай­сар ше­шесімен бірге Қырғызс­танға ба­рып жан сақта­ды, қаңғырған кез­дері де бар — қысқасы 20–30-жыл­дардың бар­лық қасіретін көзімен көрген. Оны өнердің ай­ды­нына алып шыққан ту­ма та­лан­ты. Ша­хаңдай жар сүйді, ба­ла- шағасы­ның қызығын көрді… Бар жүба­ныш, бар қуаныш сол!