Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 — 1964 жж.)

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 — 1964 жж.)

Сатпаев Каныш Имантаевич (1899–1964 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1899

Ба­янауыл ауда­ны, Пав­ло­дар об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 1964

Ман­са­бы: ака­демик

Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев (1899–1964) — аса көрнекті қазақ ге­оло­гы, қоғам қай­рат­кері, Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясын ұйым­дасты­рушы және оның тұңғыш пре­зиденті, Қазақ КСР ака­деми­ясы­ның ака­демигі, қазақстан­дық ме­тал­ло­гения мек­тебінің негізін қала­ушы.

  • Туған жері бұрынғы Се­мей гу­бер­ни­ясы­ның Пав­ло­дар уезіндегі Ақкелін бо­лысы (қазіргі Пав­ло­дар об­лы­сының Ба­янауыл ауда­ны).

Мазмұны;

  1. Жетістікері;
  2. Ірі тұлға;
  3. Ака­демик Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев­тың 60 жыл­дығы.

Жетістікері

Ге­оло­ги­ялық бар­лау ма­ман­дығы бойын­ша Томск тех­но­логи­ялық инс­ти­туты­ның тау-кен фа­куль­тетін бітіріп кел­геннен кейінгі Қаныш Сәтба­ев­тың бүкіл өмірі Қазақстан­ның ми­нерал­дық ре­сурс­та­рын және ру­далық кен­дер ге­не­ало­ги­ясын зерт­те­уге ар­налған. Оның ге­оло­ги­ядан басқа ғылым­дардан да; мәде­ни­ет са­ласын­да да; та­рих­тан да қал­дырған ізі сай­рап жа­тыр. Екінші дүни­ежүзілік соғыс аяқта­луға тақаған­да, жағдай­дың аса қиын ауыр­лығына қара­мас­тан, Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның ұйым­дасты­ру жұмы­сына бас­шы бо­лып, оның ісіне бел ше­ше ара­ласуы ұлы­ларға тән көре­гендіктің белгісі еді. Оның қал­дырған ғылы­ми бай мұра­лары­ның ішінде, әсіре­се, Жезқазған кені ту­ралы зерт­те­улерінің, Са­ры­арқаның ме­тал­ло­гендік және бол­жам кар­та­лары жөніндегі еңбек­терінің мәні ерек­ше. Жезқазған­ның ірі мыс ру­далы аудан­дар қата­рына жа­туы кезінде осы кеннің жос­парлы түрде кең масш­таб­тағы бар­лау жұмыс­та­рын ұйым­дасты­руға бо­латын ірі объекті екенін дәлел­деп бер­ген Қаныш Сәтба­ев еңбегінің нәти­жесі. Сон­дай-ақ ол ми­нерал­дық шикізатқа бай Са­ры­арқа, кенді Ал­тай, Қараған­ды, Қара­тау секілді ай­мақтарға да ерек­ше на­зар ауда­ра зерт­теп, олар­дың кен­дерінің стра­тиг­ра­фи­ясы, тек­то­ника­сы, құры­лысы, ме­тал­ло­гени­ясы, не­охи­ми­ясы және шығу тегі ту­ралы маңыз­ды ғылы­ми қоры­тын­ды­лар жа­сады, ғылымға фор­ма­ци­ялық ме­тал­ло­гендік ана­лиздің ке­шендік әдісін енгізді.

Ірі тұлға

Көпте­ген тәжіри­белі ма­ман­дар қатыс­ты­рыла оты­рып, Қаныш Сәтба­ев­тың бас­шы­лығымен бірне­ше жыл­дар бойы жүргізілген ты­ным­сыз еңбектің нәти­жесінде Са­ры­арқаның ме­тал­ло­гендік және бол­жам кар­та­лары жа­сал­ды. Оны өндіріске ендіру арқылы Са­ры­арқа ай­мағын­да қара, түсті және си­рек ме­тал­дардың біраз жаңа кен­дері ашыл­ды. Біраз кен­дерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді. [1]Ол Қараған­ды­да ме­тал­лурги­ялық за­вод са­луда, Қос­та­най, Ал­тай темір және мар­га­нец, Қара­та­удың фос­фо­рит кен­дерін және осы­лар секілді көпте­ген ірі ны­сан­дарды иге­руге, Ертіс-Қараған­ды ка­налы­ның қазы­лу­ына, біраз ғылы­ми зерт­теу инс­ти­тут­та­рының ашы­лу­ына тіке­лей ара­ласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалым­да­рының зор ар­ми­ясы­ның ақыл­шы­сы, тәрби­ешісі бол­ды. Ол ге­оло­гия ғылы­мына қатыс­ты әлемдік, одақтық, қазақстан­дық түрлі дәре­жедегі то­лып жатқан ко­мис­си­ялар­дың, ко­митет­тердің мүшесі, бас­шы­лары­ның бірі; бірне­ше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес­терінің де­пута­ты; СОКП съез­дерінің де­лега­ты, КСРО Ми­нист­рлер Кеңесі жа­нын­дағы Ле­ниндік және Мем­ле­кеттік сый­лықтар жөніндегі ко­митеттің пре­зиди­умы­ның мүшесі. Ол төрт рет Ле­нин ор­денімен, Екінші дәре­желі Отан соғысы ор­денімен ма­рапат­та­лып, КСРО Мем­ле­кеттік және Ле­ниндік сый­лықтар­дың иегері болған. Оның есімі инс­ти­тут­тар мен кен-ме­тал­лургия ком­би­нат­та­рына, Қазақстан қала­лары­ның көше­леріне, мек­тептер мен ша­ру­ашы­лық ат­та­рына берілген. Сон­дай ақ Ала­та­удың бір шыңы мен мұздағы, Қара­та­удағы ва­надий кенінің ру­дасы­нан та­былған бір ми­нерал (сат­ба­евит) оның аты­мен ата­лады. Оған ар­налған бірне­ше мұра­жай­лар бар.

Ака­демик Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев­тың 60 жыл­дығы

«Ака­демик Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев­тың 60 жыл­дығы» («60-ле­тие ака­деми­ка Ка­ныша Иман­та­еви­ча Сат­па­ева»), жа­зушы Әуезовтің мақала­сы. Ж. Ай­та­ли­ев және П. Аво­ров­пен бірге жазған. «Вест­ник» Ака­демии на­ук Ка­захс­кой ССР жур­на­лының 1959 жылғы 4-са­нын­да орыс­ша ба­сылған. Мақала Сәтба­ев­тың туғаны­на 60 жыл то­лу­ына ар­налған. Он­да ав­торлар ол кез­де қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның пре­зиденті қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның Ге­оло­гия инс­ти­туты­ның ди­рек­то­ры, аса көрнекті ғалым­ның қыз­меті мен ла­уазым­да­рын ата­удан бас­тап, «аса ірі ғалым-ге­олог пен мем­ле­кет қай­рат­кері Қаныш Иман­тайүлы Сәтба­ев­тың аты біздің ел­де ғана емес, одан әрі шет ай­мақтар­да те­рең құрмет­ке» бөлен­генін мақта­ныш­пен жазған. Одан әрі ұлы ғалым­ның қысқаша өмірба­яны мен ғылы­ми, қоғам­дық, мем­ле­кеттік, ұйым­дасты­рушы­лық қыз­метіне си­пат­та­ма бер­ген.