Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы (1926 ж.)

Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы (1926 ж.)

Серкебаев Ермек (1926 гг.)

Әнші (ба­ритон). Қазақстан­ның ха­лық ар­тисі, ССРО-ның ха­лық ар­тисі, Қазақстан­ның Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты, Құрманғазы атын­дағы мем­ле­кеттік кон­серва­тори­ясы­ның про­фес­со­ры. 1926 жы­лы Пет­ро­пав­ловск қала­сын­да туған. П. И. Чай­ковс­кий атын­дағы Ал­ма­ты му­зыка­лық учи­лищесін скрип­ка кла­сы бойын­ша, Құрманғазы атын­дағы Ал­ма­ты мем­ле­кеттік кон­серва­тори­ясын во­кал кла­сы бойын­ша бітірген. 1951 жы­лы — Абай атын­дағы Қазақтың мем­ле­кеттік ака­деми­ялық опе­ра және ба­лет те­ат­ры­ның со­лисі. Әнші опе­ралық порт­рет­тердің әдемі га­лере­ясын жа­сады. Е. Сер­ке­ба­ев сом­даған об­раздар ара­сын­да ұлы Абай­дың тұлғасы (А. Жұба­нов және Л. Ха­мидидің «Абайы»), Бру­силовс­кий мен Рах­ма­ди­ев опе­рала­рын­дағы Ер Тарғын және Ал­па­мыс об­разда­ры бар. Оның ре­пер­ту­арын­да сон­дай-ақ, қазақ, орыс ха­лық әндері, ка­мера­лық шығар­ма­лар бар. Ол қазақтың во­каль­ды қазіргі за­ман­дық му­зыка­сын үздік орын­да­ушы.

1958 жы­лы Мәске­уде өткен қазақ әде­би­еті мен өнерінің онкүндігінде әншілік өнерімен көзге түсті. Таңда­улы пар­ти­яла­ры: Қожағұл, Аман­келді (Төле­ба­ев­тың «Біржан-Са­расы» мен «Аман­келдісінде»), Тарғын, Ар­тем (Бру­силовс­кийдің «Ер Тарғын» мен «Ду­дарайын­да»), Ев­ге­ний Оне­гин, Ма­зела (Чай­ковс­кийдің осы ат­тас опе­рала­рын­да), Эс­ка­мильо (Би­зенің «Кар­менінде»), Пет­руччио (Ше­балиннің «Асауға тұса­уын­да»), Фи­гаро (Рос­си­нидің «Се­виль шаш­та­разы­сын­да»), Олег Ко­шевой (Мей­тус­тың «Жас гвар­ди­ясын­да») т. б. Сер­ке­ба­ев­тың Вла­димир Ульянов пар­ти­ясын (Мей­тус­тың «Ағайын­ды Ульянов­та­рын­да») те­рең толғаныс, асқан ша­быт­пен орын­да­уы қазақ му­зыка өнерінде еле­улі оқиға бол­ды.

Ер­мек Сер­ке­ба­ев­тың ка­мера­лық және эст­ра­далық әнші ретінде де белгілі, ки­ноға түскен. VI­II сай­ланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен VII сай­ланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты.

Қазақ КСР Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты (1972). Ле­нин ор­дені және Еңбек Қызыл Ту ор­денімен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Әнші (ба­ритон). Қазақстан­ның ха­лық ар­тисі, ССРО-ның ха­лық ар­тисі, Қазақстан­ның Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты, Құрманғазы атын­дағы мем­ле­кеттік кон­серва­тори­ясы­ның про­фес­со­ры.