Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Шаяхметов, Жұмабай (1902 — 1966 жж.)

Шаяхметов, Жұмабай (1902 — 1966 жж.)

Шаяхметов Жумабай (1902 — 1966 гг.)

Ша­ях­ме­тов Жұма­бай- 1902ж. Ре­сей Фе­дера­ци­ясы Ом­бы об­лы­сының Шар­бақты ауда­нын­да туған.

Пол­тавка­дағы екі сы­нып­ты қазақ-орыс учи­лищесін бітірген (1917 ж). Мәске­удегі Н. На­рима­нов атын­дағы Шығыс инс­ти­тутын­да оқыған. Ж. Ша­ях­ме­тов та­рихи ота­нын­дағы еңбек жо­лын Те­келі бо­лыс­тық атқару ко­митетінің хат­шы­сы бо­лып бас­тап (1921–1923 жж.), уездік атқару ко­митетінің іс жүргізушісі бол­ды. Ха­лық ішкі істер ко­мис­са­ри­атын­да 10 жыл жұмыс істеп, же­дел уәкілдің көмекшісінен об­лыстық басқар­ма бас­тығының орын­ба­сар­лығына дейін жоғар­ла­ды (1936 ж.). 1938 жы­лы ма­усым­да Қазақстан Ком­парти­ясы Ор­та­лық Ко­митетінің үшінші хат­шы­сы бо­лып сай­лан­ды. Бір жыл­дан кейін екінші хат­шы­лыққа көтеріліп, Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры Қазақстан бойын­ша Мем­ле­кеттік қорғаныс ко­митетіне бас­шы­лық жа­сады.

1946 жы­лы сәуірде ол Қазақстан Ком­партия Ор­та­лық Ко­митетінің бірінші хат­шы­сы бо­лып сай­лан­ды. Бұл уақыт соғыс­тан кейінгі ауыр ке­зең бо­латын. Ша­ях­ме­тов бас­шы­лықта болған кез­де Қазақстан халқы арт­та қалған, ашар­шы­лық пен са­яси қуғын-сүргінді және соғыс­ты бас­тан кешірген ке­зеңнен өтіп, аз­дап бол­са да ес жия бас­таған бо­латын. Соғыс жыл­да­ры Қазақстанға КСРО-ның ба­тыс ай­мақта­рынан көпте­ген за­уыт-фаб­ри­калар, ғылы­ми және мәде­ни ме­кеме­лер көшіп келді. Осыған бай­ла­ныс­ты қала­дағы ха­лық са­ны күрт өсіп, жаңадан өндіріс ошақта­ры пай­да бол­ды. Мәске­уден, Ле­нинг­рад­тан, Ки­ев­тен, т. б. ірі-ірі қала­лар­дан кел­ген ғылым мен мәде­ни­еттің көрнекті қай­рат­керлері рес­публи­ка бас­шы­лығы көмегімен жергілікті жағдайға тез бейімделіп, елдің ғылы­ми және мәде­ни өміріне бел­се­не ара­лас­ты. Осы ғалым­дарды және жергілікті күшті жұмыл­ды­ра оты­рып, 1946 жы­лы Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құрыл­ды, жоғары оқу орын­да­рының ғылы­ми-тех­ни­калық ба­засы нығай­ды, жаңа оқу орын­да­ры ашыл­ды. Бұрынғы ұсақ ұжым­шарлар біріктіріліп, жаңадан кеңшар­лар құры­ла бас­та­ды.

1937–1949 жыл­да­ры рес­публи­ка КСРО-ның түкпір-түкпірінен қуғынға ұшы­раған ха­лықтар (Солтүстік Кав­каз ха­лықта­ры, немістер, ко­рей­лер, т. б.) зор­лықпен көшіріліп әкелініп, Қазақстан көп эт­носты өлке­ге ай­нал­ды. Соған қара­мас­тан Ша­ях­ме­тов басқару­шы кадр­лар ара­сын­да қазақ бас­шы­ларын көбей­тті. Көпте­ген қазақ жас­та­ры Мәскеу мен Ле­нинг­рад­та оқыды, ас­пи­рант­тар мен док­та­рант­тар көбейді. Қазақстан­да жаңадан жүзде­ген за­уыт­тар мен фаб­ри­калар са­лын­ды, мыңдаған шақырым темір жол төселді. Мы­рыш өндірісі, қара ме­тал­лургия, ма­шина жа­сау, мұнай өңдеу, ауыл ша­ру­ашы­лық тыңайтқышын өңдеу, т. б. са­лалар жаңадан құрыл­ды. Қазақстан арт­та қалған ел­ден аг­рарлық-ин­дуст­ри­алық рес­публи­каға ай­на­ла бас­та­ды.

Ж. Ша­ях­ме­тов «Ме­деу» мұз ай­ды­нының, Шымбұлақ спорт ба­засы­ның са­лыну­ына да көп еңбек сіңірді. Сон­дай-ақ, ол кеңес им­пе­ри­ясы пар­ла­менті па­лата­сының бірі — КСРО Жоғары Кеңесі Ұлттар кеңесінің төрағасы болған және 1950 жы­лы КСРО-ның «Бейбітшілік ту­ралы заңына» қол қойған бірінші қазақ.

1953 жы­лы КСРО-ны ұзақ жыл­дар басқарған И. Ста­лин қай­тыс бол­ды. Осыған бай­ла­ныс­ты Мәске­уде болған са­яси тар­тыстар­дан кейін билікке Н. Хру­щев келді. Ол КСРО-ны азық-түлік жетіспе­ушілігінен аман алып қалу үшін Қазақстан мен Ба­тыс Сібірдің тың және тыңайған жер­лерін иге­ру қажет деп есеп­теді. Ша­ях­ме­тов өз ке­зегінде Қазақстан­ның ге­ог­ра­фи­ялық ерек­шеліктерін және осыған бай­ла­ныс­ты қазақ халқының негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лысқанын ес­ке­ре оты­рып, жерді жап­пай жыр­туға қар­сы­лығын білдірді. Сон­дықтан Ж. Ша­ях­ме­тов ор­ны­нан алы­нып, 1954–1955 жыл­да­ры Оңтүстік Қазақстан об­лыстық пар­тия ко­митетінің бірінші хат­шы­сы қыз­метіне дейін төмен­детілді.

2002 жы­лы мем­ле­кет қай­рат­кері тұрған үйдің қабырғасы­на ме­мори­ал­дық тақта ор­на­тыл­ды. Сол жы­лы соғыс ар­да­гері Қасым Мұха­метқали­ев пен жур­на­лист Ер­мек Зәңгіров құрас­тырған Ж. Ша­ях­ме­тов ту­ралы ес­теліктер жи­нағы, жур­на­лист Мәдат Аққозиннің «Вер­нуть из заб­ве­ния» ат­ты кіта­бы жа­рық көрді. Ж. Ша­ях­ме­тов үш мәрте «Ле­нин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ор­дендерімен, бірне­ше ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.