Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Зылиха Тамшыбаева (1936 ж.)

Зылиха Тамшыбаева (1936 ж.)

Тамшибаева Злиха (1936 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 05.10.1936

Ал­ты­немел асуы

Қай­тыс болғаны: 12.11.2010

Еңбекші ауылы

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: Даңкты еңбек ер­лері

Мазмұны:

  1. Зы­лиха Там­шы­ба­ева;
  2. Жас­тық шағы;
  3. Оқу бөлмесі;
  4. Фер­ма­дағы жұмыс;
  5. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне де­пута­ты;
  6. «Еңбекші» сов­хо­зын­дағы жұмыс.

Зы­лиха Там­шы­ба­ева

Өмірдің әр са­ласын­да аты шыққан қазақ қыз­да­ры аз емес. Со­лар­дың ішінде жа­рық жұлдыз­дардың бірі — Зы­лиха Там­шы­ба­ева.

Жас­тық шағы

Әкесі Жан­бо­лат — қара­пайым ша­руа, алғашқы кол­хозшы­лар­дың бірі екен. Ол араб­ша хат та­нитын, өз бетінше кітап оқитын, көзі ашық, зе­рек адам болған. Жа­зуға ғана емес есеп­ке де жүйрік жігіт жи­ыр­ма­сын­шы жыл­да­ры Иб­ра­гим ат­ты са­уда­гер­ге жал­да­нып жүмыс істе­ген. Жан­бо­лат оты­зын­шы жыл­дардың ор­та­сын­да дүни­еге кел­ген жалғыз қызын аялап мөпе­леп өсіріпті. Жұбайы Бибіш дүни­еден ер­те қай­тса да бар пейілі, мейірі Зы­лиха төңірегінде еді. Соған орай қызы да ер­келікті ер­те ұмы­тып, кішкен­тайынан еңбекқор бо­лып өсті.

Бұлар­дың ата­мекені — Абы­лай ұрпағы Те­зек төренің жай­ла­уы болған атақты Ал­ты­немел асуы. Ауыл шетінен Түлкілі та­уының қырат­та­ры бас­та­лады. Қысы жұмсақ, жа­зы ма­мыра­жай алқап­та кезінде қазақтың жас­тай аққан жұлды­зы Шоқан Уәли­ханов аз уақыт тұрып, ауру­дан қай­тыс болған. Қазір сүйегі сол жер­де. Ұлы адам­ның басқан то­пырағын­да ту­ып-өсуі кімді де бол­са тебірент­пей қой­май­ды. Зы­лиха Жан­бо­латқызы осы­нау сарқыраған су­лары бар, жаз­да көк шалғын­нан көз тұна­тын, жұпар исі аңқыған жер­де туғанын мақтан ет­се де, ер­те көрген жоқшы­лықты да ес­тен шығарған емес. Ана­сы Бибіштен жас­тай айырылған жетімшілігін, соғыс жыл­да­рын­дағы ашар­шы­лық тұрмыс­ты бы­лай қойған­да, инс­ти­тутқа оқуға ба­рар­да жол қара­жаты­на бір бұза­удың зорға та­былғанын ұмы­тар ма…

Оқу бөлмесі

Ақырын­да инс­ти­тутқа түсудің орайы кел­меді. Кол­хоз бас­тығы ауылға қайтқан көрікті, ши­рақ қызға оқу бөлмесін жан­данды­руды тап­сырған еді. Әр ауыл­да сол жыл­да­ры «из­ба-чи­таль­ная» деп ата­латын оқу бөлімдері ұйым­дасты­рылып жатқан. Бұрын күндіз кей­де ашы­лып, көбіне­се жа­бық тұра­тын, түнде жа­натын ша­мы жоқ оқу бөлмесі Зы­лиха қолға алған соң жан­да­на бас­та­ды. Ол әуелі үй ішін қоқыс­тан та­зар­тып, төбе, қабырғала­рын әктеп, те­резе­лерін жуған соң іші кеңейіп, өңі кіріп, ажар­ла­на бас­таған. Қол­дағы бар кітап бір үстелдің үстіне жа­юдан ар­тылған жоқ. Үйінен екі орын­дық әкеліп, мұндағы үш орын­дыққа қосқан­да бөлме іші аз да бол­са оқу үйіне ұқсай бас­таған. Көп ұза­май жаңа кітап­тар са­тып алуға кол­хоздан өз-кем қара­жат бөлдіру­ге де күш сал­ды.

Елуінші жыл­да­ры ауыл­да клуб жұмыс істе­мейді, ки­но көрсе­ту өте си­рек, те­леди­дар аты­мен жоқ. Оқу үйіне жас­тарды жи­най бас­таған Зы­лиха көркемөнер­паздар үйірмесін ұйым­дастыр­мақ бол­ды. Бірақ бір де бір му­зыка ас­па­бы жоқ, сон­дықтан ол дра­ма үйірмесін қолға алған. Оқу үйінде электр жа­рығы жоқ, біреу ке­росин шам, біреу те­зек әкеліп жағып, қыс­тай бір ак­ты­лы пьеса­лар дайын­да­ды. Сах­на — мек­тептің ұзын дәлізі, төріне бірне­ше стол­ды біріктіріп қойып, со­ның үстінде ойын көрсе­тетін. Ауыл адам­да­ры тай­лы-таяғымен келіп, еден­ге мал­дас құрып оты­ра ке­туші еді. Ауыл­да бұдан басқа қызық жоқ.

Фер­ма­дағы жұмыс

Со­дан жас­тардың ұйтқысы бо­лып жүрген Зы­лиха бір жыл өтпей бас­та­уыш ком­со­мол ұйымы­ның хат­шы­лығына сай­лан­ды. Ол енді жас­тарды еңбек ету­ге тар­та бас­таған. Зы­лиха­ның ұйым­дастырғыш­тық қабілетін байқап, бас­тықтар ең ақсап тұрған ша­ру­ашы­лық — си­ыр фер­ма­сына ба­ру­ын өтінеді. Ол өзімен бірге тоғыз қыз­ды ертіп, са­уын­шы­лар бри­гада­сын ұйым­дастырған-ды. Жаңа кел­ген он қыз жұмыс­ты сыр­ты сы­лан­баған, қабырға-төбе­лері аңғал-саңғал, еңсесі төмен, іші са­сық «ба­заны» тәртіпке келтіру­ден бас­та­ды. Жатқан жері та­зарып, күтімі түзел­ген, мезгілінде са­уыла­тын си­ыр­лардың сүті де мо­лая түсті. Бұрын шығын­ды көп бе­ретін фер­ма бірте-бірте кол­хозға пай­да келтіре бас­та­ды. Бұл ту­ралы га­зет­тер жа­зып, ел­ге та­нылған тұста ауылға қазақ өнері мен әде­би­етінің ай­ту­лы қай­рат­керлері Қана­бек Бай­сейітов пен Қуан­дық Шаңғыт­ба­ев кел­ген-ді. Со­дан екі май­тал­ман бірігіп, «Беу, қыз­дар- ай» ат­ты ко­меди­яны дүни­еге келтіргенді. Күллі Қазақстанға та­ралған сол ко­меди­ядағы бас­ты кейіпкер Айсұлу — Зы­лиха бей­несі екенін біреу білсе де біреу білмейді. Сол пьеса бүгінге дейін Зы­лиха және оның құрбы­лары­мен бірге жа­сасып ке­леді. Көп ұза­май жи­ыр­маға тол­маған Зы­лиха фер­ма меңге­рушісі бо­лып тағайын­далды. Сеніп тап­сырған жүмысқа құлшы­на кірісетін өдеті бойын­ша ол са­уын си­ыр­лар үшін жаңа ба­за сал­дыртып, са­уын­шы­лар­ды са­сық қора­дан құтқар­ды. Еңселі жаңа үй­ге көшкенді мал да ұна­тады екен, шұрай­лы жер­ге ке­неліп, тез қоңда­на бас­та­ды. 640 си­ыр­дың сүті де мо­лая түсті.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне де­пута­ты

Осы­ның бәрін көріп-біліп отырған Шоқан ауылы­ның адам­да­ры оны 1959 жы­лы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне де­путат етіп сай­ла­ды. Жи­ыр­ма үштегі қыз ба­ла үшін бұл зор абы­рой еді. Маңдайы ашылғалы тұрған Зы­лихаға алғаш ақыл бер­ген өзіне ұстаз тұта­тын, кейін қоғам қай­рат­кері болған Би­жамал Ра­маза­нова еді. Ол: «Ке­лешегің бар, оқып, жоғары білім ал» — деді. Бұл кез­де тұрмыс құрып, жанұя болған, өрі жүмыс­басты бо­лып жүргеніне қара­май зо­отех­ни­калық-мал дөрігерлік инс­ти­тут­ка оқуға түсті.

Көп ұза­май, кол­хозшы­лар оны күтпе­ген жер­ден кол­хоз бас­тығы етіп сай­ла­ды. Қан­ша жүрексінген­мен жас­тарды еңбек­ке жұмыл­ды­ру тәжіри­бесінен өткен ол тәуекел­ге бел буған. Ша­ру­ашы­лықтың да та­сы өрге до­малай бас­таған­да Қазақстан ком­со­молы­ның XII, XI­II съез­деріне, БКЛЖО-ның IX съезіне де­легат бо­лып барғаны төбесін көкке жеткізген­дей еді. Бұдан кейін СОКП XXIV съезіне де­легат бо­лып қаты­сып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі мәрте де­путат бо­лып сай­лан­ды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Пре­зиди­умы төрағасы­ның орын­ба­сары бо­лып сай­ла­нуы оның абы­рой-атағын тіпті ас­панда­тып жіберді. Мұның бәрі әлдекімнің сүйемел­деуі емес, өзінің ақ адал еңбегі арқасын­да екенін сез­се де асқақтаған жоқ, бұрынғы қара­пайым қал­пын сақтай білді, ша­ру­ашы­лықтағы жігерлі еңбегінен жаңылған жоқ. Сон­дықтан шығар, ол 1968 жы­лы Ки­ров аудан­дық атқару ко­митеті төрағасы­ның орын­ба­сары қыз­метіне жоғары­латыл­ды.

Төрт ба­ланың ана­сы бо­ла тұра сон­ша­ма қоғам­дық, ша­ру­ашы­лық жұмыс­та­рын атқару­ына, инс­ти­тут­та сырт­тай оқып, мал ма­маны дип­ло­мын алу­ына әкесі Там­шы­байұлы Жан­бо­лат, со­дан кейін, әри­не, «құдай қосқан қосағы» Тоқсан­бай­дың көмек­тескенін ай­тпа­сақ та түсінікті. Бір жылға же­тер-жет­пестен аудан бас­шы­лары: «Зы­лиха, сен бұл жер­де аудан­дағы өзіңсіз мәсе­ле шеш­пейтін бас­тықтар­дың бірісің, одан да арт­та қалған бір ша­ру­ашы­лықты қолға алып, көтеріп жібер­сең қай­теді? Бе­делің бар, үкімет пен пар­тия атақ-абы­ройыңды біраз көтерді, енді бізге нақты­лы ісің ке­рек бо­лып тұр» — де­ген­де ол біраз ой­ла­нып-толғанған. Аудан­дағы ең арт­та қалған ша­ру­ашы­лықты көте­ру қолы­нан ке­ле ме? Жоқтан бар жа­сау оңай ма? Бірақ ел, ха­лық сеніп отыр. Осын­дай жас шағын­да, қажыр-қай­ра­тының қай­тпа­ган кезінде қимыл­дап қал­ма­уының қисы­ны ке­ле ме? Ол тәуекел­ге бел бу­ды. Аудан­дағы ең арт­та қалған ша­ру­ашы­лық «Еңбекші» сов­хо­зын­да аз уақыт пар­торг, іле-ша­ла ди­рек­тор бо­лып қыз­мет істей бас­та­ды.

«Еңбекші» сов­хо­зын­дағы жұмыс

Бұл ша­ру­ашы­лықтағы негізгі са­ла — қызыл­ша, со­дан кейін — егін, мал. Мал ма­маны Зы­лиха тех­ни­калық дақыл — қызыл­ша­ны егіп-бап­та­удың та­лай тәсілдерін жүре үй­ренді. Аг­ро­ном Бо­лат Тоқсан­ба­ев де­ген жігітпен ақыл қоса оты­рып, Би­тай Тәте­нова, За­кария Сейіто­ва сияқты қызыл­ша өсіру ше­бер­лерінің тәжіри­бесіне сүйеніп, қари­ялар­дың кеңесін тыңдай жүре жаңа ди­рек­тор өнім сал­мағын 170–180 цент­нер­ден, эр гек­тар бойын­ша 600 цент­нер­ге дейін өнім алғаны үшін Со­ци­алистік Еңбек Ері атан­ды. Жоғары­да аталған екі апайы да ке­удесіне Ал­тын Жұлдыз қада­ды. Қызыл­ша­дан түскен та­быс сов­хоз қара­жаты­ның 97 пайызын құраған соң-ақ ша­руа өрге бас­ты. Сов­хоз та­бысы та­си бас­таған­да Зы­лиха­ның ең бірінші ой­лағаны — еңбекші елдің тұрмыс-мәде­ни­етін түзеу. «Еңбекшінің» ор­та­лығын­да да, бөлімше­лерінде де ақ шаңқан ша­тыр­лы үй­лер бой көтеріп, көше­лер­ге ас­фальт төселді. «Еңбекшіде» тұрғызылған мәде­ни­ет са­райы — осы ай­мақтағы ең зәулім жөне сәнді ғима­рат са­нала­ды. Бұл ауыл­ды Зы­лиха отыз жыл­дан бері та­бан аудар­май басқарып ке­леді. На­рық за­маны ауыл, елдің қалыпқа түскен тұрмыс жағдайын шайқай алған жоқ. Зы­лиха за­ман лебіне қарай ой толғап, сов­хоз мүлкін та­лан-та­ражға түсірмеді, тіршілік өз қал­пы­мен жүріп жа­тыр. Ашыққан, ауа көшкен ешкім жоқ. Еңкей­ген кәрісінен еңбек­те­ген жа­сына дейін білетін ауыл­да ешбір шаңырақ шайқал­ма­ды, әрқай­сы­сы ша­ру­ашы­лық бас­шы­сының на­зарын­да. Бұл күнде ауыл Ана­сына ай­налған Зы­лиха Там­шы­ба­ева­ны қадірле­мейтін, құрмет­те­мейтін адам кем де кем.