Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Бибігүл Төлегенова (1929 ж.)

Бибігүл Төлегенова (1929 ж.)

Тулегенова Бибигуль (1929 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1929

Се­мей қала­сы

Бибігүл Ах­метқызы Төле­гено­ва (16.12.1929 жы­лы туған, Се­мей қала­сы) — қазақ әншісі (ли­рика­лық-ко­лора­тура­лық соп­ра­но), КСРО ха­лық әртісі (1967). 1954 жы­лы Қазақ кон­серва­тори­ясын (Н. Са­мыши­наның ән кла­сы бойын­ша) бітірді. Ән ай­ту­ды көркем-өнер­паздар үйірмесінен бас­та­ды. Б. Төле­гено­ваның әншілік та­лан­тын та­нып, оның өнер жо­лына түсуіне ба­гыт сілте­ген әрі алғаш дәріс бер­ген кеңес жа­зушы­сы Г. И. Се­реб­ря­кова (сол кез­де Се­мей­де түрған) бол­ды. Б. Төле­гено­ва еңбек жо­лын 1946 жы­лы Се­мейдің ет ком­би­натын­да жүмыс­шы­лықтан бас­та­ды. Бірсы­пыра уақыт қазақтың опе­ра және ба­лет те­ат­рында істеді. 1965–1971 жыл­да­ры қазақ фи­лар­мо­ни­ясы­ның әнші-со­лисі бол­ды. 1971 жыл­дан Қазақтың опе­ра және ба­лет те­ат­рында еңбек етеді. Б. Төле­гено­ваның қай­та­лан­бас орын­да­ушы­лық өнерінің қай­нар бүлағы ең ал­ды­мен қазақтың ха­лық әндеріне са­яды. Әншінің алу­ан тақырып­ты ре­пер­ту­арын­да қазақтың ха­лық әндері («Гауһар тас», «Жи­ыр­ма бес»),

Қазақстан ком­по­зитор­ла­рының шығар­ма­лары (Ха­мидидің «Бұлбұлы», Бру­силовс­кийдің «Қос қар­лығашы», Төле­ба­ев­тың «Ес­ке алуы», Рах­ма­ди­евтің «Та­ран­телла­сы», Мұха­мед­жа­нов­тың «Көктем вальсі», Тілен­ди­евтің «Кел ер­кем, Ала­та­уыма»), сон­дай-ақ П. П. Чай­ковс­кий мен С. В. Рах­ма­нинов­тың ро­манс­та­ры, Н. А. Римс­кий-Кор­са­ков­тың опе­рала­рынан ари­ялар және Ба­тыc Еуро­па саз­герлерінің (До­ницет­ти, Григ, Шу­берт) шығар­ма­лары да бар. Б. Төле­гено­ва өзінің кон­церттік-орын­да­ушы­лық өнерін ше­берліктің жоғары са­тысы­на көтеріп, клас­си­калық дәре­жеге жеткізді. Бұл тұрғыда ол «қазақ бұлбұлы» атанған К. Бай­сейіто­ваның орын­да­ушы­лық ше­берлігін жалғас­ты­руда. Төле­гено­ва опе­ра өнеріне де еле­улі үлес қосып, Жібек (Бру­силовс­кийдің «Қыз Жібегінде»), Гүлбар­шын (Рах­ма­ди­евтің «Ал­па­мысын­да»),

Еңлік (Жүба­нов­тың «Еңлік—Ке­бегінде»), Джиль­да, Ви­олет­та (Вер­дидің «Ри­голет­то­сы» мен «Тра­ви­ата­сын­да») т. б. пар­ти­ялар­ды орын­да­ды. Б. Төле­гено­ва өнері рес­публи­ка, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне та­ныл­ды. Гаст­рольдік са­пар­мен Үндістан, Ал­жир, Еги­пет, Си­рия, Вьет­нам, Поль­ша, Че­хос­ло­вакия, Ка­нада, Шве­ция, Фран­ция, Ита­ли­яда бо­лып, өнер толғады. КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының (1970) және Қазақ КСР Мем­ле­кеттік сый­лығының (1960) ла­уреаты. 1957, 1958 жыл­да­ры Мәске­уде өткен өншілер байқауының ла­уреаты. УӀӀ-ӀХ сай­ланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты.

Ле­нин ор­дені және Еңбек Қызыл Ту ор­денімен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған. Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің Же­ке Ал­тын белгісімен (1999) ма­рапат­талған. КСРО және Қазақстан Рес­публи­касы Мем­ле­кеттік сый­лықта­рының, «Тар­лан» тәуелсіз сый­лығының (2001) ла­уреаты. «Жыл ада­мы» атағын алған (2001). Қазақстан Жұлдыз­дар ал­ле­ясын­да Же­ке жұлдызға ие (2002). «Орақ және балға» ме­далінің және Ле­нин ор­денінің ұсы­нылу­ымен қоса Со­ци­алистік Еңбек Ері (1991). Ас­та­на қала­сының және Шығыс Қазақстан об­лы­сының құрметті аза­маты. Са­яси қай­рат­кер ретіндегі иде­алы — Н. Ә. На­зар­ба­ев. Қазақстан­ның бо­лашағы ту­ралы бол­жа­мы — «Қазақстан­ның жарқын да бақыт­ты бо­лашағына се­немін». Сүйіп оқитын әде­би­еті — по­эзия. Хоб­биі — көрнекті өнер қай­рат­керлерінің және Са­яси қай­рат­кердің мо­ног­ра­фи­яла­рын жи­нау. қыз­да­ры — Гүзел, Мәри­ямгүл; үлы — Төле­ген. Не­мере- лері — Әділ, Қай­рат, Бағдад. Шөбе­релері — Дәми­ра, Ес­кендір.