Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Шара Баймолдақызы Жиенқұлова (1912 — 1991 жж.)

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова (1912 — 1991 жж.)

Жиенкулова Шара (1912–1991 гг.)

Жи­енқұло­ва Ша­ра (Гүлша­ра) Бай­мол­дақызы (18.8. 1912, Ал­ма­ты — 5.1991, Ал­ма­ты) — биші, пе­дагог. Қазақстан­ның ха­лық ар­тисі (1938; 1936 жыл­дан Қазақстан­ның еңбек сіңірген ар­тисі). 1929 — 30 ж. Қаз­ПИ-дің та­рих фа­куль­тетінде оқыды. Өнер жо­лын Қазақ дра­ма те­ат­ры­нан бас­та­ды.

Тұңғыш ой­наған рөлі — Б. Май­линнің «Май­дан» пьеса­сын­дағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М. Әуезовтің «Еңлік — Ке­бек» пен «Қарагөзінде»), т. б. рөлдерді сом­да­ды. 1934 ж. Му­зыка­лық дра­ма те­ат­ры­на (қазіргі Қазақ опе­ра және ба­лет те­ат­ры) ауыс­ты. Мұнда Әуезовтің «Ай­ман — Шол­пан» му­зыка­лық дра­масын­да, Е. Г. Бру­силовс­кийдің «Қыз Жібек», «Жал­быр» және «Ер Тарғын» опе­рала­рын­да ұлттық би­лерді орын­да­ды.

1936 ж. Мәске­уде өткен Қазақ әде­би­еті мен өнерінің онкүндігіне қаты­сып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге ха­лық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық ба­леті — «Қалқаман — Ма­мыр­да» (1938) Ма­мыр­дың пар­ти­ясын орын­да­ды. 1938 ж. «Аман­гелді» фильмінде Ба­лым­ның рөлін эк­ранға шығар­ды. Ба­лет­мей­стер Л. А. Жу­ков­пен бірлесіп И. Н. На­диров­тың «Көктем» ба­летін қой­ды. 1940 — 1962 ж. Қазақ фи­лар­мо­ни­ясын­да қыз­мет етіп, 1962 — 66 ж. Қазақтың ән-би ан­самблін басқар­ды. 1966 — 75 ж. Ал­ма­ты хо­ре­ог­ра­фи­ялық учи­лищесінің ди­рек­то­ры бол­ды. Қазақстан­ның ха­лық ар­тисі Г. Тал­пақова, Қазақстан­ның еңбек сіңірген ар­тистері Қ. Қара­бали­на, Б. Байжұма­нова, т. б. Жи­енқұло­ваның шәкірттері. Осы жыл­да­ры ұлттық би өнерін да­мыту үшін ел ара­лап, ха­лықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ха­лық би­лерін зерт­теді. Со­ның нәти­жесінде «Тәттімбет», «Ай­жан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» би­лері дүни­еге келді. Жи­енқұло­ва — сах­на­лық об­раздар­дың ішкі жан сұлу­лығын би­дегі плас­ти­калық шешіммен ше­бер шен­дестіре білді. Гаст­рольдік са­пар­мен көпте­ген шет ел­дерде бол­ды. 1958 ж. Мәске­уде өткен Қазақ әде­би­еті мен өнерінің онкүндігіне қатыс­ты.

Қазақстан мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты (1968). Ле­нин ор­денімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ор­дендерімен және ме­даль­дер­мен ма­рапат­талған.