Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906 — 1968 жж.)

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906 — 1968 жж.)

Жубанов Ахмет (1906–1968 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1906 жы­лы 29 сәуірде

Ақтөбе об­лы­сы, Темір ауда­ны, Қосуақтам шатқалын­да

Қай­тыс болғаны: 1968 жы­лы 30 ма­мыр­да

Ал­ма­ты Қала­сы

Ах­мет Қуанұлы Жұба­нов (1906–1968) — қазақ му­зыка­сын зерт­те­уші көрнекті ғалым, әйгілі ком­по­зитор, ди­рижер. Қазақстан­ның ха­лық ар­тисі (1944), өнер­та­ну ғылы­мының док­то­ры (1943), про­фес­сор (1948), ака­демик. Ол Ақтөбе об­лы­сы Темір ауда­нын­да 1906 жы­лы 29 сәуірде өмірге кел­ген. Ах­мет Қуанұлы қазақтың му­зыка­лық мәде­ни­етін зерт­теп та­нуда, жо­рып түсіндіру­де және жүйелеп на­сихат­та­уда жаңа са­палы биіктен көрініп, ке­зеңдік мәні бар қажыр-қай­рат көрсет­кен тұлға. Өз кезіндегі му­зыка­лық білім са­тыла­рының бәрінен өткен ке­мел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжан­ды­лық сезімін да­рытқан А. Қ. Жүба­нов 1933 жы­лы Ал­ма­ты му­зыка­лық дра­ма учи­лищесіне ұстаз­дық қыз­метке ке­леді. Осы кез­ден бас­тап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың му­зыка­лық мәде­ни­еті де­ген жал­пы­лама ұғым­ды ұлт бол­мы­сын­дағы нақты ка­тего­ри­ялық мәні бар ру­хани құбы­лысқа ай­нал­ды­ру үшін ты­ным тап­пастан еңбек етті. Бұл рет­те, Ах­мет Қуанұлы адам қабілетінің қан­дай құдіретті бо­латы­нын нақты­лы да нәти­желі істерімен көрсе­те ал­ды. Алғашқы му­зыка­лық әліппе, қазақ му­зыка­сын зерт­тейтін ғылы­ми ка­бинет, му­зыка­лық сы­нақ ше­бер­ха­насы, Ғылым ака­деми­ясын­дағы өнер­та­ну сек­то­ры, М. О. Әуезов атын­дағы Әде­би­ет жөне өнер инс­ти­туты­ның му­зыка бөлімі, Қазақтың ха­лық ас­папта­ры ор­кестрі, Қазақтың мем­ле­кеттік фи­лар­мо­ни­ясы, Қазақ кон­серва­тори­ясы, он­дағы ха­лық ас­папта­ры ка­фед­ра­сы, Қазақтың му­зыка­лық те­ат­ры, қазақ му­зыка­сы ту­ралы оқу құрал­да­ры, міне, осы­ның бәрінің ұйтқысы А. Қ. Жұба­нов бол­ды. Мұның сыр­тында ди­рижерлік, ұстаз­дық, ғылы­ми-зерт­те­ушілік, қоғам­дық, әсіре­се шығар­ма­шылық жұмыс­та­рының өзі са­ла-са­ла бо­лып, құнар­лы ар­на­ларға ұла­сады. А. Қ. Жұба­нов­тың мұрын­дық бо­лу­ымен қырқын­шы жыл­да­ры ұйым­дасты­рылған ғылы­ми экс­пе­диция сек­сенінші жыл­дарға дейін Қазақстан­ның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқала­рын жи­наған. Қазақтың кәсіпқой ха­лық ком­по­зитор­ла­рының өмір де­регін жи­нас­ты­рып, шығар­ма­ларын но­таға түсіріп, одан соң көнігі әнші-күйшілер­ге үй­ре­ту арқылы ха­лықтың ру­хани игілігіне ай­нал­ды­руда теңдессіз еңбекқор­лық пен іскерліктің үлгісін Ах­мет Қуанұлы­ның өзі көрсетіп отыр­ды.

Жа­сынан му­зыка өнеріне бейімділігін байқатып, дом­бы­ра, скрип­ка ас­па­тарын­да ой­на­уды меңге­реді. Жас кезінде ауыл­да­сы Та­лым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғали­ев­тен, әкесі Қуан­нан, ағасы Құдай­бер­геннен тәлім алып, му­зыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс ха­лық ас­паптар әуесқой­ла­ры ор­кестріне же­текшілік ететін (П. Чер­няктан соль­фед­жио, скрип­ка, му­зыка те­ориясы бойын­ша) са­бақ ала­ды.

Ax­met Ju­ban1929 жы­лы Ле­нинг­рад­тың М. И. Глин­ка атын­дағы тех­ни­кумын­да (А. А. Эти­гон­ның скрип­ка кла­сы бойын­ша), кон­серва­тори­яда (про­фес­сор Ф. А. Ни­ман­ның го­бой кла­сы бойын­ша, кейіннен му­зыка та­рихы мен те­ориясы фа­куль­тетінде) оқыған.

1932 жы­лы Ле­нинг­рад­тағы Ак­тер ше­берлігі мек­тебінің ас­пинран­ту­расы­на түседі.

1933 жы­лы Ал­ма­тыда ашылған му­зыка­лық дра­ма учи­лищесіне ұстаз­дық қыз­метке шақыры­лады.

1930 жы­лы Ле­нинг­рад­тағы «Ра­бочий и те­атр» жур­на­лын­да жа­ри­яланған мақала­сынан бас­тап, өмірінің соңына дейін қазақ му­зыка­сының та­рихы мен те­ориясын зерт­те­умен ай­на­лыс­ты. 1936 жы­лы «Му­зыка әліппесі» ат­ты тыр­нақал­ды кітап­ша­сы жа­рық көрген.

1934 жы­лы А. К. Жұба­нов алғаш 11 адам­нан құралған дом­бы­рашы­лар ан­самблі негізінде Қазақ ұлттық ха­лық ор­кестрін ұйым­дастыр­ды. Осы ұжым­ның тұңғыш ди­рижері ретінде көпте­ген ха­лық ком­по­зитор­ла­рының му­зыка ту­ын­ды­ларын ор­кест­рге лайықтап но­таға түсірген.

1945–1951 жыл­да­ры Ал­ма­ты кон­серва­тори­ясы­ның рек­то­ры, 1954–1961 жыл­да­ры осы кон­серва­тори­ядағы өзі ашқан ха­лық ас­паптар ка­фед­ра­сының меңге­рушісі бо­лып, қазақ ха­лық му­зыка­сының та­рихы­нан, ди­рижерлік өнер ме­нас­папта­нудан са­бақ берді.

Жұба­нов­тың қазақ халқының ән-күй шығар­ма­лары­ның та­биғаты мен ерек­шелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулет­ке­рей, Сей­тек, Тәттімбет, Қазанғап ту­ралы мо­ног­ра­фи­ялық ғылы­ми -зерт­теу еңбек­тері- қазақ му­зы ка­сының ғылы­ми та­рихын жа­сауға қосылған қомақты үлес бол­ды.

А. К. Жұба­нов — қазақ халқының қазіргі за­манғы кәсіби му­зыка­сының негізін қалаған аға бу­ын ком­по­зитор­лардың бірі. Ол ха­лық күй­лерін ор­кест­рге лайықтап, но­таға түсірді және қазақ му­зыка­сын күрделі ас­паптық сим­фо­ни­ялық шығар­ма­лар­мен байыт­ты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ би­лері», «Төле­ген Тоқта­ров», «Ария», «Во­кальдік сю­ита­сы», «Абай сю­ита­сы», тағы басқалар. А. Жұба­нов­тың қазақ му­зыка та­рихы­на сіңірген еңбегі ұшан — теңіз.

Ком­по­зитор ретінде қазақтың му­зыка­лық мәде­ни­етіне өзіндік ме­лоди­ялық өрнек қосқан он­даған ән мен күйдің, ро­манс­тар мен хор­лардың, ас­паптық сим­фо­ни­ялық және во­каль­дық шығар­ма­лар­дың ав­то­ры. А. Жұба­нов­тың ком­по­зитор­лық шығар­ма­лары­ның көрнектілері Л. Ха­миди­мен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төле­ген Тоқта­ров» (1947) опе­рала­ры, қызы Ғ. Жұба­нова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) опе­расы.

А. Қ. Жұба­нов­тың мұрын­дық бо­лу­ымен қырқын­шы жыл­да­ры ұйым­дасты­рылған ғылы­ми экс­пе­диция сек­сенінші жыл­дарға дейін Қазақстан­ның түкпір түкпірінен 10 мыңдай ән күй нұсқала­рын жи­наған. Қазақтың кәсіпқой ха­лық ком­по­зитор­ла­рының өмір де­регін жи­нас­ты­рып, шығар­ма­ларын но­таға түсіріп, одан соң кәнігі әнші күйшілер­ге үй­ре­ту арқылы ха­лықтың ру­хани игілігіне ай­нал­ды­руда теңдесіз еңбекқор­лық пен іскерліктің үлгісін Ах­мет Қуанұлы­ның өзі көрсетіп отыр­ды.

А. Қ. Жұба­нов­тың ғалым, пе­дагог, ком­по­зитор, орын­да­ушы және ұйым­дасты­рушы ретінде қазақтың му­зыка­лық мәде­ни­етіне сіңірген еңбегі ұлттың мәде­ни ру­хани шежіресіндегі ең көрнекті бе­лес­тердің бірі бо­лып қала­ды.

А. К. Жұба­нов қазақтың ұлттық өнерін да­мытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты атағын берді. Ле­нин ор­денімен, тағы басқа ор­дендер­мен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Ал­ма­ты қала­сының көше­лерінің біріне, Рес­публи­калық му­зыка­лық мек­теп-ин­тернатқа Жұба­нов есімі берілген. Ақтөбе­дегі му­зыка кол­леджі, көше­лер А. К. Жұба­нов есімінде. Өзі ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасын­да ес­керткіш тақта ор­на­тылған.

2006 жы­лы Ах­мет Жұба­нов­тың 100 жыл­дық ме­рей­тойына орай Ғ. Жұба­нова атын­дағы об­лыстық Фи­лар­мо­ния ғима­раты­ның ал­дында ком­по­зиторға ар­нап үлкен ес­керткіш ор­на­тыл­мақ. Ес­керткіш ав­торла­ры — Ес­кен Сер­ге­ба­ев пен Бақыт­жан Әбішев, ар­хи­тек­тор — Жен­сен Ай­на­беков. Қола­дан жа­салған ес­керткішті гра­нит плит­ка­сымен қап­талған тұғырға ор­на­тады.

Ах­мет Жұба­нов ту­ралы Фильм 2006 — «Ах­мет Жұба­нов» ре­жис­сері: Қ. Ума­ров

Жанр: «Де­ректі фильм» Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Ай­ма­нов атын­дағы