Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

Соғыс­тан кейінгі Қазақстан (1946–1980 жж.)

Соғыс­тан кейінгі Қазақстан­ның қоғам­дық-са­яси өмірі (1945–1950 жж.)

Соғыс­тан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғам­да үстем бол­ды. КСРО-да, со­ның ішінде Қазақстан­да Ста­линнің же­ке ба­сына та­быну күшейді. Же­ке адам құқығы барған сайын аяққа тап­талды. Қара­пайым адам­дар басқару­дан шет­тетілді.

Ком­му­нистік пар­ти­яның билігі шексіз бол­ды. Қоғам­да то­тали­тар­лық, ав­то­ритар­лық жүйе үстем бол­ды. Осы­ның бәрі же­ке адам­ның ба­сына та­бынған­дықтан пай­да болған. Жоғары билік ба­сын­дағылар тез ара­да ком­му­низм­ге көшу ту­ралы жос­парлар­ды құрас­ты­ра бас­та­ды. Ком­му­низмнің те­ориялық негізі жа­сал­ды. Мұның бәрі И. В. Ста­линнің көре­гендігі ретінде бағалан­ды. Рес­публи­када осы­лай қияли уто­пи­ялық көзқарас пай­да бол­ды. Ком­му­нистік пар­тия қияли ком­му­нистік иде­оло­ги­яның мүддесін ха­лықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қой­ды. Адам мүддесімен ешкім са­нас­па­ды.

Ауыл ша­ру­ашы­лығы

Соғыс­тан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру жо­лын­да көпте­ген ке­дергілер кез­десті. Мы­салы, ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­каның жетіспеуі, жұмыс күшінің аз­дығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпа­лы т. б.

Пар­ти­яның 1946 жылғы қаулы­сына сәй­кес сов­хоздар мен кол­хоздар­дың бұрынғы зар­дапта­рын жою бас­талды. Ауыл ша­ру­ашылғын жаңа тех­ни­камен қам­та­масыз ету үшін мем­ле­кет ар­найы қара­жат бөлді. 1950 жы­лы еліміздегі кол­хоздар­да (76%) МТС-тер (ма­шина-трак­тор стан­ци­яла­ры) жұмыс істеді. Үкімет өзін қам­та­масыз ете ал­май­тын ұсақ кол­хоздар­ды біріктіре бас­та­ды. 1952 жы­лы рес­публи­када 2047 кол­хоз жұмыс істеді.

Рес­публи­ка ауыл ша­ру­ашы­лығы бірша­ма жақсы да­мыды. Де­ген­мен бар­лық ха­лықты бірдей азық-түлікпен қам­та­масыз ете ал­май, өнеркәсіптің шикізатқа де­ген сұра­нысын қанағат­танды­ра ал­ма­ды. Ауыл ша­ру­ашы­лығы жос­парлы түрде жоғары­дан басқарыл­ды.

Ха­лықтың әле­уметтік жағдайы

Соғыс­тан кейін 1946–1950 жыл­да­ры ха­лықтың әле­уметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез бол­ды. 1947 жы­лы елімізде бұрын­нан қол­да­нылып кел­ген, ха­лықты азық-түлікпен мөлшерлі қам­та­масыз ететін кар­точка­лық жүйе жойыл­ды.

Ха­лықтың әле­уметтік-тұрмыс­тық жағдайын жақсар­ту­да біраз ша­ралар қол­да­ныл­ды. Бірақ бұл мәсе­ле оны­мен шешілмеді. Жұмыс­шы­лар­дың жа­лақысы көп рет­те азық-түлікті са­тып алып отыр­ды. Әсіре­се, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін мем­ле­кет өте ар­зан бағамен са­тып ал­ды. 1946 жы­лы Кеңес­тер Одағының біраз өңірін аш­тық жай­ла­ды. Бұл ту­ралы ешқан­дай мәлімет­терде ай­тыл­май­ды.

Соғыс­тан кейін рес­публи­ка эко­номи­касын қай­та құру (1945–1950 жж.)

II дүни­ежүзілік соғыс КСРО ша­ру­ашылғына өте көп зи­ян әкелді. Соғыс зар­дапта­ры: 1710 қала, 70000 ауыл қира­ды, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл ша­ру­ашы­лық кәсіпор­ны бүлінді және 2 млн. адам қираған үй­де тұруға мәжбүр бол­ды. Ки­ев, Ле­нинг­рад, Ста­линг­рад, Минск т. б. қала­лар­дың көп бөлігі талқан­далды.

Соғыс­тан кейін қираған эко­номи­каны, ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру бас­ты міндет бол­ды. Бұл бағыт­та ең ал­ды­мен жұмыс күшінің жетіспеуі ке­дергі жа­сады. Се­бебі КСРО соғыс­та 27 млн. адам­нан айырыл­ды. Осыған бай­ла­ныс­ты Қызыл Ар­мия қата­рын­да де­моби­лиза­ция (әскер­ден бо­сату) бас­талды. 1945–1948 жыл­да­ры Қызыл Ар­мия қата­рынан 8 млн. 500 мың адам бо­сатыл­ды.

Соғыс жағдайына бейімдел­ген ел эко­номи­касы­ның қай­та құры­луы бас­талды. Сұра­пыл жыл­да­ры соғыс­тың қажетін өтеп тұрған кәсіпо­рын­дар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бас­та­ды.

Қазақстан эко­номи­касын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиын­шы­лықтар ту­дыр­ды. Соғыс жыл­да­ры Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпо­рын­дар азат етілген аудан­дарға қай­та көшірілді. Со­нымен бірге білікті ма­ман­дар да қай­тты. Соғыс­та жар­ты мил­ли­он­нан ас­там адам қаза тап­ты, көбі мүге­дек бо­лып орал­ды. Мұның бәрі ша­ру­ашылқты қал­пы­на келтіруді ке­шеуілдетті. Қазақстан соғыс­тан зар­дап шек­кен өңірлер­ге ба­рын­ша көмек көрсетті. Ста­линг­рад, Ле­нинг­рад, Ки­ев қала­ларын, көпте­ген қираған кәсіпо­рын­дарды қал­пы­на келтіру ба­рысын­да қазақстан­дықтар көп үлес қос­ты.

Со­нымен қатар Қазақстан соғыс­тан зар­дап шек­кен өңірлер­ге ма­тери­ал­дық көмек көрсетті. Мы­салы, 1945 жы­лы Ук­ра­инаға 500-ге жуық трак­тор, ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­касын; Ре­сей мен Бе­лорусь­ке, Ук­ра­инаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 си­ыр­ды тегін жіберді, 1946 жы­лы қабыл­данған 1946–1950 жыл­дарды қам­ти­тын ха­лық ша­ру­ашы­лығын да­мытуға бюд­жеттен көпте­ген қар­жы бөлінді.

Үкіметтің қол­да­уымен және жұмыс­шы­лар­дың қажыр­лы еңбегінің арқасын­да кәсіпо­рын­дар біртіндеп аяғынан тұра бас­та­ды. Теміртау ме­тал­лургия за­уыты, Ақтөбе Фер­роқорыт­па за­уыты сияқты алып­тардың қуаты арт­ты. Екібастұз көмір кен­дері мен Маңғыс­тау мұнай кәсіпшіліктерінде жаңа құры­лыс­тар са­лын­ды.

Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және та­мақ өнеркәсіптерінің қуаты арт­ты.

1950 жы­лы 483 шақырымға со­зылған Мойын­ты-Шу теміржо­лы са­лын­ды. Бай­ла­ныс, ком­му­ника­ция жүйелері де да­мыды. 1949 жы­лы Ал­ма­ты ав­то­мат­тық стан­ция арқылы рес­публи­каның 56 қала­сымен бай­ла­ныс­ты­рыл­ды.

1950 жы­лы елімізде ха­лық ша­ру­ашылғын­да еңбек ететін адам­дардың са­ны 1 млн. 403000-ға жетті.

Қазақстан эко­номи­касы­ның бейбітшілік жағдайға сәй­кес қай­та құры­луы

1946 жылғы на­урыз­да КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сес­си­ясы 1946–1950 жыл­дар ара­лығын қам­ти­тын ха­лық ша­ру­ашылғын қал­пы­на келтіру мен да­мытуға ар­налған бес­жылдық ту­ралы Заң қабыл­да­ды. Бұл жос­парда қазақстан­ның ха­лық ша­ру­ашы­лығы мен мәде­ни­етін да­мытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің да­му­ына, жаңа темір жол желісін са­луға, ауыл­ша­ру­ашы­лық дақыл­да­рының өнімін арт­ты­руға қар­жы бөлінді.

Еңбекшілер қауымы­ның қажыр­лы қай­рат көрсе­туінің нәти­жесінде 1946–1951 жыл­да­ры рес­публи­када бо­лат про­катын, қара және түсті ме­тал­лургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қол­дан жа­салған тал­шық өндіру жүзе­ге асы­рыл­ды. Бес­жылдық жыл­да­рын­да қара ме­тал­лургия қарыш­ты қадам­мен да­мыды. Темірта­удағы ме­тал­лургия за­уытын­да үй про­кат ста­ны мен екі мар­тен пеші, Ақтөбе­дегі фер­роқорыт­па за­уытын­да кәсіпо­рын­ның үшінші ке­зегі іске қосыл­ды. 1947 жы­лы Өске­мен қорғасын-мы­рыш ком­би­наты алғашқы мы­рышын берді. Екібастұз ала­бын­да көмір кесіндісінің құры­лысы аяқтал­ды. Балқаш мыс қоры­ту за­уыты­ның қуатын арт­ты­ру жөніндегі жұмыс­тар жалғас­ты­рыл­ды. Маңғыс­та­уда мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосы­лумен бол­ды.

Жеңіл және та­мақ өнеркәсібі да­мыды. Се­мей­дегі илеу-сығын­ды за­уыты, Қызы­лор­да «Ком­со­мол­ка» тігін фаб­ри­касы өнім бе­ре бас­та­ды. Жам­былда, Қызы­лор­да­да, Пав­ло­дар­да тері за­уыт­та­рының құры­лысы аяқтал­ды. 50-жыл­дардың ба­сына қарай рес­публи­када 65 кәсіпо­рын бол­ды. 1950 жы­лы ұзын­дығы 483 км. Мойын­ты-Шу темір жол төсемін қалау аяқтал­ды.

1949 жыл­дың көктеміне қарай Ал­ма­тыда елдің 56 қала­лары­мен бай­ла­ныс­ты­ратын ав­то­мат­тық стан­ция қыз­мет істей бас­та­ды, ра­диоқабыл­дау және ха­бар бе­ру, ра­дио жүйесі 40-жыл­дармен са­лыс­тырған­да екі есе арт­ты.

Рес­публи­каның эко­номи­калық өміріндегі өзгерістер ма­ман­данған жұмыс­шы­лар қата­рының өсуіне ықпал етті. Егер 1945 жы­лы ха­лық ша­ру­ашылғын­дағы жұмыс­шы­лар мен қыз­меткердің са­ны 1044 мың, олар­дың ішінде өнеркәсіпте еңбек ететіндер 304 мың бол­са, 1950 жы­лы олар­дың жал­пы са­ны 1403,3 мың, ал өнеркәсіптегілер 366 мың адамға тең бол­ды.

Өнім өндіруді арт­ты­ру мақса­тымен ұсақ кол­хоздар біріктіріліп, олар­дың ор­ны­на ірі ұжым­дық ша­ру­ашы­лықтар құру жүзе­ге асы­рыл­ды. Кол­хоздар­ды ірілендіру шап­шаң қарқын­мен жап­пай жүргізілді. Осы­ның нәти­жесінде рес­публи­када кол­хоздар са­ны азай­ды:

  • 1945 жы­лы Қазақстан­да 6737 кол­хоз бол­са;
  • 1952 жы­лы олар­дың са­ны 2047-ге тең бол­ды.

Еңбекшілердің тұрмыс жағдайының өзге­руі.

40-жыл­дардың екінші жар­ты­сы мен 50-жыл­дардың ба­сы КСРО аза­мат­та­рының ба­сым көпшілігі үшін аса ауыр ке­зең бол­ды.

1947 жылғы жел­тоқсан­да кар­точка жүйесі және еңбекшілерді азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен өлше­улі қам­та­масыз ету жойыл­ды. Сол жы­лы ақша ре­фор­ма­сы жүзе­ге асы­рыл­ды. Негізгі өнімдердің, нан және нан­нан жа­салған өнімдердің, еттің, өнеркәсіп өнімінің бағасы ар­занда­ды. Сом­ның са­тып алу құны­ның көтерілуімен қатар еңбекшілердің жа­лақысы да өсті.

Екінші дүни­ежүзілік соғыс­тың мүге­дек­теріне, соғыс­та қаза болған­дардың от­ба­сына әле­уметтік көмек көрсетілді. Жа­сы ұлғайған­дарға, асы­ра­ушы­сының қаза бо­лу­ына бай­ла­ныс­ты және уақыт­ша еңбек­ке жа­рамай қалған­дарға зей­не­тақы тағайын­далды. Көп ба­лалы және жалғыз бас­ты ана­лар жәрдем алып тұрды. Ши­пажай­лар мен де­малыс үй­леріне, ба­лалар ла­герь­леріне жеңілдіктер­мен жол­да­малар берілді. Осы жыл­да­ры ке­зек­тен тыс жұмыс істе­уге ти­ым са­лын­ды, ақылы де­малыс алу қал­пы­на келтірілді.

Мем­ле­кеттік күрделі қара­жат пен ко­опе­ративтік кәсіпо­рын­дардың және басқа ұйым­дардың есебінен ха­лық үшін тұрғын үй­лер са­лу өрістеді.

Жұмыс­шы­лар мен қыз­меткер­лердің ай­лық жа­лақысы бір жа­рым есе ғана өсіп, 1950 жы­лы 64 сомға тең бол­ды.

Әуел бас­тан негізсіз жа­салған, соған қара­мас­тан на­сихат кеңінен пай­да­ланған ар­занда­ту са­яса­ты ха­лықтың ба­сым көпшілігі тұра­тын ауыл есебінен жүргізілді.

Мәде­ни­еттің да­муы

Соғыс­тан кейінгі уақыт­та мәде­ни­ет, еліміздің ру­хани жағдайы қатал ста­линдік иде­оло­ги­яның қыс­пағын­да бол­ды. То­тали­тар­лық ре­жим бұл са­ланы өз де­генімен басқарып отыр­ды.

Ағар­ту ісі. Соғыс­тан кейін қираған ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру жо­лын­да кез­дескен бас­ты ке­дергілердің бірі – қажетті ма­ман­дардың жетіспеуі.

1946 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақстан­да жоғары және ор­та білім бе­ру ісін да­мыту ша­рала­ры жөнінде қаулы қабыл­да­ды. Қазақстанға көпте­ген білікті ма­ман­дар жіберіліп, білім бе­ру ісіне қара­жат бөлінді. Соғыс­тан кейінгі алғашқы жыл­да­ры мем­ле­кет­ке қажетті 60000-дай ма­ман да­яр­ланды. 1950 жы­лы рес­публи­када білім бе­ру ісіне 146,5 млн. сом жұмсал­ды. Нәти­жесінде көпте­ген жаңа мек­тептер мен ин­тернат­тар са­лын­ды. 1950 жы­лы Қазақ КСР-дегі мек­тептердің са­ны 9088 бол­ды. Бұл мек­тептер­де 1493000 оқушы оқыды.

1950 жы­лы рес­публи­када міндетті ор­та білім алу жүйесі енгізілді.

Ғылым. Ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру ба­рысын­да негізгі қажеттіліктердің бірі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­ры бол­ды. 1946 жы­лы ма­усым­да Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құрыл­ды. Ғылым ака­деми­ясы­ның алғашқы пре­зиденті бо­лып ғалым, ге­оло­гия-ми­нера­логия ғылым­да­рының док­то­ры, ака­демик Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев сай­лан­ды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның жұмы­сын ұйым­дасты­ру бағытын­да С. И. Ва­вилов, И. П. Бар­дин, А. М. Панк­ра­това сияқты КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның белгілі ғалым­да­ры көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бас­тап Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы көпте­ген аса күрделі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­рын жүргізді. 1946–1949 жыл­дар ара­лығын­да Ғылым ака­деми­ясы 900-дей жаңалық аш­ты.

1950 жы­лы Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құра­мын­да 50 ғылы­ми-зерт­теу ме­кеме жұмыс істеді. Ғылым ака­деми­ясы­ның 19 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­тутын­да 500 ас­пи­рант оқыды.

Әде­би­ет. Қазақ әде­би­етінің соғыс­тан кейінгі жағдайы на­шар бол­ма­ды. Бірақ ста­линдік иде­оло­гия әде­би­еттің да­му­ына кері әсерін тигізбей қой­ма­ды. 1947 жы­лы М. Әуезов «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы­ның екі кіта­бын аяқта­ды.

1949 жы­лы «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы үшін ол мем­ле­кеттік сый­лыққа ие бол­ды. Бұл ту­ын­ды – қазақ әде­би­етінің аса үлкен жетістігі.

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда Ғ. Мұста­финнің «Мил­ли­онер», С. Мұқанов­тың «Сыр­да­рия», М. Иман­жа­нов­тың «Алғашқы ай­лар» ро­ман­да­ры, Қ. Бек­хо­жин мен Ғ. Ор­ма­нов­тың, А. Тоқмаған­бе­тов пен Т. Жа­роков­тың, Ә. Тәжіба­ев­тың өлеңдер жи­нақта­ры жа­рық көрді.

Ғылым мен мәде­ни­ет­ке ста­линдік қыс­пақ. Е. Бек­ма­ханов ісі (1951–1952 жж.)

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда ста­линдік то­тали­тар­лық жүйе ғылым мен мәде­ни­еттің да­му­ына белгілі мөлшер­де ке­дергі жа­сады. Мы­салы, ком­му­нистік пар­ти­яның қатал иде­оло­ги­ясы қоғам­дық ғылым­дарға қат­ты қыс­пақ көрсетті.

Қазақстан пар­тия ко­митеті БК (б) П Ор­та­лық Ко­митетінің 1946 жылғы зи­ялы қауым­ды са­яси қуда­лауға ар­налған қаулы­сын орын­дау мақса­тын­да жұмыс істеді. Осы­дан бас­тап көпте­ген зи­ялы қауым­дардың, ғылым, мәде­ни­ет өкілдерінің са­яси қуда­ла­уы бас­талды. 1947 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ныңқұра­мын­дағы Тіл және әде­би­ет инс­ти­туты­на XIX ғасырға дейінгі қазақ әде­би­етінің ру­хани мұра­сын зерт­те­уге тыйым сал­ды. Се­бебі бұл кездің мұра­лары «ескінің қал­дығы» ретінде си­пат­талды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясын­да, Мем­ле­кеттік уни­вер­си­тет­те, жа­зушы­лар қауымы өкілдері ішінен «ха­лық жа­ула­рын», «бөгде ой­лы адам­дарды» іздеді.

М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев, Қ. Жұма­ли­ев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстан­ның бірту­ар ұлда­рына «ескіні жа­зушы­лар» ретінде негізсіз айып­тар тағыла бас­та­ды. Белгілі ғалым­дарға (А. Жұба­нов, Б. Сүлей­ме­нов, Е. Ыс­ма­илов, С. Кеңес­ба­ев т. б.) әр түрлі жа­ла жа­был­ды. М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев сияқты ғалым­дар біраз уақыт бойы қазақстан­нан тыс жер­лерді (Ле­нинг­рад, Моск­ва) ме­кен­деді.

Е. Бек­ма­ханов ісі. Ермұхан Бек­ма­ханов Во­ронеж пе­даго­гика инс­ти­тутын бітірген та­рих­шы ғалым бол­ды. Е. Бек­ма­ханов 1943 жы­лы «Қазақ ССР та­рихы» ат­ты еңбек жа­зып, 1946 жы­лы док­торлық дис­серта­ция қорғады. 1947 жы­лы дис­серта­ци­ясын «XX ғасыр­дың 20–40 жыл­да­рын­дағы Қазақстан» тақыры­бын­да мо­ног­ра­фия етіп шығар­ды. Е. Бек­ма­ханов бұл еңбек­терінде 1837–1847 жыл­дардағы Ке­неса­ры Қасымұлы бас­таған көтеріліс ту­ралы кең көлем­де жазған бо­латын. Осыған бай­ла­ныс­ты Е. Бек­ма­хановқа Ре­сей­ге қар­сы көтерілісті жақтаған, Ке­неса­ры қозғалы­сын ақтауға ты­рысқан бур­жу­азияшыл, ұлтшыл де­ген айып тағыл­ды. 1950 жыл­дан бас­тап ком­му­нистік пар­тия бас­пасөз арқылы Е. Бек­ма­ханов­ты ашық айып­тай бас­та­ды.

1951 жы­лы ҚазКСР-нің Жоғарғы со­ты Е. Бек­ма­ханов­ты айып­ты деп та­уып, 25 жылға бас бос­тандығынан айыр­ды. Ол Гу­лаг ла­геріне жа­засын өте­уге жіберілді. Е. Бек­ма­ханов 1954 жы­лы ақта­лып түрме­ден бо­сады. Оның бос­тандыққа шығуына А. М. Панк­ра­това, А. П. Куч­кин сияқты ғалым­дар көп көмек көрсетті. Е. Бек­ма­ханов ақта­лып шыққан­нан кейін, өзінің ғылы­ми пе­даго­гика­лық жұмы­сын жалғас­тырды. Е. Бек­ма­ханов 1966 жы­лы қай­тыс бол­ды.

Тың және тыңайған жер­лерді иге­ру (1954–1958 жж.)

Тың жер­лердің игерілуі 1954 жы­лы бас­талды. 1954 жы­лы на­урыз­да КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумын­да «Ас­тық өндіруді арт­ты­ру, тың және тыңайған жер­лерді иге­ру» ту­ралы қаулы қабыл­данды. Тың иге­ру, ас­тық өсіретін егістік көлемін арт­ты­ру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кав­каз бен Қазақстан­да жүргізілді.

1954 жы­лы Кеңес Одағын­да 13,4 млн. гек­тар жаңа жер, оның ішінде Қазақстан­да 6,5 мил­ли­он гек­тар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28–30 мил­ли­он гек­тарға жеткізу көзделді. Тың жер­лерді иге­ру ісі ерек­ше қарқын­мен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жы­лы 9,4 мил­ли­он гек­тар жер жыр­тылды. Ал жос­пар бойын­ша 7,5 млн гек­тар жер жыр­ту көздел­ген бо­латын. Тың жер­лердің игерілуі жүргізілді:

  • Ақмо­ла, Солтүстік Қазақстан;
  • Қос­та­най, Көкше­тау;
  • Торғай;
  • Пав­ло­дар об­лыста­рын­да.

Тың жер­лерді иге­ру мақса­тын­да Қазақстанға көпте­ген жұмыс­шы­лар келді. 1953–1958 жыл­дар ара­лығын­да сов­хоздар мен кол­хоздарға 266,6 мың ме­хани­затор, 1954 жы­лы Ақмо­ла об­лы­сына тың иге­ру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың иге­руді же­дел­де­ту мақса­тын­да көпте­ген ша­ралар қол­да­ныл­ды. Басқа өңірлер­ден тың иге­руге кел­гендер­ге көпте­ген ма­тери­ал­дық жеңілдіктер жа­сал­ды. Тың иге­руге кел­ген әр адамға 150–1000 сом ара­лығын­да бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да ма­тери­ал­дық, азық-түлік т. б. көмек­тер берілді. Тың иге­руге кел­гендер ауыл ша­ру­ашы­лық са­лығынан бо­сатыл­ды.

1954–1959 жыл­дар ара­лығын­да Қазақ КСР-де тың және тыңайған жер­лерді иге­ру мақса­тын­да 20 млрд-қа жуық сом жұмсал­ды.

Тың иге­рудің пай­да­сы. Тың иге­ру Қазақстан­да ерек­ше қарқын­мен жүргізілді. Қазақстан­да егістік жер­лердің көлемі арт­ты. Ас­тық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Со­ның арқасын­да Қазақстан Ор­та Азия мен Сібірді, Орал­ды ас­тықпен қам­та­масыз етті. Тың иге­ру жыл­да­рын­да Қазақстан көп ұлтты, ин­терна­ци­онал­дық ел­ге ай­нал­ды. Қазақстан жерінде көпте­ген тұрғын үй­лер, құры­лыс­тар, мәде­ни обьектілер са­лын­ды. Он мыңдаған шақырым жол­дар төселді.

Тың иге­рудің сал­да­ры. Көпте­ген жыл­дар бойы тың жер­лерді иге­ру пар­тия көре­гендігі, Мем­ле­кет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы ту­ралы еш­теңе ай­тыл­ма­ды және ай­ты­луы да мүмкін бол­ма­ды.

Ең ал­ды­мен Қазақстанға тың және тыңайған жер­лерді иге­руге кел­гендер ара­сын­да арам­та­мақтар мен қыл­мыскер­лер де бол­ды. 1954–1955 жыл­дарда Қазақстанға кел­ген 650000 тың иге­рушінің 150000-ы ғана ме­хани­затор бол­ды. Нәти­жесінде көпте­ген тәртіп бұзу­шылықтар, қыл­мыстар етек ал­ды.

Тың иге­руге бай­ла­ныс­ты сов­хоздарға көбіне­се тозған, бүлінген трак­торлар мен ком­бай­ндар, ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­касы жіберілді.

Эко­логи­ялық жағдай күрт на­шар­ла­ды. Аса көп тер­ри­тория жыр­ты­лып, нәти­жесінде көп жер­лер тіршілікке жа­рам­сыз бо­лып қал­ды. То­пырақ эро­зияға ұшы­рап, жердің құнар­лы­лығы азай­ды.

Мал ша­ру­ашы­лығының да­муы арт­та қал­ды. Мил­ли­он­даған гек­тар жер­лер жыр­тылған­дықтан, мал­дың жайылы­мы, жемшөп дайын­дай­тын жер­лер азай­ды. Мал ша­ру­ашы­лығының шығынға ұшы­ра­уынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азай­ды.

Қазақ халқының ұлттық ерек­шеліктері аяққа тап­талды. Тың иге­рушілер ара­сын­да қазақ халқының ұлттық на­мысын қор­лай­тын теріс пікірлер та­рады. Тың иге­ру жыл­да­ры қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәде­ни­еті, ұлттық ру­хани­ят­та­ры ес­керілмеді. Қазақ мек­тептері, ба­лабақша­лар, қазақ тіліндегі га­зет-жур­налдар азай­ды. Қазақ тілінің қол­да­нылу аясы та­рыл­ды. Тың иге­ру жыл­да­ры кел­ген 2 мил­ли­онға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген ар­тықшы­лықтар қазақ халқын менсінбе­ушіліктің көрінісі бол­ды.

Мал ша­ру­ашы­лығы

Ком­му­нистік пар­ти­яның жүргізген со­лақай са­яса­тының кесірінен Қазақстан мал ша­ру­ашылғының да­муы ба­яу жүрді. Көпте­ген мал жайылым­дардың тың иге­ру кезінде егістікке ай­на­лып ке­туі де мал ша­ру­ашы­лығының арт­та қалу се­беп­терінің бірі бол­ды.

1955 жы­лы болған КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумын­да мал ша­ру­ашы­лығын да­мыту мәсе­лелері талқылан­ды. Қазақстан­да мал ша­ру­ашы­лығына көңіл бөлінгендіктен, 225 сов­хоз және 47 кол­хоз мал өнімдерін, яғни ет, сүт өндіретін ша­ру­ашы­лықтар ретінде өзгертілді. Мал ша­ру­ашы­лығы үкіметтің жа­саған көпте­ген ша­рала­ры нәти­жесінде жақса­ра бас­та­ды. Мал­шы­лар еңбегі арқасын­да мал ша­ру­ашы­лығы ілгері бас­ты.

Ша­ру­ашы­лықтың бар ауырт­па­лықта­рын көтер­ген мал­шы­лар өз еңбегі нәти­жесінде үлкен та­быс­тарға же­те білді. Мы­салы, Жам­был об­лы­сы Мойынқұм ауда­нын­дағы Ай­дар­лы кол­хо­зының шо­паны Жа­зыл­бек Қуаныш­ба­ев­тың өндірген қаракөл терілері Бу­харест пен Поз­нань­дағы, Де­ли мен Нью-Йорк­тегі көрме­лер­ге шығарыл­ды. Жа­зыл­бек Қуаныш­ба­ев 1958 жы­лы «Орақ пен балға» ал­тын ме­далін ал­ды.

1960 жы­лы қазақ КСР-де мал са­ны 37 млн 400 мыңға жетті.

Рес­публи­кадағы 50 жыл­дардағы қоғам­дық-са­яси өмір

1953 жы­лы на­урыз­да әміршіл-әкімшіл жүйенің иде­оло­гы, КСРО бас­шы­сы И. В. Ста­лин қай­тыс бол­ды.

1953 жы­лы шілде­де Ста­линнің оң қолы, қуғын-сүргінді ұйым­дасты­рушы, КСРО Ми­нист­рлер Кеңесі төрағасы­ның бірінші орын­ба­сары Л. П. Бе­рия бар­лық ла­уазым­ды қыз­меттерінен бо­саты­лып, атыл­ды. Осы­лай Кеңес­тер Одағын­да ши­рек ғасырға со­зылған то­тали­тар­лық, адам құқығын аяққа тап­таған үстемдік аяқтал­ды.

Бю­рок­рат көсем­дер биліктен кет­кенімен, олар­дан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойыл­ма­ды. 1953 жы­лы шілде, қыркүйек ай­ла­рын­да болған КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумын­да әміршіл жүйеге бай­ла­ныс­ты біраз мәсе­лелер көтерілді. Бұл мәсе­ленің бар­лығы КОКП XX съезінің бас­ты тақырып­та­рының бірі бол­ды. Съез­де мем­ле­кет бас­шы­сы Н. С. Хру­щев же­ке адам­ның ба­сына та­быну­дың жай-жап­са­ры ту­ралы ба­ян­да­ма жа­сады. Бұл ба­ян­да­мада И. В. Ста­лин мен Н. Ежов­тың, Л. Бе­ри­яның заңға қай­шы өрес­кел әре­кет­тері, олар­дың мұраға қал­дырған, қол­мен жа­саған бю­рок­ра­ти­ялық жүйесі, қыл­мыста­ры ту­ралы көпте­ген дәлел­дер келтірілді. Адам құқығының аяққа тап­талған­дығы, көпте­ген жа­зықсыз адам­дардың сот­та­лып, өлтірілгені ту­ралы да ай­тыл­ды. Съез­де «Же­ке адамға та­быну және осы­ның сал­да­ры ту­ралы» қаулы қабыл­данды. Съездің басқа құжат­та­ры, талқыланған мәсе­лелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақтал­ды.

Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н. С. Хру­щев ор­ны жай­лы еш­теңе де ай­тыл­ма­ды. Мем­ле­кет бас­шы­лығының осы­дан кейінгі са­яса­ты да дұрыс жүргізілмеді. Мем­ле­кеттік дәре­жедегі көпте­ген мәсе­лелер тек қана бірне­ше адам­ның қолын­да бол­ды. Одақтас рес­публи­калар­дың құзы­рын­да еш­теңе бол­ма­ды.

Н. С. Хру­щев кезінде де со­ны пікір айтқан­дар қуғын­да­ла бас­та­ды. Н. С. Хру­щев басқарған кез­де де бю­рок­ра­ти­ялық жүйе өзгер­меді. 1959 жы­лы болған КОКП-ның XXI съезінде Н. Хру­щев со­ци­ализмнің то­лық жеңгені, енді ком­му­низм­ге аяқ басқаны ту­ралы өз ба­ян­да­масын­да ай­та­ды. Ел­де осын­дай қияли бол­жамға сүйен­ген уто­пи­ялық со­ци­ализм сақтал­ды.

Қазақстан­ның 1960 жыл­да­рын­дағы қоғам­дық-са­яси жүйесі

60 жыл­дардың бас­тап мем­ле­кет Кеңес­терді да­мыту ісіне бас­ты көңіл бөлді. КОКП-ның XXII съезінде Кеңес­тердің бе­делін арт­ты­ру ту­ралы мәсе­ле қарал­ды. Осы кез­дегі қоғам­ның са­яси жүйесінде елімізде еңбек ететін бар­лық жүйеден өкілдер құра­мына кіретін КСРО Жоғарғы Кеңесінің рөлі арт­ты.

1963 жы­лы Жоғарғы Кеңес де­путат­та­рының са­ны 473 бол­ды. Де­путат­тардың 158-і әйел бол­ды.

Ал Қазақ КСР-нің бар­лық де­путат­тар Кеңесінің құра­мына 98906 де­путат сай­лан­ды. Бірақ Жоғарғы Кеңес пар­тия нұсқауы негізінде жұмыс істеді.

Кәсіпо­дақ қыз­меті де бұл кез­де жан­да­на түсті. 1966 жы­лы кәсіпо­дақ құра­мын­да 4 млн-ға жуық адам бол­ды. 1960 жы­лы мем­ле­кет­тегі рек­ре­ациялық қор­лар кәсіпо­дақ қара­мағына берілді. 1961 жы­лы ауыл­дық жер­лердегі мәде­ни­ет үй­лері кәсіпо­дақтың билігіне көшті. Со­ци­алистік жа­рыс­тар ұйым­дасты­ру, еңбекшілердің құқықта­ры мен әле­уметтік жағдай­ла­рын рет­теу кәсіпо­дақтың міндеті бол­ды. Осын­дай кең көлем­дегі істерді атқару құзы­рын­да болған кәсіпо­дақ бар­лық жағынан пар­тияға бағыныш­ты жағдай­да бол­ды.

60 жыл­дардың ор­та­сын­да ком­со­мол­дың бе­делі де ай­тар­лықтай бол­ды. 1965 жы­лы рес­публи­ка жас­тар ұйымы құра­мын­да 1 млн-ға жуық жас­тар бол­са, оның 400000-ға жуығы өнеркәсіп, ауыл ша­ру­ашы­лық, көлік, бай­ла­ныс жүйелерінде еңбек етті.

1962 жы­лы Қазақстан ком­со­молы­ның X съезінде жас­тар мал ша­ру­ашы­лық са­ласын қамқор­лыққа ал­ды. Со­нымен қатар Қазақстан­ның 8000-ға жуық ком­со­мол жас­та­ры екпінді құры­лысқа ат­танды.

60 жыл­дардың ба­сына қарай тағдыр­дың жа­зу­ымен ҚХР-да қалып қойған отан­даста­рымыз орал­ды. Осы жыл­да­ры КСРО-ға ҚХР-нан 350000 адам көшіп кел­ген. Оның 200000-ға жуық ада­мы Қазақстанға қоныс аударған. Қоныс аударған­дардың ба­сым көпшілігі қазақтар­мен қатар өзбек­тер, орыс­тар, ұйғыр­лар, дүнген­дер де Қазақстан жеріне қоныс аудар­ды. Қоныс ауда­ру ке­зеңі 1963 жы­лы аяқтал­ды.

1964 жы­лы КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумы өтті. Пле­нум ба­рысын­да пар­тия және мем­ле­кет бас­шы­лары ара­сын­да ауыс-түйістер ту­ын­да­ды. Ең ал­ды­мен Н. С. Хру­щев КОКП ОК-ның бірінші хат­шы­сы, КСРО Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы қыз­метінен бо­сатыл­ды. КОКП ОК-ның бірінші хат­шы­сы бо­лып Л. И. Бреж­нев сай­лан­ды. Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы қыз­меті А. Н. Ко­сыгин­ге жүктелді. Бұл пле­нум­да негізгі мәсе­лелер Л. И. Бреж­нев, А. Н. Ше­лепин, М. А. Сус­лов, В. Е. Сем­част­ный, Д. А. Қона­ев­тың қаты­су­ымен шешілді. М. А. Сус­лов ба­ян­да­масын­да Н. С. Хру­щевті айып­та­ды.

70 жыл­дардың ба­сын­да бұрынғыдай со­ци­ализм­нен ком­му­низм­ге өту ту­ралы те­ориялық идея ба­сым бол­ды. Бұл жай­лы 1967 жы­лы қазан төңкерісінің 50 жыл­дығына ар­налған сөзінде Л. И. Бреж­нев мәлімдеді.

1977 жы­лы 7 қазан­да КСРО конс­ти­туци­ясы қабыл­данды. Конс­ти­туци­яда қияли бол­жамдар көп бол­ды. Ком­му­низм­ге өтер жол мәсе­лесі, ке­мел­денген со­ци­ализм те­ориясы кең та­рал­ды.

1978 жы­лы 20 сәуірде Қазақ КСР-нің конс­ти­туци­ясы қабыл­данды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстан­ның соңғы конс­ти­туци­ясы бол­ды. Бұл конс­ти­туци­яда да де­мок­ра­ти­яны шек­теу, адам құқығын еле­меу қоғамға жат құбы­лыс­тар орын ал­ды. Ұлта­ралық қаты­нас­тарда да ке­леңсіз жағдай­лар көбейді. Рес­публи­када орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрай­ды қарау кеңейді.

1975 жы­лы ақын, қоғам қай­рат­кері О. Сүлей­ме­нов­тың «АзиЯ» кіта­бы жа­рық көрді. Бұл кітап­та орыс­тың әде­би жы­рын­дағы түркі сөздері ту­ралы кең ғылы­ми де­рек­тер келтірілді.

Келтірілген де­рек­тер шо­винис­терге ұна­мады. Оларға бұл кітап орыс ұлтын кемсітушілік бо­лып көрінді. Сон­дықтан аталған шығар­ма­ның ти­ражын көбей­ту­ге және оны са­туға тыйым са­лын­ды.

Отан­даста­рымыз­дың қай­тып ора­луы

Қоғам­дық өмірді де­мок­ра­ти­ялан­ды­ру про­цесі бас­талған­дығының арқасын­да ше­кара сыр­тында өз еркінен тыс қалып қойған отан­даста­рымыз Қазақстанға қай­та ора­луға мүмкіндік ал­ды. М. Тәтімов, Б. Төле­пов, В. П. Оси­пов сияқты ғалым­дардың пікіріне қараған­да, бұл жыл­да­ры Қытай Ха­лық Рес­публи­касы­нан Кеңес Одағына 350000-ға жуық адам оралған, оның 200000-нан ас­та­мы Қазақстанға кел­ген. Бұл адам­дар Ота­нын сат­пағанын, өктемшіл жүйенің құрбан­дығына ша­лынған­дығын ес­тен шығаруға бол­май­ды. Ре­пат­ри­онат­тардың. яғни, Отанға оралған­дардың құра­мын­да қазақ, өзбек, дүнген, орыс, ұйғыр т. б. көпте­ген ұлттар­дың өкілдері бол­ды. Рес­публи­ка үкіметі жаңадан кел­гендерді қар­сы алу үшін бірқатар ша­ра қабыл­да­уының нәти­жесінде олар негізінен бір кез­де ке­туге мәжбүр болған жер­леріне қай­та қоныс­танды­рыл­ды. Бұл адам­гершілік актісі бо­латын. Бірақ әртүрлі се­беп­терге бай­ла­ныс­ты мұндай қоныс ауда­рулар 1963 жылға қарай тоқта­лып қал­ды.

Рес­публи­каның 1950–1960 жыл­да­рын­дағы ин­дуст­ри­ялық да­муы

Соғыс­тан кейін қал­пы­на келтірілген өнеркәсіп 50 жыл­дардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Осы кез­ден бас­тап өнеркәсіпті басқару­дың басқа жүйесін енгізу, ғылы­ми-тех­ни­калық жаңалықтар­ды өндіріске енгізу жөнінде көпте­ген ша­ралар нәти­жесінде Қазақстан эко­номи­касы­ның өсу дәре­жесі де кеңейді. 1954–1958 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­да 730 өнеркәсіп ор­ны са­лын­ды. Жаңадан са­лынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром за­уыты, Шым­кент гид­ро­лиз за­уыты, Се­мей це­мент за­уыты, Жезқазған кен байыту фаб­ри­касы т. б.

1958 жы­лы жал­пы өнім өндіру жөнінен Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. Өнеркәсіптердің көптеп са­лынуы жол көлік, бай­ла­ныс жүйелерінің өркен­деуін та­лап етті.

1956–1958 жыл­дар ара­лығын­да елімізде көлік және ком­му­ника­ция жүйелерін да­мытуға 146,4 млн. сом жұмсал­ды. Рес­публи­када теміржол құры­лысы­на ерек­ше көңіл бөлінді.

1960 жы­лы Қазақ КСР теміржо­лының ұзын­дығы 11,42 ки­лометр бол­ды. 1958 жы­лы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқар­ма­сы құры­лып, рес­публи­кадағы бар­лық теміржол осы басқар­маға бағын­ды­рыл­ды. 1951–1955 жыл­дар ара­лығын­да одақта са­лынған теміржол­дың 30%-ы Қазақстан аумағын­да са­лын­ды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға ти­есілі бол­ды. Қазақстан "маг­нитка­сы” аталған Қараған­ды ме­тал­лургия за­уыты Қазақстан мен Ор­та Ази­яны, Сібір мен Орал­ды темір өнімдерімен қам­та­масыз етті. Рес­публи­када электр энер­ги­ясы өндірісі де бірша­ма да­мыды. Де­ген­мен ин­дуст­ри­яның да­муы бол­ма­са, са­па жағы өзгеріссіз қал­ды.

Соғыс­тан кейін де бірша­ма ша­ралар қол­да­нылғаны­мен, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өндіру са­ласы арт­та қал­ды.

Өнеркәсіпті да­мытуға мем­ле­кет көп көңіл бөлгендіктен, ауыл ша­ру­ашы­лығы артқы орын­да қалып қой­ды.

1953 жы­лы КОКП пле­нумын­да ауыл ша­ру­ашылғын да­мыту жөнінде ша­ралар белгіленді. Мем­ле­кет та­рапы­нан ауыл ша­ру­ашы­лық са­ласы­на көп көңіл бөліне бас­та­ды. Кол­хоздарға біраз дер­бестік берілді, бірақ қалып­тасқан басқару жүйесі ауыл ша­ру­ашы­лығының да­му­ын экс­тен­сивті жол­мен жүргізе берді.

1950–1960 жыл­дардағы аг­рарлық сек­тор эко­номи­касын­дағы ре­фор­ма

КОКП-ның қыркүйек (1953 ж.) пле­нумы ауыл ша­ру­ашы­лығын­да орын алған жағдайға тал­дау жа­сап, оның да­му бо­лашағын анықтауға ар­налды. Пле­нум­да жаңадан ғана Ор­та­лық Ко­митеттің бірінші хат­шы­сы бо­лып сай­ланған Н. С. Хру­щев ба­ян­да­ма жа­сады.

Қыркүйек пле­нумы­ның шешімдері мен Кеңес үкіметінің одан кейін қабыл­даған қаулы-қарар­ла­рын­да ауыл ша­ру­ашы­лығының арт­та қалу­ын жою жөніндегі ша­ралар жүйесі белгіленді:

  1. Ауыл-се­ло еңбек­керлерінің өнім өндіру­ге де­ген ма­тери­ал­дық ын­та­лылығы арт­ты­рыл­ды;
  2. Ауыл­ша­ру­ашы­лық өнімін дайын­дау және са­тып алу бағасы көтерілді;
  3. Аг­рарлық сек­торды тех­ни­камен жаб­дықтау жақсар­ды;
  4. Етті, сүтті, жүнді, кар­топты, көкөністі са­тып алу бағасы арт­ты;
  5. Кол­хоздар мем­ле­кет­ке төле­уге тиісті қарыз­да­рынан бо­сатыл­ды.

Пар­ти­ялық мем­ле­кеттік ап­па­рат эко­номи­каның бар­лық са­ласы­на, ең ал­ды­мен оның ше­шуші са­лала­рының бірі – ауыл ша­ру­ашы­лығын басқаруға ха­бары жоқ бол­са да, ара­ласу­ын тоқтат­па­ды. Ал мұндай жағдай бұрынғысын­ша елдің ауыл ша­ру­ашы­лығының экс­тен­сивті жол­мен да­ми бе­руіне әкеп соқты.

КОКП ОК-нің 1965 жылғы на­урыз пле­нумын­да тиімді аг­рарлық са­ясат тал­да­масын түзе­уге ке­зекті тал­пы­ныс жа­сал­ды. Пле­нум шешімдерінде кол­хоздар мен сов­хоздар эко­номи­касын көте­руге бағыт­талған ша­ралар жүйесін жүзе­ге асы­ру көзделді:

  1. Бірне­ше жылға ар­налған берік жос­парлар белгіленді;
  2. Ауыл­ша­ру­ашы­лық өнімдерінің са­тып алу бағасы 2 есе өсірілді;
  3. Жос­пардан тыс са­тылған өнім үшін үсте­ме ақы төлеу енгізілді;
  4. Кол­хоздар­дан та­быс са­лығын алу шарт­та­ры өзгертілді;
  5. Ауыл мұқта­жына бөлінетін қар­жы көлемі ұлғай­ды.

1967 жыл­дың сәуірінде КОКП ОК мен КСРО Ми­нист­рлер Кеңесі "Сов­хоздар мен өзге мем­ле­кеттік ауыл­ша­ру­ашы­лық кәсіпо­рын­да­рын то­лық ша­ру­ашы­лық есеп­ке көшіру ту­ралы” қаулы қабыл­да­ды. Ауыл ша­ру­ашы­лығына экс­пе­римент жа­сау одан әрі жалғас­ты. Үкімет шешімдеріне сәй­кес Қазақстан бойын­ша 18 сов­хоз то­лық ша­ру­ашы­лық есеп­ке көшірілді. Ша­ру­ашы­лық бас­шы­лары­ның құқыла­ры кеңейтілді және әр сов­хоздың өндірістік нәти­желері үшін жа­уап­кершіліктері арт­ты­рыл­ды. Сов­хоздар­ды ша­ру­ашы­лық есеп­ке көшіру жағдай­ды бірша­ма жақсарт­ты. Ас­тық, сүт, жұмыртқа, ет өндірудің өзіндік құны төмен­деді.

Ауыл ша­ру­ашы­лығын ин­тенсив­тендірудің, ша­ру­ашы­лық жүргізудің тиімді әдістерін пай­да­лану­дың ор­ны­на көбіне­се қым­батқа түсетін ша­ралар қол­да­нылып отыр­ды. Кадр­лар­дың әдет­ке ай­налған тұрақта­ма­ушы­лығын тыя ал­маған сов­хоздар мен кол­хоздар, орақ науқан­да­рын­да жергілікті ме­хани­затор кадр­ла­ры жетіспейтіндіктен, сырт­тан адам шақыруға мәжбүр бол­ды.

Жергілікті жұмыс­керлер ара­сынан ком­бай­ншы­лар да­яр­лау әре­кеті де нәти­желі бо­ла қой­ма­ды. Со­нымен қатар, рес­публи­ка жоғары оқу орын­да­ры мен тех­ни­кум­да­рын­да сту­дент­терді ме­хани­затор және ком­бай­ншы ма­ман­дығы бойын­ша да­яр­лау жұмыс­та­ры жүргізілді. Оқу орын­да­рын­да екінші ма­ман­дық алған сту­дент­тер сов­хоздарға қол­дан кел­генше жәрдем көрсетті. Бірақ жұмыс­шы­лар­ды осы­лай­ша сырт­тан әке­лу әдісі де рес­публи­ка ауыл ша­ру­ашы­лығының проб­ле­мала­рын ше­шуге жәрдем­де­се ал­ма­ды.

1950–1960 жыл­дардағы Қазақстан халқының әле­уметтік жағдайы

Қазақстан ин­дуст­ри­ясы­ның да­муы, тың және тыңайған жер­лерді иге­ру рес­публи­каның әле­уметтік-тап­тық құры­лымын­дағы өзгерістер­мен қатар жүрді. Рес­публи­ка тұрғын­да­рының құра­мын­дағы жұмыс­шы­лар­дың, ша­ру­алар­дың, ин­телли­ген­ци­яның ішкі құры­лымы күрде­лене түсті. 50-жыл­дардағы Қазақстан көпұлтты рес­публи­ка бол­ды. Мұнда қазақтар, орыс­тар, ук­ра­ин­дар, немістер, өзбек­тер, ұйғыр­лар, та­тар­лар, т. б. ха­лықтар­дың өкілдері өмір сүріп, еңбек етті. Еңбек ұжым­да­рының көпшілігі де көпұлтты бол­ды.

Қазақстан­ның эко­номи­калық да­му қарқыны­ның же­дел­деуі жұмыс­шы та­бының жаңа кадр­ла­рын дайын­да­уды та­лап етті. Бес­жылдықта еңбек ре­зев­терінің жүйесі 50 мың әр түрлі ма­ман­дық иелерін дайын­да­ды. Алай­да кадр­лар дайын­да­удың осы жүйесі оларға де­ген өсіп отырған қажеттілікті то­лығымен қанағат­танды­ра ал­ма­ды. Осыған орай рес­публи­кадан тыс жер­ден жап­пай ке­лушілер Қазақстан­ның жұмыс­шы та­бының қата­рын мо­лай­тты. Бұл жағдай ең ал­ды­мен Қараған­ды көмір ала­бының, Шым­кенттің, Жам­былдың, Ақмо­ла мен Ал­ма­тының кәсіпо­рын­да­рына тән бол­ды.

Ауыл­дармен са­лыс­тырған­да қала тұрғын­да­рының са­ны жыл­дам өсті. Қала тұрғын­да­рының бұлай өсуіне өнеркәсіптің, көлік түрлері, ғылым мен мәде­ни­еттің же­дел қарқын­мен да­муы тіке­лей се­беп бол­ды. 1959 жы­лы қала тұрғын­да­рының үлес сал­мағы 44%-ға жетті. Осы жыл­дарда Қазақстан кар­та­сынан 15 жаңа қала және 86 шағын қала­шықтар өз орын­да­рын ал­ды.

Рес­публи­каға көшіп ке­лушілер әсіре­се тың және тыңайған жер­лерді игер­ген жыл­да­ры көп бол­ды. 1954 жыл­дан 1962 жылға дейін тың иге­руге КСРО-ның еуро­палық бөлігінен 2млн-ға жуық адам келді. 1962 жыл­да­ры қазақтар сан жағынан өз рес­публи­касы тұрғын­да­рының үштен бірінен де аз не­месе 29% бол­ды.

Жаңадан ке­лушілер үшін үй­лер са­лына бас­тағаны­на қара­мас­тан, олар­дың жетіспеуі се­бебінен жұмыс­шы­лар­ды па­лат­ка­ларға ор­на­лас­ты­руға ту­ра келді. Жаңа та­биғи ор­таға үй­ре­нудің қиын­дығы, ауыз су­дың жетіспеуі, та­мақпен қама­тама­сыз ету­дегі кемшіліктер адам­дардың заңды на­разы­лығын туғыз­ды. Та­мыз­дың 1-і күні бір топ жас­тар көпшілік та­мақтан­ды­ру орын­да­рын­да ашық на­разы­лық білдірді. Темірта­удағы және басқа да жер­лердегі оқиғалар одақ пен рес­публи­ка бас­шы­лықта­рының қоғам­ның ке­лешегі ту­ралы қалып­тасқан көзқарас­та­рын өзгер­те ал­ма­ды.

Қазақстан – дүни­ежүзілік қауым­дастық

Кеңес­тер Одағының бір бөлшегі бо­лып са­налған Қазақстан­ның дүни­ежүзілік ел­дермен қарым-қаты­нас жа­сау аясы өте тар бол­ды. Де­ген­мен 50-жыл­дардың ор­та­сын­да Қазақстан­ның сыртқы са­яса­тын­да біраз өзгерістер бол­ды. КСРО осы кез­де әлем­де бейбітшілікті сақтау ісінде бірқатар қадам­дар жа­саған еді. 1951 жы­лы 12 на­урыз­да КСРО Жоғарғы Кеңесі қабыл­даған бейбітшілікті қорғау ту­ралы заңға қазақстан­дық 4 млн. адам қол қой­ды.

50-жыл­дардың ор­та­сына қарай Қазақстан­мен қарым-қаты­нас­та болған мем­ле­кет­тер:

  • Ин­до­незия;
  • Не­пал;
  • Бир­ма;
  • ҚХР және Үндістан.

Әсіре­се Қазақстан мен Қытай ара­сын­дағы қаты­нас­та оң өзгерістер бол­ды. Екі мем­ле­кеттің көпте­ген жас­та­ры оқу орын­да­рын­да қатар білім ал­ды. Қазақстан мен Қытай ара­сын­дағы қаты­нас­тың жақса­руы Қазақстан­да және Қытай­дың Шыңжан Ұйғыр өлкесінде тұра­тын ұйғыр­лар үшін тиімді бол­ды. Қазақстан­ның сыртқы қаты­нас­та­рын­да да оң өзгерістер бол­ды. Қазақстан Шығыс Еуро­падағы Че­хос­ла­вакия, Ру­мыния және Оңтүстік Ази­ядағы Үндістан сияқты мем­ле­кет­терге түсті ме­телл, хи­мия т. б. шикізат өнімдерін экс­пор­ттап, олар­дан өнеркәсіп өнімдерін им­порт­та­ды. Қазақстан­да 1955 жы­лы ше­телдік де­лега­ция, 1957 жы­лы әлемнің 23 елінен 500-ге жуық де­лега­ция бол­ды. 50-жыл­дардың ор­та­сына қарай Қазақстанға Үндістан Пре­зиденті С. Рад­харк­риш­нан мен премьер-ми­нистрі Дж. Не­ру са­пар­мен келіп қай­тты.

Қазақстан «ке­мел­денген со­ци­алистік қоғам» ке­зеңінде (1965–1985 жж.)

КОКП ОК-нің 1964 жылғы қазан пле­нумын­да пар­тия мен ел бас­шы­лығы ауыс­ты­рыл­ды. КОКП ОК пле­нумы Н. С. Хру­щевті ОК-тің бірінші хат­шы­сы, КСРО Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы және Төралқа мүшесі қыз­меттерінен бо­сат­ты. КОКП ОК-нің бірінші хат­шы­лығына Л. И. Бреж­нев сай­лан­ды. Осы­дан көп ұза­май Жоғарғы Кеңес А. Н. Ко­сыгинді Кеңес үкіметінің бас­шы­сы етіп тағайын­да­ды.

60-жыл­дардың ор­та шеніндегі бетбұрыс­тың бас­ты мазмұны мен негізгі бағытын ша­ру­ашы­лық ре­фор­ма­сы айқын­да­ды.

КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пле­нумы өнеркәсіпті са­лалық прин­цип бойын­ша басқару және өнеркәсіп са­лала­ры бойын­ша одақтық-рес­публи­калық ми­нистрліктер құру дұрыс деп тап­ты.

70-жыл­дардың ба­сын­да кейінгі ке­зеңдер­дегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170тен ас­там өнеркәсіп кәсіпор­ны мен цех, оның ішінде Ли­саков кен-байыту ком­би­наты, Ше­рубай-Нұра шах­та­сы, Тал­дықорған ак­ку­муля­тор за­уыты, бірқатар жеңіл және та­мақ өнеркәсібі кәсіпо­рын­да­ры бой көтерді. Пав­ло­дар об­лы­сын­да Екібастұз отын-энер­ге­тика ке­шенінің, Ертісте Шүлбі ГЭС-інің құры­лысы бас­талды. 1975 жылға қарай рес­публи­каның бар­лық кәсіпо­рын­да­ры дерлік энер­ги­ямен қам­та­масыз етілді. Ми­нерал тыңайтқыш­тар өндіру 1,8 есе, са­ры фос­фор — 2,5 есе өсті, рес­публи­каның фос­фор өнеркәсібі КСРО бойын­ша ал­дыңғы қатарға шыға бас­та­ды.

Қазақстан­ның ха­лық ша­ру­ашы­лығын­дағы өндірістік және ғылы­ми-өндірістік бірлестіктер са­ны 1971–1985 жыл­дар ішінде 28 ден 162 ге, осы прин­циптер­мен жұмыс істейтін кәсіпо­рын­дар 97 ден 610 ға дейін жетті. Бар­лық шығарылған өнім көлемінің 46,7%-ы және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істе­ушілердің 46,8 %-ы ғылы­ми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді.

Пав­ло­дар-Екібастұз, Маңғыс­тау, Қара­тау-Жам­был, Шым­кент-Кен­тау тәрізді ірі ай­мақтық-өндірістік ке­шен­дер дәл осы ке­зеңде, яғни 70-жыл­дардың ба­сын­да тұрғызыл­ды. 1981–1985 жыл­дар ішінде әр түрлі ми­нистрліктер мен ве­домс­тво­лар­дың жос­парла­ры 300 рет­тен ас­там түзетілді.

Би­ле­уші пар­ти­ялық-мем­ле­кеттік ап­па­рат­тың біліксіздігі мен им­пе­ри­ялық пайым­ның безбүй­ректігі сал­да­рынан есе­лене түскен ди­рек­ти­валық жос­парлау рес­публи­ка эко­номи­касы­на ора­сан зор нұқсан келтірді. Арал теңізі аты­рабы­на өндіргіш күштерді ор­на­лас­ты­руда жіберілген стра­теги­ялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пай­да­лану, мақта мен күріш дақыл­да­рын өсіру­ге да­ра үстемдік бе­ру сал­да­рынан теңіз түбі 27 мың шар­шы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жа­лаңаш қал­ды. Арал өзінің ба­лық өнеркәсібінен ай­рыл­ды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, арал ай­мағының кли­маты күрт на­шар­лап кетті.

70-жыл­дардың соңы мен 80-жыл­дардың ба­сын­да сыртқы са­ясат­та кеңес халқына қым­батқа түскен жаңсақ әре­кет­терге жол берілді. Әске­ри күш-қуат­ты арт­ты­руға жұмса­латын қара­жат көлемі ұлғая түсті.

Ауғанс­тан­ның сол кез­дегі бас­шы­лары үсті-үстіне өтініш жол­дап тұрғаны­мен, кеңес әскерінің 1979 жыл­дың жел­тоқса­нын­да Ауғанс­тан жеріне енгізілуі қисын­сыз әрі кеңес халқының мүдде­леріне ке­реғар шешім бол­ды. Бұл маңыз­ды шешім Л. И. Бреж­нев бас­таған кеңес бас­шы­лығының тар аясын­да ғана қабыл­данды.

1971–1980 жыл­дар ішінде рес­публи­каның ауыл ша­ру­ашы­лығына 18 мил­ли­ард сом­нан ас­там күрделі қар­жы жұмсал­ды. Ауыл­ша­ру­ашы­лық өнімдерін өндіру ұдайы төмен­де­умен бол­ды:

  • ол IX бес­жылдықта 13%-ға;
  • XI бес­жылдықта – 0,4%-ға дейін құлды­рады.

Ауыл ша­ру­ашы­лығы тиімділігі төмендігінің бас­ты се­бебі ша­ру­алар­дың өз еңбегінің жемісін өздері көре ал­май­тын­дығынан еді.

Азық-түлік бағдар­ла­масын қабыл­даған КОКП ОК-нің 1982 жылғы ма­мыр пле­нумы ауыл ша­ру­ашы­лығының, бүкіл аг­роөнеркәсіптік ке­шеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәре­жеде екендігін мойын­дауға мәжбүр бол­ды. Ха­лықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат­пен қам­та­масыз етуді түпкі мақсат ретінде көздей оты­рып, Азық-түлік бағдар­ла­масы ауыл ша­ру­ашы­лығының да, оған қыз­мет ететін са­лалар­дың, көлік пен са­уда­ның да жұмы­сын біріктіру­ге тиіс бол­ды. Алай­да Азық-түлік бағдар­ла­масы мен ауыл­ша­ру­ашы­лық өндірістің құлды­ра­уын тоқта­туға бағыт­талған өзге де әре­кет­тер нәти­же бер­меді, өй­ткені бағдар­ла­ма басқару­дың ескірген жүйесі аясын­да жа­сал­ды. 80-жыл­дардың ор­та шенінде іс жүзінде бар­лық жер­де та­мақ өнімдерімен шек­те­улі қам­та­масыз ету жүйесі енгізілді.

1975 жы­лы Ал­ма­тыда Ол­жас Сүлей­ме­нов­тың «АзиЯ» («Ізгі ни­етті оқыр­манның кіта­бы») ат­ты еңбегі жа­рық көрді. Оның көпте­ген өзге зерт­те­улер­ден айыр­ма­шылығы сол – ақын бұл кіта­бын­да көне орыс әде­би­етінің ұлы ес­керткіші бо­лып та­была­тын «Игорь жа­сағы ту­ралы жыр» (XII ғасыр) «сла­вян­дық және түркілік эт­ни­калық әлем ше­кара­сын­да дүни­еге кел­ген және шығар­ма­да екі көрші мәде­ни­еттің шын­дықта­ры айқын көрініс тапқан» де­ген түйін жа­сай­ды. Шо­винизм айқын­да­мала­рын айырыл­мастай нық ұстаған иде­олог­тар үшін О. Сүлей­ме­нов­тың тұжы­рым­да­ры ас­тамшы­лық бо­лып көрінді. «АЗиЯ» кіта­бы та­уар ай­на­лымы­нан, кітап­ха­налар­дан алы­нып тас­талды, оның жаңа ба­сылым­да­рына тыйым са­лын­ды.

Ха­лықтың әл-ауқатын жақсар­ту эко­номи­калық са­ясат­тың бас­ты міндеті деп есеп­телді. КОКП-ның әрбір съезі бұл мәсе­лені са­налық тұрғыдан жаңа са­тыға көтеріп отыр­ды. Ха­лықтың жан ба­сына шаққан­дағы нақты та­бысы­ның 2,6 есе өсуі, ме­дици­на, ғылым, мәде­ни­ет қыз­метінің, көпте­ген от­ба­сының тұрғын үй жағдайының жақса­руы осыған айғақ. 1970–1985 жыл­дар ара­лығын­да 887,7 мың пәтер тұрғызы­лып, оларға 3 ми­ли­он­нан ас­там адам қоныс­танды­рыл­ды. Алай­да ха­лық тұрмы­сы 30 – 40-жыл­дармен са­лыс­тырған­да ғана едәуір жақсар­ды.

Адам­дардың ақша­лай та­быс­та­ры мен төлеу қабілетіне негіздел­ген сұра­нымы та­уар­лар мен қыз­мет түрлері көлемінің ұлғаюымен са­лыс­тырған­да озыңқы өсіп отыр­ды.

Сөйтіп, эко­номи­калық қай­шы­лықтар әле­уметтік қай­шы­лықтар­ды ту­ын­датса, олар өз ке­зегінде күрделі адам­гершілік проб­ле­малар­ды дүни­еге әкелді.