Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Күнтізбе

1917 ж. қазан-қара­ша – Пе­ровскіде, Әули­еата­да, Шым­кент­те, Орын­борда кеңес үкіметі ор­на­ды.

1917 ж. 14 қара­ша – Орын­борда Әске­ри-төңкерістік ко­митеттің құры­лып қала­дағы бүкіл өкімет билігінің өзіне көшкендігін жа­ри­ялауы.

1917 ж. 20 қара­ша – РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесінің «Рос­сия мен Шығыс­тың бар­лық мұсыл­ман еңбекшілеріне» үндеуін қабыл­да­уы.

1917 ж. қара­ша-жел­тоқсан – Пет­ро­павл­да, Орал­да, Қос­та­най­да, Ақмо­лада Кеңес үкіметі ор­на­ды.

1918 ж. қаңтар-на­урыз­да – Ақтөбе­де, Пав­ло­дар­да, Се­мей­де, Вер­ный­да Кеңес үкіметі ор­на­ды.

1918 ж. 14 ма­мыр – РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесінің Ә. Жан­келдинді Да­ла өлкесінің төтен­ше ко­мис­са­ры етіп тағайын­да­уы.

1918 ж. 20 шілде-11 қара­ша – Мәске­уден Ақтөбе май­да­нына қару-жа­рақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі Ә. Жан­келдиннің экс­пе­дици­ясы.

1918 ж. 10 қыркүйек-1919 ж. 14 қазан – Чер­касск ерлік қорғаны­сы.

1919 ж. 22 қаңтар – Қызыл Ар­ми­яның Орын­борды азат етуі, Түркістан­ның еліміздің ор­та­лығымен төте бай­ла­нысын қал­пы­на келтірілуі. Ақтөбе май­да­нының жойылуы.

1919 ж. 24 көкек-11 шілде – Орал­дың ерлік қорғаны­сы.

1919 ж. 16 ма­усым – В. И. Ле­ниннің Орал қала­сының қаһар­ман қорғаушы­лары­на жол­даған құттықтау те­лег­рамма­сы.

1919 ж. 10 шілде – РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесінің «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Төңкерістік ко­митет ту­ралы» В. И. Ле­нин қол қойған дек­реті.

1919 ж. 11 шілде – 25-ші Ча­па­ев ди­визи­ясы­ның Орал қала­сын азат етуі.

1919 ж. 19 та­мыз – Қызыл Ар­ми­яның Қос­та­най­ды азат етуі.

1919 ж. 30 қазан – Қызыл Ар­ми­яның Пет­ро­павл­ды азат етуі.

1919 ж. 12 қара­ша – Қызыл Ар­ми­яның Көкше­та­уды азат етуі.

1919 ж. 26 қара­ша – Қызыл Ар­ми­яның Ат­ба­сар мен Ақмо­ланы азат етуі.

1919ж. 30 қара­ша – Қызыл Ар­ми­яның Пав­ло­дар­ды азат етуі.

1920 ж. 26 та­мыз – Бүкілрос­си­ялық Ор­та­лық Атқару Ко­митеті мен РКФСР Ха­лық ко­мис­сарла­ры Кеңесінің В. И. Ле­нин мен М. И. Ка­линин қол қойған «Ав­то­номи­ялық Қырғыз (Қазақ) Кеңес Со­ци­алистік Рес­публи­касын құру ту­ралы» дек­реті.

1920 ж. 4–12 қазан – Қазақ АКСР Кеңес­терінің бірінші съезі.