Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Жақып Ақбаев (1876 – 1934 ж.ж)

Қазақ халқының азат­тығы үшін алысқан атақты заңгер, көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, қажыр­лы күрес­кер, «Алаш» қозғалы­сының көшбас­шы­сы, «Ала­шор­да» үкіметінің мүшесі, ұлт зи­ялы­сы, ғалым, қазақтың тұңғыш құқық ма­гистрі Ж. Ақба­ев 1876 ж. 7-қара­шада Се­мей об­лы­сы, Қарқара­лы уезі, Берікқара бо­лысы, №3 ауылы­ның (кей де­рек­терде №4) Төңірек­тас де­ген жерінде Са­ры­арқа өңіріне атақты Ақбай әулетінде, дәулетті от­ба­сын­да дүни­еге кел­ген.

1886 ж. Қарқара­лы қала­сын­дағы орыс-қазақ мек­теп-ин­терна­тына оқуға түседі. 1889 ж. Ом­бы гим­на­зи­ясы­на түсіп, кейін Томск гим­на­зи­ясы­на ауыс­ты­рылып, он­да бір жыл оқып, 1898 ж. бітіреді. Гим­на­зи­ядан соң Санкт-Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің заң фа­куль­тетіне оқуға түсіп, 1903 ж. ал­тын ме­даль­мен бітіріп, қазақтың тұңғыш «пра­во ма­гистрі» де­ген атақты иеле­неді. Уни­вер­си­тет­те оқи жүріп, 3-курс­та Санкт-Пе­тер­бург Ар­хе­оло­гия инс­ти­туты­на түсіп, то­лық кур­сын тәмәмдай­ды. Сту­дент кезінен са­яси күрес­ке ара­ласып, «Санкт-Пе­тер­бург­ские ве­домос­ти», «Да­ла уала­яты» га­зет­терінде азат­тық жо­лын­дағы мақала­ларын жа­ри­ялай­ды.

Уни­вер­си­тет бітірген соң, 1903 ж. Қарқара­лыға, туған еліне ора­лып, қала­ның бай көпесі Ха­ли­ол­ла Бек­ме­тов­тың қызы Гүлба­хорға үй­ле­неді. Сол жыл­дың күзінде Ом­бы қала­сына келіп, сот па­лата­сына қыз­метке тұра­ды. 1904 жы­лы па­лата хат­шы­сы, 1905 жыл­дан бас­тап, бітістіруші судья міндетін атқара­ды. 1905–1907 ж. Ре­сей­дегі төңкеріс са­яси белсінділігін оятып, ми­тингіліер­ге және жи­налыс­тарға қаты­сып, сөз сөй­лейді. Ом­бы­дағы, Пет­ро­павл­дағы, Се­мей­дегі, Пав­ло­дар­дағы, Ба­янауыл мен Қарқара­лыдағы де­монс­тра­ци­яларға қаты­сып, отар­шылдық жүйеге, пат­ша үкіметіне қар­сы күрес жүргізе жүріп, Ом­бы­да шығатын «Степ­ной край» га­зетінде мақала­лар жа­ри­ялап, пат­ша­ның отар­шылдық са­яса­тын сы­най­ды.

1905ж. шілде­де Қарқара­лыдағы Қоян­ды жәрмеңкесінде «Алаш» көсем­дерінің бас­та­масы­мен өткен қазақ съезінде Ре­сей Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы­на Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов­тармен бірге ша­ру­алар­ды көшіріп әке­туді тоқта­ту, қазақтар­дың діни басқар­ма­сын ұйым­дасты­ру, цен­зу­раны жою, рес­ми іс қағаз­да­рын қазақша жүргізу, қазы­лар со­тын енгізу, қазақ де­путат­та­рын Мем­ле­кеттік Ду­маға шақыру жөніндегі та­лап­тар қойылып, қоныс­танды­ру са­яса­тының оз­бырлығы ай­тылған, отар­шылдық езгіге қар­сы на­разы­лықтағы 145 мың адам­ның қолы қойылған «Қарқара­лы пе­тици­ясын» ұйым­дасты­рады.

1905 жы­лы 2-қара­шада өз өтініші бойын­ша Ом­бы сот па­лата­сынан қыз­меттен шығады, ел­дегі са­яси жағдай­ларға ара­ласа­ды. 1906–1918ж. (үзілістер­мен) Се­мей ок­ругтік со­тын­да жұмыс істейді. 1906 ж. им­пе­раторға тіл тигізіп, өкімет­ке қар­сы үгіт-на­сихат жүргізген мем­ле­кеттік қыл­мы­сы үшін 12 қаңтар­да тұтқын­да­лып, Се­мей түрмесіне қама­лады. Түрме­де жа­тып Санкт-Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, белгілі заңгер Л. И. Пет­ра­жиц­кий­ге бірінші бо­лып қазақ өлкесінің дер­бес ав­то­номия алуы мәсе­лесін көтеріп хат жол­дай­ды. Ғылы­ми шығар­ма­шылық жұмыс­пен де шұғыл­да­нып, 1907 жы­лы «Наб­роски по обыч­но­му, в част­нос­ти, брач­но­му пра­ву кир­ги­зов» ат­ты дис­серта­ци­ялық ғылы­ми еңбек жа­зады. 1908 жы­лы алғашын­да Ақмо­ла об­лы­сының Ом­бы оязы­на 5 жылға, кейіннен 1909 жыл­дың 19 на­уры­зын­да Ре­сей ІІМ-нің шешімімен Жетісу об­лы­сының Қапал қала­сына (ба­сын­да Яку­тияға) жер ауда­рыла­ды. 1908 жыл­дан Да­ла ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының кеңесінің бөлімінде ашылған ар­на­улы ісі 1917 жыл­дың Қазан төңкерісіне дейін жүреді. 1910 ж. пат­ша өкіметіне қар­сы күресін тоқтат­пағаны үшін То­был қала­сына жер ауда­рыла­ды. Ай­да­уда жүріп бүркен­шек ат­пен «Айқап» жур­на­лына мақала­лар жол­дап тұра­ды.

1912 ж. ақпа­нын­да Қарқара­лыға қай­тып ора­лып, по­лици­яның қадағала­уына алы­нады. 1913 ж. Қарқара­лыға Ә. Ер­ме­ковтің бас­шы­лығымен кел­ген қазақ әде­би­еті мен ауыз әде­би­еті шығар­ма­шылығын зерт­те­уші Г. По­танинді үйінде қонақ қылып күтіп, кеш ұйым­дасты­рады. 1914 жыл­дың жа­зын­да Ом­бы сот па­лата­сына қыз­метке қабыл­дау ту­ралы өтініш жа­зады, са­яси сенімсіздігі үшін жұмысқа алын­баған­дықтан ад­во­кат­тық прак­ти­камен ай­на­лысу­ына ту­ра ке­леді. Қуда­ла­удан құтыл­май тағы да Се­мей түрмесіне қама­лып, 1917 ж. ба­сын­да бо­сап шығады.

1917 жы­лы пат­ша тақтан құлаған соң, ел­дегі са­яси өзгерістер­ге ара­ласып, 1917 жыл­дың 20 на­уры­зын­да Қарқара­лыда орыс-қазақтар­дан құралған, құра­мына М. Бек­ме­тов, Ф. Бек­ме­тов, Н. Ор­манбе­тов, Н. Нұрмақов­тармен бірге өзі де кірген Уақыт­ша өкіметтің уездік біріккен атқару ко­митетін құра­ды. Кейіннен ко­митеттің ішінде жік ту­ып, ұлт араз­дығын қоз­ды­рушы де­ген айып­пен, са­яси ұран­дар та­ратқаны үшін қамауға ала­ды. Алай­да өзі жа­зықсыз деп та­нылып, оның қар­сы­лас­та­ры ко­митет құра­мынан шығары­лады.

1917 жы­лы «Ала­шор­да» үкіметін құруға қаты­сады. Осы жыл­дың 21–28 шілдесінде Орын­борда өткен Бүкілқазақтық съез­ге қаты­сып, оның бас­шы құра­мын­да бо­лады. 5–13 жел­тоқсан­да өткен Орын­бордағы 2-бүкілқазақ съезінде «Ала­шор­да» үкіметінің мүшелігіне еніп, съез­де 26,5 мың адам­нан құралған тұрақты әскер құру иде­ясын көте­реді. Сон­дай-ақ үш алаш полкін құруға бас­шы­лық жа­сай­ды, олар­дың екеуі Се­мей­де, үшіншісі Торғай­да ор­на­ласа­ды.

Ғалым ретінде мем­ле­кеттік құры­лыс­ты белгіле­уде, Ала­шор­да ав­то­номи­ясы­ның мем­ле­кеттік инс­ти­тут­та­ры мен үкіметін құру­да, Ала­шор­да ав­то­номи­ясы­ның ше­кара­сын анықта­уда бас­ты рөл атқара­ды. «Ала­шор­да» үкіметіндегі қыз­метін тоқтатқан­нан соң 1918 жы­лы Қарқара­лыдағы қазақ ко­митетін басқара­ды.

1918 жы­лы Се­мей ақ-ка­зақтар­дың қолы­на көшкен­де ұлттық дер­бестікті сақтап қалуға ұмтылғаны үшін қамауға алы­нып, 1919 жы­лы түрме­ден бо­сай­ды. Қарқара­лыға келіп кол­чакшы­ларға, ата­ман­дардың оз­бырлығына қар­сы күрес ұйым­дастырғаны үшін тағы да түрме­ге түседі. Алаш ав­то­номи­ясын сақтап қалу мақса­тын­да ақ-ка­зак­тарға қар­сы қару­лы көтеріліске бас­шы­лық жа­сағаны үшін Кол­чактың әске­ри-да­ла со­ты 1919 жыл­дың 7 шілдесінде «әске­ри-ка­зак дик­та­тура­сын құла­тып, Со­вет өкіметін ор­на­ту үшін ха­лықты көтеріліске шақыр­ды, ата­ман­дардың жа­уы» деп айып­тап, ату жа­засы­на ке­седі. Де­ген­мен 1919 жы­лы ақ ка­зак­тар то­лық жеңіліске ұшы­рап, Қазақстан арқылы Қытайға қаша бас­тай­ды. Кор­пус ко­ман­дирі Бе­резовс­кий мен Сібір үкіметінің төрғасы Во­логодс­кийдің ұсы­нысы бойын­ша атал­мыш үкім күшін жойып, қама­удан бо­саты­лады. Се­мей ақ ка­зак­тардан бо­сатылған соң, заң ме­кеме­лерінің қыз­метіне ара­ласа­ды. 1920 жыл­дың қыркүйегінен Се­мей губ­ревко­мының әділет бөліміне бас­шы­лық жа­сап, гу­бер­ни­ялық сот-тер­геу учас­кесін құра­ды. 1920 жыл­дың сәуір айынан Се­мей кеңестік ха­лық со­тының мүшесі бо­лып, 1921 жыл­дың қара­ша айынан 1922 жыл­дың ақпа­нына дейін ха­лық ағар­ту бөлімінде жұмыс істеп, қазақтың ауыз әде­би­еті шығар­ма­ларын жи­нау жөніндегі ко­мис­си­яның төрағасы бо­лады. Бірақ сол жы­лы өкпе ауры­на шал­дығып, Қарқара­лыға қай­тып ора­лады. Ден­са­улығын сәл түзеп, 1925 жы­лы Се­мей­ге ора­лып, гу­бер­ни­ялық атқару ко­митетінде, ха­лық со­тын­да түрлі қыз­меттер­мен ай­на­лыса­ды. 1926 ж. шілдесінен 1927 жыл­дың 13 жел­тоқса­нына дейін Се­мей гу­бер­ни­ялық со­ты жа­нын­дағы ад­во­кат­тар алқасы мүшесінің міндетін атқара­ды. Осы жы­лы «Қазақ халқының шығу тегі ту­ралы» ат­ты еңбегін жазғаны­мен, жа­рыққа шығара ал­май­ды.

1928ж. Го­лоще­киндік са­яси айып­та­улар­дан аулақ бо­лу мақса­тын­да ел­ден тысқары кетіп, Сыр­да­рия ок­ругтік ад­во­кат­тар алқасы­ның мүшесі бо­лады. Көп ұза­май бұл қыз­меттен шет­тетіліп, сол кез­дегі Жам­был об­лы­сы, Шу ауда­ны, Но­вот­ро­иц­кое се­лосы­на келіп, ғылы­ми-шығар­ма­шылық жұмыс­пен шұғыл­да­нады. Ел­ден жы­рақта бол­са да, 1930 ж. 14-қыркүйек­те ОГ­ПУ жен­деттері Кеңес үкіметіне, Ком­му­нистік жүйеге жүргізген қар­сы әре­кеті, Ала­шор­да­шы болғаны үшін тұтқын­дап, абақтыға қамай­ды. Түрме­де 1,5 жыл отырған­нан кейін, 1932 жыл­дың сәуір айын­да 58–10 және 59–3 бап­тар бойын­ша айып­та­лып, Во­ронеж об­лы­сына 5 жылға жер ауда­рыла­ды. Ай­да­удағы ауыр азап­тан ден­са­улығы әбден на­шар­лаған соң, рақым­шы­лық жа­салып, мерзімінен бұрын бо­саты­лып, Ал­ма­тыға ем­де­луге рұқсат ала­ды. Ақыры асқынған ауру алып ты­нып, ша­малы­дан соң қазақтар­дың әдет­тегі құқығын, оның ішінде от­ба­сы-не­ке құқығын зерт­теп, мерзімді бас­пасөзде пуб­ли­цис­ти­калық ма­тери­ал­дар жа­ри­ялаған сан алу­ан та­лант иесі, эн­цикло­педи­ялық білімі бар ғалым 1934 жы­лы 4 шілде­де қай­тыс бо­лады.

Ж. Ақба­ев Қазақстан Жоғарғы со­тының 1958 жылғы 28 ақпа­нын­дағы шешімімен то­лық ақта­лады. Бірақ бұл ха­бар жақын­да­рына 1990 ж. ғана же­теді.

Қазір Қараған­ды­дағы ПРА­ВОСУ­ДИЕ ПЛО­ЩАДІне және Ақтоғай ауда­нын­да көше аты­на Ж. Ақба­ев есімі берілген. 1998 жы­лы алаш­тың үш ары­сы Ж. Ақба­ев, Ә. Бөкей­ха­нов, Ә. Ер­ме­ков­ке ес­керткіш ор­на­тылған.

Әйелі 1988 жы­лы қай­тыс болған.

Ба­лала­ры: Кәмелмұрат (1910–1960), Кәмел­шат (1916–1976); қыз­да­ры Ар­гу­ния (хи­мия ғылы­мының кан­ди­даты), Най­ма­ния (фи­лоло­гия ғылы­мының кан­ди­даты), Ас­фа­зия (заң ғылы­мының кан­ди­даты), Анд­ре­меда (би­оло­гия ғылы­мының кан­ди­даты).