Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Әліби Жангелдин (1884 – 1953 ж.ж)

Әліби Жан­гелдин (1884–1953 ж.), мем­ле­кет қай­рат­кері. Торғай­дағы кәсіптік учи­лище­де, Қос­та­най­дағы екі сы­нып­тық орыс-қазақ учи­лищесінде оқыған. 1903 ж. Орын­бордағы діни учи­лищені бітіріп, Қазан­дағы мұғалімдер се­мина­ри­ясын­да екі жыл окыған соң, 1905 жылғы ре­волю­цияға қатыс­ты де­ген айып­пен оқудан шығары­лады. Сол жы­лы Мәске­удегі діни ака­демияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз сту­дент» деп та­нылып, ака­деми­ядан қуыл­ган. 1909–1912 ж. шет ел ха­лықта­рының тұрмыс-сал­ты­мен та­нысу­ды (кейбір де­рек­терде діни уағыз­дарды на­сихат­та­уды) мақсат ет­кен Ж. Еуро­па, Аф­ри­ка, Та­яу Шығыс, Азия ел­дерін жа­яу ара­лап, 1913 ж.

Жа­пония арқылы туған жер­ге ора­лады. Ел ара­лап, ки­но­ап­па­рат­пен шет ел ха­лықта­рының өмірі мен тұрмы­сына бай­ла­ныс­ты филь­мдер көрсетіп, жергілікті ха­лықтың са­яси са­уатын көте­руге ык­пал етті. 1915 ж. Ре­сей боль­ше­вик­тер пар­ти­ясы­ның қата­рына өтіп, Қырым­да ас­тыртын ре­волю­ци­ялық қыз­мет атқар­ды. Жан­гелдин Ре­сей пат­ша­сының 1916 жылғы ма­усым жар­лығына қар­сы Торғай қазақта­рының көтерілісін қол­дап, Торғай қала­сын қор­шауға қатыс­ты. 1917 жылғы Ре­сей­дегі Ақпан төңкерісінен кейін 7 на­урыз­да Пет­роград жұмыс­шы және сол­дат де­путат­та­ры кеңесіне «Торғай об­лы­сын­да ескі үкіметтің жа­залау от­рядта­ры осы уақыт­ка дейін өзінің зор­лык-зом­бы­лығын және қырып-жою сияқты сұрқия әре­кет­терін әлі де жүргізіп отырғанын» ба­ян­дап, бұл жүгенсіздікті ты­юды та­лап етті. РКФСР Ха­лық ко­мис­сарлар кеңесінің шешімімен Торғай об­лы­сының төтен­ше соғыс ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­далды. 1918 ж. 21 на­урыз — 3 сәуірде Орын­борда өткен Торғай об­лыстық кеңес­терінің 1-съезінде об­лыс атқару ко­митетінің төрағасы бо­лып сай­лан­ды.

Жан­гелдиннің ұсы­нысы­мен Торғай об­лы­сы атқару ко­митеті ұлт істері жөніндегі ко­мис­са­ри­ат кұрыл­ды және Ұлттар ха­лық ко­мис­са­ри­аты жа­нынан тұңғыш ұлттык бөлім ұйым­дасты­рыл­ды. РКФСР Ха­лық ко­мис­сарлар кеңесі Қазақстан­да ақ гвар­ди­яшы­ларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қал­пы­на келтіру мақса­тымен қару-жа­рақ, азық-түлік, әске­ри көмек бе­ру ту­ралы шешім ка­был­да­ды. Осыған бай­ла­ныс­ты Жан­гелдин Да­лалық өлкенің төтен­ше ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­далды да, өлке­де алғашқы Ұлттық әске­ри от­рядтар құрып, ақ гвар­ди­яшы­ларға қар­сы күресті. Ре­сейдің ор­та­лық аудан­да­рын­да ар­на­улы қару­лы от­рядтар жа­сақтап, бірне­ше қала­да Кеңес өкіметін қал­пы­на келтірді. 1918 ж. та­мыз-қазан ай­ла­рын­да Актөбе май­да­нының әскер­леріне қару-жа­рақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген ар­на­улы от­рядты басқар­ды. 1920 ж. қазан­да өткен Қазақ АКСР Кеңес­терінің құрыл­тай съезінде алғаш құрылған үкімет мүшесі бо­лып сай­лан­ды.

Қазақ АКСР Ор­та­лық атқару ко­митеті пре­зиди­умы төрағасы­ның орын­ба­сары және Қазақстан Қам­сыздан­ды­ру ха­лық ко­мис­са­ры бол­ды. Съез­ден кейін Қазақ Ор­та­лық атқару ко­митеті Жан­гелдинді Шығыс ха­лықта­рының на­сихат және іс-ки­мыл кеңесіндегі қазақ халқының өкілі етіп тағайын­да­ды. 1922 ж. 20 ма­мыр­да Орын­бордан шығып, 9 та­мызға дейін Жа­манқала, Торғай, Ат­ба­сар, Ақмо­ла, Пав­ло­дар, Се­мей бағытын­да үш мың шақырым­дай жол жүріп өткен Жан­гелдин басқарған қызыл ке­ру­ен Аза­мат соғысы­нан зар­дап шек­кен ха­лық ш-н кал­пы­на келтіру, ауыл­дарда мәде­ни ошақтар ашу, мек­теп, ауру­хана жұмыс­та­рын жан­данды­ру ісінде бірқатар ша­ралар атқар­ды. Жан­гелдин 2-дүни­ежүзілік соғыс жыл­да­рын­да ха­лықты күрес­ке жұмыл­ды­ру, соғыс жүріп жат­кан ай­мақтар­дан көшіріліп әкелінген кәсіпо­рын­дарды ор­на­лас­ты­рып, іске қосу, соғыс аяқталған соң зар­дап шек­кен ай­мак­тарға ма­тери­ал­дық көмек көрсе­ту, мал-мүлік жеткізу жұмыс­та­рына бел­се­не ара­лас­ты.

Жан­гелдин 1920 жыл­дан РКП (б) Қырғыз (қазақ) об­лы­сы ко­митетінің және Қазақ АКСР Ор­та­лық атқару ко­митетінің мүшесі, 1938 жыл­дан ҚазКСР Жоғары Кеңесінің де­пута­ты бол­ды. Қос­та­най об­лы­сының бір ауда­ны, Қараған­ды об­лы­сын­да көше­лер­ге, елді ме­кен мен мек­тептер­ге Жан­гелдин есімі берілді. Ол ту­ралы бірне­ше көркем шығар­ма жа­рық көріп, ки­нофильм түсірілген. Ал­ма­ты, Ақтөбе, Торғай қала­ларын­да ес­керткіштер ор­на­тылған.