Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Әліби Жангелдин (1888 – 1934 ж.ж)

Әліби Жан­гелдин (1888 -1934) — қазақтың атақты әншісі, ак­тер әрі му­зыкан­ты. Шығыс Қазақстан об­лы­сының Абы­ралы ауда­нына қарас­ты Де­гелең та­уының ала­бын­да туған. Шыққан тегі Ор­та жүз ішіндегі Та­рақты руы.

Ке­дей ша­руа от­ба­сын­да ту­ып өскен. Әміре 12 жасқа толған­да әкесі Се­мей қала­сына көшіп кел­ген. Жас Әміре Иса­бек де­ген бай­дың ат ай­да­ушы­сы бо­лып еңбек­ке ер­те ара­ласа­ды. Иса­бек жас әншіні жа­нына ертіп жүріп, той-жи­ын­дарда ән салғыза­ды. Көп ұза­май Әміренің атақ-даңқы бүкіл Се­мей өңіріне жайыла­ды.

Атақты Қоян­ды жәрмеңкесіне ба­рып, ел ара­лап ән са­лып, қараөткелдік Сәтмағам­бет, Ғазиз Ай­тба­ев, ба­янауыл­дық Жа­яу Мұса, Қали Бай­жа­нов, ке­рекулік Май­ра Уәлиқызы, қарқара­лық Мәди Бәпиұлы сияқты арқалы әншілер­мен та­нысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Әміре Қаша­убаев 1921–1924 жыл­да­ры Се­мей­де құрылған қазақ жас­та­рының ағар­ту ұйымы «Ес-ай­маққа» мүше бо­лып, әншілік өнерін шыңдай түседі. 1924 жы­лы Се­мей­де өткен өнер­паздар байқауын­да Қали Бай­жа­нов­пен бірге бас жүлде­ге ие бо­лады. 1925 жы­лы Қызы­лор­да­да өткен Қазақстан Кеңес­терінің V съезі мен 1927 жы­лы Мәске­уде болған Кеңес­тердің IV съезіне де­легат ретінде қаты­сып, де­легат­тар үшін ұйым­дасты­рылған кон­церт­те өнер көрсет­кен.

1925 жыл­дың 26 ма­усы­мын­да осы кон­церт жайын­да «Прав­да» га­зеті «Ке­ремет кон­церт. Ма­усым­ның шыңы. Ке­рек бол­са башқұрт қурай­шы­сы Исен­ба­ев, қазақ әншісі Әміре Қаша­убаев, өзбек биші-әншісі Та­мара Ха­нум… шын мәнісіндегі ха­лық ар­тистері» деп жаз­ды.

1925 жы­лы Па­риж­де өткен Дүни­ежүзілік сән өнері көрмесінде эт­ногра­фи­ялық кон­церт­те «Ағаш аяқ», «Қана­пия», «Үш дос», «Жалғыз ар­ша», «Қос ба­лапан», тағы басқа әндерді орын­дап екінші орын алып, күміс ме­даль ием­де­неді. «Па­риж ап­та­лығы» га­зеті мен «Ле мю­зикль» жур­на­лы Әміре Қаша­убаев­тың си­рек кез­де­сетін та­лант екенін жаз­са, Сар­бонна уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры Пер­но фо­ног­рафқа Әміренің орын­да­уын­да бірне­ше ән жа­зып алған. Осы­лай­ша Әміре Қаша­убаев шет ел­де өнер көрсетіп қазақ елін та­нытқан тұңғыш әнші бол­ды. 1927 жы­лы Мәскеу кон­серва­тори­ясын­да қазақ әндерін та­мыл­жы­та шырқады. Гер­ма­ни­яның Май­ндағы Франк­фурт қала­сын­дағы кон­церт­ке қаты­сып, қазақтың ха­лық әндерін тағы да әлем­ге паш етті. Әміре Қаша­убаев­тың әндері дүние жүзі мәде­ни­етінің ірі өкілдері Ро­мен Рол­лан, Ан­ри Бар­бюс тағы басқалар та­рапы­нан жоғары баға алған.

А. В. За­та­евич Әміренің әншілік өнеріне тәнті бо­лып, одан «Балқади­ша», «Ду­дарай», «Бес қара­гер», «Көк көбе­лек» тағы да басқа әндерін жа­зып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын те­рең түсінетін ма­ман­дар А. В. Лу­начарс­кий, Г. Лю­бимов­тер және қазақ әде­би­еті мен өнерінің көрнекті өкілдері М. Әуезов, С. Сей­фул­лин, И. Бай­зақов, Ә. Марғұлан, Ж. Еле­беков, А. Жұба­нов, Қ. Жан­дарбе­ков­тер жоғары бағалаған.

1925 жы­лы Әміренің орын­да­уын­да фо­ног­рафқа жа­зылып алынған «Жалғыз ар­ша», «Үш дос», «Ағаш аяқ», «Смет», «Ду­дарай», «Бес қара­гер» әндерін 1974 жы­лы му­зыка зерт­те­ушісі Ж. Шәкәрімов та­уып, олар тех­ни­калық өңде­уден өткен­нен кейін қай­та­дан күй­та­баққа түсірілген.

Әміре Қаша­убаев орын­даған қазақтың клас­си­калык әндері ол айтқан үлгі өне­гемен ор­нығып, кейінгі әншілердің ре­пер­ту­ар­ла­рын­да жалғасын тап­ты. Бұл рет­те Жүсіпбек Еле­беков, Ма­нар­бек Ер­жа­нов, Жәнібек Көрме­нов, Қай­рат Бай­бо­сынов, Мәде­ни­ет Еше­ке­ев, Бек­бо­лат Тіле­уха­нов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғас­ты­рушы лайықты ізба­сар­лар болғанын атап айтқан жөн.

Ә. Қаша­убаев 1926 жы­лы Қызы­лор­да­да ашылған жаңа те­атр труп­па­сына қабыл­данды. М. Әуезов­тың «Еңлік-Ке­бек» тра­геди­ясы алғаш қойылған кез­де Жа­пал рөлін ой­на­ды. Кейін М. Әуезов­тың «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Ай­ман-Шол­пан» спек­такль­дерінде Қос­келді, Қой­шы, Жа­рас, Ақын об­разда­рын сом­даған. Өмірінің соңына дейін те­атр­да әнші-әртісі болған. 1934 жы­лы қазіргі Абай атын­дағы Қазақ опе­ра жөне ба­лет те­ат­ры­на ауыс­ты.

Ауыр сырқатқа ұшы­раған әнші оқыс­тан қайғылы қазаға ұшы­рады.

Әміре Қаша­убаев жөнінде жа­зылған бірне­ше зерт­те­улер, көркем шығар­ма­лар жа­рыққа шықты.

Ә. Қаша­убаев атын­дағы рес­публи­калық жас әншілер байқауы өтіп тұра­ды. Се­мей қала­сын­дағы об­лыстық фи­лар­мо­ния Ә. Қаша­убаев аты­мен ата­лады.