Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Мұратбаев Ғани

Мұрат­ба­ев Ғани (3.6.1902, қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сы, Қаза­лы ауда­ны – 15.4.1925, Мәскеу) – Ор­та Азия мен Қазақстан жас­тар қозғалы­сын ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі, БЛКЖО мен Ком­му­нистік Жас­тар Ин­терна­ци­она­лының қай­рат­кері. Қаза­лыдағы орыс-қазақ мек­тебін, жоғары бас­та­уыш учи­лищесін (1910–18), Таш­кент­тегі ор­та білім бе­ретін қазақ-қырғыз пе­дого­гика­лық учи­лищесі жа­нын­дағы ауыл­дық мек­тептер үшін нұсқаушы-лек­торлар кур­сын (1919–20), Таш­кент­тегі мем­ле­кеттік үлгі-тәжіри­белік мек­тебін және Ор­та Азия мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің қоғам­дық ғылым­дар фа­куль­тетін (1920–21) бітірген.

1919 жы­лы Ком­му­нистік Жас­тар ұйымы­на мүше бо­лып қабыл­да­нып, бірер жыл қала­лық, уездік ко­митет­те жұмыс істеді. Жетісу об­лы­сын­да мұғалімдер да­яр­лай­тын курс­тар ұйым­дастыр­ды, Жетісу об­лы­сы және Таш­кент, Са­марқанд, Вер­ный қала­сы ком­со­мол ұйым­да­рының негізін қалауға ат са­лыс­ты. Таш­кент­тегі жетім ба­лалар­ды ин­тернатқа, ба­лалар үйіне ор­на­лас­ты­руға бел­се­не кірісіп, олар үшін ұйым­дасты­рылған ин­тернат­тың ди­рек­то­ры бол­ды. 1920 жы­лы Түркістан ком­со­молы­ның 3-съезінде ОК мүшелігіне сай­ла­нып, қазақ-қырғыз жас­та­ры бю­росын басқар­ды.

1921 жы­лы ал­ды­мен Са­марқанд өлкелік ком­со­мол ко­митетінің, кейін Түркістан Рес­публи­касы ком­со­мол ұйымы ОК-нің бірінші хат­шы­сы бо­лып сай­лан­ды. Ол осы уақыт­та Таш­кент­те «Жас алаш» га­зетін ұйым­дасты­рып, оның тұңғыш ре­дак­то­ры бол­ды. Қазақстан ком­со­молы­ның құры­лу­ын жа­ри­ялаған 1-өлкелік съезді (1921 жы­лы 7–13 шілде) өткізу­ге тіке­лей бас­шы­лық жа­сады. 1922–24 жыл­да­ры РКЖО-ның 5-съезінде Ре­сей Ком­му­нистік Жас­тар одағы ОК-нің мүшесі, Ком­му­нистік Жас­тар одағы ОК Ор­та Азия бю­росы­ның алғашқы төрағасы бо­лып сай­лан­ды. 1924–25 жыл­да­ры Ре­сей Ле­ниншіл Ком­му­нистік Жас­тар одағы ОК-нің бю­ро мүшесі, Ком­му­нистік Жас­тар Ин­терна­ци­она­лы атқару ком­ми­тетінің шығыс ел­дері жас­тар ара­сын­дағы жұмыс бөлімінің меңге­рушісі бол­ды. Ол Ком­му­нистік Жас­тар Ин­терна­ци­она­лының 3–4 конг­рес­терінің, Ко­мин­терінің 4-конг­ресінің де­лега­ты бо­лып сай­лан­ды.

Өкпе ауру­ынан қай­тыс бо­лып, Мәске­удегі «Ва­гань­ков» қоры­мына жер­ленді. М. Хо­резм рес­публи­касы­ның Еңбек Қызыл Ту ор­денімен ма­рапат­талған. Қаза­лы қала­сын­да ме­мори­ал­дық мұра­жайы ашыл­ды. «Біздің Ғани» ат­ты көркем фильм, «осын­дай қысқа ғұмыр» ат­ты де­ректі фильм түсірілді.