Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Сералин Мұхамеджан (1872 – 1929 ж.ж)

Се­ралин Мұха­мед­жан (1872–1929) — жа­зушы, ақын, пуб­ли­цист, жур­на­лист. Қос­та­най об­лы­сы Қара­балық ауда­нының Өрнек ауылын­да дүни­еге кел­ген. Тро­ицкідегі мед­ре­седе оқып, Қос­та­най­дағы 2 клас­тық орыс-та­тар мек­тебін бітірген. 1911–1915 жыл­да­ры Тро­ицкіде «Айқап» жур­на­лын шығар­ды.

1919–1920 жыл­да­ры — «Ұшқын» га­зетінің қыз­меткері. 1921–1922 жыл­да­ры — Қос­та­най­дағы Шұбар бо­лыс­тық атқару ко­митетінің төрағасы. 1922–1923 жыл­да­ры — Қос­та­най гу­бер­ни­ялық атқару ко­митеті төрағасы­ның орын­ба­сары. 1923–1926 жыл­да­ры — «Ауыл» га­зетінің ре­дак­то­ры қыз­меттерін атқарған.

М. Се­ралиннің жур­на­листік қыз­меті екі ке­зеңге бөлінеді. 1- ке­зеңіне «Айқап» жур­на­лын­да төңкеріске дейін ба­сылған 40-қа жуық мақала­лары жа­тады. 2 ке­зең 1918–1928 жыл­дар ара­лығын қам­ти­ды, бұл ке­зеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» га­зет­терінде са­ясат, ша­ру­ашы­лық, мәде­ни­ет мәсе­лелері жайын­да мақала­лары жа­ри­ялан­ды. 1900 жы­лы алғашқы жа­ри­яланған «Топ­жарған» по­эма­сы қазақ әде­би­етіндегі та­рихи шығар­ма­лар қата­рына жа­тады. По­эма­да ХІХ ғасыр­дың 30–40- жыл­да­рын­дағы қазақ өмірі, Ке­неса­ры, На­урыз­бай бас­таған қозғалыс бей­не­лен­ген. 1909 жы­лы жа­рық көрген «Гүлқаши­ма» по­эма­сы әйел теңсіздігі мәсе­лесіне ар­налған. М. Се­ралин Ы. Ал­тынса­риннің ағар­ту­шылық-де­мок­ра­ти­ялық иде­яла­рын қол­да­ды. Ол Фер­до­уси «Шаһна­масы­ның» «Рүстем — Зо­раб» бөлімін В. Жу­ковс­кий нұсқасы­нан, сон­дай-ақ А. Со­рокиннің «Жу­сан» по­весін қазақ тіліне аударған.

Еліміз тәуелсіздік алған­нан кейінгі ке­зеңде қоғам­дық ғылым­дар маркстік-ле­ниндік ме­тодо­логия мен пар­ти­ялық прин­циптердің үстемдігінен ары­лып, өрке­ни­еттілік ұста­ным­дарға негіздел­ген ме­тодо­логи­яның ар­на­сына түсті. Соған орай ХХ ғасыр ба­сын­дағы ұлттық са­яси эли­та өкілдерінің өмір жо­лы мен қыз­метіне қатыс­ты объек­тивті пікірлер ай­ты­лып, тұжы­рым­дар жа­сала бас­та­ды. М. Се­ралиннің мұра­сы мен қоғам­дық-са­яси қыз­метіне бай­ла­ныс­ты зерт­те­улер жүргізудің қарқыны ар­та түсті. Белгілі әде­би­етші-ғалым­дар Ү. Суб­ханбер­ди­на мен С. Дәуітов­тың құрас­ты­ру­ымен «Айқап» жур­на­лына еңген мақала­лар­дың жи­нағы жа­рық көрді. Осы жи­нақта «Айқап» жур­на­лының ре­дак­то­ры М. Се­ралин­ге қатыс­ты объек­тивті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ. Ыды­рысов­та М. Се­ралиннің шығар­ма­лар жи­нағын құрас­ты­ру бағытын­да жұмыс­тар жүргізіп, 2002 жы­лы М. Се­ралиннің мақала­лары мен пуб­ли­цис­ти­калық шығар­ма­лары, по­эма­лары мен аудар­ма­лары ен­ген кітап­ты жа­рыққа шығар­ды. Осы жи­наққа «Ұлт та­рихын­дағы ұмы­тыл­мас есім» де­ген тақырып­та алғы сөз жазған Қ. З. Ыды­рысов мы­надай орын­дағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын еге­мендікке жеткізу жо­лын­да құрбан­дыққа бол­са да, ар жо­лынан тай­май бе­делін биік, абы­ройын жоғары ұстап, ха­лыққа қыз­мет етудің үлгісін көрсет­кен әрбір Алаш аза­маты өмірінің мем­ле­кетіміз үшін қай­та­лан­бас құнды­лық бо­лып та­была­тынын түсіну, М. Се­ралин шығар­ма­шылығын зер­де­ле­уге же­те мән бе­руімізді та­лап етеді».

Белгілі әде­би­етші-ғалым С. Ергөбек М. Се­ралиннің шығар­ма­шылығына бай­ла­ныс­ты «Қай­рат­кер-қалам­гер Мұха­мед­жан Се­ралин» ат­ты еңбегін 2004 жы­лы жа­рыққа шығар­ды. Бұл еңбек­те М. Се­ралиннің мұра­сы үш топқа бөлініп қарас­ты­рыл­ды. Бірінші бөлімде — қай­рат­кердің әде­би мұра­сы, екінші бөлімде — пуб­ли­цис­ти­калық мұра­сы, үшінші бөлімде — аудар­ма­лары. Ав­тор М. Се­ралиннің шығар­ма­лары мен аудар­ма­ларын зер­де­ле­умен шек­телгенімен зерт­те­улер­ге мы­надай құнды ой-пікір білдіреді: «Жаңаша бағалап-бағам­да­уды қажет ететін тұлғаның бірі — ХХ ғасыр ба­сын­дағы қазақ әде­би­етінің ірі өкілі, қоғам қай­рат­кері — Мұха­мед­жан Се­ралин. Бұған дейінгі зерт­те­улер­де М. Се­ралин ком­му­нист ретінде ма­дақта­лып, кейбір түрікшілдік, ис­ламшыл­дық пікірлері не бүрке­меленді, не қателік ретінде са­нал­ды. М. Се­ралин қазақ мәсе­лесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ис­лам бірлігін аңсаған аза­мат. М. Се­ралинді ис­ламдық, түрікшілдік, ұлтшыл­дық көзқара­сы үшін сы­нау қате. Бұл — М. Се­ралин дүни­ета­нымы­нан туған көзқара­сы, на­ным-сенімі, шығар­ма­ларын­да ту етіп ұстай­тын темірқазық иде­ясы».

М. Се­ралиннің қалам­герлігі тәуелсіздік жыл­да­ры қазақ әде­би­етшілеріне ғана емес, өзбек әде­би­етшілерінің де на­зары­на ілінді. Өзбек әде­би­етші-ғалы­мы О. Ша­рафуд­ди­нов өзбек ақыны, әрі жа­зушы­сы Шол­панның шығар­ма­лар жи­нағына «Әде­би­ет жа­саса — ұлт жа­сай­ды» де­ген тақырып­та алғы сөз жа­зып, он­да М. Се­ралиннің шығар­ма­шылығына да на­зар ауда­рады. Оның пікірінше, М. Се­ралиннің «Тіл мен әде­би­ет ха­лықтың ру­хы» де­ген ұста­нымы өзбек қалам­геріне, со­ның ішінде Шол­панға да еле­улі ықпа­лын тигізген.

Қазақ та­рих­шы­лары­ның 1991 жыл­дан бергі еңбек­терінде де М. Се­ралин­ге қатыс­ты тың ой-пікірлер білдірілу­де. Көрнекті та­рих­шы­лар К. Нұрпейісов пен М. Қой­гел­ди­евтің алаш қозғалы­сына бай­ла­ныс­ты жа­зылған еңбек­терінде М. Се­ралин­ге және оның же­текшілігімен шыққан «Айқап» жур­на­лына бай­ла­ныс­ты тың тұжы­рым­дар бар. К. Нұрпейісов: «Қазақ зи­ялы­лары ха­лықтың қалың бұқара­сын туған өлкені қай­та құрып, түрлендіру ісіне жұмыл­ды­руда ұлттық га­зет­тер мен жур­налдар, по­эзиялық жи­нақтар мен көпшілікке ар­налған әр алу­ан тақырып­тар бойын­ша жи­нақтар шығару­дың маңызын жақсы түсінді. Қазақтың ұлттық бас­пасөзінің то­лыққан­ды алғашқы екі ба­сылы­мы 1911 жы­лы дүни­еге келді», — дей оты­рып, бұл істегі М. Се­ралиннің қай­рат-жігеріне на­зар ауда­рады.

Де­рек­та­нушы-ғалым Қ. Ата­ба­ев­тың еңбегінде М. Се­ралиннің қазақ бас­пасөзін шығару ісіндегі қыз­метіне на­зар ауда­рылған. Ав­тор М. Се­ралиннің 1906 жыл­дан бас­тап қазақ бас­пасөзін шығару жо­лын­да әре­кет­тенгенін, бірақ қай­рат­кердің он­дай әре­кет­тері сәтсіз аяқта­лып отырғанын негізде­умен қатар, қай­рат­кердің «Айқап» жур­на­лын шығару жо­лын­да сіңірген еңбегін нақты­лы де­рек­термен дәйек­тейді. Сон­дай-ақ ав­тор «Айқап» жур­на­лының ХХ ғасыр ба­сын­дағы Қазақстан та­рихы­ның де­рек көзі ретінде қарас­ты­рып, М. Се­ралиннің бұл ба­сылым­дағы мақала­ларын де­рек­та­нулық тұрғыда тал­дауға ала­ды.

М. Се­ралиннің қоғам­дық-са­яси қыз­метінің кейбір қыры Башқорт­стан мен Қырғызс­тан ғалым­да­рының еңбек­терінде де көрініс та­буда. Башқорт­стан­дық ғалым Л. С. Туз­бе­кова­ның еңбегінде М. Се­ралиннің Уфа­дағы «Ғалия» мед­ре­сесінің ұстаз­да­рымен және шәкірттерімен бай­ла­нысы мәсе­лесі қарас­ты­рылған. Ав­тордың көрсе­туінше М. Се­ралин «Ғалия» мед­ре­сесінде оқыған шәкірттер ара­сына «Айқап» жур­на­лын на­сихат­тап, шәкірттердің біра­зын осы жур­налға тілші ретінде тартқан. Л. С. Туз­бе­кова­ның бұл мәліметін қырғыз ғалым­да­ры Э. Ма­на­ев пен А. Ос­манку­лов та нақты­лай түседі. Бұл ав­торлар­дың кіта­бын­да ХХ ғасыр ба­сын­дағы қырғыз ағар­ту­шысы И. Ара­ба­ев­тың М. Се­ралин­мен тығыз бай­ла­ныс ор­на­тып, «Айқап» жур­на­лын­да қырғыз­дардың сол тұстағы өміріне, ты­ныс-тіршілігіне қатыс­ты мақала­лар жа­ри­ялағаны ай­ты­лады.

Ба­тыс зерт­те­ушілері А. Бен­нинг­сен мен Ш. Ла­марсье-Кель­ке­жейдің еңбегінде М. Се­ралиннің кел­беті қазақтың көрнекті жур­на­лисі ретінде беріледі. Сон­дай-ақ М. Се­ралин «Айқап» жур­на­лы қазақтар ара­сын­дағы ұлттық қозғалысқа дем берді деп түсіндіріледі. Мұндай пікір С. Зен­ковс­кийдің еңбегінде де көрініс тапқан.