Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тоқаш Бокин (1890 – 1918 ж.ж)

Тоқаш Бо­кин (1890–1918) – Жетісу­дағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азат­тық көтерілісін ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі. Бұрынғы Жетісу об­лы­сының Вер­ный уезінде көшпелі ке­дей ша­руа от­ба­сын­да дүни­еге келді. 1898–1906 жыл­да­ры Вер­ный қала­сын­дағы ер­лер гим­на­зи­ясын­да білім ал­ды. Одан соң 1914 жылға дейін Вер­ный уезінің сот ор­ганда­ры мен қоныс ауда­ру басқар­ма­сын­да тілмәш бол­ды.

1913 жы­лы Вер­ный қала­сын­да өзінің 1802 сөзді қам­тыған қазақша-орыс­ша сөздігін шығар­ды. 1914–1916 жыл­да­ры Санкт-Пе­тер­бор қала­сын­да сот па­лата­сын­да жұмыс істеді. Осы ке­зеңде ол пат­ша үкіметіне қар­сы түрлі са­яси ұйым­дардың бағдар­ла­мала­рымен та­ныса­ды. 1916 жы­лы ел­ге оралған Т. Бо­кин қазақ халқының ұлт-азат­тық көтерілісінің Жетісу ошағы же­текшілерінің бірі бол­ды. Ол қазақтар, қырғыз­дар, ұйғыр­лар, дүнген­дер ара­сын­дағы үгіт жұмы­сына бас­шы­лық жа­сады, соғыс­тың ха­лыққа қар­сы си­патын түсіндіріп, пат­ша жар­лығын орын­да­мауға шақыр­ды.

1917 жы­лы боль­ше­вик­тер басқарған са­яси күштер­мен жақын­да­сып, Жетісу об­лы­сын­да Кеңес өкіметін ор­на­туға ат са­лыс­ты. Ол 1918 жы­лы қаңтар­дың 2–13-і ара­лығын­да Вер­ный қала­сын­да өткен Кеңес өкіметін ор­на­туды жақтаған Жетісу об­лыстық ша­ру­алар де­путат­та­рының 2-ші съезіне қатыс­ты, одан соң Жетісу соғыс-ре­волю­ци­ялық ко­митетінің мүшелігіне сай­лан­ды. Боль­ше­виктік өкіметтің жергілікті (бо­лыс­тық, ауыл­дық, се­лолық) жүйесін құру ісіне қаты­сып, жергілікті әске­ри бөлімдерін жа­сақтап, олар­ды 1918 жыл­дың көктем және жаз ай­ла­рын­да азық-түлікпен қам­та­масыз ету­ге күш жұмса­ды.

Т. Бо­кин сол жы­лы өлке­де аза­мат соғысы етек алған кез­де са­яси күрестің құрба­ны бол­ды. Белгілі жа­зушы З. Шаш­кин көрнекті қоғам қай­рат­керінің өмірінен сыр шер­тетін «Т. Бо­кин» ат­ты ро­ман жаз­ды. 1967 жы­лы Ал­ма­ты қала­сын­да оған ес­керткіш ор­на­тыл­ды, Ал­ма­тының бір көшесі, Іле ауда­нының бір ауылы Тоқаш Бо­кин есімімен ата­лады.