Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892 – 1938 ж.ж)

Ша­нин Жұмат Тұрғын­байұлы (1892–1938) — ре­жис­сер, дра­матург, ак­тер, ұлттық про­фес­си­онал­ды те­атр өнерінің негізін са­лушы­лар­дың бірі, қоғам жөне те­атр қай­рат­кері, Қазақ КСР-інің ха­лық әртісі.

Қазіргі Пав­ло­дар об­лы­сы Ба­янауыл ауда­нының Жел­тау маңын­да дүни­еге кел­ген. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан оқып, хат та­ныды. Жас кезінен Ж. Ша­нин ұлттық ойын-са­уықтар мен ән-күй­лер­ге ын­тық бо­лып өскен. Әсіре­се, Қоян­ды жөрмеңкесіне ба­рып, ха­лық ду­манын та­маша­лау — оның ой-қиялын қозғап, өнер­ге де­ген ын­та-ықыла­сын арт­ты­рады. Туған нағашы­сы Ал­ты­бай­дан ән са­лып, дом­бы­ра тар­ту­ды үй­ренді. 1913 жы­лы Ом­быға келіп, күнкөріс қамы­мен біраз уақыт за­уыт­та жұмыс істейді. Мұнда С. Сей­фул­линмен, Н. Нұрмақов­пен және Б. Сер­ке­ба­ев­пен та­ныса­ды, әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді. 1915–1916 жыл­да­ры есепшілік курс­та оқып бітірген­нен кейін за­уыт­та есепшінің көмекшісі бо­лып қыз­мет етеді. Осы жыл­да­ры алғаш рет қала­лық те­атр спек­такль­дерін көреді. Бірақ көп ұза­май-ақ Ж. Ша­нин май­дан жұмы­сына тар­ты­лады. Одан туған ауылы­на 1917 жы­лы орал­ды. Сол жыл­дан бас­тап Қарқара­лының уездік ко­опе­ративінде есепші қыз­метін атқар­ды. 1921–1922 жыл­да­ры Пав­ло­дар уезі ко­митетінің мүшесі, 1922 жы­лы Зай­сан уездік атқару ко­митетінің төрағасы, 1923 жыл­дан Се­мей гу­бер­ни­ясы атқару ко­митетінің және Қазақ КСР ОАК мүшесі бо­лып, тағы басқада жа­уап­ты орын­дарда қыз­меттер атқарған.

Са­яси-әле­уметтік және қоғам­дық істер­ге бел­се­не қаты­су Ж. Ша­ниннің ой-өрісін кеңейтіп, кейінгі ре­жис­серлік, әрі жа­зушы­лық қыз­метіне игі ықпал жа­сады. 20-жыл­да­ры Се­мей­де «Ес-ай­мақ» труп­па­сын басқар­ды. Ре­жис­серлік өнер жо­лын осы труп­па­дан бас­таған Ж. Ша­нин ха­лық жы­ры негізінде жа­зылған өзінің «Арқалық ба­тыры» мен С. Сей­фу­линнің «Қызыл сұңқар­ла­рын» қой­ды. Со­нымен қатар өзі осы атал­мыш спек­такль­дер­де Арқалық ба­тыр­дың және Ер­кебұлан­ның рөлін орын­да­ды. Бір бөлімді «Тор­сықбай» ко­меди­ясы 1925 жы­лы Се­мейдің «Таң» жур­на­лын­да жа­ри­ялан­ды. 1925 жы­лы ашылған Қазақ дра­ма те­ат­ры­ның ди­рек­то­ры бо­лумен қатар оның көркемдік жағын басқарған.

Ж. Ша­нин Қазақстан­дағы тұңғыш ұлт те­ат­ры­ның негізін са­лып, оны ұйым­дасты­рып, сон­дай-ақ про­фес­си­онал­дық тұрғыда қалып­тасты­рып, шығар­ма­шылық жағынан өсу жо­лын­да зор еңбек сіңірді. Алғашқы шығар­ма­шылық-ұйым­дасты­рушы­лық қыз­метінен бас­тап Ж. Ша­нин ак­терлер мәде­ни­етін көте­руге, те­атр жүмы­сын белгілі бір жос­пар бойын­ша жүргізу­ге, ре­пер­ту­ар­дан тәрби­елік, һәм иде­ялық-көркемдік са­пасы жоғары дра­малық шығар­ма­лар­дың орын алу­ына ерек­ше көңіл бөлді. Бұл мәсе­лелер «Қазақтың мем­ле­кеттік те­ат­ры», «Мем­ле­кет те­ат­ры­ның әртістері» (1927), «Қазақстан мем­ле­кеттік те­ат­ры» (1928), «Те­атр та­рихы­нан» (1931), «Сах­на тех­ни­касын меңге­рейік», «Сах­на­да шын­дықты та­ну» (1935) ат­ты әр жыл­да­ры бас­пасөз бет­терінде жа­ри­яланған мақала­ларын­да жан-жақты қам­тылды.

1926–1932 жыл­да­ры қазақ дра­ма те­ат­рында ұлттық дра­матур­ги­ядан С. Сей­фул­линнің «Қызыл сұңқар­ла­рын», С. Аб­ла­нов­тың «Күндес­пейтін қатын­дар» мен «1910 жы­лын», Ж. Ша­ниннің «Бо­латын», І. Жансүгіровтің «Кегі» мен «Түрксібін», Б. Май­линнің «Май­да­нын», М. Әуезовтің «Ок­тябрь үшін» және клас­си­калық ту­ын­ды­лар­дан А. Пуш­киннің «Тас мей­ма­ны» мен «Са­раң серісін», У. Шекс­пирдің «Гам­летін», со­нымен бірге өзі жазған «Тор­сықбай», «Арқалық ба­тыр» (екі кеш­ке ар­налған 2 бөлімді), «Ай­дар­бек», «Ба­ян ба­тыр», «Өлімнен үмітке» («Шах­та») тағы басқа шығар­ма­лар­ды қойған. Ұлттық төл ту­ын­ды­лар­ды қоюда ән-күй­лер мен тұрмыс-салт­тық, эт­ногра­фи­ялық бо­яуды мол қол­данды. Дра­малық шығар­ма­дағы белгілі бір дәуір ты­нысы мен оқиға ор­нын, оған қаты­сатын кейіпкер­лердің мінез та­биғатын айқын­дап ашу­да пай­да­лана­тын әр түрлі сах­на­лық рек­ви­зит­ке (зат-бұйым­дарға), де­кора­ция мен кос­тюмге ерек­ше ден қой­ды. 1927 жы­лы бір топ өнер ше­бер­лерін бас­тап, Мәске­уде өткен эт­ногра­фи­ялық кон­церт­ке қатысқан. 1932–1933 жыл­да­ры Қырғыз дра­ма те­ат­ры­ның бас ре­жис­сері бол­ды. 1934 жы­лы ашылған му­зыка­лық те­атр­ды (қазіргі Қазақтың опе­ра және ба­лет те­ат­ры) Ұйым­дасты­руға қаты­сып, Қ. Жан­дарбе­ков­пен бірге Е. Г. Бру­силовс­кийдің «Жал­быр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қой­ды. Осы му­зыка­лық спек­такль­дер Мәске­уде өткен қазақ әде­би­еті мен өнерінің онкүндігі кезінде жоғары бағалан­ды. 1936 жылға дейін осы те­атр­дың көркемдік жағын басқарған Ж. Ша­нин алғашқы му­зыка­лық те­атр өнерінің қалып­та­сып да­му­ына да мол үлес қос­ты. 1930–1937 жыл­да­ры Орал му­зыка­лық дра­ма те­ат­рын ұйым­дасты­румен бірге оған бас­шы­лық жа­саған. Ол бірқатар пьеса­лар («Жан­ды су­рет», «Қара құлын», «Қозы Көрпеш — Ба­ян сұлу», «Үш ба­жа») жа­зып, ұлттық дра­матур­ги­яны да­мыту­да жемісті еңбек етті.

Ж. Ша­нин қала­мынан туған күрделі «Арқалық ба­тыр» мен «Шах­та» пьеса­сы 30 жыл­да­ры жаңа ұйым­да­са бас­таған көпте­ген қазақ те­атр­ла­рының (Се­мей дра­ма те­ат­ры, Қараған­ды дра­ма те­ат­ры, Шым­кент дра­ма те­ат­ры, Жам­был дра­ма те­ат­ры) ре­пер­ту­ары­нан орын ал­ды. Ж. Ша­нин ха­лық би өнеріне де көңіл ауда­рып, «Киіз ба­су», «Қоян-бүркіт», «Өрмек», «Ша­шу» тағы басқа секілді би­лерді му­зыка­лық спек­такль­дер­де пай­да­лан­ды. А. За­та­евич, Д. Ко­валев пен Л. Ха­миди, Ж. Ша­ниннің орын­да­уын­да бірқатар ха­лық әндерін жа­зып ал­ды. Өз тұсы­нан да ән-күй­лерді но­таға түсірді. Ж. Ша­нин шығар­ма­шылығын М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев, Ғ. Мүсіре­пов, тағы басқалар жоғары бағалаған. 1972 жы­лы Шым­кент дра­ма те­ат­ры­на Ж. Ша­ниннің есімі берілді.