Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873 – 1919 ж.ж)

Има­нов Аман­гелді Үдер­байұлы (1873–1919) – ха­лық ба­тыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісін ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі, Ке­неса­ры Қасы­мов­тың үзеңгілес серігі Иман ба­тыр Ду­латұлы­ның не­мересі. Бұрынғы Торғай уезі Қай­да­уыл бо­лысын­да туған. Әкесі ша­руа баққан, мо­мын кісі болған. Ше­шесі Қалам­пыр Қақуқызы мед­ре­се бітірген. Аман­гелді әуелі ауыл мол­да­сынан 2 жыл оқып, кейін Та­сыбай, Тәшмағам­бет ишан­дардың мед­ре­сесіне түсті. Мед­ре­седе 4 жыл оқыған ол түрік, пар­сы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жа­сын­да жетім қалып, жоқшы­лық тауқыметін ер­те тарт­ты. Ел ішіндегі дау-шарға ер­те ара­ласып, сол се­бепті Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның жергілікті би­ле­ушілерінің қуда­ла­уына ұшы­рап, 1896–1911 жыл­да­ры ара­лығын­да бірне­ше рет түрме­ге қамал­ды.

Аман­гелді ба­тыр­дың ұйым­дасты­рушы­лық және қол­басшы­лық та­лан­ты 1916 жылғы Ре­сей им­пе­рато­рының ма­усым айын­дағы жар­лығына на­разы­лық ретінде Торғай да­ласын­да бұрқ ет­кен ұлт-азат­тық көтеріліс ба­рысын­да айқын көрінді. 2–3 ай ішінде еле­улі күшке ай­налған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жан­бо­сынов­ты хан, Аман­гелдіні көтеріліс қол­басшы­сы (сар­дар) етіп сай­ла­ды. Әбдіғапар мен Аман­гелдінің ұйым­дасты­рушы­лық іскерлігінің нәти­жесінде көтеріліс са­яси си­пат ал­ды және әске­ри-ұйым­дық жағынан нығайып, оған қаты­сушы сар­баздар қата­ры 50 мың адамға жетті. Аман­гелді Торғай қала­сын 27 күн бойы қор­шауға ал­ды.

Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопа­ларын­дағы шайқас­та­рына, под­полков­ник Тур­ге­невтің жа­рақты үлкен жа­сағына қар­сы 1917 жы­лы ақпан­ның 21–23-індегі Құмке­шу-Доғал-Үрпек­тегі соңғы айқасы­на тіке­лей бас­шы­лық жа­сады. Жа­зала­ушы­лар Торғай­дағы ұлт-азат­тық көтерілісті тұншықты­ра ал­ма­ды. Көтеріліс Ре­сей­дегі Ақпан төңкерісіне жалғас­ты. Аман­гелді 1918 жы­лы на­урыз­дың 21-і мен сәуірдің 2-і ара­лығын­да Орын­борда өткен Торғай Кеңес­терінің тұңғыш съезіне қаты­сып, Торғай уезінің әске­ри ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­далды. 1919 жы­лы сәуірдің 20-ын­да Торғай­да Кеңес өкіметі құлап, Аман­гелді тұтқынға алы­нып ату жа­засы­на кесілді.

Мәйіті бір жыл­дан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан ор­та­лығына әкелініп жер­ленді. Қабірінің ба­сына және 1947 жы­лы Ал­ма­ты қала­сын­да ес­керткіш ор­на­тыл­ды. Ба­тыр­дың есімі Қазақстан­ның көпте­ген қала­ларын­дағы көше­лер­ге, Қос­та­най об­лы­сының бір ауда­нына берілді. 1939 жы­лы «Лен­фильм» ки­нос­ту­ди­ясы «Аман­гелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер ту­ын­ды­сы қазақтың тұңғыш ды­быс­ты фильмі бол­ды. Аман­гелдінің ерлікке то­лы ғұмы­ры көпте­ген ақын-жа­зушы­лар­дың, су­ретшілер мен ком­по­зитор­лардың шығар­ма­лары­на арқау болған.