Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстан­да Кеңес өкіметінің ор­на­уы

1917 жылғы Ақпан бур­жу­азиялық-де­мок­ра­ти­ялық ре­волю­ци­ясы­нан кейін ор­наған Уақыт­ша бур­жу­азиялық үкімет ел­дегі әле­уметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәсе­лесін, им­пе­ри­алистік соғыс­тан шығу және т. б. мәсе­лелерді шеш­педі. Қазақстан­дағы жергілікті ха­лықтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған бұрынғы пат­ша үкіметінің заңда­ры өз күшінде қал­ды. Өлке­дегі ка­зак-орыс әскер­лерінің ұлан-бай­тақ жер иеліктері мен бар­лық әле­уметтік ар­тықшы­лықта­ры то­лығымен сақтал­ды. Қазақстан­ның ең жақсы шұрай­лы жер­лерін отар­шыл ку­лак­тар тар­тып алып бер­ген Қоныс ауда­ру басқар­ма­сының жергілікті ап­па­раты өз жұмы­сын одан әрі жалғас­тырды. Өнеркәсіп орын­да­рын­да 8 сағат­тық жұмыс күні енгізілмеді. Мем­ле­кеттік ме­кеме­лер мен мек­тептер­де қазақ тіліне көшу­ге бұрынғысын­ша тыйым са­лын­ды. Ре­сей мем­ле­кетіндегі бұл жағдай­лар­ды В. И. Ле­нин бас­таған боль­ше­вик­тер пар­ти­ясы «Бүкіл өкімет кеңес­терге берілсін» — де­ген ұран­ды пай­да­лана оты­рып, Уақыт­ша үкіметті құла­ту үшін оны бас­ты құралға ай­нал­дырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазан­да (7 қара­шада) Пет­роград­та қару­лы көтеріліс бас­та­лып, Уақыт­ша бур­жу­азиялық үкімет құла­тыл­ды.

Ре­волю­ция бүкіл билікті жұмыс­шы, сол­дат, ша­руа де­путат­та­ры кеңесінің қолы­на бе­ру арқылы ха­лықтың әр түрлі топ­та­ры мен түрлі ұлттар­дың, ха­лықтар­дың ке­лешек­тегі тағды­рына бай­ла­ныс­ты түрліше үмітте бо­лу­ына жол аш­ты. Ре­сейдің қол ас­тында бо­лып кел­ген орыс емес ха­лықтар­дың еңбекші бұқара­сы Қазан ре­волю­ци­ясы­нан кейін эко­номи­калық-әле­уметтік күй­зелістен шығумен бірге отар­шылдықтың бұғауынан бо­санып, тәуелсіздік ала­тын шығар­мыз деп үміттенді. Ал Ле­нин бас­таған боль­ше­вик­тер за­уыт, фаб­ри­калар жұмыс­шыға, жер ша­руаға, бейбітшілік – бүкіл ха­лыққа де­ген ұран көте­ре оты­рып, Ре­сей­ге тәуелді бо­лып кел­ген ха­лықтар жөнінде өз бағыт­та­рын белгіледі. Олар бар­лық ұлттар мен ұлыс­тардың, ха­лықтар­дың теңдігі мен бос­тандығын, азат­тығын жа­ри­ялай оты­рып, олар­ды ре­волю­ция ту­ының ас­ты­нан кет­пе­уге шақыр­ды.

Пет­роград­тағы Қазан төңкерісі

1917 жы­лы 25 қазан­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Пет­роград қала­сын­да Қазан төңкерісінің нәти­жесінде мем­ле­кет билігі Кеңес­тердің қолы­на көшті. Қазан төңкерісінің иде­оло­гы, яғни бас­шы­сы В. И. Ульянов (Ле­нин) бол­ды.

Қазан төңкерісінен кейін билікті қолы­на алған Кеңес­тер «Ре­сей ха­лықта­ры құқықта­рының дек­ла­раци­ясын» қабыл­да­ды. Осы­дан кейін Кеңес­тердің «Ре­сей мен Шығыс­тың бар­лық еңбекші мұсыл­манда­рына» үндеуі жа­ри­ялан­ды. Аталған үнде­уде ха­лықтар­дың діни сенімдері мен ұлттық мүдде­леріне ешкім тиіспейтіні, бар­лық ха­лықтар­дың құқықта­ры бірдей бо­латы­ны ту­ралы ай­тылған.

1917–1918 жыл­да­ры Қазақстан­да Кеңес­тер өкіметі кейбір өңірлер­де күрес нәти­жесінде, ал енді бір жер­лерде бейбіт түрде ор­на­ды.

Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстан­дағы ұлттық үкімет­тер

1917 жы­лы қара­шада Орын­бор конт­рре­волю­ци­ялық төңкеріс нәти­жесінде Ду­тов басқарған «Әске­ри үкімет» билікті қолы­на ал­ды.

1917 жы­лы 15 қара­шада Таш­кент­те болған мұсыл­ман де­путат­та­ры Кеңес­терінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесі» ор­на­ды. Бұл үкіметтің Кеңесі құра­мын­да мұсыл­мандар болған жоқ. 1917 жы­лы 22 қара­шада Қоқанд қала­сын­да болған бүкіл түркістан­дық IV съез­де Түркістан ав­то­номи­ясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны ту­ралы жа­ри­ялан­ды. Бұл үкімет кейбір де­рек­терде «Қоқанд ав­то­номи­ясы» деп атал­ды. Алғашқы бас­шы­сы М. Ты­ныш­ба­ев, одан кейін бас­шы қыз­метін Мұста­фа Шоқай атқар­ды.

1917 жы­лы 5–13 жел­тоқсан­да Орын­бор қала­сын­да жал­пы қазақ съезі бол­ды. Съезді М. Шоқай басқар­ды.

Съез­де Алаш ав­то­номи­ясын құру ту­ралы қаулы қабыл­данды.

Алаш­лорда­ның 25 мүше­ден тұра­тын Уақыт­ша Ха­лық Кеңесі құрыл­ды.

Ав­то­номия ор­та­лығы Се­мей қала­сын­да ор­на­ласа­тын бол­ды.

Ала­шор­да үкіметінің төрағасы бо­лып Ә. Бөкей­ха­нов сай­лан­ды. «Қазақ» га­зетінде «Алаш» пар­ти­ясы­ның 10 бөлімнен тұра­тын бағдар­ла­масы жа­ри­ялан­ды.

«Алаш» пар­ти­ясы­ның бағдар­ла­масы:

  1. басқару түрі;
  2. ав­то­номия;
  3. аза­мат­тық негізгі құқықта­ры;
  4. дін ұста­ну ту­ралы мәсе­ле;
  5. сот­тар ту­ралы;
  6. қорғаныс;
  7. са­лық;
  8. жұмыс­шы мәсе­лесі;
  9. ха­лық ағар­ту;
  10. жер мәсе­лесі.

Кеңес­тер билігі Сыр­да­ри­яда

1917 жы­лы 30 қазан­да Пе­ровскіде билік бейбіт жағдай­да жұмыс­шы сол­дат де­путат­та­рының қолы­на көшті. 1917 жы­лы 1 қара­шада 4 күнге со­зылған шайқас негізінде Таш­кент­те Кеңес өкіметі ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі 1917 жы­лы қара­шада Шым­кент­те (бейбіт түрде), 1917 жы­лы 7 қара­шада Түркістан­да ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі Торғай об­лы­сын­да

Торғай об­лы­сын­да ата­ман Ду­тов бас­таған қазақтар мен Ә. Бөкей­ха­нов бас­таған Ала­шор­да және эсер­лер Кеңес өкіметіне қар­сы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшы­рады. 1917 жы­лы 25 жел­тоқсан­да Қос­та­най­да күрес нәти­жесінде кеңес­тер билігі ор­на­ды. (бас­шы­сы В. М. Чек­ша­ров).

1918 жы­лы 8 қаңтар­да Кеңес­тер Ақтөбе­де билікке келді (бас­шы­сы В. Ф. Зин­ченко).

1918 жы­лы қаңтар­да Торғай, Ырғыз уез­дерінде Кеңес өкіметі ор­на­ды.

1918 жы­лы 18 қаңтар­да Орын­борда Кеңес өкіметі ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстан­да

Бұл өңірлер­де Кеңес өкіметі күрес нәти­жесінде ор­на­ды.

1917 жы­лы 22 қара­шада Пет­ро­павл­да Кеңес­тер билігін қолы­на алған Уақыт­ша Ре­волю­ци­ялық Ко­митет билікке келді (бас­шы­сы И. Д. Ду­бинин).

1917 жы­лы 25 жел­тоқсан­да Ақмо­лада Кеңес өкіметі ор­на­ды.

1917 жы­лы жел­тоқсан­да Кеңес өкіметі Көкше­та­уда ор­на­ды.

1918 жы­лы 2 қаңтар­да Ат­ба­сар­да Кеңес өкіметі ор­на­ды.

1918 жы­лы 18 қаңтар­да Өске­мен­де билік Кеңес­тердің қолы­на көшті.

1918 жы­лы 19 қаңтар­да Пав­ло­дар­да күрес нәти­жесінде билік Кеңес­тердің қолы­на көшті.

1918 жы­лы 17 ақпан­да Се­мей­де Кеңес­тер билігі үкімет ба­сына келді.

Кеңес­тер билігі Ба­тыс Қазақстан­да

1918 жы­лы 15 қаңтар­да Орал­да Кеңес өкіметі ор­на­ды. Бірақ осы жыл­дың на­уры­зын­да ақ гвар­ди­яшы­лар конт­рре­волю­ци­ялық төңкеріс жа­сап, Кеңес­терді биліктен тай­дыр­ды. Орал­да Кеңес өкіметі аза­мат соғысы жыл­да­рын­да ғана ор­на­ды.

1917 жы­лы 2 жел­тоқсан­да Бөкей ор­да­сын­да Кеңес өкіметі ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі Жетісу­да

1918 жы­лы 3 на­урыз­да Вер­ный­да Кеңес өкіметі қару­лы көтеріліс нәти­жесінде ор­на­ды.

1918 жы­лы на­урыз айын­да Жетісу об­лы­сының бар­лық өлкесінде Кеңес­тер билігі ор­на­ды. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін ор­на­ту жо­лын­да Ж. Ба­ба­ев, А. Ро­зыба­ки­ев, Т. Бот­кин, Т. Өте­пов т. б. ре­волю­ци­онер­лер аян­бай күресті.

Со­ци­алистік эко­номи­ка және мәде­ни­ет

Кеңес­тер билігінің ор­на­уына бай­ла­ныс­ты Қазақстан­да жаңа үкіметтің басқару жүйелері құры­ла бас­та­ды. Бар­лық кеңес­тер іске кірісті. Кеңес­тер жа­нынан қар­жы, өнеркәсіп, жер, ағар­ту, әділет, ден­са­улық сақтау басқар­ма­лары жұмыс істеді.

1918 жы­лы 21 на­урыз­да Орын­борда кеңес­тердің I Торғай об­лыстық съезі бас­талды. Съез­де жергілікті басқару жүйесі, әле­уметтік мәсе­лелер жайын­да қаулы қабыл­данды. Бұл съездің қаулы­сы бойын­ша Алаш қозғалы­сының үнқағазы «Қазақ» га­зеті жа­был­ды.

1918 жы­лы 20 сәуірде Таш­кент­те Түркістан Кеңес­терінің V съезі бол­ды. Бұл съездің құра­мын­да Жетісу об­лы­сы бар Түркістан ав­то­номи­ялы Кеңестік со­ци­алистік рес­публи­касы құрыл­ды. 1918 жы­лы Кеңес өкіметі көпте­ген өнеркәсіп орын­да­ры мен банкілерді мем­ле­кет қара­мағына ал­ды.

Ха­лықты азақ-түлікпен қам­та­масыз ету жөнінде ша­ралар қол­да­ныл­ды.

1918 жы­лы Ақмо­ла мен Се­мей­де са­уда ісін жүргізу азық-түлік ко­митетіне жүктелді.

Кеңес өкіметі ағар­ту мәсе­лесі бойын­ша нақты ша­ралар­ды жүзе­ге асы­ра бас­та­ды.

С. Сей­фул­лин Ақмо­ла об­лы­сын­дағы, С. Меңде­шев Бөкей ор­да­сын­дағы білім бе­ру бөлімдерін басқар­ды.

Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақса­тын­да қазақ бөлімін құрды. Бұл істер аза­мат соғысы­ның бас­та­лу­ына бай­ла­ныс­ты тоқтап қал­ды.

Қазақстан­да кеңестік мем­ле­кеттік ап­па­рат құру және эко­номи­ка са­ласын­дағы алғашқы өзгерістер

Кеңес өкіметі жеңген­нен кейін Қазақстан­да да ескі ме­кеме­лер, оның ішінде, Уақыт­ша үкіметтің ко­мис­сарла­ры, отар­лау-ше­не­уніктік әкімшілік қоныс­танды­ру басқар­ма­сы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмыс­шы, сол­дат де­путат­та­ры кеңес­терінің қолы­на өте бас­та­ды. Мұндай өзгерістердің іске асу­ына Қазақстан қала­ларын­да құрылған ре­волю­ци­ялық ко­митет­тердің рөлі зор бол­ды. Олар қызыл ұлан­дар бөлімдерін, жұмыс­шы жа­сақта­рын құрды, ке­дей­лер­ге арқа сүйеп, қана­ушы тап­тардың қар­сы­лығына той­та­рыс берді, өкімет билігінің кеңес­тердің қолы­на өткенін жа­ри­ялап, олар­дың нығаюы үшін ат са­лыс­ты.

Өкімет билігінің ескі құры­лымы Қазақстан­да бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңес­тердің қара­мағына өтіп, со­сын ат­та­рын өзгертіп, бірте-бірте кеңес қара­уына алын­ды. Мәсе­лен, 1918 жы­лы ақпан­да жұмыс­шы, ша­руа, сол­дат, мұсыл­ман де­путат­та­ры Ақтөбе кеңесі қала­лық басқар­ма­ны кеңес басқару ор­ны етіп қай­та құрып, қала­лық ду­маны та­рат­ты. Се­мей об­лыстық кеңесі 1918 жы­лы 9 на­урыз­да ду­ма мен басқар­ма­лар­ды та­ратып, уақыт­шы үкіметтің уездік ко­мис­сарла­рының міндетін жаңа құрылған кеңес­терге жүктеді. Сол жы­лы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі азық-түлік басқар­ма­лары­на тиісті Кеңес­тердің азық-түлік бөлімі етіп қай­та құру жөнінде жар­лық шығар­ды. Қос­та­най уезіндегі ша­ру­ашы­лық иелігі Кеңестің қара­мағына алын­ды.

Шірке­удің мем­ле­кет­тен, мек­тептің шірке­уден ажы­раты­луы, ер­лер мен әйел­дер теңдігі іске асы­рыл­ды. Бүкіло­дақтық Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің 1917 жылғы 10 қара­шадағы Жар­лығымен адам­дардың сос­ло­ви­еге бөлінуі, олар­дың құқықтық ар­тықшы­лығы мен шек­те­ушілігі, сон­дай-ақ сос­ло­ви­елік ме­кеме­лер, ұйым­дар жал­пы сос­ло­вие ата­уы жойыл­ды.

Кеңес өкіметінің алғашқы ке­зеңінде басқару­дың бірыңғай құры­лымы болған жоқ. Кейбір жер­лерде Ор­та­лықтағы сияқты Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі, екінші бір жер­лерде об­лыстық ме­кеме­лер мен басқар­ма­лар­дың Ко­мис­са­ри­ат­та­ры құрыл­ды. 1918 жыл­дың күзінен бас­тап, басқару­дағы алақұла­лық жойылып, Кеңес атқару ко­митет­тері билікті өз қолы­на топ­тасты­ра бас­та­ды. Маңыз­ды мәсе­лелер са­лалық басқар­ма­лар­дың кол­ле­гия мәжілісінде қара­лып отыр­ды.

РКФСР Хал­ком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қара­шадағы «Сот ту­ралы» жар­лығымен сот­тың ескі құры­лымы түгел­дей қысқар­ты­лып, жергілікті жер­лерде сот­тың жаңа жүйесі пай­да бол­ды. Со­нымен бірге ескі про­курор­лық бақылау мен қыл­мысты іс тер­ге­ушілер инс­ти­тут­та­ры, қорғаушы және же­ке ад­во­кату­ралар жойыл­ды. 1918 жы­лы об­лыстар­дағы Кеңес Атқару Ко­митет­тері жа­нынан сот бөлімдері, ал өлке ор­та­лығын­да Қазақ өлкелік со­ты ұйым­дасты.

1918 жылғы көктем­де Түркістан ав­то­номи­ялық Кеңестік Со­ци­алистік Рес­публи­касы құрыл­ды. Оның құры­луы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 ма­мырға дейін Таш­кент қала­сын­да өткен Түркістан өлкесі Кеңес­терінің бесінші съезінде іске ас­ты. Оның құра­мына Қазақстан­ның оңтүстігіндегі Жетісу, Сыр­да­рия об­лыста­ры кірді. Ор­та Азия рес­публи­кала­ры мен Қазақстан жерін ме­желеу жүргізілген­ге дейін Ақмо­ла, Се­мей об­лыста­рының ор­та­лығы Ом­бы қала­сы болған, ол Ба­тыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал об­лыста­ры Орын­бор гу­бер­ни­ясы­на, Бөкей ор­да­сы Аст­ра­хань гу­бер­ни­ясы­ның қара­мағына кірді.

1918 жылғы 15 қаңтар­дағы жұмыс­шы, ша­руа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәй­кес ел­де әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды. Олар еріктілер­ден тұрды.

Кеңес өкіметінің дек­реттері негізінде фаб­ри­ка, за­уыт, банк­терді на­ци­она­лиза­ци­ялау іске асы­рыл­ды. Қазақстан­да ал­ды­мен ұсақ, ор­та кәсіпо­рын­да­ры мем­ле­кет меншігіне көшті.

Кеңес­тердің екінші съезінің шешімдеріне сәй­кес жер­ге же­ке иелік ету жойылып, Қазақстан­дағы шіркеу мен мо­наст­рлердің, по­мещик­тердің, бай ка­зак-орыс­тардың, пат­ша ше­не­уніктерінің иелігінде бо­лып кел­ген, сон­дай-ақ қоныс ауда­ру қорын­дағы жер­лер еңбекшілердің пай­да­лану­ына берілді.

Жер мәсе­лесін ше­шудегі жергілікті кеңес орын­да­рының қыз­меті бірне­ше ке­зеңнен тұрды.

  1. 1917 жылғы қара­шадан – 1918 жылғы жазға дейінгі ке­зеңінде жергілікті Кеңес­тер, жер ко­митет­тері мен ко­мис­си­яла­ры бос жер­лерді, тәркілен­ген по­мещиктік име­ни­елерді есеп­ке алып, ша­ру­алар­дың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз ша­ру­алар­ды жер­мен қам­та­масыз ету мәсе­лесімен шұғыл­данды.
  2. 1918 жыл­дың жа­зынан – 1920 жыл­дың аяғына дейінгі уақыт­ты қам­ты­ды. Бұл тұста жерді со­ци­али­заци­ялау жөніндегі ша­ралар­ды іске асы­руға әзірлік жұмыс­та­ры жүргізілді.
  3. 1921–1922 жыл­да­ры жер-су ре­фор­ма­сы іске асы­рыл­ды.
  4. 1924–1927 жыл­да­ры жер­ге ор­на­лас­ты­ру, ша­бын­дық, егістік жер­лерді қай­та бөлу жұмыс­та­ры жүргізілді.

Кеңес өкіметі алға қойған маңыз­ды міндет­терді іске асы­руда тәжіри­бенің жоқтығы, жергілікті кадр­лар­дың түсінігінің кемдігі, са­уаты­ның аз­дығы, т. б. се­беп­тер негізінде бұл ре­волю­ци­ялық ша­ралар­ды іске асы­ру ба­рысын­да асы­ра сілте­ушіліктің, со­лақай­лықтың, теріс әре­кет­тердің орын алғаны, Кеңес өкіметіне сенімді азай­та­тын жағдай­лар бол­ды.

Ха­лықтың өкіметі же­ке адам­ның да­ра бас­шы­лығымен ауыс­ты­рылып, басқару­дың ко­ман­да­лық-бю­рок­раттық тәсілі іске аса бас­та­ды. Мұның бар­лығы Қазақ Өлкелік ко­митетінің бірінші хат­шы­лығына 1925 жы­лы қыркүйек­те Ф. И. Го­лоще­киннің ке­луімен бай­ла­ныс­ты бол­ды. Ол келісімен рес­публи­када ха­лыққа қысым жа­сау са­яса­ты күшейіп, бұл ерек­ше қатаң си­пат ал­ды. Осы кез­де – Қазақстан­ның қоғам­дық са­яси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 жы­лы жел­тоқса­нын­да өткен өлкелік пар­тия ко­митетінің бесінші кон­фе­рен­ци­ясын­да «Ауыл­ды кеңес­тендіру ту­ралы» шешім қабыл­данды. Рес­публи­када «Кіші қазан» ре­волю­ци­ясын өткізу үшін иде­оло­ги­ялық негіз жа­сал­ды, сөйтіп жап­пай жа­залау дәуірі бас­та­лып, ол қазақ халқын қайғы қасірет­ке ұшы­рат­ты.

Қазақстан­да го­лоще­киндік-ста­линдік үлгі бойын­ша «қай­та құру­мен» келіспе­ген көрнекті жа­уап­ты қыз­меткер­лердің қар­сы­лығы жа­ныш­талды. 1927–1929 жж. әртүрлі сыл­та­улар­мен белгілі мем­ле­кет қай­рат­керлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожа­нов, М. Мыр­зағали­ев Рес­публи­кадан алас­та­тыл­ды. Қазақстан Атқару Ко­митетінің Төрағасы Ж. Мыңба­ев, Ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ры С. Сәдуақасов, Жер ха­лық ко­мис­са­ры Ж. Сұлтан­бе­ков және басқалар қыз­метінен алын­ды. Қазақ қыз­меткер­лерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күрес­ке қаты­насқан деп кіна­лан­ды.

1928 жыл­дың аяғын­да «бур­жу­азияшыл-ұлтшыл­дар» деп аталған­дардың ішінде бұрынғы Ала­шор­да қай­рат­керлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алын­ды. Олар­дың қата­рын­да А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев, Ж. Ай­ма­уытов, Х. Ғаб­ба­сов және басқалар бар еді. Құра­мын­да М. Ты­ныш­ба­ев, Х. Досмұха­медов, Ж. Ақпа­ев, К. Ке­меңге­ров және басқала­ры бар ұлттық ин­телли­ген­ци­яның (40 адам­дай) басқа то­бы 1930 жы­лы қыркүйек-қазан­да ұстал­ды. Олар­дың ішінен 15 адам Ре­сейдің Ор­та­лық қара то­пырақты об­лыста­рына жер ауда­рыл­ды. Бұлар­дың бар­лығы дерлік 1937–1938 жж. атыл­ды. Жал­пы 1929–1931 жыл­да­ры қазақ ин­телли­ген­ция өкілдерінің он мыңынан ас­та­мы жап­пай жа­залауға ұшы­рады.

Қазақстан аза­мат соғысы жыл­да­рын­да (1918–1920 жж.)

1917 жылғы қазан ре­волю­ци­ясы­ның жеңісі алғашқы күндер­ден бас­тап, құла­тылған қана­ушы тап өкілдерінің қару­лы қар­сы­лығын ту­дыр­ды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі ай­мақта­рын­дағы, со­ның ішінде Қазақстан жеріндегі конт­рре­волю­ци­ялық бүліктерді ба­тыл да шұғыл ба­сып тас­тап отыр­ды. Өлке­де аза­мат соғысы­ның бас­ты ошақта­ры Қазақстан­ның ба­тыс аудан­да­рын­да, Торғай об­лы­сының әкімшілік ор­та­лығы Орын­борда, Орал об­лы­сы, Гурьев (Аты­рау) қала­сын­да, Жетісу жерінде қалып­тасты. Бұл жер­де ата­ман Ду­тов­тың, ге­нерал Толс­тов­тың әскер­лері, ал Жетісу­да ка­зак-орыс жа­сақта­ры, ақ-гвар­дия офи­цер­лері мен юн­керлер жи­нал­ды. Олар конт­рре­волю­ци­ялық күштердің негізгі ор­та­лығына ай­нал­ды және Кеңес өкіметіне қар­сы аза­мат соғысын бас­та­ды.

1918 жы­лы 23 на­урыз­да Орал ка­зак-орыс­та­ры Гурьев­те бүлік шығар­ды. Олар ге­нерал Толс­тов­тың бұй­рығымен жұмыс­шы және сол­дат де­путат­та­ры Кеңесінің тоғыз мүшесін сот­сыз ат­ты. Сол жыл­дың 28–29 на­уры­зын­да ақ ка­зак­тар ала­шор­да­шылар­мен бірігіп Орал қала­сын­да төңкеріс жа­сады. Мұнда олар кеңес өкіметін құла­тып, ком­му­нис­терді, кеңес қыз­меткер­лерін аяусыз жа­зала­ды.

Аза­мат соғысы­ның бас­та­луы

1918 жы­лы ма­мыр­да Че­хос­ла­вак кор­пу­сының бүлігі бас­талды. Ан­танта им­пе­ри­алис­терінің қол­да­уымен бұл бүлік ең ал­ды­мен Солтүстік-Шығыс Қазақстан­да бас­талды.

1919 жы­лы 31 ма­мыр­да Пет­ро­павл­ды ақ гвар­ди­шылар ба­сып ал­ды. Сон­дай-ақ ақ гвар­ди­яшы­лар ма­усым­да Ақмо­ла мен Пав­ло­дар­ды, Се­мей мен Көкше­та­уды, Ом­бы мен Қос­та­най­ды ба­сып ала­ды.

Ала­шор­да үкіметі ақ гвар­ди­яшы­лар­дың Кеңес өкіметіне қар­сы ин­тервен­ци­ясын қол­дап, қару­лы ин­тервен­цияға қосыл­ды.

Конт­рре­волю­цияға Ан­танта им­пе­ри­алис­тері көп көмек көрсетті. Мы­салы, АҚШ Кол­чак ар­ми­ясы­на түрлі қару-жа­рақ, Анг­лия 200 мыңдай әскер­ге қару-жа­рақ және киім берді.

1918 жы­лы 29 на­урыз­да ақ гвар­ди­яшы­лар Орал қала­сын ба­сып ал­ды.

1918 жыл­дың аяғына қарай Кол­чактың басқару­ын­дағы Ан­ненков ди­визи­ясы Жетісу жеріне ба­сып кірді.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты (1918–1921 жж.)

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.

Қазақ ре­волю­ци­ялық ко­митетінің құры­луы (1919–1920 жж.)

1919 жы­лы 10 шілде­де В. И. Ле­нин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі ре­волю­ци­ялық ко­митет құру ту­ралы» дек­рет қабыл­да­ды.

Қаз­ревком құра­мына Се­мей, Ақмо­ла, Орал, Торғай об­лыста­ры, Аст­ра­хань гу­бер­ни­ясы­ның шығыс бөлігі кірді. Ре­волю­ци­ялық ко­митеттің бірінші құра­мына С. Пест­ков­ский (төраға), А. Байтұрсы­нов, В. Лу­кашев, Ә. Жан­келдин, М. Тұнған­шин, С. Мен­де­шев, Б. Қара­та­ев кірді. Әртүрлі уақыт­та Қазақ рев­ко­мының мүшесі бо­лып Ә. Әй­ти­ев, С. Арғын­ши­ев, А. Ав­де­ев, Ғ. Әлібе­ков, Б. Қарал­дин еңбек етті. Ре­волю­ци­ялық ко­митеттің жұмыс істейтін ор­та­лығы бо­лып Орын­бор қала­сы белгіленді. 1920 жы­лы 9 на­урыз­да Қаз­ревком «Ала­шор­да» үкіметін та­рат­ты. Қаз­ревком­ның үнқағазы «Ұшқын» га­зеті бол­ды.

Қаз­ревком 1919 жыл­дың шілдесінен 1920 жыл­дың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның бас­шы­лығымен ха­лық ша­ру­ашы­лығын­дағы бас­ты са­ла – отын өндіру бағытын­да Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қараған­ды мен Екібастұздың шах­та­ларын қал­пы­на келтіру жұмыс­та­ры жүргізілді.

Қазақ кеңес ав­то­номи­ялық рес­публи­касы­ның құры­луы

1920 жылғы 17 та­мыз­да РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі Қырғыз рес­публи­касы ту­ралы Дек­рет жо­басын мақұлда­ды. 26 та­мыз­да БО­АК пен РКФСР Хал­ком Кеңесі РКФСР құра­мын­да «Қырғыз (Қазақ) Ав­то­номи­ялық Кеңестік Со­ци­алистік Рес­публи­касын құру ту­ралы» жар­лық қабыл­да­ды.

Қазақ рес­публи­касы­на Се­мей, Ақмо­ла, Торғай және Орал гу­бер­ни­яла­ры, Маңғыс­тау уезі, За­кас­пий об­лы­сының Крас­но­водск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай бо­лыс­та­ры, Аст­ра­хань гу­бер­ни­ясын­дағы Си­немор бо­лысы, Бөкей ор­да­сы, 1-ші және 2-ші При­морье ок­ругта­рына шек­тес, қазақтар қоныс­танған бұрынғы қазы­налық жер­лер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйек­те Бүкіл Ре­сейлік Атқару Ко­митетінің жаңа дек­реті бойын­ша ҚАКСР-ның құра­мына Орын­бор гу­бер­ни­ясы енгізілді, ал Орын­бор қала­сы рес­публи­каның ас­та­насы бол­ды.

1920 жыл­дың 4–12 қаза­нын­да Қазақстан Кеңес­терінің құрыл­тай съезі бо­лып өтті. Съез­ге Қазақстан­ның бар­лық гу­бер­ни­яла­рынан 273 де­легат және Ал­тай гу­бер­ни­ясы қазақта­рының аты­нан 6 де­легат қатыс­ты. Құрыл­тай съезінде Ор­та­лық Атқару Ко­митеті (төрағасы С. М. Мен­де­шев) және Хал­ком Кеңесі (төрағасы В. Ра­дус-Зень­ко­вич) сай­лан­ды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құра­мына кіретін жұмыс­шы­лар­дың, еңбекші қазақ халқының, ша­ру­алар­дың, ка­зак­тардың және қызыл әскер де­путат­та­ры кеңес­терінің ав­то­номи­ялық рес­публи­касы бо­лып құрылғанын мәлімдеді.

Қазақстан­да жаңа эко­номи­калық са­ясатқа (ЖЭС) көшу және оның ба­рысы

Қазақстан­да жаңа эко­номи­калық са­ясат­ты (ЖЭС-ті) іске асы­ру 1921 жылғы Қазақ АКСР Ор­та­лық Атқару ко­митетінің азық-түлік са­лығына көшу ту­ралы шешімі негізінде жүргізілді. Са­лықтың мөлшері салғыртқа қараған­да аз бол­ды. Ша­рулар­дан алы­натын ауыл ша­ру­ашы­лығы өнімдерінің мөлшерін са­лықпен шек­теу ауыл-се­лолар­дың қала­лар­мен бай­ла­нысын нығай­туға жол аш­ты. Ша­ру­алар ба­сы ар­тық өнімдерін қала­ларға апа­рып са­тып, тұрмыс жағдайын түзе­уге мүмкіндік ал­ды.

Им­пе­ри­алистік, аза­мат­тық соғыс Қазақстан халқының ша­ру­ашы­лығына ауыр шығын әкелді. Мем­ле­кеттің 250 кәсіпор­ны ғана жұмыс істеді (бар­лығы 307)

Мұнай­дың өндірілуі 4 есе­ге, Қараған­ды көмірінің өндірілуі 5 есе­ге қысқар­тылды. Ша­ру­ашы­лық өнімінің 6,3%-ы ғана өнеркәсіптің үлесінде бол­ды. 29,9 млн. мал­дан 16,3 млн. мал ғана қал­ды.

1921 жы­лы на­урыз­да ком­му­нистік пар­ти­яның X съезі азық-түлік салғыр­ты­нан азық-түлік са­лығына, әске­ри ком­му­низм­нен жаңа эко­номи­калық са­ясатқа көшу жөнінде қаулы шығар­ды.

ЖЭС-тің мәні:

  1. Са­ясат­та бір пар­ти­ялық-то­тали­тар­лық ре­жим;
  2. Эко­номи­када әкімшілік-на­рықтық ша­ру­ашы­лық.

1921 жы­лы ма­усым­да Қазақстан­да жаңа эко­номи­калық са­ясатқа көшу ту­ралы шешім қабыл­данды.

ЖЭС-тің қиын­дықта­ры мен та­быс­та­ры.

Ең ал­ды­мен са­лық мөлшері жеңілдеді. Мы­салы, 1927–1928 жыл­да­ры өнімнің 1/13-і са­лық ретінде алын­ды, са­лықтың ауырт­па­лығы бай­лар­дың мой­ны­на түсті. Са­лықтан жи­налған қара­жат ағар­ту, мәде­ни­ет, өнеркәсіп са­лала­рына т. б. жұмсал­ды.

Мем­ле­кет ха­лыққа ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­касын са­тып алуға көмек­тесті. Мы­салы, 1924–1925 жыл­да­ры 415 трак­тор са­тып алын­ды. Қазақстан­ның егістік көлемі 1928 жы­лы 4 млн. гек­тарға жетті. 1928 жы­лы мал са­ны 41 млн. бол­ды.

ЖЭС нәти­жесінде рес­публи­када 650 ауыл ша­ру­ашы­лық ар­телі мен 103 ком­му­на жұмыс істеді.

Өнеркәсіп са­ласын­да да біраз өзгерістер бол­ды. Рспуб­ли­када аса ірі «Ат­басц­вет­мет», «Эм­ба­нефть», «Ал­тай­по­лиме­талл» трес­тері құрыл­ды. Олар­дың құра­мына рес­публи­каның ірі өнеркәсіп орын­да­ры кірді. Өнеркәсіпті қал­пы­на елтіру ке­зеңінде рес­публи­када 1928 жы­лы біріктіру қажеттілігі ту­ды.

1921–1922 жыл­дардағы ашар­шы­лық

1921–1922 жыл­да­ры ауа райының қуаңшылғына бай­ла­ныс­ты ас­тық шықпай қалып, елді аш­тық жай­ла­ды. Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аш­тық қасіретін бас­тан кешірді. 1921 жыл­да­ры ашыққан адам­дардың са­ны – 1 млн. 508 мың адам­ды құра­са, 1922 жыл­да­ры олар­дың са­ны 2 млн. 303200 адам­ды құраған. Аш­тық әсіре­се Қазақстан­ның Ба­тыс ай­мағын қам­ты­ды. Ал ас­тық мол шыққан Се­мей, Ақмо­ла гу­бер­ни­яла­рын­да жи­налған ас­тықтың 80% ор­та­лыққа әкетілді. Қазақстан Ре­сейдің Мәскеу, Пет­роград, Са­мара, Қазан, Са­ратов өлке­лерінің ашығушы­лары­на көмек көрсетті. Оның нәти­жесі Қазақстан­ның ас­тық мол шыққан аудан­да­рының аш­тыққа ұшы­ра­уына се­беп бол­ды.

Кеңес өкіметі кеш те бол­са, ашыққан аудан­дарға көмек көрсетті. 1922 жы­лы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі бер­ген бол­са, со­нымен қатар ауыл ша­ру­ашы­лық ма­шина­лары мен құрал­да­рын са­тып алу үшін 2 млн. 131 мың сом мем­ле­кет­тен қар­жы бөлінді. Қазақстан ашыққан Ре­сей өлке­леріне ас­тық беріп қана қой­май, 20 мыңға жуық ашығушы­лар­ды өз еліне па­налат­ты. Арал ба­лықшы­лары Еділ бойын­дағы ашыққан ха­лықтарға 14 ва­гон ба­лық жіберді. 1921–1922 жылғы аш­тықтың сал­да­рынан Ақтөбе, Қос­та­най, Орал, Орын­бор, Торғай гу­бер­ни­яла­ры тұрғын­да­рының 1/3-нен айырыл­ды. 700 мыңнан ас­там ха­лық туған жерін тас­тап көршілес ай­мақтарға көшіп кетті.

Жер-су ре­фор­ма­сы

Жер мәсе­лесіндегі пат­ша өкіметінің отар­шылдық са­яса­тының ауыр зар­дапта­рын жою ша­рала­ры іске асы­рыл­ды.

1921 жылғы сәуір – пат­ша өкіметі кезінде Сібір және Орал ка­зак әскер­леріне берілген жер­лерді қазақтарға қай­та­ру ту­ралы дек­рет шығарыл­ды. Нәти­жесінде:

  • Ертіс өңіріндегі 177 мың де­сяти­на жер қай­та­рыл­ды.
  • Орал­дың сол жағала­уынан 208 мың де­сяти­на жер қазақтарға берілді.

1921 жыл – Жетісу­да жер ре­фор­ма­сы жүргізілді.

  • Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың де­сяти­на жер қай­та­рыл­ды.
  • 1 млн. де­сяти­надан ас­там жер қоры құрыл­ды.

1921–1922 жыл­да­ры аг­рарлық қай­та құру­лар нәти­жесінде 300 мың адам Қытай­дан Қазақстанға орал­ды.

Ре­фор­ма­ны жүзе­ге асы­руда қателіктер мен асы­ра сілте­улер­ге жол берілді. Қай жағдай­да қоныс ауда­рушы ке­дей­лер жер­ден ай­рыл­ды. Қоныс ауда­рушы­лар негізінен отар­шы-ку­лак­тар қата­рына жатқызы­лып, қазақтар мен қоныс­та­нушы­лар ара­сын­да ұлт араз­дығы ту­ын­да­ды.

1921 жыл — «Қос­шы одағы» құрыл­ды.

1930 жыл­дан — «Ке­дей одағы» атан­ды.

Же­текшілері: А. Асыл­бе­ков, Ә. Жан­гелдин, Г. Ко­рос­ты­лев, С. Меңде­шев, С. Сей­фул­лин, Ж. Бөріба­ев, А. Ро­зыба­ки­ев т. б. 1921 жылғы на­урыз­да Жетісу­да «Қос­шы» одағының 17 мыңнан ас­там мүшесі бол­ды.

Міндет­тері:

  • Еңбек ар­тель­дерін құру.
  • Ке­дей­лер­ге жер бе­ру.
  • Еңбекшілердің са­яси са­на-сезімі мен мәде­ни деңгейін көте­ру.

1921–1922 жылғы жүргізілген жер ре­фор­ма­сының маңызы:

Еңбекшілерді со­ци­алистік құры­лысқа тар­ту­да үлкен рөл атқар­ды.

Отар­шылдық аг­рарлық са­ясатқа соққы берді.

Қазақ ауылын­дағы пат­ри­ар­хаттық-фе­одал­дық негізді әлсіретті.

Ұлттық келісімнің ор­нығуына жағдай жа­сады.

Рес­публи­каның қоғам­дық-са­яси өміріндегі өзгерістер (1921–1928 жж.)

1921 жы­лы уез­дер мен гу­бер­ни­ялар­да Кеңес­тер съезі бо­лып өтті. Көпте­ген қыз­меткер­лер жаңа эко­номи­калық са­ясат­тың мәнін түсінбеді, бұрынғысын­ша «әске­ри ком­му­низм» әдістерімен жұмыс жа­сады. Кеңес­терді құрып, нығай­ту жұмы­сы мақсат­ты түрде жүргізілді. Оған бел­се­не қатысқан қазақ АКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің тұңғыш төрағасы С. Мен­де­шев, орын­ба­сары Ә. Жан­келдин, Ішкі істер ха­лық ко­мис­са­ры Ә. Әй­ти­ев және басқала­ры Кеңес­тердің жұмы­сын жан­данды­руға еле­улі еңбек сіңірді.

1921 жы­лы 4–10 қазан­да Қазақ АКСР Кеңес­терінің екінші съезі бо­лып өтті. Он­да рес­публи­ка өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мем­ле­кеттік және ша­ру­ашы­лық құры­лыс­тың қоры­тын­ды­лары шығарыл­ды.

1922 жы­лы Кеңес­тер сай­ла­уы өтті. Олар­дың құра­мын жергіліктендіру іске асы­рыл­ды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Се­мей гу­бер­ни­яла­рын­да бо­лыс­тық атқару ко­митет­тері сай­ла­уынан кейін, де­путат­тардың жар­ты­сынан ас­та­мы қазақтар бол­ды.

ҚАКСР Ор­та­лық Атқару Ко­митетінің тұңғыш қызыл ке­ру­ені 1922 жы­лы Ә. Жан­келдиннің басқару­ымен ел ара­лауға шықты. 9 ма­мыр­дан 12 ма­усымға дейін ке­ру­ен Орын­бор мен Се­мей ара­лығын­дағы 26 бо­лыс­тың 37 ауылын­да, сон­дай-ақ Екібастұз бен Спасск за­уытын­да бол­ды. Ке­ру­ен Кеңес­тердің іс қағаз­да­рын қазақ тілінде жүргізуді жолға қой­ды.

1922 жы­лы 30 жел­тоқсан­да Мәске­уде өткен Кеңес­тердің Бүкіло­дақтық бірінші съезі Кеңес­тердің Со­ци­алистік Рес­публи­калар Одағы құрылғанын жа­ри­яла­ды. Басқа да ав­то­номи­ялық Кеңес рес­публи­кала­ры сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ре­сей Фе­дера­ци­ясы құра­мын­да Одаққа кірді.

Ор­та Азия Кеңес рес­публи­кала­рын ұлттық-мем­ле­кеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген ме­желеу рес­публи­ка өміріндегі маңыз­ды оқиға еді. Ұлттық жер­лердің ме­желеуі нәти­жесінде Түркістан АКСР-інің құра­мын­дағы бұрынғы Жетісу және Сыр­да­рия об­лыста­рының жер­лері Қазақ АКСР-іне қарай­тын бол­ды. Со­ның нәти­жесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы – 1 млн. 468 724 адамға өсіп 5 230 мыңға жетті. Тұрғын­да­ры негізінен орыс­тар бо­лып та­была­тын Орын­бор гу­бер­ни­ясы Қазақстан­нан бөлінді. Рес­публи­каның ас­та­насы Қызы­лор­даға (Ақмешіт) көшті.

1925 жы­лы сәуірде Қызы­лор­да­да рес­публи­ка кеңес­терінің бесінші съезі өтті. Ол «Ауылға, қыс­таққа және де­рев­няға бет бұрайық» де­ген ұран негізінде жұмыс істеп, ша­ру­алар­ды жер­ге ор­на­лас­ты­ру жұмыс­та­рының ке­лелі жос­па­ры, су­лан­ды­ру құры­лысын да­мыту, мем­ле­кеттік және ко­опе­ративтік са­уда­ның рөлін одан әрі нығай­ту, өндірістік серіктіктерді қол­дау мәсе­лелерін талқыла­ды. Съезд ха­лықтың байырғы та­рихи ата­уы қал­пы­на келтіріліп – қазақ халқы, ал рес­публи­каны – Қазақ АКСР-і деп атау ту­ралы қаулы қабыл­да­ды.

1925 жы­лы ақпан­да жаңа қазақ жер­лерінің бірігуіне бай­ла­ныс­ты Қазақстан об­лыстық пар­тия ко­митеті өлкелік бо­лып қай­та құрыл­ды. Рес­публи­ка құрылған кез­де не­бары үш-ақ га­зет шықса, 1925 жы­лы «Еңбекші Қазақстан», «На­род­ное хо­зяй­ство Ка­захс­та­на», «Со­ветс­кая степь», «Қызыл Қазақстан» т. б. 13 га­зет пен 5 жур­нал шықты.

Кәсіпо­дақтар­дың са­ны өсті. 1925 жы­лы қаңтар­дан қыркүйек­ке дейін кәсіпо­дақтарға мүше бо­лып 20 мыңға жуық жұмыс­шы мен қыз­метші, со­ның ішінде 6 мыңнан ас­там қазақ еңбекшісі өтті.

Қазақ әйел­дері қоғам­дық-са­яси жұмысқа бел­се­не ара­лас­ты. 1925 жы­лы қала­дағы және ауыл мен се­лодағы еңбекші әйел­дердің 6,6 мыңы жергілікті кеңес­терге мүше бо­лып сай­лан­ды.

1928 жы­лы Қазақстан­да жаңадан әкімшілік-тер­ри­тори­яларға бөлу іске асы­рыл­ды. Осы уақытқа дейін бо­лып кел­ген ал­ты гу­бер­ния, екі ок­руг, отыз екі уезд және 400 бо­лыс­тықтар­дың ор­ны­на 13 об­лыс және 193 аудан құрыл­ды.

1929 жы­лы әкімшілік-тер­ри­тори­ялық қай­та құру негізінен аяқта­лу­ымен және Түркістан-Сібір темір жо­лының құры­лысы­ның бітуімен бай­ла­ныс­ты Қазақстан Ав­то­номи­ялық Со­веттік Рес­публи­касы­ның ор­та­лығы Қызы­лор­да­дан Ал­ма­ты қала­сына көшірілді.

Қазақстан елді ин­дуст­ри­ялан­ды­ру ке­зеңінде (1928–1932 жж.)

Ин­дуст­ри­ялан­ды­руға бағыт алу.

Қазақстан­да ин­дуст­ри­ялан­ды­ру ісі 1928–1932 жыл­да­ры өтті. 1928–1932 жыл­да­ры ха­лық ша­ру­ашылғын да­мыту­дың бірінші бес­жылдығы бол­ды.

Бұған дейін қазақстан­да Қараған­ды­дағы көмір кен орын­да­ры, Ембідегі мұнай өндірісі, Ал­тай­дағы түсті ме­тал­лургия сияқты са­на­улы ғана өнеркәсіп орын­да­ры бол­ды. Жал­пы, өнімінің 84,4%-ы ауыл ша­ру­ашылғына ти­есілі бол­ды. Елді ин­дуст­ри­ялан­ды­ру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде ма­шина жа­сау са­ласын, кен өндірісі орын­да­рын, теміржол жүйесін да­мыту ке­рек бол­ды. КСРО ин­дуст­ри­ялан­ды­рудың жос­па­рына Қазақстан да енгізілді.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­руды жүзе­ге асы­ру жо­лын­да әкімшіл-әміршіл са­ясат қат­ты бұрма­лан­ды. 1925–1933 жыл­да­ры Қазақстан ком­му­нистік пар­тия ко­митетінің бірінші хат­шы­сы Ф. И. Го­лоще­кин бол­ды. Ф. И. Го­лоще­кин Қазақстан­да Қазан ре­волю­ци­ясы болған жоқ, сон­дықтан қай­та­дан ре­волю­ция жа­сау ке­рек деп шешті. Осы ойын іске асы­ру мақса­тын­да ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу иде­ясын ұсын­ды. Бұл ұсы­ныс­ты И. В. Ста­лин қол­да­ды. Ф. И. Го­лоще­кин қазақстан­ды одақтық шикізат ба­засы ретінде ин­дуст­ри­ялан­ды­ру бағытын ұстан­ды. Ф. И. Го­лоще­киннің «Кіші қазан» иде­ясы­на алғашқы бо­лып С. Сәдуақасов қар­сы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстан­ды шикізат ба­засы ретінде пай­да­лануға ашық түрде қар­сы тұрды.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­руды жүзе­ге асы­ру мақса­тын­да қазақ жерінің та­биғат бай­лықта­рын зерт­теу бас­талды. Н. С. Кур­на­ков бас­таған ге­олог­тар Ор­та­лық Қазақстан­ның та­биғи ре­сурс­та­рын зерт­теді. И. М. Гу­бе­ин Орал-Ембі ауда­нын­да мол мұнай қоры бар екенін дәлел­деді. Қ. И. Сәтба­ев жезқазған мыс кен ор­ны­ның мол бай­лығын анықта­ды.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­руды жүзе­ге асы­ру.

Түркісіб құры­лысы

1927 жы­лы Түркістан-Сібір теміржол құры­лысы бас­талды. Түрксіб теміржол құры­лысы­ның бас­шы­лары:

В. С. Ша­тов – құры­лыс бас­тығы,

Н. Нұрмақов – құры­лысқа жәрдем­де­су ко­мис­си­ясы­ның бас­шы­сы,

Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жа­нын­дағы құры­лысқа жәрдем­де­су ко­мис­си­ясы­ның бас­шы­сы.

Теміржол құры­лысын­да 100000 адам жұмыс істеді. Түркістан-Сібір теміржо­лы 3 жыл­дың ішінде са­лынып бітті.

1930 жы­лы 28 сәуірде Ай­набұлақ стан­ци­ясын­да жол­дың екі жағы түйісті.

1931 жы­лы қаңтар­да Түрксіб теміржо­лы пай­да­лануға берілді.

Түркістан-Сібір теміржо­лы Ор­та Ази­яны сібірдің эко­номи­калық өңірімен бай­ла­ныс­тырды.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­ру бірінші жағынан Кеңес ха­лықта­ры күшімен жүзе­ге ас­са, екінші жағынан ор­та­лықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.

Соғысқа дейін Қазақстан­да ембі мұнай өндіру орын­да­ры, Қараған­ды көмір кен орын­да­ры, Жезқазған, Балқаш мыс ком­би­нат­та­ры, Шым­кент қорғасын за­уыты т. б. ірі кәсіпо­рын­дар са­лын­ды.

Жал­пы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орын­да­рын шикізат­пен, пай­да­лы қаз­ба­лар­мен қам­та­масыз етті.

Қазақстан­ды ин­дуст­ри­ялан­ды­рудың бас­ты міндет­тері орын­далма­ды. Се­бебі Қазақстан­да көбіне­се өндіруші өнеркәсіптер са­лынғаны­мен, өңде­уші өнеркәсіп да­мытылған жоқ.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­рудың ерек­шеліктері.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­ру Қазақстан­да, негізінен, жоғары­дан жүргізілді.

Қазақстан­да са­лынған өнеркәсіптер дайын өнім шығар­ма­ды. Шикізат­ты, негізінен, Ре­сей мен Ук­ра­ина өнеркәсіптеріне та­сыды.

Ур­ба­низа­ция күшейіп, 1930 жы­лы қала халқының үлесі 29,8% бол­ды.

1935 жы­лы рес­публи­кадағы жұмыс­шы­лар­дың 43%-ы қазақтар бол­ды.

1939 жы­лы рес­публи­кадағы қала халқының са­ны 375000-ға дейін жетті.

Ин­дуст­ри­ялан­ды­рудағы жұмыс­шы­лар еңбегі.

Қазақстан өнеркәсіп орын­да­рына Мәскеу, Ле­нинг­рад, Дон­басс т. б. ірі өнеркәсіп ор­та­лықта­ры мен жұмыс­шы топ­та­ры көмек көрсетті.

Жаңа тех­ни­каны меңгеріп, жаңадан са­лынған өнеркәсіпте істейтін ма­ман­дарды да­яр­лау ке­рек бол­ды.

Бұл үшін көпте­ген қазақ жұмыс­шы­лары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ле­нинг­рад, Дон­басс, Ба­ку өнеркәсіп орын­да­рына жіберілді.

Алғаш Түрксіб құры­лысы­на қара жұмыс­шы ретінде қатысқан Д. Ома­ров кейіннен Түрксіб бас­тығы, ал Т. Қазы­беков «Қазақ көлік құры­лысы» тресінің бас­тығы бол­ды. Жаңа тех­ни­каны меңге­ру ба­рысын­да Дон­басс за­бой­шы­сы А. Г. Ста­ханов­тың ре­кор­ды на­сихат­талды. Ста­ханов­тың қазақ жеріндегі ізба­сары Қараған­ды кеншісі Түсіп Күзем­ба­ев бол­ды.

Сәфи Өте­ба­ев, Мел­де­бек Сағым­бе­ков, Ах­метжан Са­фин, Зағира Та­был­ди­нова – Қазақстан­дағы ин­дуст­ри­ялан­ды­ру ісінің үздіктері.