Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Шығанақ Берсиев (1881 — 1944 жж.)

Берсиев Шыганак (1881 — 1944)

Дүни­еге кел­гені: 1881

Қай­тыс болғаны: 1944

Ман­са­бы: та­ры өсіру ше­бері

Шығанақ Бер­си­ев (1881 —1944 жж.) Асан қайғы ба­бамыз «Ойыл көздің жа­сы еді, Ойыл­да кеңес қыл­ма­дың, Ойыл­дан елді көшірдің…» деп Жәнібек ханға зілді сөй­леп, Ойыл­дың ор­ны бөлек екенін айғақта­ды. Осы Ойыл өңірінен шыққан текті тұлғаның бірі — Шығанақ Бер­си­ев.

Ақтөбе об­лы­сының Ойыл ауда­нын­дағы «Құрман» кол­хо­зының зве­но же­текшісі, та­ры өсірудің әйгілі ше­бері. Ол әуелі «Құрман» кол­хо­зын­да мұрап, 1938 жыл­дан зве­но же­текшісі бо­лып істеді. Шөлей­тті ай­мақтың ауа райына қара­мас­тан, ұзақ жыл бойы Бер­си­ев та­рыдан мол өнім ал­ды. Оның зве­носы әр гек­тардан: 1939 ж. 25,5; 1940 ж. 155,8; 1941 ж. 165; 1942 ж. 175; 1943 ж. 201 ц өнім жи­нады. Бер­си­ев та­рыға арам шөптен та­за, құнар­лы жер таңдап алып, оған қой қиын төкті. Се­ял­ка­мен әр гек­та­ры 20 кг-нан тоғыс­па­лы әдіспен 5–6 см те­реңдікке тұқым сеуіп, то­пырақты ауыр ағаш ка­ток­пен тегістеді. Өсімдіктің өсіп-жетілу ке­зеңінде егістікті 4 рет су­арып, 2 рет үстеп қорек­тендірді. Бер­си­ев жаз бойы егістіктің 3 рет арам шөбін отап, кей­де оған күл мен құс саңғырығын шаш­ты. Ол та­рыны пісуіне қарай таңдап ора­тын.

Жыл сайын ойыл ақ та­рысы­ның са­бағы майысып тұрған күлте­лерін таңдап, оның ірі дәнін ғана тұқымға іріктеп ал­ды. Сөйтіп, та­рының жақсар­тылған жаңа сор­тын өсірді. Жа­зушы Мұста­финнің «Шығанақ» ро­маны Бер­си­ев өмірінен жа­зылған. Осы еңбегін бағалап, Кеңес үкіметі Бер­си­евті Ле­нин ор­денімен (1940) ма­рапат­та­ды. Бай­лар­дың мал-мүлкін тәркілеу мен оған ұласқан аш­тық, одан кейінгі отыз жетінің сойқаны ел-жұртты есеңгіретіп тас­тағаны бы­лай тұрсын, тұтас елдің жер бетінен жоғалу қаупі туған­да кез Ойыл­дағы Шығанақтың бел­сеніп еңбек ет­кен ке­зеңіне түспа-түс ке­леді. Ол аш­тықтан қыры­ла бас­таған ел- жүртын аман сақтап қалу­дың бірден-бір жо­лы — та­ры өсіріп, жұрттың өзегін жалғау деп ұғын­ды. Өз үйінің көмбесінен алған ақ та­ры тұқымы Ойылға ауған жұрттың жап­пай қыры­лып қалу­ына жол бер­меді. Сол уақыт өткен­нен кейін Қызыл Ар­ми­яның мұқтаж­дығына жұмсал­ды.

Шығанақ қол­дан жа­салған ашар­шы­лық әбден діңке­лет­кен халқын аман сақтап, мақсат-бағда­рынан айыры­лып, ар­ты­на ер­ген әлсіз жұрты­на күнкөріс көзін аш­ты. Осы тұрғыдан алған­да, елінің көшбас­шы­сы, ұйытқысы бо­ла білді. Бұл ерлігі екпінді бес­жылдықтар тізбесіне жа­зыл­май қал­ды. Маңдай тер­мен өсірілген ас­тық де­реу май­данға жөнелтілді, еңбегіне ти­есілі қыру­ар қар­жы ар­мияға қару-жа­рақ са­тып алуға жұмсал­ды. Ал, өзі бол­са ұжым­шардағы бал­шықтан соққан қоңыр үйінде, еңбегін міндетсінбей, жер­лестерінен ерек­ше­лен­бей тіршілік кешіп жат­ты.

Әлемдік ре­корд­тың ата­сы өлгенінше Қара­су бойын­дағы қара­ша үйінде тұрды. Одақтағы нөмірі бірінші та­ры өсіруші атағы оны Ста­лин ка­бинетіне дейін алып ба­руға күші жет­кенімен, диқан бол­мы­сын өзгер­те ал­ма­ды. Мүмкіндігі бо­лып тұрғаны­на қара­мас­тан «Құрман» ұжым­ша­рын­дағы ша­ру­ашы­лығын, кет­пенін басқаға айыр­бастаған жоқ. Соғыс­тың соңғы ше­шуші сәттерінде, ал­пыстан асқан диқан сол та­ры егістігінің шетіндегі қара­пайым үйінде сырқат­та­нып қал­ды. Кремль алаңда­ды, бүй­рық берді. Мәске­удеі ат­танды­рылған ар­найы ұшақ «Құрман» ұжым­ша­рына ұшып кел­ген. Акыр 1944 жы­лы пайғам­бар жа­сына же­тер-жет­песте өмірден оз­ды даңқты еңбек ер­лері Ел-жүртын аш­тықтан құтқарған сол кездің ес­керткіші — қас­терлі ақ та­ры тұқымы Ле­нинг­рад мұра­жайын­да сақталған.

Бұл кол­хоздан та­ры өсірудің көпте­ген ше­бері шықты. Бер­си­евшілер — та­ры шығым­ды­лығын арт­ты­руда дүни­ежүзілік ре­корд жа­саған Бер­си­ев Шығанақтың ізін қуушы­лар. Ұлы Отан соғысы ал­дында Ақтөбе об­лы­сын­да бер­си­евшілер қозғалы­сы кең өріс ал­ды. Әрбір ша­ру­ашы­лықта бер­си­евші зве­но, бри­гада құрыл­ды. Мұны бас­та­ушы­лар: Ойыл ауда­нын­да Зәуре Бай­мол­ди­на, Ақба­ла Бер­си­ева, Қашқын Соқыров, Та­ган Үзақба­ев, Балмұқан Ақаба­ев, Қоб­да ауда­нын­да аг­ро­ном Ив­ченко, Әзи­ма Бек­те­нова, Ырғыз ауда­нын­да Өксікбай Ашам­ба­ев, Қой­лы­бай Бе­лесов, Мартөк ауда­нын­да аг­ро­ном Не­жен­це­ва бол­ды.