Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Бақтыораз Бейсекбаев (1920 — 1941 жж.)

Бақтыораз Бейсекбаев (1920 — 1941 жж.)

Дүни­еге кел­гені: 1920

Ал­ма­ты об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 1941 ма­усым

Көшен­тоған

Ман­са­бы: ба­тыр

Бақты­ораз Бей­сек­ба­ев (1920 —1941 жж.)Жи­ыр­ма бір жа­сын­да Отан үшін жа­нын қиған жас қаһар­ман Бақты­ораз Бей­сек­ба­ев­тың есімі ке­шеге дейін естілме­ген еді. Біз мек­тепте оқып жүрген­де соғыс­тың бесінші күні жау танкілерінің легіне үшағын ар­найы бүрып құлаған Гас­телло­ның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік. Жар­ты ғасыр өткен­де жағдай­дың басқаша болғаны­на көзіміз жетіп отыр.

Мазмұны:

  • 1. Гас­телло­ның ерлігі;
  • 2. Биліктін қателігі;
  • 3. Ба­тыр атағы;
  • 4. Бақты­ораз Бей­сек­ба­евқа құрмет.

Гас­телло­ның ерлігі

Оқиғаның жал­пы са­рыны бы­лай: 1941 жыл­дың 26 ма­усы­мын­да Смо­ленск маңын­дағы Бо­ровс­кое аэрод­ро­мынан 42-ші алыс­тан бом­ба­ла­ушы әуе ди­визи­ясы­ның 207-ші полкінің алғашқы күнгі қиян-кескі үрыс­тан аман қал­ган үшақта­рының бөрі қай­та­дан ас­панға көтеріледі. Бүл үшу­дың ба­рысын­да Минскіден ба­тысқа қарай 40 шақырым жер­дегі Ра­дош­ко­вичи по­сел­кесінің ай­мағын­да немістің танк ко­лон­на­сын аяусыз бом­ба­лау жүкте­леді. Көктегі гүріл мен жер­дегі дүрілден қүлақ түнған шақта екі топқа бөлінген үшақтар­ды ка­питан Алек­сандр Спри­доно­вич Мас­лов пен Ни­колай Фран­це­вич Гас­телло ко­ман­дир болған эки­паж­да­ры бас­та­ды. Жа­удың танк ко­лон­на­лары­на шүйілген үшақтар то­бының ал­дыңғы қата­рын­да Мас­ловтың эки­пажы бар еді. Жер­де қоңыз­дай жорғалаған қүрыш са­уыт­ты танкілер­ге олар ой­дағыдай ой­ран са­лып қай­та бер­генде жау жақтан атылған оқ ал­дыңғы екі эки­паж­ды да отқа ора­ды. Штур­ва­лына зақым келді ме, не­месе басқадай бір се­беп бол­ды ма — Гас­телло­ның үшағы әлдеқай­да алысқа құлаған. Әй­теуір бір өлім ба­рын тез үққан Мас­ловтың эки­пажы үшақты ту­ра танкілердің ко­лон­на­сына бүрған. ішінде атқыш Бақты­ораз бар эки­паж түгел­дей опат бол­са да, бүрын-соңды қүлақ естіп, көз көрме­ген ерлік жа­саған еді.

Биліктін қателігі

Бүл оқиғаны көрген басқа ұшақтар­дағы эки­паж мүше­лері танк­тердің үстіне түсіп өртен­ген эки­паж Гас­телло­ныкі шығар деп топ­шы­лаған. Аға лей­те­нант Во­робьев пен лей­те­нант Ры­бас­тың сырт­тай бол­жа­уымен Мас­ловтың эки­пажы ба­тыр­лар — ел қорғаны еле­усіз калған да, Гас­телло­ның даңқы дүние жүзіне та­рап кетті. Та­рамаған­да қай­тсін, Ұлы Отан соғысын­дағы ең алғашқы Ба­тыр! Ара­да он жыл өтеді. 1951 жы­лы 12 ма­мыр­да Бе­лорус­сия мем­ле­кеттік әске­ри мүра­жайының ди­рек­то­ры Шуч­кий Мо­лодеч­ненс­кий об­лыстық атқару ко­митеті төрағасы­ның аты­на «құпия» де­ген белгімен хат жа­зып, Ро­дош­ко­вичи по­сел­кесінің маңына құлаған Гас­телло басқарған ұшақ эки­пажы­ның мүше­лерін ор­та­лық зи­ратқа әкеліп қай­та жер­леу жөнінде ұсы­ныс жа­сай­ды. Ди­рек­тордың ойын­да иман­ды­лықтан өзге еш­теңе жоқ,

Ұлы Отан соғысы­ның алғашқы күндері қаһар­мандықпен қаза болған ер­лерге жаңа ес­керткіш ор­на­ту ғана пиғылы бар еді. Мек­теп оқушы­лары, әске­ри адам­дар, зи­ялы қауым қатысқан осы­нау жи­ын­ның көзінше Гас­телло­ның қабірі қазы­лады. Қабір ішінен Гас­телло­ның емес, Мас­ловтың мәйіті шыққан­да таңғал­маған адам бол­май­ды. Қап-қара боп күй­ген қаңқа сүйек­те қол мен аяқ жоқ еді. Есесіне жанған мөйіт бойынан көзөй­нек, пәтердің кілті, Мас­ловқа ти­есілі тағы басқа зат­тар та­была­ды. Қабірі ішінен бір ме­дальон көзге түседі. Ол аз­дай Мас­лов эки­пажы­ның атқьші-ра­дисі, аға сер­жант Г. И. Ре­утов­тың қүжат­та­ры са­лынған же­ке фут­ляр да бүзыл­май сақталған екен. Ес­терінен та­на жаз­даған жұрт, іштерінде бас­шы қыз­меткер­лер де бар, бүл шын­дықты ай­тып, рес­ми орын­дарға қаты­нас қағаз жа­за бас­тай­ды.

Бірақ олар Жоғарғы Кеңестің Жар­лығымен шыққан Указ­ды бұзу­га бол­май­ты­нын ес­керме­се ке­рек. СОКП Ор­та­лық Ко­митеті мен КСРО Қорғаныс ми­нистрлігіндегілер бұл шын­дықты білсе де, кеңес өкіметінің тас­тай қатқан иде­оло­ги­ясы­на зақым кел­меу үшін «жа­булы қазан­ды жа­булы» күйінде қал­дырған. Де­ген­мен, пласт­мас­са фут­лярдағы қүжат­та көрсетілген И. Ре­утов­тың 1918 жы­лы Чка­лов об­лы­сын­дағы Ку­лаги­но де­рев­ня­сын­да туғаны, 42-ші әуе ди­визи­ясы­ның 207-ші полкінің атқыш-ра­дисі қыз­метінде болғаны және Кеңес Ар­ми­ясы­ның есеп­ке тіркеу мәліметі бойын­ша «1941 жылғы 26 ма­усым­да ха­бар-ошар­сыз кет­кені» то­лық анықталған еді. Осы де­рек басқа да ақиқат­тың бетін аш­ты: бүл эки­паж­да оны­мен бірге ка­питан Мас­лов (Мәскеу об­лы­сы, Ко­ломенск ауда­нының түрғыны) лей­те­нант Ба­лашов (Горь­кий қала­сының түрғыны) және кіші сер­жант Бей­сек­ба­ев Бах­ту­рас (Ал­ма­ты об­лы­сы, Ӏле ауда­нының түрғыны) — бәрі бір сап­та бо­лып, 1941 жы­лы 26 ма­усым­да ДБ-ЗФ бом­ба­ла­ушы үшағымен әске­ри тап­сырма­ны орын­да­удан полкқа қай­та орал­маған. Бүл ақиқат­ты мойын­да­ту үшін та­лай адам­дар тер төкті. Мас­ловтың жесірі Софья Евг­ра­фонов­наға күтпе­ген жер­ден мы­надай хат келді: «1941-жы­лы 26 ма­усым­да ерлікпен қаза тапқан эки­паж қал­дығы та­был­ды.

Олар­дың ара­сын­да Алек­сандр Спри­доно­вич Мас­лов та бар… Ержүрек эки­паж қал­дықта­ры Ра­дош­ко­вичи ор­та­лығына ауыс­ты­рылып, көмілді». Күйеуі Отан соғысы­ның қүрба­ны болғаны анықта­лып, өзі де, қызы да мем­ле­кет­тен жөрдем ала бас­тағаны­на қара­мас­тан, еле­усіз қалған ерінің на­мысы үшін С. Е. Мас­ло­ва ашық айқасқа шығады. Бүл күрес­ке 30 жыл өмірін ар­наған про­куро­тура тер­ге­ушісі Ва­силий Ха­рито­нов де­ген аза­мат өзі дүни­еден өтерінде Жу­ковс­кий атын­дағы әске­ри ака­деми­яны тәмам­даған ұлы Эду­ардқа осы істі аяғына дейін жеткізуді ама­нат етіп тап­сы­рады. Әске­ри шені майор, ма­ман­дығы ин­же­нер Эду­ард Ха­рито­нов, қүдай сәтін салған­да, 1991 жы­лы Ко­лом­на қала­лық кеңесінің де­пута­ты, КСРО ха­лық де­пута­ты, Қауіпсіздік жөніндегі ко­митеттің төрағасы Вла­димир Яков­ле­вич Стад­никке көмекші бо­лып тағайын­да­лады. Бұл кез­де де С. Е. Мас­ло­ва да, өз әкесі В. Ха­рито­нов та шын­дықтың түбіне же­те ал­май, дүни­еден ар­манда кет­кен еді. Бірақ Эду­ард Ха­рито­нов ер жігіт екенін та­ныту­дан тан­ба­ды.

Мас­лов эки­пажы­ның мүше­лері ту­ралы туған жер­лерінен де­рек жи­нады. Әске­ри әуе атқышы Бах­ту­рас Бей­сек­ба­ев­тың (Ре­сей­дегі қүжат­та со­лай делінген) — үлты қазақ, туған жері Ал­ма­ты об­лы­сы, Ӏле ауда­ны екені ес­керіліп, Қазақстан Пре­зидентіне де ар­найы хат жол­дай­ды… Э. Ха­рито­нов өз жаз­ба­сын­да мы­надай жай­ды ес­ке ала­ды: «Ре­сей Мем­ле­кеттік Ду­масын­да бір ко­митет төрағасы­ның ре­ференті Гу­щин­ге кез­дестім. Мен­де Ель­циннің аты­на жа­зылған 4 беттік хат бар бо­латын. Он­да Мас­ловтың ор­ны­на Гас­телло ба­тыр атағын алған делініп жа­зылған еді. Гу­щин: „Сіз өзіңіз не жазған­сыз?.. Егер хат­ты Ду­ма төрағасы Иван Пет­ро­вич Рыб­кин арқылы тап­сы­ратын бол­сақ, орын­ды“ де­ген сөзді, сон­дай- ақ үшқыш­тар ара­сын­да басқа да қар­сы пікір туғыза­тын сөздерді алып тас­таңыз. Рыб­кинге төрт бет­тен ас­пай­тын, ал Рыб­киннің аты­нан Ель­цин­ге бәрін бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу қажет» деді. Мен бүған келістім. Ель­циннің аты­на: «Бір күнде, бір ұрыс кезінде сәл ғана ер­те­рек Мас­ловтың эки­пажы Гас­телло­ның жа­саған ерлігіндей өзінің отқа жанған үшағын немістің зе­ниттік ар­тилле­ри­ясы­на қарай бағыт­тап, осы­лай­ша от­ты та­ран жа­сады» деп, түжы­рым­дап қана хат жаз­дым".

Ба­тыр атағы

Ерлік жа­салған күннен 55 жыл өткен­нен кейін Ре­сей фе­дера­ци­ясы Пре­зидентінің пәрменімен Мас­лов эки­пажы­ның мүше­леріне Ре­сейдің Ба­тыры атағы берілді! Белгілі қалам­гер, Қазақстан пар­ла­менті Мәжілісінің де­пута­ты Арғын­бай Бек­бо­сын Пар­ла­мент­те болған кез­де­суде бүл жай­ды Нур­султан На­зар­ба­евқа қүлаққағыс етеді. Ӏле-ша­ла «Еге­мен Қазақстан» га­зетіне оның «Ре­сей ба­тыры — Бақту­рас Бе­сек­ба­ев» де­ген тақырып­пен жа­ри­яланған шағын мақала­сы та­лай адамға ой сал­ды. Бұл — ба­лалық шағы соғыс жыл­да­рына дөп кел­ген, Гас­телло атын жат­тап өскен Арғын­бай үшін де асқан жаңалық еді. Қазақстан­ның Ре­сей­дегі төтен­ше және өкілетті елшісі Тайыр Мансүров­тың белгісіз ба­тыр ту­ралы тиісті орын­дармен ха­бар­ла­сып, аты- жөнін, туған жерін анықтауға ат­са­лысқанын ай­та ке­ту ке­рек. Қазақстан Ха­лықта­ры Ас­самб­ле­ясы­ның хат­шы­лығы,

Рес­публи­калық Ар­да­гер­лер кеңесі бүл жа­уын­герге «Ха­лық қаһар­ма­ны» атағын бе­руге үсы­ныс жа­сай­ды. Көп үза­май беймәлім ба­тыр­дың бүрма­ланған есімі «Бақты­ораз Бей­сек­ба­ев» екені анықтал­ды. Осы ақиқат негізінде Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зиденті Нур­султан На­зар­ба­ев­тың 1998 жы­лы 6 ма­мыр­дағы Жар­лығымен Бақты­ораз Бей­сек­ба­евқа «Ха­лық қаһар­ма­ны» атағы берілді. Екі ел­ге ор­тақ қаһар­манның туған жерін анықтап, ту­ыс­та­рын та­бу жөнінде «Атамұра» кор­по­раци­ясы ар­на­улы экс­пе­диция үйым­дасты­рып, оған қар­жы бөліп, үлкен адам­гершілік іс істеді. Кор­по­рация пре­зиденті Мүхтар Қүлмүхам­мед, «Еге­мен Қазақстан» га­зетінің жа­уап­ты қыз­меткері Мей­рам­бек Төлеп­берген тал­май ізде­ну арқасын­да бар­лық шын­дықтың бетін аш­ты. Өй­ткені о бас­та ба­тыр Ӏле ауда­нын­да туған деп, жаңсақ көрсетілген ғой. Шын­дығын­да, ол ашар­шы­лық кезінде Ӏле көпірі деп ата­латын жер­дегі жетімха­нада болғаны рас. Бірақ өзінің шын ту­ып өскен жері — Ал­ма­ты об­лы­сы, Балқаш ауда­нының қазіргі «Жи­делі» деп ата­латын ауыл­да. Ту­ыс­та­ры да қазір сол маңай­да тұра­ды.

Бақты­ораз Бей­сек­ба­евқа құрмет

Жар­ты ғасыр өткен­нен кейін аты-жөні анықталған, адам таңғалар­лықерлігі айқын­далған ағамызға «Атамұра» кор­по­раци­ясы ас беріп, рес­публи­калық ақын­дар ай­ты­сын өткізді. Ас­та­нада көше аты берілді. Жур­на­лист Мей­рам­бек Төлеп­берген ба­тыр өмірін жан-жақты зерт­теп, шағын кітап жаз­ды. Балқаш ауда­нының Әмір Құлма­ханов бас­таған еңбек­керлері Бақты­оразға Бақанас­тан үлкен ес­керткіш ор­на­тып, ор­та мек­тепке атын берді. Маған жақын ағайын бо­лып ке­летін, мен ту­ып-өскен то­пырақтың түлегі Бақты­ораз Бей­сек­ба­ев­тың даңқы ұрпақтан ұрпаққа же­те бер­мек. Ол жа­саған ерлік қазіргі, кейінгі жас­тарга мәңгі-бақи жа­рық жүлдыз­дай жарқырап көрініп түра­ды!