Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (1922 ж.)

Бигельдинов Талгат (1922)

Дүни­еге кел­гені: 1922 та­мыз

Ақмо­ла об­лы­сы, Ақмо­ла ауда­ны, Май­ба­лық ауылы

Ман­са­бы: ұшқыш

Талғат Жақып­бекұлы Би­гел­ди­нов — Ави­ация ге­нерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте ба­тыры, «Ба­рыс» ор­денінің иегері. 1922 жы­лы 5-та­мыз­да Са­ры­арқаның кең-бай­тақ да­ласын­да, Ақмо­ла об­лы­сының өзен-көлі та­сыған, емдік суы атқылаған Май­ба­лық ауылын­да туған.

Өмірба­яны

Ұшқыш бол­сам де­ген өрекпіген көңілмен Бішкек­тегі ДО­СА­АФ ави­амек­тебіне түсіп, «У-2» де­ген ұшақпен ұшу­ды үй­рендім" дейді аты аңызға ай­налған ба­тыр. Аэрок­лубта та­маша тәжіри­беден өтіп, ұстаз­да­рының оң көзіне түскен та­лап­ты жігіт Талғат­ты 1940 жы­лы Са­ратов әске­ри-ави­ация мек­тебіне оқуға жібе­реді. Он­дағы қатаң сұрып­та­удан жа­нары­ның оты бар жігіт аман-есен өтеді. Са­ратов­тағы ұшқыш­тар мек­тебін екі жыл оқып, сер­жант шенімен бітірген соң, Чка­лов­тағы бом­ба­ла­ушы ұшқыш­тар мек­тебін аяқтай­ды.

Ал қан май­данға ат­та­нар ал­дында Ижевск қала­сынан «ИЛ-2» штур­мо­вигімен ұшу­ды үй­реніп шығады. Сол күннен бас­тап әске­рилер ара­сын­да «ұшқыш танк» деп ата­лып кет­кен «Илю­шаға» ба­сы бүтін ба­уыр ба­сып, 1942 жы­лы май­данға ат­та­нады. Осы өзі бір көрген­нен қат­ты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат бо­лады. 305 рет әске­ри ша­бу­ылға шығып, жау ұясы – Бер­линді алуға бірінші бо­лып қаты­сады. Фа­шис­тер өздеріне аяусыз өлім оғын сеп­кен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жа­сын­да Кеңес Одағының екі мәрте ба­тыры атағын иеленіп, соғыс­та небір көзсіз ерлік көрсет­кен қыран қазақ қан май­дан­нан аман-есен оралған соң, әске­ри әуе ака­деми­ясын аяқтай­ды. Қазақстан­ның әске­ри-әуе күштерінде түрлі басқару қыз­метінде бо­лады. 1956 жы­лы ден­са­улығына бай­ла­ныс­ты де­малысқа шығады.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте де­пута­ты бо­лып сай­ла­нады. 1957 жыл­дан 1970 жылға дейін аза­мат­тық ави­ацияны басқарып, Ал­ма­ты, Ақмо­ла, Арқалық, Қызы­лор­да, Қараған­ды, Та­раз сын­ды көпте­ген қала­лар­да аэро­порт са­лу ісіне өлше­усіз үлес қоса­ды. 1968 жы­лы Мәскеу ин­же­нерлік-құры­лыс инс­ти­тутын бітіріп, мем­ле­кеттік құры­лыс са­ласын­да да қыз­мет атқарып, әсіре­се, Ал­ма­тыдағы небір та­маша зәулім ғима­рат­тардың бой көте­руіне ат­са­лыса­ды. Бүгінде 86 жасқа аяқ бас­са да ден­са­улығы мықты, тың Талғат ағамыз та­биғат аясын­да жиі болған­ды ұна­тады. Бал ара­сын, бау-бақша өсіру­мен ай­на­лыса­ды, қоғам­дық жұмыс­тан да қол үзген емес.