Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (1922 — 2008 жж.)

Доспанова Хиуаз (1922 — 2008)

Дүни­еге кел­гені: 1922 ма­мыр

Бөкей гөбер­несі Га­нюш­ки­но се­лосы, Аты­рау об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 2008 ма­мыр

Ал­ма­ты

Ман­са­бы: ұшқыш

Хи­уаз Қайырқызы Дос­па­нова (1922—2008) — Ха­лық Қаһар­ма­ны.

1922 ж. ма­мыр­дың 15 Бөкей гөбер­несі Га­нюш­ки­но се­лосын­да (қазір Аты­рау об­лы­сы) дүни­еге кел­ген. Әке­сi — Қайыр ба­лықшы, ана­сы — Ме­ру­ерт мұғалiм бо­лып еңбек ет­кен.

Ұшқыш­тық өмір жо­лын Орал­дың аэрок­лу­бын­да бас­тап, кейін әйгілі ұшқыш Ма­рина Рас­ко­ва басқарған 46-гвар­ди­ялық полкінің құра­мын­да 300-ден ас­там әуе шайқас­та­рына қатысқан Хи­уаз Дос­па­нова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанат­ты қыз» атанған еді.

Соғыс­тан кейін ла­уазым­ды қыз­меттер атқарған Х. Дос­па­новаға Ел­ба­сының Жар­лығымен Ха­лық қаһар­ма­ны атағы берілген бо­латын.

2008 ж. ма­мыр­дың 21 Ал­ма­ты қала­сын­да 86 жа­сын­да дүни­еден оз­ды.

Тағы қараңыз

Хи­уаз Дос­па­нова атын­дағы мұз ай­ды­ны.

Ұшқыш­тық өмір жо­лын Орал­дың аэрок­лу­бын­да бас­тап, кейін әйгілі ұшқыш Ма­рина Рас­ко­ва басқарған 46-гвар­ди­ялық полкінің құра­мын­да 300-ден ас­там әуе шайқас­та­рына қатысқан Хи­уаз Дос­па­нова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанат­ты қыз» атанған еді.

Әлия, Мәншүк, Хи­уаз… Сұра­пыл соғыс жыл­да­ры етік ки­ген ер аза­мат­тарға бергісіз ерлікке барған осын­дай қаракөз қазақ қыз­да­рының ба­тыл­дығын, ба­тыр­лығын әсіре­леп, әспет­те­удің қажеті де жоқ шығар… Олар­дың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО ха­лықта­ры да жақсы біледі.

Хи­уаз Аст­ра­хань­дағы ба­лық кәсіпшілігімен ай­на­лысқан жұмыс­шы от­ба­сынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәме­това­мен бір көше­де тұрып, көрші болғаны­ның өзі өмірінің ес­тен кет­пес бір сәті іспет­тес. Есімдері та­рих­та мәңгі қала­тын бір көшенің ба­тыр қыз­да­рының мінез­дерінде де ұқсас­тық бар ма деп қал­дық. Алғыр­лық, қай­сар­лық, адал­дық. Міне, екеуіне ор­тақ қаси­ет. Мек­теп қабырғасын үздік бағамен тәмам­даған тал­дырмаш жас қыз ұшқыш бо­луды ар­мандай­ды. Алға қойған мақса­тын қай­тсе де орын­дауға дағды­ланған ол, соғыс бас­талған жыл­да­ры Моск­ва­дағы Жу­ковс­кий атын­дағы әске­ри-әуе Ака­деми­ясы­на қабыл­данбай қал­са да, ме­дици­на инс­ти­туты­нан алған білімімен тыл­да еңбек етіп, кейін ұшқыш­тар дайын­дай­тын учи­лище­ге түседі. Өрімдей жас қыз­дың қай­сар­лығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Ма­рина Рас­ко­ва сол кез­де-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең та­раған ұшқыш әйел­дер Гри­зобу­дова, Оси­пен­ко, Рас­ко­валарға елікте­ген Хи­уаз Дос­па­нова үмітті ақтай­ды. «Ара­да ши­рек ғасыр­дан ас­там уақыт өтсе де, алғашқы әске­ри опе­рацияға барғаным көз ал­дымда ке­ше ғана болған­дай сай­рап тұр» дейді Хи­уаз апай…. Да­ланы түн қараңғылығы жай­лаған кез. Ал­ды­мен жа­рық бергіш бом­ба тас­тапты. Се­бебі жау әскері мен тех­ни­касы­ның қай жер­де ор­на­ласқанын анықтап алу қажет болған.

Сол сәт төңірек жап-жа­рық бо­лып ке­теді. Зве­но ко­ман­дирі Е. Пес­ко­ва мен Х. Дос­па­нова бұй­рық түсісімен жа­удың атыс ұясын бом­ба­лай бас­тай­ды. Қашан­да сақ оты­ратын жау әскері ес­терін жи­нап та үлгер­мепті. Не­ше мәрте бом­ба­лап, да­ланың ас­таң-кес­теңі шығып жатқан­да ұшқыш қыз­дар аққан жұлдыз­дай көзден ғайып бо­лады. Алғашқы әске­ри тап­сырма­ны осы­лай сәтті орын­даған қос қыз жан-жақтан қаума­лап алған май­дан­даста­рының қоше­метіне емес, өздерінің осын­дай маңыз­ды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанған-ды. Жа­сыра­тыны жоқ, Хи­уаз апай соғыс жыл­да­ры тірі қалғаны­на қай­ран қала­тынға ұқсай­ды. Ол кісінің олай дейтін жөні бар. Оғы тек жер­де ғана емес, көкте де күні-түні атқылаған жа­умен ас­пандағы шайқас­та 300 рет бо­лып қайтқан Хи­уаз апай ұшақтан 14 рет құлап­ты. Төрт мәрте ауыр жа­рақат алып, есін жи­ысы­мен ұрыс да­ласы­на қай­та ора­лып отырған. Ай­та бер­се, ол кісінің май­дан­дағы ерлігі бір мақалаға сый­май­ды да.

Бір білетініміз, ол жа­умен шайқас­та асқан ерлік көрсе­те білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры Ма­рина Рас­ко­ва басқарған 46-гвар­ди­ялық түнгі бом­ба­ла­ушы – ұшқыш­тар полкінде штур­ман қыз­метін атқарған. Май­дан­дағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәре­желі «Отан соғысы» ор­дендерімен және көпте­ген ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ор­дені соғыс­тан кейінгі жыл­дардағы еле­улі еңбегінің жемісі. Бейбіт өмірде көрсет­кен еңбегіне де қысқаша тоқта­ла кет­сек, ар­тық ет­пес. Хи­уаз Дос­па­нова «Абай» опе­расы мен «Шоқан Уәли­ханов» дра­масын сах­на­лауға, «Ме­деу» спорт ке­шенін са­луға және көпте­ген та­рихи маңызы бар еңселі ғима­рат­тардың құры­лысы­на ер аза­мат­тармен иық тірестіре жүріп ара­ласып, көпте­ген игі жұмыс­тардың ор­та­сынан та­был­ды. Мұның бәрі апа­мыз­дың өзі айтқан­дай «әре­кетсіз оты­ра ал­май­тын­дығының» белгісі. Соғыс­тан кейін ла­уазым­ды қыз­меттер атқарған Х. Дос­па­новаға Ел­ба­сының Жар­лығымен Ха­лық қаһар­ма­ны атағы берілген бо­латын.

Ба­ла сүйіп, сүйікті әже ата­нып отырған Хи­уаз апай Соғыс­ты Бер­лин түбінде аяқтаған ол Жеңіс күнін Моск­ва­ның Қызыл Алаңын­да той­лаған­ды ар­мандаған екен. Ол ар­ма­нына да же­теді. Енді міне, ара­да 63 жыл өтті. Белгілісі бар, белгісізі бар, Ұлы Отан соғысы­ның кез кел­ген қаһар­ма­нының ерлігі мен бей­несі та­рих бет­терінде мәңгі сақта­лып, ұрпақ ал­дында қашан­да асқақ көрінетініне кәміл се­нуге бо­лады. 2008 ж. ма­мыр­дың 21 Ал­ма­ты қала­сын­да 86 жа­сын­да дүни­еден оз­ды.

ТІРІ ҚАЛҒАНЫ­МА ТАҢҒАЛА­МЫН" ДЕЙДІ АС­ПАННАН 14 РЕТ ҚҰЛАҒАН «ХА­ЛЫҚ ҚАҺАР­МА­НЫ» ХИ­УАЗ АПА