Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Мәлік Ғабдуллин (1915 — 1973 жж.)

Габдуллин Малик

Дүни­еге кел­гені: 1915 ж. қара­шаның 15

Ақмо­ла об­лы­сы Зе­ренді ауда­ны Қой­салған ауылы

Қай­тыс болғаны: 1973 ж. қаңтар­дың 2 (57 жас­та)

Ал­ма­ты қала­сы

Мәлік Ғаб­дуллин (15.11.1915, Көкше­тау об­лы­сы, Зе­ренді ауда­ны, —2.01.1973, Ал­ма­ты) — қазақ жа­зушы­сы, әде­би­ет зерт­те­уші, қоғам қай­рат­кері, фи­лоло­гия ғылым­да­рының док­то­ры (1959), про­фес­сор (1959), КСРО Пе­даго­гика ҒА-ның ака­демигі (1959), Кеңес Одағының Ба­тыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қай­рат­кері (1961). Ке­дей ша­руа от­ба­сын­да туған. М. Ғаб­дуллин 1935 жы­лы Қазақтың Абай атын­дағы мем­ле­кеттік пе­даго­гика­лық инс­ти­тутын бітірген. 1936 ж. әскер қата­рына ба­рып, әске­ри бо­рышын өтеп қайтқан­нан кейін осы инс­ти­тут­тың ас­пи­ран­ту­расын­да оқыды.

Мазмұны:

  1. Қыз­мет бас­та­масы;
  2. Әде­би­ет­ке қосқан үлесі;
  3. Қыз­меттері;
  4. Шығар­ма­лары.

Қыз­мет бас­та­масы

М. Ғаб­дуллиннің ғылы­ми-твор­чест­во­лық жұмы­сы 1938 жы­лы КСРО ҒА-ның Қазақстан­дағы фи­ли­алын­да кіші ғылы­ми қыз­меткерліктен бас­талды. 1941- 1946 жыл­да­ры Кеңес әскерінің ге­нерал И. Пан­фи­лов бас­таған даңқты 8-гвар­дия ди­визи­ясы са­пын­да бо­лып, Ұлы Отан соғысы­на қатыс­ты. Ғаб­дуллиннің Ұлы Отан соғысын­дағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жа­зушы Б. По­левой­дың «Прав­да­да» жа­ри­яланған «Эпос­тың ту­уы» ат­ты очеркінде ба­ян­далды. Көпте­ген қазақ ақын­да­ры Ғаб­дуллин­ге ар­нап, өлең-жыр­лар шығар­ды. Соғыс аяқта­лып, ар­ми­ядан қайтқан­нан кейін Ғаб­дуллин рес­публи­каның ғылы­ми-пе­даго­гика­лық ме­кеме­лерінде қыз­мет атқар­ды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әде­би­ет инс­ти­туты­ның ди­рек­то­ры (1946–51), Қазақтың Абай атын­дағы мем­ле­кеттік пе­даго­гика­лық инс­ти­туты­ның рек­то­ры (1951–63) бол­ды. 1963–1973 жыл­да­ры Қазақ КСР ҒА-ның М. О. Әуезов атын­дағы Әде­би­ет және өнер инс­ти­туты фоль­клор бөлімінің меңге­рушісі бол­ды.

Әде­би­ет­ке қосқан үлесі

М. Ғаб­дуллин ғылы­ми-зерт­теу са­ласын­да көп еңбек етті. «Қазақ халқының ауыз әде­би­еті» (1958, 1964) ат­ты күрделі мо­ног­ра­фи­ялық еңбегінде Ғаб­дуллин ауыз әде­би­етін зерт­те­удің ғылы­ми-ме­тодо­логи­ялық негіздерін айқын­дап, қазақ ауыз әде­би­етіндегі ба­тыр­лар жы­ры, ли­ро-эпос­тық дас­тандар, ай­тыс өлеңдері, мақал-мәтел­дер, жұмбақтар, ер­тегілер ту­ралы жан-жақты те­рең ғылы­ми тал­да­улар жа­сады, олар­дың ғылым­дық, тәлім-тәрби­елік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орын­да­рына ар­налған оқулық ретінде бірне­ше рет қай­та ба­сылып шықты. Ол 8-сы­ныпқа ар­налған «Қазақ әде­би­еті» оқулығын (1952–1957) жаз­ды. М. Ғаб­дуллиннің көркем шығар­ма­дағы тыр­нақ ал­ды ту­ын­ды­лары ди­визи­ялық, май­дан­дық га­зет­терде жа­рық көрді. Шығар­ма­лары же­ке жи­нақ бо­лып, соғыс­тан кейін жа­ри­ялан­ды. «Менің май­дан­дас дос­та­рым» (1947), «Ал­тын жұлдыз» (1948), «Май­дан очерк­тері» (1949), «Сұра­пыл жыл­дар» (1971) ат­ты кітап­та­рына ен­ген әңгіме, очерк­терінде М. Ғаб­дуллин май­дан өмірін су­рет­теп, жа­уын­гер тұлғасын, кеңес өкіметінің адам­да­рының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһар­мандық бей­несін су­рет­теді. Пе­дагог-жа­зушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрби­есіне де ерек­ше көңіл бөлді. «Ата-ана­ларға тәрбие ту­ралы кеңес» (1966) де­ген кіта­бын­да М. Ғаб­дуллин бесік жы­рынан бас­тап, ба­тыр­лар жы­рына дейінгі ха­лық по­эзиясы­ның тәрби­елік мәнін ашып, оны іс жүзінде пай­да­лану­дың тәсілдерін көрсе­теді. Со­нымен бірге ба­лалар­ды пат­ри­отизм­ге, шын­шылдыққа тәрби­елеу, олар­дың бо­лашаққа сенімін арт­ты­ру, жас ба­ланы дұрыс сөй­ле­уге үй­ре­ту жөнінде ата-ана­ларға пе­дагог­тық кеңес бе­реді.

Қыз­меттері

М. Ғаб­дуллин ӀӀ-ӀV сай­ланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің пар­ла­менттік то­бының құра­мын­да Фин­лянди­яда (1953), Бель­ги­яда (1957), Югос­ла­ви­яда (1957) бол­ды. Ғаб­дуллин еңбекшілер де­путат­та­рының Ал­ма­ты об­лыстық, қала­лық Кеңес­терінің де­путат­тығына, Қазақстан КП Ал­ма­ты об­лыстық, қала­лық, Фрун­зе аудан­дық ко­митет­терінің мүшелігіне бірне­ше рет сай­лан­ды. Ле­нин ор­дені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз, Ұлы Отан соғысы ор­дендерімен наг­радталған. «Қазақ халқының ба­тыр­лар жы­ры» кіта­бы ав­торла­рының бірі.

Шығар­ма­лары:

  • Менің май­дан­дас дос­та­рым, А., 1947;
  • Ал­тын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерк­тері, А., 1949;
  • Проб­ле­ма на­род­ности қазахс­ко­го ге­ро­ичес­ко­го эпо­са, А., 1953;
  • Қазақ халқының ауыз әде­би­еті, А., 1958;
  • Май­дан очерк­тері, А., 1959;
  • Ел на­мысы — ер на­мысы, А., 1966;
  • Ата-ана­ларға тәрбие ту­ралы кеңес, А., 1966;
  • Сұра­пыл жыл­дар. А., 1972;
  • Қазақ эпо­сы, А., 1971;
  • Менің май­дан­дас дос­та­рым, А., 1985.