Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Қасым Қайсенов (1918 — 2006 жж.)

Кайсенов Касым (1918–2006)

Дүни­еге кел­гені 1918 ж. сәуірдің 23 (1918—04—23) (93 жыл)

Шығыс Қазақстан об­лы­сының Ұлан ауда­ны

Қасым Қай­се­нов — Қазақстан­ның Ха­лық Қаһар­ма­ны, Ха­лықара­лық Фа­де­ев атын­дағы сый­лықтың ла­уреаты, көрнекті жа­зушы, Ұлы Отан соғысы­ның ержүрек ба­тыры, әйгілі пар­ти­зан, көзі тірісінде аты аңызға ай­налған халқымыз­дың қай­та­лан­бас бірту­ар даңқты пер­зенті.

Мазмұны:

  1. Өмірба­яны;
  2. Шығар­ма­шылығы;
  3. Ма­рапат­та­ры.

Өмірба­яны

1918 жы­лы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан об­лы­сының Ұлан ауда­нын­да дүни­еге кел­ген. Ол 2006 жы­лы 30 жел­тоқсан күні 89 жасқа қараған шағын­да ауыр науқас­тан дүние сал­ды.

1934 жы­лы мек­теп бітірген­нен кейін Өске­мен қала­сын­дағы са­яси-ағар­ту тех­ни­кумы­на түсіп, 1938 жы­лы оны бітірген соң Пав­ло­дар об­лыстық оқу бөлімінің са­яси-ағар­ту жөніндегі нұсқаушы­сы бо­лып қыз­мет атқарып жүрген­де әскер қата­рына шақыры­лып, әске­ри-бар­лау мек­тебіне жіберіледі.

1941 жы­лы қара­ша айын­да осы мек­тепті бітірген бой­да, Оңтүстік-Ба­тыс май­да­нының шта­бына жөнелтіліп, сол жер­ден ар­найы тап­сырма алып, Ук­ра­ина­ның басқын­шы­лар қолын­да қалған жерінде пар­ти­зан от­ря­дын құру үшін жау ты­лына түсіріледі. Ол жер­де Қай­се­нов Ча­па­ев атын­дағы пар­ти­зан құра­масы­ның үшінші от­ря­дын басқара­ды. Одан кейінгі кез­дерде, 1944 жыл­дың аяғына дейін Мол­да­вия, Че­хос­ло­вакия, Ру­мыния жеріндегі пар­ти­зан қозғалыс­та­рына қаты­сады.

От­ряд ко­ман­дирі бо­лып жүріп, жау ты­лын­да жүзде­ген жо­рықты ба­сынан өтке­реді. Соғыс аяқталған соң Ота­нына — Қазақстанға ора­лып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Пре­зиди­умы ап­па­ратын­да жа­уап­ты қыз­метте бо­лады.

Жам­был об­лы­сының Жу­алы, Сверд­лов аудан­да­рын­да атқару ко­митет­тері төрағала­рының орын­ба­сары ретінде соғыс­тан кейінгі ауыл ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру науқаны­на бел­се­не ара­ласа­ды.

1951–1954 жыл­да­ры Қазақстан Ком­парти­ясы Ор­та­лық ко­митеті жа­нын­дағы екі жыл­дық пар­тия мек­тебінің аудар­ма­шылар бөлімінде оқиды.

1953–1972 жыл­дар ара­лығын­да «Жа­зушы» бас­па­сы ди­рек­то­рының орын­ба­сары, Қазақстан Жа­зушы­лар одағы көркем әде­би­етті на­сихат­тау бю­росы ди­рек­то­ры, «Қай­нар» бас­па­сы ди­рек­то­рының орын­ба­сары бо­лып қыз­мет істейді.

Шығар­ма­шылығы

Қай­се­нов Ұлы Отан соғысы­ның қиын-қыс­тау ке­зеңін, жа­уын­герлердің жанқияр­лық ерлігін шы­найы су­рет­те­ген, оқушы жұртшы­лыққа кеңінен мәлім көпте­ген шығар­ма­лар­дың ав­то­ры.

1954 жы­лы орыс тілінде «Жас пар­ти­зан­дар» ат­ты алғашқы кіта­бы жа­рық көрді. Одан кейінгі кез­дерде «Иль­ко Вит­ряк», «Пе­ре­яс­лав пар­ти­зан­да­ры», «Ажал аузы­нан», «Жау ты­лын­дағы ба­ла», «Днепр­де», «Жау ты­лын­да», «Пар­ти­зан соқпақта­ры», тағы басқа әңгіме, очерк, по­весть жи­нақта­ры оқыр­ман қолы­на тиді. Бұл шығар­ма­лары орыс, ук­ра­ин, басқа да көпте­ген тілдер­ге ауда­рылған. Кейінгі кез­дері «Елімнің ер­теңіне се­немін», «Ес­теліктер мен жаз­ба­лар», тағы да басқа кітап­та­ры жа­рық көрді.

Ма­рапат­та­ры

Қай­се­нов «Бог­дан Хмель­ниц­кий», «Отан соғысы», «Че­хос­ло­вакия пар­ти­зан­да­ры», Ук­ра­ина­ның «За зас­лу­га» ор­дендерімен, Кеңес­тер Одағының көпте­ген ор­ден, ме­даль­да­рымен ма­рапат­талған. Ол Қазақстан Жа­зушы­лар одағының Ба­уыр­жан Мо­мышұлы атын­дағы әде­би сый­лығының ла­уреаты. Қазақстан­ның ха­лық қаһар­ма­ны.