Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Қошқарбаев Рақымжан (1924 — 1988 жж.)

Кошкарбаев Ракымжан (1924–1988)

Дүни­еге кел­гені: 1924

Ақмо­ла об­лы­сы, Тайтөбе се­лосы

Қай­тыс болғаны: 1988

Көшен­тоған

Ман­са­бы: бар­ла­ушы

Қошқар­ба­ев Рақым­жан (1924 —1988 жж.) – Бер­линдегі Рей­хстагқа жеңіс ту­ын тіккен қазақ аза­маты, Ха­лық Қаһар­ма­ны (1999).

1924 ж. 19 қазан­да Ақмо­ла об­лы­сы Ақмо­ла ауда­нын­да дүни­еге кел­ген.

1942 ж. әскер­ге алы­нып, 1944 ж. Фрун­зе­дегі (Бішкек) жа­яу әскер учи­лищесін бітірген.

1944 ж. қазан айынан бас­тап 1-Бе­лорусь май­да­нын­дағы 150-Ид­рицк атқыш­тар ди­визи­ясы құра­мын­да взвод басқарып, Поль­ша және Гер­ма­ния жер­леріндегі ұрыс­тарға қаты­нас­ты.

Лей­те­нант Қошқар­ба­ев Бер­лин опе­раци­ясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жа­уын­гер Гри­горий Бу­латов екеуі Кеңес әскер­лері ара­сынан Рей­хстагқа ал­ды­мен жетіп, жеңіс ту­ын тікті. Соғыс­тан кейінгі жыл­да­ры Эль­ба бойын­дағы кеңестік ок­ку­паци­ялық әскер бөлімінде қыз­мет атқар­ды.

1947 – 67 ж. Ақмо­ла об­лыстық атқару ко­митетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Ми­нист­рлер Кеңесі жа­нын­дағы қоныс ауда­рушы­лар жөніндегі бас басқар­ма­да инс­пек­тор,

1967 жыл­дан «Ал­ма­ты» қонақ үйінің ди­рек­то­ры бол­ды. Қызыл Ту, 1-дәре­желі Отан соғысы ор­дендерімен, көпте­ген ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

1988 ж. 10 та­мыз­да Ал­ма­ты қала­сын­да қай­тыс бол­ды.

Мазмұны:

  1. То­лығырақ;
  2. Ба­лалық шағы;
  3. Әскер­де;
  4. Май­дан­да.

То­лығырақ

Рақым­жан Қошқар­ба­ев ке­шесіндегі С. Ғыл­ма­ни атын­дағы мешіт.

Рақым­жан Қошқар­ба­ев­тың Ұлы Отан соғысын­да жа­саған ерлігі бар­шаға аян. Ол алғашқылар­дың бірі бо­лып, Бер­линде Рей­хстаг­тың үстіне қызыл ту­ды тікті. Мен бол­сам Рей­хстагқа тігілген қызыл ту жайын­да емес, тіпті соғыс ту­ралы да емес, бар болғаны соғыс­тағы және өмірдегі до­сым ту­ралы, бы­лай­ша айтқан­да қара­пайым, со­нымен қатар ұлы адам ту­ралы кейбір жай­лар­ды ес­ке алғым келіп еді.

Ба­лалық шағы

Рақым­жан Қошқар­ба­ев Ақмо­ла об­лы­сының Ас­та­наға жақын ор­на­ласқан Тайтөбе се­лосы­ның маңын­дағы қыс­тақта дүни­еге келді. Ол ата-ана­сынан ер­те айырыл­ды: 4 жа­сын­да ана­сы дүни­еден өтті, ал әкесі бол­са, жалған са­яси жа­ламен сот­та­лып, ГУ­ЛАГ ла­герь­лерінде бол­ды. Рақым­жан Тайтөбе ба­лалар үйінде тәрби­еленді. 7 жыл­дық мек­тепті бітірген соң, осы ара­дан Балқаш қала­сын­дағы фаб­ри­ка-за­уыт учи­лищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ ту­ралы Қошқар­ба­ев өзі жазған «Штурм» де­ген кіта­бын­да жан-жақты ба­ян­да­ды. Оның ба­лалық ша­гы ту­ысқан­сыз және жа­нашыр­лық білдіретін адам­дарсыз өтті. Оған ана­ның мейірімі мен жы­лы алақанын, әкенің қамқор­лығын сезіну бұйыр­ма­ды. Ол жа­тақха­налар­да тұрды, ас­ха­надан та­мақтан­ды, бір үлгіде тігілген ар­на­улы киіммен жүрді.

Әскер­де

Ол осын­дай алғашқы, жар­ты­лай әске­ри және қатаң шы­нығумен 1942 жы­лы 18 жа­сын­да әскер қата­рына келді. Көкше­та­улық полк­тегі әске­ри қыз­меттің жағдайы аса ауыр бол­ды, қала мүндай ірі әске­ри бөлімді ор­на­лас­ты­руға дайын емес еді, ка­зар­маға, ас­ха­наға, са­бақ өткізу­ге, штабқа және басқа да әске­ри үйым­дар мен әске­ри қыз­меткер­лерге ар­налған үй­лер бол­ма­ды. 1943 жыл­дың жа­зын­да біздің полк­тен офи­церлік учи­лище­де оқытуға сер­жант­тар­дың бір то­бы іріктеліп алын­ды,

Рақым­жан осы топқа ілігіп, Рос­си­яның Там­бов қала­сынан қоныс ауда­рып, Фрун­зе қала­сына ор­на­ласқан офи­церлік учи­лище­ге ке­леді. Рақым­жан учи­лищенің қоғам­дық өміріне бел­се­не ара­лас­ты және пар­тия мүшелігіне кан­ди­дат бо­лып қабыл­данды. Бүл жағдай сал­та­нат­ты түрде өткізілді, оның әске­ри қыз­метке де­ген адал­дығы мен ын­та­лылығы, жақсы әске­ри және де­не шы­нықты­ру да­яр­лығы да атал­ды. Учи­лищені 1944 жыл­дың қазан айын­да тәмам­дап, оған кіші лей­те­нант шені берілді. Р. Қошқар­ба­ев бірінші Бе­ларусь май­да­нының 3-ші пәрменді ар­ми­ясы­на біз 1944 жылғы қара­ша айының ор­та­сын­да келіп жеттік. Ар­мия шта­бы Брест маңын­дағы Сед­ле стан­са­сына ор­на­ласып­ты.

Май­дан­да

Рақым­жанның май­дан­дағы соғыс­тарға қаты­суы мерзімді бас­пасөзде және көркем әде­би­ет­те жан-жақты жа­зыл­ды. Бер­линнің өзінде болған соғыс­тарда ол өзінің взво­дымен ең ал­дыңғы шеп­терде бол­ды, Шпрееғе — соңғы су­лы бөгет­ке және Ко­роль алаңына — «Гит­лердің үйіне» бірінші бо­лып жетті. «Бірінші» дәре­желі Ұлы Отан соғысы ор­денімен ма­рапат­талды. Одер өзенінен өту­дегі қан­ды шайқас­тан кейін оны пар­тия мүшелігіне қабыл­да­ды. Ал пар­тия би­леті аса маңыз­ды бекіністі және са­яси маңыз­ды мақсатқа же­тудің ма­дақтау белгісі ретінде «Гит­лердің үйінде» та­быс етілді. Осын­да «Гит­лердің үйінде» бар­лау взво­дының ко­ман­дирі, лей­те­нант Қошқар­ба­евқа Рей­хстагқа Қызыл ту­ды тігу ту­ралы та­рихи жа­уын­герлік бүй­рық берілді. Жа­ла­уды оған ба­тальон ко­ман­дирі Да­выдов және са­яси же­текші Ва­силь­чен­ко та­быс етті.

«Гит­лер үйі» мен Рей­хстаг­ка дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқжа­уды­рылған ашық алан, үстінде еді. Лей­те­нант Қошқар­ба­ев өзінің сол­датга­рымен бұл қан­ды метр­лерді то­лас­сыз атылған оқтың ас­тында 7 сағат­та, жер­ге жа­быса еңбек­те­умен өтті. Рей­хстагқа ол Гри­горий Бу­латов де­ген сол­датпен бірге жетті және бұй­рықты орын­дап, Рей­хстаг­тың фрон­та­нына ту­ды тікті. Бүл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 ми­нут­та болған еді. Та­рихи ерлік жайын­дағы бүл ха­бар бүкіл әске­ри бөлімдерді шар­ла­ды, бас­пасөзде кеңінен ха­бар­ланды. Бүрынғыдай мүнтаз­дай, де­несі тіп-тік, кел­бетті жігіт қал­пы.

Омы­ра­уын жа­уын­герлік «Қызыл ту», «1 дәре­желі Отан соғысы» ор­дендері, «Бер­линді алғаны үшін», «Вар­ша­ваны азат ет­кені үшін» ме­даль­да­ры ажар­ланды­рып түрды. «Жа­уын­герлік Қызыл Ту» ор­дені Рей­хстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Ха­лық қаһар­ма­ны атағы Р. Қошқар­ба­евқа 2001 жы­лы берілді. Ал Рақым­жан 1988 жы­лы дүни­еден өткен еді. Ба­тыр­дың жұлды­зын тап­сы­ру сәтіне Қошқар­ба­ев­тың жа­ры Ра­хила, қызы Әлия жөне май­дан­дас до­сы Ж. Жа­насов шақырыл­ды. Наг­ра­даны тап­сы­ру кезінде еліміздің Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев Қошқар­ба­ев­тың ба­тыр­лық ерлігіне ба­рын­ша жоғары баға берді, оның тәрби­елік және пат­ри­от­тық мәнін атап ай­тты.