Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова (1924 — 1944 жж.)

Молдагулова Алия Нурмухамедовна (1924–1944)

Дүни­еге кел­гені: 1924 ж. 15 ма­усым

Бұлақ ауылы, Қоб­да ауда­ны, Ақтөбе об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 1944 ж. 14 қаңтар

Ка­зачи­ха де­рев­ня­сы, Но­восо­коль­ни­ки ауда­ны, Псков об­лы­сы

Ман­са­бы: мер­ген

Мазмұны:

  1. Өмірба­ян
  2. Әлия атын­дағы ес­керткіштер
  3. Ә. Мол­дағұло­ва атын­дағы көше­лер
  4. Су­рет­тер
  5. Го­белен­дер

Өмірба­ян

Әлия (шын есімі Ілия, май­дан­дас дос­та­ры «Лия» деп атап­ты) Нұрмұхам­бетқызы Мол­дағұло­ва (1925 ж. 15 ма­усым (кейбір де­рек­терде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе об­лы­сы, Қоб­да ауда­ны, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков об­лы­сының солтүстігіндегі Но­восо­коль­ни­ки, Ка­зачи­ха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Ба­тыры (1944), снай­пер, еф­рей­тор.

1925 ж. 25 қазан­да Ақтөбе об­лы­сы, Қоб­да ауда­нының Бұлақ ауылын­да Сарқұлов Нұрмұхам­мед және Мол­дағұло­ва Мар­жанның от­ба­сын­да дүни­еге кел­ген. Ба­ла кезінде ана­сынан айыры­лып (1933 ж.), кейіннен Ал­ма­тыда ағасы­ның қолын­да тұрған, ал 1935 ж. бас­тап Ле­нинг­рад, Крас­ногвар­дей­ский ауда­ны, Гур­дин көшесіндегі №46-шы ба­лалар үйінде тәрби­елен­ген. Санкт-Пе­тер­бург­тегі 9-ор­та мек­тебінде оқыды. [1] Оқудағы озат­тығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырым­дағы Бүкіло­дақтық пи­онер­лер ла­гері – Ар­текке жіберіледі. Ар­текте ба­тыр­лар тақта­сына Ру­бен Ибар­ру­ри, Ти­мур Фрун­зе сияқты ба­тыр­лармен қатар Әлия Мол­дағұло­ваның да су­реті енгізілген. Соғыс бас­талған соң ба­лалар үйімен бірге Ярос­лав об­лы­сының Вятс­кое се­лосы­на эва­ку­ацияланған. Вятс­кое ор­та мек­тебінен 7-сы­нып­ты бітірісімен Ры­бинск ави­ациялық тех­ни­кумы­на түседі, бірақ көп ұза­май (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмыс­шы-Ша­руа Қызыл Әскері) май­данға жібе­ру ту­ралы өтініш жібе­реді.

1943 ж. Снай­пер­лер дайын­дау ор­та­лық әйел­дер мек­тебін аяқтай­ды. 1943 ж. бас­тап 54-ші ар­найы атқыш­тар бри­гада­сы 4-ба­тальоны­ның снай­пері болған (22-ші әскер, 2-ші Бал­тық жағала­уы фрон­ты). Жау әскерінің 30-дан аса сар­базда­ры мен офи­цер­лерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтар­да Псков об­лы­сының солтүстігіндегі Но­восо­коль­ни­ки ауда­нын­да қаза тап­ты.

Әлия Нұрмұхам­бетқызы Мол­дағұло­ваға 1944 ж. 4 ма­усым­да Кеңес Одағы Ба­тыры атағы берілді. Ле­нин ор­денімен ма­рапат­талды.

Әлия Нұрмұхам­бетқызы Мол­дағұло­ваға Но­восо­коль­ни­ки ауда­нының Мо­нако­ва ауылын­да жер­ленген.

Әлия есімімен көше­лер, он­даған мек­тептер (Мәске­удегі № 891 ор­та мек­тебі, Шым­кент­тегі № 29 ор­та мек­тебі, Но­восо­коль­ни­ки № 72 ор­та мек­тебі, Орал­дағы № 38 ор­та мек­тебі), Әске­ри-теңіз фло­тының ке­мелері, Кас­пий жүк та­ситын теп­ло­ходы аталған. Ақтөбе, Ас­та­на, Ал­ма­ты, Мәскеу, Санкт-Пе­тер­бор, Но­восо­коль­ни­ки қала­ларын­да ес­керткіштер ор­на­тылған. Ақтөбе­де об­лыстық ме­мори­ал­ды му­зей жұмыс жа­сай­ды.

Әлия атын­дағы ес­керткіштер

  1. Но­восо­коль­ни­ки қала­сы (ав­то­ры М. Ай­не­ков);
  2. Ақтөбе (Л. Ра­путов, Е. Штамм);
  3. Ақтөбе­дегі Ме­мори­ал­ды ке­шен (ав­то­ры Б. Әбішев);
  4. Әліпбай­сай ауылы (Б. Әбішев);
  5. Ал­ма­тыдағы «Шығыс­тың қос жұлды­зы» атанған Әлия мен Мәншүкке ар­налған ме­мори­ал­дық ке­шен;
  6. Мәске­уде ес­керткіш (Б. Әбішев);
  7. Ме­мори­ал­дық му­зей­дегі бюсті (О. Ша­нов).

Ә. Мол­дағұло­ва атын­дағы көше­лер

Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Пе­тер­бург, Та­раз қала­ларын­да

Су­рет­тер

«Әлия» (С. Әлімбе­тов), «Мәңгілікке са­пар» (А. Ануф­ри­ев), «Ауыл Бұлақ» (А. Кор­ват), «Мер­ген Әлия Мол­дағұло­ва» А. Са­пугов), «Мер­ген Әлия» / күріштен жа­салған / (Ф. Те­рещен­ко), «Әлия» (О. Нұржұма­ев), «Бұлақтағы Әли­яның үйі» (Н. Өте­генов), «Соңғы көктем» (Т. Те­ле­ушев).

Го­белен­дер

"Әлия” (М. Нар­тов, Н. Рах­манқұлов), трип­тих «Әлия” (Б. Аты­ра­убаев).

Әлия ат­ты му­зей­лер

Об­лыстық ме­мори­ал­дық му­зей /Ақтөбе қала­сы/, №891 Мәскеу ор­та мек­тебінде, №140 Санкт-Пе­тер­бург ор­та мек­тебінде, Әліпбай­сай­дағы пат­ри­от­тық ор­та­лығы.

Әлия-ән

»Әлия-Мәншүк" жи­нағы, «Песнь Пра­мате­ри Хоб­ды» (А. Уте­генов), «Гүл-ғұмыр» по­эма­сы, ән «Он тоғыз жас» (Е. Ашықба­ев), ”Қызғал­дақ-ғұмыр Әлия" мен «Сағыныш» әні (Г. Ай­ма­хано­ва), «Әлия» әні (Б. Тәжіба­ев пен С. Бай­те­реков), «Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз» әні (ком­по­зитор Қ. Қожан­ба­ев), «Әлия» әні (Ә. Са­ду­ака­сова), «Әлия» де­ректі по­весі (Ә. Орал­бай), «Әлия-Мәншүк» по­эма­сы (Т. Мол­дағали­ев), «Әли­яның жүрегі» (Я. Хе­лемс­кий), «Әлия Мол­дағұлқызы» по­весі (Ж. Жұмақанов), «Әлия» дас­та­ны (С. Жи­ен­ба­ев), «Шығыс шы­нары» по­весі (Ә. Нұрма­хано­ва), «Әлия» по­эма­лары (К. Дер­ка­чен­ко, Р. Тро­фимов), ба­лет «Әлия» (М. Сағатов), «Әлия» ат­ты де­ректі фильм (ре­жис­сер Ю. Пис­ку­нов) және «Снай­пер­лер» фильмі (реж. Б. Шәмши­ев), «Әлия» спек­таклі (Ә. Та­рази), «Жа­рық жұлдыз­дар» по­эма­сы (С. Жи­ен­ба­ев). Сей­дол­ла Бәй­те­рековтің «Әлия» әнін орын­даған әнші Ро­за Рым­ба­ева дүни­ежүзілік байқауда ла­уреат атан­ды.