Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Бауыржан Момышұлы (1910 — 1982 жж.)

Момышулы Бауржан (1910–1982)

Дүни­еге кел­гені: 1910 ж. жел­тоқсан­ның 4 (1910—12—04) (100 жыл)

Көлбас­тау, Жу­алы ауда­ны, Жам­был об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 1982 ж. ма­усым­ның 10

Ал­ма­ты, Ал­ма­ты об­лы­сы

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: жа­зушы

Мо­мышұлы, Ба­уыр­жан (1910–1982) — Екінші Дүни­ежүзілік соғыс­тың даңқты жа­уын­гері, қазақтың көрнекті жа­зушы­сы.

Мазмұны:

  • 1 Өмір жо­лы
    • 1.1 Ба­уыр­жа­ның соғыс та­рихын­да бол­маған 27 так­ти­калық жаңалығы
  • 2 Ба­уыр­жанға ар­нап
  • 3 Ба­тыр наг­ра­дала­ры
  • 4 Фильм
  • 5 Абай шығар­ма­лары
  • 6 Мо­мышұлы Ба­уыр­жан ту­ралы Фильм

Өмір жо­лы

Туған жері Жам­был об­лы­сының Жу­алы ауда­нын­дағы Көлбас­тау ме­кені.

Ба­уыр­жан жеті жыл­дық мек­тепті бітірген­нен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сон­да жүрген­де ке­зекті әске­ри міндетін өте­уге шақыры­лып, он­да бір жа­рым жыл жүріп, за­пас­тағы ко­ман­дир атағын ала­ды. Туған ауылы­на қай­тып оралған соң, ол біраз жыл қар­жы ме­кемесінде қыз­мет істейді. Со­дан қай­та­дан Қызыл Ар­мия қата­рына шақыры­лып, түрлі әске­ри бөлімдер­де взвод, ро­та ко­ман­дирі бо­лады.

1941 жы­лы екінші дүни­ежүзілік соғыс бас­та­лысы­мен, Ба­уыр­жан даңқты ге­нерал майор И. В. Пан­фи­лов­тың бас­шы­лығымен Ал­ма­ты маңын­да жаңадан жа­сақталған 316 атқыш­тар ди­визи­ясы­ның құра­мын­да май­данға ат­та­нады, ба­тальон, полк ко­ман­дирі қыз­меттерін атқара­ды. Соғыс­тың соңғы жыл­да­рын­да гвар­ди­ялық ди­визи­яны басқара­ды. Соғыс кезіндегі же­ке ба­сының қаһар­мандық ерлігімен және ұрыс жүргізу­дегі әске­ри ше­берлігімен ерек­ше көзге түседі. Бірне­ше рет жау қор­ша­уынан жа­уын­герлерін аман сау алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқас­тағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз бо­лып жайыла­ды. Ба­уыр­жанның осын­дай ерлігі жөнінде белгілі орыс жа­зушы­сы А. Бек «Во­локо­ламс­кое шос­се» (қазақша­сы «Ар­па­лыс») по­весін жаз­ды. Бұл шығар­ма кейін бірне­ше тілге ауда­рыла­ды.

Соғыс­тан кейін Ба­уыр­жан Со­вет Ар­ми­ясы Бас шта­бының Жоғары әске­ри ака­деми­ясын бітіреді. Әске­ри пе­даго­гика­лық жұмыс­пен ай­на­лысып, Со­вет Ар­ми­ясы әске­ри ака­деми­ясын­да са­бақ бе­реді. 1956 жы­лы пол­ковник атағымен отс­тав­каға шыққан Ба­уыр­жан біржо­ла шығар­ма­шылық жұмыс­пен ай­на­лыса­ды. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жа­зып, өз өмірінде көрген білген­дерін арқау етеді. Оның қала­мынан туған, өмір шын­дығын арқау ет­кен та­маша ро­маны мен әңгіме, по­вес­тері қалың оқушы­ның іздеп оқитын шығар­ма­лары­на ай­на­лады. Олар бірне­ше қай­та­ра ба­сылып шығады.

Ба­уыр­жан бірне­ше ор­ден, ме­даль­дер­мен наг­радта­лады, Кеңес­тер Одағының ба­тыры атағын ал­ды. Алай­да ха­лықтың өзі «ба­тырым» деп та­нып, ар­дақтаған қаһар­ман ұлы­на бұл атақ Отан соғысы біткен­нен кейін жар­ты ғасыр­дай уақыт өткен­де ба­рып берілген бо­латын.

Ба­уыр­жа­ның соғыс та­рихын­да бол­маған 27 так­ти­калық жаңалығы

Жас сар­дар Ба­уыр­жан Мо­мышұлы Мәскеу түбінің қалың қары­на мал­тыға жүріп, бес рет қор­ша­уды бұзып, жал­пы са­ны 207 рет қол бас­тап, ұрысқа кіріп, 27 рет әске­ри ғалым­дардың ай­ту­ын­ша, соғыс та­рихын­да бол­маған так­ти­калық жаңалық жа­сады. Ко­ман­дир Мо­мышұлы жетік стра­тег, асқан так­тик бо­лумен қоса, сұңғыла пси­холог та еді. Мо­мышұлы өмірба­яны­ның осы ең жа­уап­ты ке­зеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерек­ше орын ала­ды. 1941 жы­лы қазан­ның он бесі күні таң атар-ат­пастан пан­фи­лов­шы­лар­дың И. В. Кап­ров басқарған 1073-полктің қорғаныс шебіне фа­шис­тер ша­бу­ылын ты­ным­сыз қай­та­лай берді. Алған жо­лынан, айтқан сөзінен қай­тпай­тын қай­сар ко­ман­дир Ба­уыр­жан ро­талар­дың соғыс қимы­лын жаңа так­ти­каға жа­нас­ты­ра оты­рып, опе­раци­яны орын­ды басқара білді. Осы күндер­дегі ар­па­лыс ке­зеңдерінде жауға қай­сар­лықпен қар­сы тұрып, май­дан да­ласын­да ерлік көрсет­кендердің ішінде Қ. Шәріпов, Р. Жанғозин, Б. Жетпісба­ев, М. Әлімжа­нов, Д. Сне­гин, Е. Тай­ма­сов, Т. Ах­та­нов­тардың ерлігі бір төбе. Алай­да ала­сапы­ран қысыл­шаң жағдайға ұшы­раған кейбір полк­тердің ба­тальон, ро­тала­рымен бай­ла­нысы үзіліп, жа­уын­герлердің қай жер­де, қан­дай хал­де екенін білу қиынға соқты. Сон­дай жағдайға ұшы­раған­дардың бірі – Ба­уыр­жан басқарған бірінші ба­тальон еді. Ба­укең енді шегінудің нақты жос­па­рын жа­сады. Ба­тальон­ның ал­дында жүретін он бес адам­нан құрылған (ал­дыңғы жақты бар­лай­тын) бар­ла­ушы қойып, взвод-взвод­пен бөлек-бөлек бо­лып, бірінің ізімен бірін жүргізе жыл­жу­ды ұйғар­ды. Ба­тальон ал­дындағы бар­ла­ушы­лар­ды аға лей­те­нант Ра­химов пен са­яси же­текші Мұха­метқұл Сләмқұлов басқар­ды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жа­уын­герлеріне түнде­летіп жүруді бұйыр­ды. Күндіз қалың тоғай­да ты­ныс­тап, түнде бар­ла­ушы­лар арқылы белгілен­ген бағыт­пен сақта­на жүріп отыр­ды. Қалың қарағай­лы тоғай іші қар. Жа­уын­герлер шар­ша­ды. Әй­тсе де та­бан­ды төзімділік көрсет­кен ба­тальон екі күннен кейін Нов­лянск пен Ива­новск де­рев­ня­лары­ның ара­лығынан шықты. Бар­ла­ушы­лар­дың ай­ту­ын­ша, осы Ива­новск де­рев­ня­сын­да пан­фи­лов­шы­лар­дың 1075-полкінің бірінші ба­тальоны тұра­ды екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыс­папты. Әдісқой, тәжіри­белі ком­див И. В. Пан­фи­лов бұл полкті уақыт­ша әдейі ре­зерв­те ұстап тұр екен. «Б. Мо­мышұлы басқарған ба­тальон түгел­дей жау қолы­нан қаза та­уып, жойылып кетті» де­ген лақап­ты естіген олар түгел­дей аман оралған жа­уын­герлерді зор қуаныш­пен қар­сы ал­ды. Ба­уыр­жан бас­таған ба­тальон жа­уын­герлерін көрген­де И. В. Пан­фи­лов қуанған­нан көзіне жас ал­ды. Иван Ва­сильевич көптен көрме­ген ба­уырын кез­дестірген­дей Ба­уыр­жанды қаусы­ра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жа­рай­сың, сұңқарым!» деп арқасы­нан қақты.

Кеңес әскер­лерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан ай­ла­рын­дағы ұрыс­та­рын­да 8-гвар­ди­ялық ди­визи­яның Ба­уыр­жан Мо­мышұлы басқарған полк жа­уын­герлері ерек­ше көзге түсті. Ди­визия екі ай ішінде ба­тысқа қарай 500–600 шақырым алға ба­сып, фа­шис­тердің мыңдаған сол­да­ты мен офи­церін қыр­ды, көпте­ген тех­ни­касын жойып жіберді. Ба­уыр­жан Мо­мышұлы­ның қатар­дағы жа­уын­герлер жай­лы айтқан небір қаси­етті сөздері халқымыз­дың есінде. Даңқты қол­басшы сол­даттың мінез-құлқын, па­раса­тын, елі үшін шы­бын жа­нын қиятын ерлігін ке­ремет білген. Со­ның арқасын­да олар­ды ерлік жеңістер­ге бас­тап, жігер­лендіріп отырған. Ба­уыр­жан Мо­мышұлы соғыс жыл­да­рын­да аду­ын­ды да қатал әске­ри бас­шы бо­лып қана қойған жоқ, со­нымен қатар қара­мағын­дағы жа­уын­герлер мен офи­цер­лердің ақылгөй же­текшісі, зер­делі де білгір, байып­ты да мейірман тәрби­ешісі де бо­ла білді. Гвар­дия пол­ковнигі Ба­уыр­жан Мо­мышұлы­ның 1990 жыл­дың 12 жел­тоқса­нын­да туғаны­на 80 жыл то­лу­ына орай Кеңес Одағының Ба­тыры де­ген жоғары атақ берілді. Б. Мо­мышұлы­ның «Әділет қашан­да жеңеді, ол кешіксе де кел­мей қой­май­ды» де­ген сөзі шын­дыққа ай­на­лып, ел тілегі орын­далды.

Ба­уыр­жанға ар­нап

Қазақстан­да ба­тыр­дың аты­мен Ал­ма­ты, Та­раз, Аты­рау, Се­мей қала­лары және Жам­был об­лы­сын­дағы Ас­са се­лосын­дағы көше­лер­ге ба­тыр­дың аты берілген; Ал­ма­ты (№ 131), Та­раз (№ 44), Шым­кент (№ 42), және Ал­ма­ты қала­сын­дағы әске­ри мек­теп ин­тернат­та­рыда ба­тыр­дың есімімен ата­лады. Шым­кент қала­сын­дағы Қазақстан Рес­публи­касы­ның iш­кi iс­тер ми­нист­рлiгі ғима­раты мен Ас­та­на қала­сын­да Ба­уыр­жан Момшұлы­ның ес­керткіші ор­на­тылған. Жам­был об­лы­сының бұрынғы Бур­ное ауда­ны қазір Ба­ур­жан Мо­мышұлы ауда­ны бо­лып өзгертілген.

Ба­тыр наг­ра­дала­ры

Соғыс кезінде 1942 жы­лы 6 ма­усым­да — «Қызыл ту» ор­денімен 1944 жы­лы 6 ма­усым­да — «Моск­ва­ны қорғағаны үшін» ме­далімен 1945 жы­лы шілде­де- 1 дәре­желі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ор­дендерімен, «Қызыл жұлдыз» ор­денімен 2 рет ма­рапат­талды 1970 жы­лы «Еңбек қызыл ту» ор­денімен, «Құрмет белгісі» ор­денімен 1980]] «Ха­лықтар дос­тығы]]» ор­денін иелен­ген КСРО Пре­зидентінің 1990 ж 11 жел­тоқсан­дағы жар­лығымен Б. Мо­мышұлы­на 1941–1945 ж соғыс­та неміс-фа­шист басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­те асқан ерлігі мен қаһар­мандығы үшін «Кеңес Одағының Ба­тыр атағы» берілді. 2000 ж «Ғасыр ада­мы» деп та­ныл­ды

Жа­зушы қала­мынан шыққан «Офи­цер жаз­ба­лары», «Ар­ты­мыз­да Моск­ва», «Ге­нерал Пан­фи­лов», «Ку­ба әсер­лері», «Жо­нарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс пси­холо­ги­ясы» ту­ын­ды­лары- жұртшы­лықтың қол­да­рынан тас­та­май оқитын, өзінен кейінгілер­ге өне­ге ретінде ұсы­натын маңыз­ды қазы­налар.

Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп та­раған қазақ елінің ақиық қыра­ны Б. Мо­мышұлы­ның қай­та­лан­бас ғажайып сырға то­лы өмір жо­лы мен көркем ту­ын­ды­лары­на куә бол­дық.

Фильм

1967 "Ар­ты­мыз­да Моск­ва" «За на­ми Моск­ва», ре­жис­сері: Ма­жит Бе­галин

Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Ай­ма­нов атын­дағы

2010 — Қазақтың Ба­уыр­жа­ны (Де­ректі фильм) Қазақфильм. Не­матұлы Қали­ла Ома­ров

Абай шығар­ма­лары

Мо­мышұлы Ұлы ақын мұра­сын те­рең та­нып қана қой­май, сол мұра­ны әрі зерт­те­уші, әрі оны тіке­лей орыс тіліне ауда­рушы ретінде ара­ласа­тыны да бар. Абай кіта­бының көпте­ген бет­теріне қойылған, ав­торлық белгілерін бы­лай қойған­ның өзінде, осы ба­сылым­ның 39, 143, 146–147, 186, 194, 196–197, 208, 243, 312-бет­теріне жа­зылған көлемді пікірлері осы­ның айғақты де­рек­тері. Не­месе 1954 ж. «Род­ной край» аль­ма­нағының 7-са­нын­дағы Абай мұра­сы ту­ралы мақала­сы мен Абай өлеңін өзі орыс тіліне ауда­рып бас­ты­ру­ынан да көп нәрсенің сы­рын аңғарған­дай бо­ламыз. Тіпті Абай өлеңдерін орыс тіліне ауда­руды соғыс өртінің ішінде жүрген қысыл­таяң көзде-ақ қолға алғанын 1945 жылғы Абай кіта­бының 210- бетіндегі «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын…» де­ген өлеңнің тұсы­на: «Най­ти мой пе­ревод 1944» деп белгі соғуынан­да көреміз. Оның Абай кіта­бына жа­зылған Һаши­яла­рын­да ә де­ген­нен көңіл бөлетіні — са­уат­ты де­ген оқыр­мандар­дың өзі ұлы ақын шығар­ма­лары­ның тілін, әсіре­се ақын сөздерінің мағына­лық қыр­ла­рын­дағы нәзіктікті түсіне ал­май­тын, же­те та­нып біле ал­май­тын осал­дықта­рына тоқта­лады. Абай кіта­бына жа­зылған һаши­яла­рыңда көбірек пікір қозғап, мо­лырақ ізде­нетін тұсы — Абай­дың орыс клас­сиктерінен аударған шығар­ма­лары­на бай­ла­ныс­ты. 1945 жылғы Абай кіта­бының 143, 147, 186, 194, 198, 208, 248, 312-бет­терінде жа­зылған Абай­дың аудар­ма өнеріндегі ше­берлігі мен Абай өлеңдерінің өзін қай­та­дан орыс­шаға өнер тілімен ауда­ру жөнінде тың пікірлер көте­реді.

Мо­мышұлы негізінен Абай­дың Лер­монтов­тан аударған өлеңдеріне ерек­ше ден қояды. М. Ю. Лер­монтов­тан Абай аударған сегіз өлең, бір по­эма­ны («Ва­дим») тал­дап оқи ке­ле, бұлар­ды шығар­ма­шылық аудар­ма жа­са­удағы ақын­дық өнердің шыңы деп қарай­ды. Абай­дың Лер­монтов­тан аударған «Менің сы­рым, жігіттер, емес оңай…» («Я не хо­чу, чтоб свет уз­нал…») де­ген өлеңін Лер­монтов­тың тексімен қатар алып са­лыс­ты­ра оты­рып, аудар­ма ерек­шелігіне, әсіре­се он­дағы Абай­дың ақын­дық өнер­дегі сөз қүдіреті мен көркемдік талғамы­ның биіктігіне ерек­ше на­зар ауда­рады. Мо­мышұлы­ның бұл аудар­ма жайын­дағы ой толғаныс­та­ры мен өзіндікталғам, бағасы­на бай­та­ну та­рихын­дағы со­ны өрнек үлгі де­мес­ке бол­май­ды.

Міне, осы тұрғыдан Абай аудар­ма­сын ақын­дық өнер тұрғысы­нан тал­дай ке­ле: «Абай аударған­да: тілін, өлең қүры­лысы, ұйқасы, ырғағы, ақын­ның ішкі сы­рын бей­не­лер­де мазмұнын то­лық біліп, түсіне оты­рып аударған. Өлеңнің қай­мағы мен қас­пағын жеп, сутін сіміріп, күбіге са­лып піскен­де майын ажы­рата оқып, көп зерт­те­гендіктен Абай те­рең бой­лап, жеңіл қалқып оты­рады. Абай­дың аудар­ма­лары ізбе-із фор­ма­листік са­яз­дықтан аулақ бо­лып, негізінен күшейіп, асып жа­тады. Мағына­лы, ба­ян­ды ырғақпен же­тек­теп ала жөнеліп, жорғала­та оқытып оты­рады. „Қала­уын­тапса қар­жа­нады“де­ген­дейін, Абай­дың қол­да­ну­ын­да жай қарасөз жүйелі ай­тылған­дықтан, өз ор­ны­на қол­данған­дықтан — ауыр сал­мақты бо­лып, күшті мағынаға ие бо­лып оты­рады. Олар жүйесін тапқан­дықтан жібек­тей жыл­ты­рап, желідей со­зылып оты­рады»-деп, Абай кіта­бының шетіне жазған Һаши­ясын­да өзінше ой қоры­тады. Бұл ара­да Мо­мышұлы аудар­ма­шылық өнердің үлкен шығар­ма­шылық ізде­нуден, түпнұсқаны те­рең та­нып білу­ден ту­атын ерек­шелігі жайын­да көз кел­ген зерт­те­уші зер­де­лей бер­мейтін ете нәзік әрі талғамы биік көркемдік та­нымын аңғар­та­ды. Абай кіта­бын оқудан ту­ын­даған Һаши­яла­рын­да ай­рықша ерек­ше­леңетін тұсы да Абай­дың Лер­монтов­тан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып…» (Из Ге­те «Гор­ные вер­ши­ны») де­ген өлеңін ерек­ше ден беріп тал­да­уын­да жа­тыр. Әлемнің үш ақыны­ның, яғни Ге­те, Лер­монтов, Абай­дың бірінен бірі жа­рыса аударған аудар­ма­шылық өнерінің қай­та­лан­бас ерек­шелігін, ақын­дық өнер жо­лын­дағы бас ай­нал­ды­рар ше­берлік жо­лын­дағы ізденістерін те­рең тал­дап, білу­ге ұмтылған әре­кет жа­тыр. Ге­те жазған «Гор­ные вер­ши­ны» өлеңін әуелі орыс тіліне, одан қазақ тіліне ауда­ру үстіндегі ерек­шеліктері хақын­да жа­зушы пайымы мен­те­рең мәнді ой толғаныс­та­ры жай ай­ты­ла салған пікірі емес, те­реңдеп зерт­те­удің ана­лити­калық түрғыдан тал­дап оқудан, тал­май ізде­нуден туған өзіндік қай­та­лан­бас со­ны ой­лар. «Қараңғы түңде тау қалғып…» өлеңінің ауда­рылу ше­берлігі, оңдағы ақыңды қөнер жа­рысы жай­лы пікірінде бірне­ше еле­улі ерек­шеліктер де байқапа­ды: а) Абай­дың аудар­ма өнеріндегі ғажап ақын­дық ше­берлігін те­рең ұғыну үшін осы өлеңнің немісше, орыс­ша, қазақша түпнұсқала­рын қатар жа­зып са­лыс­тырған. ә) Енді осы үш өлеңнің түп нұсқала­рын Мо­мышұлы өзі жол­ма-жол ауда­ра бас­тай­ды. Яғни немісшесін де, қазақша­сын да орыс­шаға жол­ма-жол өлеңмен ауда­рады. Мы­салы, Ге­те өлеңінің немісше түпнұсқасын Абай кіта­бына көшіріп, оны:

«Над все­ми вер­ши­нами по­кой,
В лист­ве не ус­лы­шишь ты шо­роха.
Птич­ки мол­чат в ле­су
По­дож­ди нем­но­го,
Ско­ро от­дохнешь и ты…»- деп,

жол­ма-жол өлеңмен өзі ауда­рады. Яғни немісше мағына­сын дәлме-дәл түсіреді. Лер­монтов аудар­ма­сын­да қалып кет­кен неміс тіліндегі бір өлең жо­лының («Die vog­le­in seh­we­igen Wol­ge») мағына­сын орыс­шаға «Птич­ки мол­чат в ле­су» деп ауда­рып бер­ген. Ба­укең неміс тіліндегі Ге­тенің өлеңін түпнұсқадан оқып тал­дай келіп: «Ге­те — на­ив­ный юно­ша. Его „От­дохнешь до пер­вой хор­че­вани“ — юно­шес­кий марш без­за­бот­но­го сту­ден­та», — деп та­ниды да оған "3" де­ген белгі қояды, яғни өз бағасын бе­реді. Ал Лер­монтов­тың «Гор­ные вер­ши­ны» де­ген өлеңінің де түпнұсқасын Абай кіта­бының бетіне көшіріп жа­зып, ол ту­ралы: «Лер­монтов-зре­лый, как по­эт с на­летом пес­си­миз­ма. У Лер­монто­ва воль­ный пе­ревод», — деп та­ниды да, оған "4" де­ген белгі қояды. Соңын­да Абай­дың кіта­бын­дағы «Қараңғы түнде тау қалғып…» аудар­ма­сының үстіне Мо­мышұлы оның орыс­ша өзі тіке­лей аударған жол­ма-жол аудар­ма­сын:

«В тем­ную ночь го­ры дрем­лют
Ко сну ухо­дят бла­жен­но­му.
В сте­пи ти­хо ти­шине внем­лют
Ночь опус­ка­ет­ся лег­ким пок­ры­валом.
Не пы­лит до­рога
Ни шо­роха лист­вы (Не мо­гут встрях­нуть­ся лист­вы)
Ес­ли на­берешь­ся тер­пе­ния нем­ножко…»-

Қал­пында ауда­рып бер­ген. Абай аудар­ма­сының та­биғаты­на ене оты­рып: «Абай-сим­во­лизи­ру­ет, обоб­ща­ет мно­гоп­ланно… о веч­ном по­кое, У Абая глуб­же, у Абая близ­ко к адек­ватно­му» — деп, "5" де­ген белгі қойып, аса жоғары бағалай­ды. Абай­дың «Қараңғы түнде тау қалғып…» өлеңінің үстіне «Рек­ви­ем» деп тақырып қояды да, оны «Про­из­ве­дение тра­ур­но­го ха­рак­те­ра»деп, өз анықта­масын бе­реді. Жоғары­да ата­лып отырған әлемдік үш ақын­ның ту­ын­ды­ларын тал­дап, ауда­рып, өзінше са­лыс­ты­рып бағала­удағы негізгі мақсат та әр ақын­ның өздері жыр­лап, ауда­рып отырған тақыры­бын өздерінің ақын­дық қуаты мен ше­берлігіне қарай өзіндік мо­тив­ке орай қүра­тын қай­та­лан­бас ерек­шелігіне көз жеткізу, сөзіну, өзінше та­нып білу­ге тіре­леді. Осы арқылы үш Ұлы ақын­ның бір тақырып­ты жыр­ла­уын­да үш түрлі ақын­дық қуат­тағы ерек­шеліктің бар­лығын анықтап, әділ бағасын бе­ре ке­туді де ұмыт­пай­ды. Лер­монтов пен Абай аудар­ма­сын­да да осы өлеңнің немісше түпнұсқасын­да бар «Құстан үнсіз ор­манда» де­ген өлең жо­лы аудар­ма­да қам­тылмай қалғанын да ес­кертіп өтеді. Мұндағы Мо­мышұлы мақса­ты — Абай­дың аудар­ма өнеріндегі ақын­дық ше­берлігін, осы жол­дағы ақын­дық өнер жо­лын­дағы ізденістерін анықтай оты­рып, Абай өз аудар­ма­ларын­да өзі ауда­рып отырған ақын­дар мен ой, ше­берлік, ақын­дық өнер жа­рыс­ты­руға ұмтылған шын мәніндегі ақын­дық өнер­дегі іргеліде жаңа са­па та­ныта­тын ізденісін көрсе­туге на­зар ауда­рады.

Мо­мышұлы­да Абай өлеңдерін өлеңмен жол­ма-жол аудар­ма жа­сау тәжіри­бесі де ұшы­раса­ды. Кейбір өлен­дерді тұтас, ал көпшілігінің тек бір-екі шу­мақта­рын ғана ауда­рып, өз қалам құдіретін байқап көрген­дей әсер қал­ды­рады. Оның Абай өлеңдерін ауда­руы әдет­тегідей жол­ма-жол аудар­ма деп қарауға ке­ле бер­мейтін сияқты. Өй­ткені Абай өлеңінде ру­хы мен көркемдік бо­яуы та­биғи қал­пында аумай түсетін аудар­ма өлең жол­да­ры да ұшы­расып оты­рады. Бұл ерек­шелік әсіре­се Абай­дың ұлттық бо­яуы ба­сым өлеңдерін аударған­да анық сезіліп тұра­тыны бар. Мы­салы, Абай­дың «Құлақтан кіріп бой­ды алар…» өлеңінің бас­тапқы шу­мағын алып қарайық: «Құлақтан кіріп бой­ды алар Жақсы ән мен тәтті кұй. Көңілге түрлі ой са­лар Әнді сүй­сең мен­ше сүй…» — де­ген:

«Пле­няя слух, за­бира­ют ду­шу мою впо­лон
Кра­сива пес­ня и слад­ка ме­лодия
И пог­ру­жа­ют ме­ня в мир раз­мышле­ний
Ес­ли пес­ню ты лю­бишь — лю­би как и я…»

түрінде ауда­рылған. Өлеңінің ру­хы, ішкі мағына­сы түпнүсқадағыдай жетіп-ақ түр. Ал Мо­мышұлы­ның жол­ма- жол ауда­рып бер­ген өлеңдері де орыс­ша­сын оқыған­да, түпнұсқасын оқыған­дай сөзімге бе­леп оты­рады. Мы­салы: «Күшік асы­рап ит еттім, Ол бал­ты­рым­ды қанат­ты Біре­уге мыл­тық үй­реттім, Ол мер­ген бол­ды, мені ат­ты..» де­генді: «На­учил его об­ра­щать­ся с ружьем, Он, став мет­ким стрел­ком, — стре­лял в ме­ня..,» деп ауда­рады. * Жа­зушы­ның Абай­дың Лер­монтов­тан аударған өлеңдерінің кейбірінің орыс­ша түпнұсқасы ба­рын көре тұра, қай­та­дан орыс­шаға ауда­раты­ны бар. Яғни, Абай қазақша­лаған өлеңді орыс­шаға ауда­рады. Мұның се­бебі де Абай өзі ауда­рып отырған тұпнұсқаға, оның ру­хы мен көркемдіқ бо­яуына қан­ша­лықты жақын­дай ал­ды, ав­тормен ақын­дық өнер жа­рысы­на түсетін Абай­дың аудар­ма­шылық құдіреті не­де екендігін нақты­лыта­нып-білу­ден туған өзіндік ізденіс мақса­тын­да жат­са ке­рек. Өй­ткені Мо­мышұлы­ның көзқара­сыңда өлеңді сөзбе-сөз сірестіріп ауда­руға іштей қар­сы­лық айқын сезіліп тұра­ды. Абай аударған «Те­ректің сыйы» өлеңінің ауда­рылу ше­берлігіне кеңіл бел­генде де Мо­мышұлы сөздің көркемдік бо­яуының қанықтығы мен әр сөздің өз ор­нында тұрып, та­биғи қиысу қал­пы­на да ерек­ше на­зар ауда­рады. Лер­монтов өлеңінің тексі мен аудар­ма өлеңінің тексін қатар алып са­лыс­ты­рып, осы ерек- шелікті сөзінуі се­бепті де: «… Абай­дың ойы те­рең, керкі көлемді, теңеуі бай, ұтым­ды келіп оты­рады. Ішкі ырғақта­ры қарқын­ды келіп, қал­пы­нан шықпай жа­тады», — деп бағала­уы сезімтал­дықтың белгісі.

Мо­мышұлы Ба­уыр­жан ту­ралы Фильм

  1. 1. 2010 — «Қазақтың Ба­уыр­жа­ны» «Ле­ген­дарный Ба­уыр­жан» ре­жис­сері: Қ. Ума­ров
    Жанр: «Де­ректі фильм» Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Ай­ма­нов атын­дағы
  2. 2. 1967 — «Ар­ты­мыз­да Моск­ва» «За на­ми Моск­ва», ре­жис­сері: Ма­жит Бе­галин
    Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Ай­ма­нов атын­дағы