Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов (1924 ж.)

Нурмагамбетов Сагадат (1924)

Дүни­еге кел­гені: 1924

Ақмо­ла об­лы­сы, Қосым ауылы

Ман­са­бы: ге­нерал

Сағадат Нұрмаған­бетұлы Нұрмаған­бе­тов 1924 жы­лы Ақмо­ла об­лы­сының Қосым ауылын­да дүни­еге кел­ген. Ұлы Отан соғысы­на қаты­сушы. 1942 жы­лы әскер қата­рына шақырыл­ды. 1-Бе­лорус май­да­нын­да, Солтүстік Кав­каз, Ук­ра­ина, Мол­да­вия, Поль­ша, Гер­ма­ния май­дан­да­рын­да соғысқан. Пу­лемет взво­дын, ро­таны, 5-екпінді ар­ми­яның атқыш­тар ба­тальонын басқар­ды. Гит­лер кан­це­ляри­ясын ша­бу­ыл­дауға қатыс­ты. 1946 жы­лы Әске­ри ака­деми­яны, 1981 жы­лы Бас штаб ака­деми­ясын бітірді. 1950–1989 жыл­да­ры – Аза­мат­тық қорғаныс шта­бының бас­тығы, Ор­та Азия әске­ри ок­ру­гы әскер­лері бас­тығының орын­ба­сары, Оңтүстік әскер то­бы (Венг­рия) бас­тығының бірінші орын­ба­сары. 1990 жыл­дан ҚР соғыс, еңбек және Қару­лы күштері ар­да­гер­лері Кеңесінің төрағасы, 1991–1992 жыл­да­ры Қазақ КСР Мем­ле­кеттік қорғаныс ко­митетінің төрағасы. 1992–1995 жыл­да­ры ҚР қорғаныс ми­нистрі, ар­мия ге­нера­лы. 1996 жы­лы ҚР Пре­зидентінің кеңесшісі. КСРО.

Ре­сей, Ук­ра­ина, басқа да мем­ле­кет­тердің ор­дендерімен ма­рапат­талған. Ар­мия ге­нера­лы, Кеңес Одағының ба­тыры, Ха­лық Қаһар­ма­ны. Әске­ри адам­ды бойынан, жүріс-тұры­сынан бірден аңғаруға бо­лады. Маңғаз­да­на де­несін тік ұстаған офи­цер­ге кім бол­ма­сын біре­удің ал­дында бас иген жа­рас­пас. Оның әр ми­нуты са­на­улы және өз шенін қүрмет­тейтін офи­цер қан­дай жағдай­да бол­ма­сын кешікпейді. Көп сөй­ле­мейтін, ше­шен­су­ден аулақ ге­нерал сұхбат кезінде өзі белгіле­ген бағыты­нан бір рет те тай­ма­ды, әңгімесінің тоқ етерін ғана ай­тып, жур­на­лис­тердің аран­да­тушы­лық сұрақта­рына да бой ал­дырма­ды. Тәртіпке үй­рен­ген ол ре­дак­ци­яның қоқыр­сыған шка­фына өзінің ге­нерал­дық ши­нелін іліп жа­тып: «Сен­дерге стар­ши­на болған­да мы­на жерді тәртіпке келтірер еді!», — деді ренішті үнмен.

Отан ал­дында­гы бо­рышы­на асқан адал­дықпен қараған ол Ор­та Азия әске­ри ок­ругінің ең бе­делді бас­шы­лары­ның бірі бо­ла тұрып, өзінің ағайын не­мересін Ауғанс­танға соғысқа жіберді… Ал өзінен шені төмен офи­цер­лер бол­са, өтірік-шы­ны ара­лас сыл­тау келтіріп, өз жақын­да­рын әскер қата­рынан алып қалып жа­татын. Өкінішке орай, қатар­дағы жа­уын­гер Кеңес Нұрмағам­бе­тов дүшман­дардың оғынан қаза бо­лып, от­ба­сына шайқас алаңынан осы­мен екінші рет суық ха­бар келді. Біріншісі — баяғыда қырық бірінші жы­лы кел­ген бо­латын. Ол кез­де Кеңестің ата­сы және Сағадат Қожах­метұлы­ның жал­гыз ағасы (қатар­дағы жа­уын­гер Сағит Нұрмағам­бе­тов) Псков түбінде із-түзсіз жоғал­ды. Сағит қара­пайым еңбек­кер бол­ды, шах­та­да, онан кейін кол­хозда Жұмыс істеді, — деп ес­ке ал­ды ге­нерал. — Соғыс бас­та­лысы­мен, ол ар­ты­на жа­ры мен екі ба­ласын қал­ды­рып, май­данға ат­танды. Жол­да кетіп ба­ра жа­тып екі хат жол­дап үлгерді. Бірінші ха­тын­да түн қата Мәске­уден өткенін жаз­са, екіншісінде — Псков маңын­да алғашқы ұрысқа кіріскен­дерін, күн қақап тұрғанын айтқан… Бұл 1941 жыл­дың соңы бо­латын.

Онан кейін ха­бар­сыз кетті. Бейбіт күнге қол жет­кеннен кейін де мен ең бол­ма­са жер­ленген жерін тап­пақ бо­лып, қан­ша­ма іздеу сал­дым, бірақ… бәрі нәти­жесіз бол­ды. Соғыс­тың сұра­пыл күндеріндегі жағдай­ды өздеріңіз де білесіздер, Сағитым қай жер­де қалғанын қалай іздерсің… Егер ашығына кел­сек, Нұрмағам­бе­тов­тар от­ба­сының кіші ұлы әске­ри қыз­метке ба­руды еш жос­парла­маған.

Сағадат ар­мия ге­нера­лы бо­луды емес, ге­ог­ра­фия және та­рих пәнінің мұғалімі бо­луды ар­мандаған. Бұл пәндер­ге де­ген ықыла­сы ерек­ше бо­латын! Жұму­лы көзбен ол әлем кар­та­сынан кез кел­ген жерді көрсетіп бе­ре ала­тын. Сол кез­де кар­та­ны көрсеткіш таяқша­мен емес, Еуро­паны жа­удан азат ете оты­рып, бар­лық қала мен да­ланы өзі жүріп өтетінін, кейіннен жас мем­ле­кет үкіметінің мүшесі ретінде бүкіл әлемді шар­лай­ты­нын білді дейсің бе?.. Қырық бірінші жы­лы соғыс оның мұғалім бол­сам де­ген ар­ма­нына тосқауыл қой­ды. Соғыс, әскер, әске­ри іс… Оның бүкіл өмірінің мәніне ай­налған іс. Май­данға жа­зылу үшін кел­ген мұрты шықпаған боз­ба­лаларға әске­ри бөлімше­дегілер: «Ал­ды­мен мұрын­да­рыңды сүртіп алыңдар!»— деп күлкі ететін. Бірақ зе­рек Сағадат­ты бірден байқап, са­яси ағар­ту қыз­меткер­лері кур­сы­на жіберді. Ке­лесі жы­лы әске­ри учи­лище­ге бөлді.

Оқу тез қарқын­мен жүрді: соғыс өз де­генін істетті. Ке­лесі жы­лы Ақмо­ла об­лы­сының Қосы­ма­уылы­нан шыққан ке­шегі ба­ла өзінің пу­леметшілер взво­дымен Солтүстік Кав­каздағы Кур­ка өзеніндегі неміс қорғаны­сын талқан етті. Қай­тпас жүректілік пен қырағылық, ағасы­ның өлімі үшін кек алу сезімі мен әрбір сол­даттың өмірін сақтап қалуға де­ген қамқор­лық, үлкен жа­уап­кершілік пен ба­лалық қыз­ба­лық оның бойын­да ара­ласып, өзге­лерді тыңда­туға мәжбүрледі. До­нецкіге өткен бой­да-ақ ол пу­леметшілер ро­тасын басқар­ды. Днепрді ал­ды, онан соң Ук­ра­ина, Бес­са­рабия, Бе­лорус­сия, По­лыпа­ны азат етті… Бер­линге ол ком­бат бо­лып кірді. «Ба­тяня-ком­бат» де­ген ән сөздері есіңізде ме? Ол бол­са жа­сы жи­ыр­ма­дан жаңа асқан ба­тяня?! Ал ба­тальон­да 3 атыс ро­тасы, пу­леметшілер ро­тасы, ар­тилле­ри­ялық ба­тарея, ша­ру­ашы­лық взво­ды… Бар­лығы 250–300 адам.

Адам­дар, қару-жа­рақтар мен танкілердің үлкен то­бын жас ком­баттың бір ғана сөзі қозғалысқа келтіретінін елес­те­те ала­сыз ба? Сіз оның ор­ны­на сіздің қамқор­лығыңыз­ды қажет ететін бозкүйек өз ба­лаңыз­ды қойып көріңізші. Бірақ біздің де ұлда­рымыз өзге қиын шыңдар­ды алу­да. Тек за­ман басқа және ар­мия да бұрынғыдай емес. Ар­мия бұрынғысын­дай қал­ды. Та­лап та бұрынғыдай, тек күшей­ме­се азайған жоқ. Ар­ми­ядағы бас­ты қағида — да­ра бас­шы­лық. Бар­лығы заңға, тәртіпке бағынуы ке­рек. Жат­тығу алаңын­да, мәсе­лен, уақыт се­кундқа дейін есеп­теліп қойылған. Оның өз мөлшер­лері бар: 10–15 се­кунд — оқ аты­лады. Уақыт­ты жіберіп ал­дың ба — өлгенің. Бұл біре­удің әпер­бақан­дығы не­месе на­зы емес. Аман қалу заңы. Әске­ри адам уақыт­ты Бұлжыт­пай естіп, өлімге не­месе жеңіске апа­рып соғатын қауіп-қатерді дөп ба­суы тиіс.

Ге­нерал Нұрмағам­бе­тов­тың әске­ри ерліктерін тізбек­те­месек те бо­лады. Олар ту­ралы жеткілікті түрде жа­зылып жүр. Кейіпкеріміз ту­ралы, дәлірек айтқан­да, Ота­нымыз­дың та­рихы­на ай­налған жан ту­ралы білгісі ке­летіндер­ге көпте­ген әске­ри ес­телікна­маларға, оның ішінде «В па­мяти нет ти­шины» және «Мой пе­ред­ний край» деп ата­латын оның өз кітап­та­рына бағыт сілтейміз. Бейбіт уақыт­та да Сағадат Қожах­метұлы ал­дыңғы қатар­да бол­ды. Қазақстан­дағы әске­ри құры­лым оның қаты­су­ын­сыз бол­ма­ды.

Та­рих пәнінің мұғалімі бо­лу бұйыр­ма­са да, ол өзінің ерек­ше тағды­рымен рес­публи­каның әске­ри бас­шы­лары­ның та­рихын құрып берді. Бүгінгі таңда ге­нерал Нұрмағам­бе­тов отс­тав­ка­да болғаны­на қара­мас­тан әске­ри иерар­хи­яның ең жоғарғы са­тысын­да. Өмір тәжіри­бесі отс­тав­каға кет­пейді. Ол кітап­тар жа­зады, жас­тармен кез­десіп, ел мен ар­ми­яның тағды­ры ту­ралы толғана­ды. Өмірінің ең үлкен ке­зеңі — 1942 жыл мен 1996 жыл ара­лығын ол әске­ри карьераға ар­на­ды. Та­маша офи­цер — та­маша карьера. Ол жас тәуелсіз мем­ле­кеттің Қорғаныс ми­нистрлігін құрған түңғыш жан бол­ды. Әри­не, бос орын­нан емес, ар­мия өмір сүрді, бірақ… қазақтар ара­сынан бірде бір полк ко­ман­дирі бол­ма­ды, әске­ри учи­лище­де небәрі екі әске­ри ма­ман­дыққа оқыт­ты, ора­сан зор ма­тери­ал­дық- тех­ни­калық ре­сурс­тар­ды ысы­рап ету, жақсы кадр­лар­дан айыры­лу қаупі бол­ды.

Бәрін бір уыс­тың ас­тында ұстау, бәрін ор­нықты қол­да­ну, әске­ри ма­шина­ны қозғалысқа келтіру үшін ерлік, ерік-жігер, дәл осын­дай әске­ри бас­шы­ның тәжіри­бесі қажет бол­ды. Ол қазіргі ар­ми­яның өзекті мәсе­лелері ту­ралы не­ге он­ша ашы­лып айтқысы кел­ме­генін, әске­ри фор­ма­дағы жемқор­лық ту­ралы тіпті ой­лауға да ерік бер­мегінінің сы­рын ұқтым. Ол үшін ар­ми­яның ар-ұжда­ны — қан­ша­ма жыл­дар бойы тер­мен кел­ген өзінің ар-ұжда­ны. Көрнекті мем­ле­кеттік қай­рат­кер. Әске­ри атағы — ар­мия ге­нера­лы. Үй­лен­ген. 2 ба­ласы, 4 не­мересі бар.