Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Рахимов Сабыр Омарұлы (1902 — 1945 жж.)

Рахимов Сабыр (1902 — 1945)

Ра­химов Са­быр Омарұлы 1902, Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд. Көкбел а. — 26.3.1945, Поль­ша, Дан­циг (қазіргі Гдань­ск қала­сы), сүйегі Таш­кент­тегі ба­уыр­ластар зи­раты­на жер­ленген] — әске­ри қай­рат­кер, ге­нерал-майор (1943), Кеңес Одағының Ба­тыры (1965). Әкесі ер­те қай­тыс бо­лып, жас қалған Ра­химов­ты ше­шесі (өзбек қызы) Өзбекс­танға алып кет­кен. 1922 жы­лы әскер қата­рына шақырылған. Ба­кудегі әске­ри уч-щені бітірісімен (1925), Са­марқанд қала­сын­дағы ат­ты әскер­лер ди­визи­ясын­да взвод, эс­кадрон ко­ман­дирі бол­ды. 1925 — 27 жы­лы Ор­та Ази­яда (Қарақұмда) Кеңес өкіметіне қар­сы шыққан­дармен қар­сы күрес­тегі ерлігі үшін Қызыл Ту ор­денімен ма­рапат­талған (1927).

1941 жылға дейін түрлі әске­ри ме­кеме­лер­де қыз­мет істеді. Соғыс бас­талған­да полк, кейін ди­визия қол­басшы­сы бол­ды. 1941 жы­лы шілде­де жау қор­ша­уын бұзып шыққан­дағы ба­тыл­дығы үшін 2-рет Қызыл Ту ор­денімен ма­рапат­та­лып, пол­ковник шенін ал­ды. Оның ди­визи­ясы Дон­дағы Рос­товта, Кав­казда ұрыс жүргізді. 1943 жы­лы Мәске­удегі Бас штаб ака­деми­ясы­на оқуға жіберілді. Ака­деми­яны бітірген соң Бе­лорус­си­яны, Поль­ша­ны азат ету­ге қатыс­ты. Соғыс жыл­да­ры ол басқарған ди­визи­яның жа­уын­герлік ту­ына 2 Қызыл Ту, Су­воров және Ку­тузов ор­дендері тағыл­ды. Ра­химов Ле­нин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 2-дәре­желі Су­воров ор­дендерімен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Ол жөнінде «Ге­нерал Ра­химов» ат­ты көркем фильм түсірілді. Өзбекс­тан­дағы ауыл­дар, мек­тептер, Таш­кенттің бір ауда­ны, көшесі, мет­ро бе­кеті, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы Қазығұрт ауда­ны Көкібел ауылын­дағы ор­та мек­теп Ра­химов есімімен ата­лады. Таш­кент қала­сын­да Ра­химовқа ес­керткіш ор­на­тылған. Поль­ша Рес­публи­касы­ның бір тра­улері ге­нерал Ра­химов есімімен ата­лады.

Ол да бiр аңыз адам. Қаны қазақ болған­мен Ор­та Азия ха­лықта­рына ор­тақ тұлға. Де­сек те тағды­ры мың бұры­лым болған соң амал бар ма? Қырық үш жылғы ғұмы­рын­да жа­сын­дай жарқ етiп өттi. Най­зағай­дай шарт сын­ды. Әй­тсе де ар­тында өшпес­тей өне­гелi iзi қал­ды.

Гит­лершiл фа­шис­терге қар­сы жүргi­зiл­ген сұра­пыл соғыс­та «Те­мiр ге­нерал» ата­нып­ты. За­маны отқа са­лып иле­се, бо­лат те­мiр­дей пi­сiп, же­тiл­ме­се ол Са­быр бо­лар ма едi? Ба­тыр Рақымов ата­нар ма едi? Ата-ба­бадан да­рып, ана­дан ержүрек бо­лып туған соң Отан үшiн, ел үшiн, кейiн­гi ұрпақ үшiн отқа түспей тұра ала ма? Ке­уде­сiн оққа то­сып, ажалға қасқайып қарай алар ма? Қалай де­сек те, ол за­маны­ның да­ра тұлғала­рының бi­рi. Әсi­ресе, өзбек ағайын­дар ара­сын­да ге­нерал Са­быр Рақымов ту­ралы не­шетүрлi әпса­налар ай­ты­лады. Тiп­тi оның ажал­дың аузын­да жүрiп, «Шөже­нi күзде са­най­ды» деп айтқаны өзбек халқының қанат­ты сөзi­не ай­на­лып кет­кен. Айтқан — Са­быр, ием­денген — ха­лық. Осыған қарап-ақ оның ду­алы ауыз еке­нiн де аңғаруға бо­лады.

Бүгiн­де за­ман ле­бi өзгер­дi. Өзбекс­тан­да ұлттық ба­тыр ре­тiн­де дәрiп­те­лiп кел­ген ерен ер­дiң Таш­кент­те­гi ес­керт­кi­шi басқа орынға көшi­рiл­дi.

Ге­нерал ту­ралы басқа да көпте­ген мақала, шығар­ма­лар жа­зылған. 1946 жы­лы «Звез­да Вос­то­ка» жур­на­лын­да Ма­рина Ме­леновс­ка­яның «Са­быр Ра­химов – пер­вый уз­бекс­кий ге­нерал» очер­кi жа­ри­яла­нып­ты. Ки­нод­ра­матург Ка­мил Яшен 1949 жы­лы «Ге­нерал Ра­химов» көркем филь­мiн түсiр­дi. 1980 жы­лы Таш­кент­те «Под­виг” ат­ты кi­тап жа­рық көрдi. Бұл ақпа­рат­тар, ме­нiңше ба­тыл жа­уын­гердiң бей­не­сiн, оның май­дан­дағы өмiр жо­лын бiл­гi­сi кел­гендер үшiн маңыз­ды. Ол мәлi­мет­тердi қазақстан­дық ав­торлар­дың ба­сылым­да­рымен то­лықты­ру ке­рек».

Шы­нын­да да ой­ла­натын мәсе­ле. Рас, Са­быр ту­ралы көбi­рек шы­рыл­даған оның екiн­шi адал жа­ры — Құра­лай На­тул­ла­ева. Ге­нерал­мен бiр­ге соғыс жол­да­рымен жүрген оның ес­те­лiк­те­рiн­де өте құнды мәлi­мет­тер бар­лығы да­усыз. Ерi­нiң: «Ар­ма­ным — қазақ боп өлу» де­ген ама­натын орын­дау үшiн жарғақ құлағы жас­тыққа ти­мей күре­сiп өттi. Ол бас­пасөз бе­тiн­де­гi бiр сөзiн­де Еке­умiз­дiң қазақ еке­нiмiз­дi дәлел­деу үшiн елу жыл бойы сан­да­лып, бар­маған же­рiм, бас­паған та­уым қал­ма­ды. 1996 жы­лы кiр­ме­ген көрiм қал­маған соң, ақыры әбден күйiн­дiм де, ра­ди­око­митет­ке ба­рып Са­быр­ды да, өзiм­дi де «қазақпыз» деп жа­ри­ялап жi­бер­дiм деп­тi. Осын­дай әре­кетi үшiн қуда­лау да көрсе ке­рек. Бiр­ту­ар да­ра ба­тыр Ба­уыр­жан Мо­мышұлы Өзбекс­танға әдейi iз­деп ба­рып, ге­нерал­дың жа­рын ел­ге көшi­рiп те әке­лiп­тi. Бi­рақ, өзбек жағы ұлттық мақта­нышы­на ай­налған адам­ның жа­рын Қазақстан­да қал­дырғысы кел­мей­дi, қай­та көшi­рiп әке­тiп, жағдайын жа­сай­ды. Бi­рақ ба­тыр­дың әйелi ұлттық ру­хын төмен­детпей, қаһар­мандық мi­незi­не ба­сып, он­дай уақыт­ша жарқыл­дақ нәрсе­лер­ге көп ал­да­на қой­май­ды. Бiр таңқалар­лығы, әске­ри рес­ми құжат­тарда Құра­лай апа­мыз бен ге­нерал­дың ара­сын­дағы жұбай­лық өмi­рi ту­ралы көрсе­тiл­ме­ген се­кiл­дi. Про­фес­сор Ану­ар Ис­май­лов жоғары­да аталған мақала­сын­да бы­лай деп жа­зады:

"Са­быр Рақымов­тың өмi­рiн және өмiр­ба­янын зерт­те­удi мен мұрағат құжат­та­ры бойын­ша 2001–2006 жыл­да­ры жүргiз­дiм. Бiз­дiң жер­лес ге­нерал бас­шы­лық ет­кен атқыш­тар ди­визи­ясы­ның құжат­тар қоры ко­ман­дирлiк қыз­ме­тiнiң мәне­рiн және әдiс­те­рiн, соғыс ке­зiн­де­гi қарым-қаты­нас­та­ры мен ге­нерал­дың же­ке өмi­рiн көрсе­туге мүмкiн­дiк бер­дi. 2006 жыл­дың та­мыз айының ба­сын­да мен Ре­сей Қорғаныс ми­нист­рлi­гiнiң Ор­та­лық мұрағаты­на ге­нерал-майор Рақымов Са­быр Ума­рог­лы /ин­вентар­лық №639387/ же­ке қорын­дағы құжат­тарды пай­да­лануға рұқсат ал­дым…

Са­быр­дың ба­лалық шағы төңке­рiс ал­дындағы им­пе­ри­ялық Ре­сей­дiң және оның отар­ланған шет­кi аудан­да­рының көпте­ген ба­лала­ры сияқты ке­дей­шi­лiк­те өттi. Әке­сi Умар 1907 жы­лы қай­тыс болған. Са­уаты жоқ ана­сы, өзбек қызы Бах­райм Таш­кент­те ұлы мен қызын асы­рау үшiн кез кел­ген жұмыс­ты iс­теп, шар­шап-шал­дығып жүре­дi. 1915 жы­лы қарын­да­сы қай­тыс бо­лады. 13 жа­сар Са­быр жер­гi­лiк­тi бай­дың ма­лын бағып күн көрдi. 1917 жы­лы ше­шесi қай­тыс бо­лады да ол ба­лалар үйiне қабыл­да­нады. Ди­рек­то­ры та­тар аза­маты Ш. Ха­санов едi. Осы жер­де оның қызы Әми­намен кез­де­седi. Өмiр­ба­ян­дық құжат­тарда Са­быр әйелiн Маг­ра деп атап­ты: «Жұбайы – Ра­хымо­ва Маг­ра, ме­кен­жайы – Таш­кент қала­сы, Ста­лин көше­сi, 2-үй,

1-пәтер, зей­не­тақымен қам­та­масыз ету 1971 жы­лы тоқта­тыл­ды”. Ге­нерал­дың же­ке iс-қағаз­да­рын­да тек қана осы бiр әйел ғана жа­зылған. Басқа әйел­де­рi, қазiр­гi тiл­мен айтқан­да аза­мат­тық не­кеде не­месе тағы басқа жағдай­ларға бай­ла­ныс­ты көрсе­тiл­ме­ген. Құжат бойын­ша тiр­келген емес.

…1945 жы­лы 26 на­урыз­да таңер­тең ди­визи­яның ко­ман­да­лық пунк­тiн жау ми­насы соққыла­ды. Ди­визия ко­ман­ди­рi Са­быр Рақымов, ко­мис­са­ры пол­ковник А. Смир­нов және ко­ман­да­лық пунк­ттiң басқа офи­цер­ле­рi қат­ты жа­рақат­танды. 26 на­урыз­да сағат 13–00-де есiн жи­май ге­нерал-майор С. У. Рақымов қаза тап­ты. Бұл қайғылы оқиға бiз­дiң оңтүстiкқазақстан­дық май­дан­гер-жа­уын­гер, Кеңес Одағының Ба­тыры Тоған­бай Қауым­ба­ев­тың есiн­де. 30 на­урыз күнi Рақымов және оның май­дан­дас дос­та­ры Бе­лорус­си­яда Грод­но қала­сын­да жер­лендi. Соғыс бiт­кен соң, 1945 жыл­дың ма­мыр айын­да ге­нерал­дың де­несi Таш­кент­ке әке­лiн­дi. Рақымов­пен қош­та­су қайғылы ми­тин­гi­сi 25 ма­мыр­да бол­ды. Де­несi Таш­кент­те­гi ба­уыр­ластар ма­зара­тын­да жер­ленген. Ен­дi мi­не, оның ес­керт­кi­шi алын­ды. Таш­кент мет­ро бе­кетi­нiң, аудан­ның аты өзгер­дi. Әрi қарай не бол­мақ? Мен зерт­те­ген мұрағат құжат­та­рын­да, әде­би­ет пен өнер ту­ын­ды­ларын­да ге­нерал­дың ұлты өзбек деп жа­зылған. Қазақ ав­торла­ры, оның ұлты қазақ деп айғақта­рын көрсе­тiп, бар­лығын сен­дiрдi. Ен­дi оның де­несi 3-шi рет қай­та жер­ле­не ме?»

Әске­ри та­рих­ты зерт­те­ушi ғалым­ның жа­найқайы кiм­дi бол­ма­сын ой­лан­дырмай қой­май­ды.

Қазақтан шыққан тұңғыш ге­нерал жөнiн­де ең көбi­рек зерт­те­ген және се­ри­ал­ды мақала­лар жазған Әкiм Ысқақтың ора­сан зор еңбе­гiн ай­тпай ке­туге бол­май­ды. Ол «Ле­нин­шiл жас» — «Жас алаш» га­зетi­нiң Оңтүстiк Қазақстан об­лы­сын­дағы мен­шiктi тiл­шi­сi ке­зiн­де Рақымов тақыры­бына ден­деп ен­дi. Әсiл­хан ағамыз­дан кейiн, 20 жыл­дай уақыт­тан соң тiл­шi көтер­ген бұл мәсе­леге га­зет оқыр­манда­ры, та­рих­шы­лар, ұлт жа­нашыр­ла­ры бел­сендi үн қат­ты. Көпте­ген пi­кiр­лер жа­ри­ялан­ды. Нәти­жесi де көрi­не бас­та­ды. Көкi­бел­де­гi мек­теп Ұлы Отан соғысын­да қаһар­мандықпен қаза тапқан, Кеңес­тер Одағының Ба­тыры, ге­нерал-майор Са­быр Рақымов аты­мен ата­лып, оның ал­ды­на ке­удемүсi­нi қойыл­ды. Бе­рiрек­те Шым­кент қала­сын­дағы әске­ри мек­теп-ин­терна­ты мен қала­дағы бiр көше­ге аты бе­рiл­дi. Түрлi мәде­ни ша­ралар ұйым­дасты­рыл­ды. Бұл оның есi­мiн қас­терле­уде­гi алғашқы қадам­дар бо­латын. Ал, бел­гi­лi қалам­гер Әкiм Ысқақ өткен жы­лы өзi жи­ыр­ма жыл­дай бұрын бас­таған тақыры­бын тағы да те­реңде­тiп, ”Тұңғыш ге­нерал” ат­ты кi­табын жа­рыққа шығар­ды. Жур­на­лис­тiк зерт­те­улер­ден тұра­тын бұл жи­нақтың кейiн­гi ұрпаққа бе­ретiн әске­ри-пат­ри­от­тық, тәлiм-тәрби­елiк маңызы өте құнды.

Са­быр Рақымов­ты мақта­ныш тұтып, ол ту­ралы де­рек­тердi бас­пасөз бет­те­рiнен, ел ара­сынан жи­нас­ты­рып, өзi де жа­зып жүрген­дердiң бi­рi – Елiк Дүй­се­беков ағамыз.

Са­быр­дың арғы ата­сы Хан­бағыс Же­тiбай ба­тыр­дың ба­ласы Жан­жi­гiт, кейiн оның не­мере­сi Мәмбетқұл Тақта­пул­дың датқала­ры болған. Са­быр Мәмбетқұлдың үш ұлы­ның үлке­нi Омар­дың /Омарқұл/ жалғызы. Әке­сiнен жас­тай қалған ол датқа ата­сының қолын­да араб­ша оқыған. Тұлғасы сым­батты, пы­сық, тiр­лiкте алғыр бо­лып өстi. Ата­сы «бұл әкеңнiң ен­шi­сi едi, ен­дi се­нiкi» де­ген соң бiр ди­iр­менге ие бо­лып, жұмыс жа­сай­тын. Он­да жұмыс­шы бо­лып жүрген нағашы­сы Рақым қарт жас Са­бырға ту­ысын­дай мейiр­бандықпен қарай­ды. Өй­тке­нi, Рақым­ның қарын­да­сы Бах­райм Са­быр­дың ана­сы едi. Кеңес мек­те­бiне есейiп қалған­да барған Са­быр, бұл кез­де датқа ұрпағы деу са­ясатқа ту­ра кел­мей­тi­нiн ұғып, ди­iр­меншi Рақым­ның не­мере­сi ре­тiн­де Рақымов бо­лып жа­зыла­ды.

Са­быр мек­тепте озат оқып, Ба­куде­гi әске­ри учи­лище­нi үздiк бi­тiре­дi. Кур­сант ке­зiн­де-ақ бөлiм­ше ко­ман­ди­рi, взвод ко­ман­ди­рiнiң көмек­шi­сi бо­лып, қол­дан құйылған тұлпар мүсiн­мен ма­рапат­та­лады. Учи­лище­нi бi­тiрi­сiмен, Ази­ядағы бас­ма­шыларға қар­сы күрес­ке әске­ри құра­ма ко­ман­ди­рi бо­лып ат­та­нады. Же­ке ба­сының ер­лiк үлгi­лерiн көрсе­тедi. Үш рет жа­рақат­танса да май­дан ше­бiнен кет­пей­дi. Са­уыға са­лысы­мен әске­ри құра­масын басқарып, жа­уды ығыс­ты­ра бе­редi. Ер­лi­гi үшiн өз аты бе­дер­ленген ал­мас қылыш және жа­уын­герлiк «Қызыл Ту» ор­де­нiмен ма­рапат­та­лады. Оның жо­рықта­ры, ер­лiкте­рi аңызға ай­на­лады.

Ой­ла­нып қара­сақ, шы­нын­да да қазақтың тау тұлғалы да­рала­рының бi­рi, са­ра саңлақ — Са­быр ге­нерал өзбек ағайын­дарға да бөтен еме­сiн жа­сыра ал­май­мыз. Олар қаны қазақ екен деп даңқты адам­нан бiр­жо­ла бас тарт­пай­тын шығар.

Уақыт төре­шi еш­кiмге жал­тақта­май­ды. Мi­не, ке­лесi жыл­дың 25 қаңта­рын­да ке­шегi сұра­пыл соғыс қаһар­манда­рының бi­регей­ле­рiнiң бi­рi, қазақтан шыққан тұңғыш ге­нерал Са­быр Рақымов­тың туғаны­на 110 жыл то­лады.