Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

Ұлы Отан соғысы­ның бас­та­луы (1941–1945 жж.)

1940 жылғы 18 жел­тоқсан – фа­шистік Гер­ма­ния бас­шы­лығы «Бар­ба­рос­са» соғыс жос­па­рын жа­сады.

Мақса­ты:

  1. КСРО-ға қар­сы соғыс ашу;
  2. «Қауырт соғыс» иде­ясы бойын­ша соғыс­ты 1941 жыл­дың күзінде аяқтау.

Бұл соғыс жос­па­ры бойын­ша фа­шис­тер КСРО-ны:

  1. Сан­сыз көп ұлттың жа­сан­ды және тұрақсыз бірлестігі;
  2. Ішкі бірліктен жұрдай эт­ни­калық конг­ло­мерат ретінде қарас­тырды.

КСРО тер­ри­тори­ясын, бірне­ше рей­хком­мисса­ри­атқа бөлуді көздеді:

  1. Ост­лан­да-Бе­ларусь пен Бал­тық жағала­уы;
  2. Ук­ра­ина;
  3. Мос­ко­вия — Ре­сей жері;
  4. Кав­каз;
  5. Еділ-Орал;
  6. Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан).

«Үлкен Түркістанға» енетін ай­мақтар: Қазақстан, Ор­та Азия, Та­тарс­тан, Башқұртстан, Әзірбай­жан, Солтүстік Кав­каз, Қырым, Шыңжан, Ауғанс­тан­ның солтүстігі.

Фа­шистік Гер­ма­ни­яның қуыр­шақ мем­ле­кет құру­дағы көзде­ген эко­номи­калық және са­яси мақсат­та­ры:

  1. Ұлы гер­ман им­пе­ри­ясы үшін қуат­ты шикізат және азық-түлік ба­засын жа­сау;
  2. Кеңес елін отарға ай­нал­ды­рып, ха­лықта­рын құлдыққа түсіру.

1941 жыл 22 ма­усым – фа­шистік Гер­ма­ния КСРО-ға тұтқиыл­дан соғыс аш­ты. Ұлы Отан соғысы бас­талды.

Еңбекшілер Отан қорғаушы­лар қата­рына өз еркімен жа­зыла бас­та­ды. Рес­публи­када 2 мил­ли­он­нан ас­там адам әске­ри да­яр­лықтан өтті.

Соғыс­тың алғашқы ке­зеңінде 14-атқыш­тар және ат­ты әскер ди­визи­ясы, 6 бри­гада құры­лып май­данға жіберілді. Қазақстан­дық 36-же­ке атқыш­тар бри­гада­сы 30 дан ас­там ұлттан құрыл­ды. Ал­ма­ты, Жам­был, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызс­тан­нан шақырылған жігіттер­ден 316-атқыш­тар ди­визи­ясы (ко­ман­дирі – ге­нерал М. В. Пан­фи­лов) жа­сақтал­ды.

Ар­мия қата­рына 1млн. 196164 (1 млн. 196.300) қазақстан­дық қосы­лып, әрбір бесінші адам май­данға ат­танды.

Еңбек ар­ми­ясы құры­лып, Қазақ КСР-нен 700мыңнан ас­там адам шақырыл­ды. Соғыс жыл­да­ры 27 әске­ри оқу ор­ны 16мың офи­цер да­яр­лап шығар­ды. 1941–1945 жыл­да­ры әске­ри оқу орын­да­рына 42мыңнан ас­там қазақстан­дық жіберілді.

Рес­публи­ка эко­номи­касын май­дан мүддесіне бағын­ды­ру (1941–1945 жж.)

Соғыс­тың алғашқы ай­ла­рынан бас­тап, Қазақстан­дағы эко­номи­каны соғыс мүддесіне бейімдеп қай­та құру, ма­тери­ал­дық және адам ре­сурс­та­рын қай­та бөлу ша­рала­ры жүргізілді. Со­нымен қатар неміс фа­шис­тері ба­сып алған жер­лерден кәсіпо­рын­дар көшіп ке­ле бас­та­ды. 1941 жыл­дың екінші жар­ты­сын­да рес­публи­каға бар­лығы 142 кәсіпо­рын көшіріліп әкелінді. Тек Ал­ма­тының өзінде 34 за­уыт­тың, фаб­ри­ка мен цех­тың жаб­дықта­ры ор­на­лас­ты­рыл­ды. Олар­дың ішінде Лу­ганск па­равоз жа­сау за­уыты­ның бір бөлігі, Харь­ков ва­гон жөндеу за­уыты және басқалар бар. Сон­дай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп ор­ны­ның жаб­дықта­ры келді. Ук­ра­ина­дан әкелінген үш фаб­ри­ка негізінде Се­мей аяқ киім фаб­ри­касы құрыл­ды.

Май­дан шебінен көшіп кел­ген кәсіпо­рын­дарды ор­на­лас­ты­руға рес­публи­када 2300мың шар­шы метр өндіріс аудан­да­ры бо­сатыл­ды.

Рес­публи­каға 1,1 млн. ас­там адам көшіріліп әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жы­лы 158мың адам жұмыс істе­се, 1945 жы­лы 255мың жұмыс­шыға дейін жетті. 1943 жы­лы қорғаныс­тық маңызы бар он­даған кәсіпо­рын­дар іске қосыл­ды, бұрын­нан істеп тұрған кәсіпо­рын­дар өнім өндіруді арт­тыр­ды. Мәсе­лен, сол жы­лы рес­публи­кадағы қара ме­тал­лургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе фер­росп­лав за­уыты іске қосы­лып, өнім шығара бас­та­ды. Ақтөбе хи­мия ком­би­наты бор, фос­фор қышқыл­да­рын, со­да шығару­ды жолға қой­ды. Шым­кент дәрі-дәрмек жа­сау за­уыты шөптен дәрі жа­са­уды игерді. Темірта­уда Қараған­ды ме­тал­лургия ком­би­натын са­лу қолға алын­ды. Ма­шина жа­сау за­уыт­та­ры Ал­ма­тыда, Шым­кент­те, Қараған­ды­да іске қосыл­ды. Балқаш, Қар­сақпай мыс қоры­ту за­уыт­та­ры күшейді. Түсті ме­талл шығару өсті. Та­мақ өнеркәсібінің: Шым­кент­те жеміс-жи­дек кон­серві ком­би­наты, Ал­ма­ты, Қараған­ды­да кон­ди­тер фаб­ри­кала­ры, Пет­ро­павл­да те­мекі фаб­ри­касы пай­да­лануға берілді.

1944 жы­лы Те­келідегі қорғасын-мыс ком­би­наты­ның бірінші ке­зегі, Өске­мен мыс за­уыты іске қосыл­ды. Рес­публи­када қара ме­тал­лургия, мұнай өңдеу өнеркәсібі қалып­тасты. Ертісте ха­лықтық құры­лыс Өске­мен ГЭС-і са­лынып бітті.

Соғыс жыл­да­ры Қараған­ды көміршілері Сібір, Орал, По­волжье өнеркәсіп аудан­да­рын жоғары са­палы кокс­тел­ген көмірмен жаб­дықтап тұрды. 19 жаңа шах­та мен 3 көмір раз­резі іске қосыл­ды. Соғыс­тың соңғы үш жы­лын­да Қазақстан 2472,2мың тон­на са­палы мұнай өндірді. Соғыс кезінде бар­лығы 460 за­уыт, фаб­ри­ка, кеніш, шах­та және басқа өндірістер са­лын­ды.

Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры Қазақстан­ның темір жол транс­пор­ты май­дан мен тыл қажет­терін қам­та­масыз ету­де маңыз­ды рөл атқар­ды. Темір жол­дағы жұмыс­тың көбін әйел­дер атқар­ды. Олар теміржол­шы­лар­дың 35 пайызын қам­ты­ды. Ақмо­ла-Қар­та­лы, Гурьев-Қан­дағаш, Орск-Қан­дағаш темір жол­да­ры іске қосыл­ды. Бұлар­дан басқа жергілікті маңызы бар Жам­был-Шо­лақтау, Тал­дықорған-Те­келі, Лепсі-Анд­ре­ев­ка, Ағадыр-Ақтау, Састөбе-Кель­те­машат темір жол желілері са­лын­ды. Жал­пы теміржол­дың ұзын­дығы 1940 жылғы 6 581 шақырым­нан 8 200 шақырымға дейін өсті.

Қазақстан­дықтар­дың май­данға ат­та­нуы және олар­дың қаһар­ман ерліктері (1941–1945 жж.)

Ұлы Отан соғысы­ның даңқты та­рихы­ның бет­теріне жа­зылған қазақстан­дықтар­дың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да ха­лықта­рының ұл-қыз­да­рымен қатар біздің рес­публи­каның жас­та­ры да жа­умен Бал­тық теңізінен Қара теңізге дейінгі май­дан шеп­терінде ерлікпен шайқас­ты. Даңқты Брест қама­лын қорғаушы­лар­дың қата­рын­да мыңдаған қазақстан­дықтар бол­ды. Олар­дың ара­сын­да Ғ. Жұма­тов, Ш. Шол­та­ров, В. Ло­банов, К. Әбдірах­ма­нов, К. Иманқұлов, Е. Ка­чанов, В. Фур­сов т. б. Жа­умен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысы­ның алғашқы ай­ла­рын­да қазақстан­дықтар Ли­епая, Пе­ремышль, Са­аре­ма ара­лы, Минск, Одес­са, Бель­цы, Ша­уляй, Се­вас­то­поль және т. б. қала­лар үшін шайқас­ты. Әсіре­се 1941 жылғы қара­ша, жел­тоқсан ай­ла­рын­да Мәскеу түбіндегі шайқас­та қазақстан­дықтар­дың жа­уын­герлік даңқы шықты. Рес­публи­када жа­сақталған 316-атқыш­тар ди­визи­ясы­на ас­та­наға апа­ратын негізгі өзекті жол­дардың бірі – Во­лока­лам тас жо­лын қорғау тап­сы­рыл­ды. Мұнда майор Ба­уыр­жан Мо­мышұлы басқарған 1073-ші атқыш­тар полкі жау ша­бу­ылы­на ди­визи­яның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен той­та­рыс берді. 316-ди­визи­яның жоғары қаһар­мандық қабілетін қам­та­масыз ету­ге оның ко­ман­дирі И. В. Пан­фи­лов зор еңбек сіңірді.

Ду­босе­кова разъезі түбінде 28 пан­фи­лов­шы жа­уын­герлер жа­удың 50 танкісінің ша­бу­ылы­на қар­сы тұрды. Са­яси же­текші В. Г. Клоч­ковтың жа­уын­герлерді ерлікке жігер­лендіріп: «Ре­сей жері кең бай­тақ, бірақ шегінер жер жоқ, ар­ты­мыз­да Мәскеу!» — де­ген сөздері бүкіл май­данға та­рап кетті. 28 жа­уын­гер – орыс­тар, қазақтар, ук­ра­ин­дар, қырғыз­дар – 4 сағат бойы өрше­лене жа­салған жау танк­терінің ты­ным­сыз ша­бу­ылы­на ерлікпен той­та­рыс берді. Олар қасық қаны қалған­ша шайқас­ты. Бәрі дерлік қазақ тап­ты, бірақ жа­уды өткізбеді. Сон­дай-ақ Мәске­уді қорғау та­рихы­на пан­фи­лов­шы­лар ди­визи­ясы бөлімдерінің са­яси же­текшілері П. В. Вих­ров, М. Ғаб­дуллин, ав­то­мат­шы­лар Т. Тоқта­ров, Р. Аман­келди­ев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қал­дырды. 316-ди­визия жа­уын­герлерінің ерлігі мен қаһар­мандығы жоғары бағалан­ды. 1941 жы­лы 17 қара­шада оған құрметті 8-ші Ұлан ди­визи­ясы атағы берілді.

Мәскеу шайқасы­ның та­рихи маңызы

Қызыл Ар­мия Моск­ва түбінде гит­лерлік басқын­шы­лар­ды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстан­дықтар­дың үлесі де көп бол­ды. Қазақстан­дық ге­нерал-майор И. В. Пан­фи­лов пен ко­мис­сар А. С. Его­ров басқарған 316-атқыш­тар ди­визи­ясы­ның аты аңызға ай­нал­ды. Бұл ди­визия 1941 жы­лы 26 қазан­нан 18 қара­шаға дейін ерлікпен жауға қар­сы шайқас­ты. 1941 жы­лы 18 қара­шада И. В. Пан­фи­лов ерлікпен қаза тап­ты. Кейіннен «28 пан­фи­лов­шы» ерлігі аңызға ай­нал­ды. Пан­фи­лов­шы, ро­таның са­яси же­текшісі, қазақстан­дық КСРО ба­тыры П. Б. Вих­рев те ерлікпен қаза тап­ты.

Ба­уыр­жан Мо­мышұлы басқарған ба­тальон жа­умен болған шайқас­та ерліктің та­маша үлгісін көрсетті. Моск­ва об­лы­сының Бо­роди­но се­лосы­ның түбінде неміс шта­бына ба­сып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқта­ровқа кеңес­тер Одағының ба­тыры атағы берілді.

М. Ғаб­дуллин басқарған ав­то­мат­шы­лар то­бы да ерек­ше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірне­шеуін жой­ды. М. Ғаб­дуллин­ге Кеңес­тер Одағы ба­тыры атағы берілді.

Бо­роди­но се­лосы­ның түбінде Аман­гелді Има­нов­тың ұлы Ра­мазан Аман­гелди­ев 13 фа­шистің көзін жой­ды.

Фа­шис­тердің Моск­ва түбінде жеңілуі, яғни «Блицк­риг» жос­па­рының күй­реуі жеңістің бас­та­масы, Ұлы Отан соғысын­дағы түбе­гейлі бетбұрыс бол­ды.

Ле­нинг­рад шайқасы­ның та­рихи маңызы

Ле­нинг­рад қала­сын қорғауға қазақ КСР-де құрылған 310-атқыш­тар ди­визи­ясы мен 314-ди­визия алғашқы ке­зеңнен қатыс­ты.

Ле­нинг­рад үшін шайқас­та қазақ жа­уын­гері Сұлтан Бай­маған­бе­тов ке­удесін оққа төсеп, Алек­сандр Мат­ро­сов­тың ерлігін қай­та­лады. Ол Кеңес­тер Одағының ба­тыры атан­ды.

Бал­тық фло­тын­да көпте­ген қазақстан­дықтар жауға қар­сы ерлікпен шайқас­ты. Мы­салы, «Ки­ров» крей­серінде 156 қазақстан­дық болған. Қазақстан­нан барған әскер­лердің 30%-дан ас­та­мы Ле­нинг­рад түбіндегі шайқасқа қатыс­ты. Ро­та ко­ман­дирі Қой­бағаров өз бөлімшесімен неміс окоп­та­рына ба­сып кіріп, өшпес ерлік жа­саған. Одан басқа Ле­нинг­рад түбінде Дүй­сен­бай Шы­ныбе­ков, С. Жылқышев, Г. П. Зуб­ков т. б. қазақстан­дықтар ерек­ше ерлік көрсетті.

1941 жы­лы қыркүйек­те қазақстың ұлы ақыны Жам­был Жа­ба­ев­тың ле­нинг­рад­тықтарға ар­нап жазған «Ле­нинг­рад­тық өренім» жы­ры фа­шис­тердің қор­ша­уын­дағы қаһар­ман қала халқына, оны қорғаушы­ларға үлкен ру­хани дем берді.

Ста­линг­рад шайқасы­ның та­рихи маңызы

1942 жы­лы Ста­линг­рад түбінде қиян-кескі шайқас бас­талды. Қазақстан­ның ба­тысы Ста­линг­рад об­лы­сымен 500 шақырым шек­тесіп жатқан­дықтан, соғыс­тың оты Ба­тыс Қазақстан өңірін қам­ты­ды.

1942 жы­лы 1 қыркүйек­те Гурьев­те қорғаныс ко­митеті құрыл­ды. 1942 жы­лы 15 қыркүйек­те Гурьев об­лы­сын­да соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді. 1942 жы­лы 9 қазан­да Қазақ КСР үкіметі Ста­линг­рад май­да­нының ең жақын ты­лы Қазақстан екенін, сон­дықтан бұдан ар­тық шегінетін жер жоқ екенін ай­тып, Ста­линг­рад­ты қорғаушы жер­лестеріне үндеу тас­та­ды.

Ба­тыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сай­хан, Ор­да, Ча­па­ев, Тай­пақ аудан­да­рын­да ар­найы аэрод­ромдар са­лын­ды. Ақтөбе об­лы­сын­да да қорғаныс құры­лыс­та­ры са­лын­ды.

Ста­линг­рад май­да­нының көпте­ген әске­ри бөлімдері, ма­тери­ал­дық, тех­ни­калық ба­зала­ры Ба­тыс Қазақстан­да ор­на­лас­ты­рыл­ды. Орал қала­сын­да әске­ри бай­ла­ныс то­рабы ор­на­лас­ты. Ба­тыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әске­ри гос­пи­таль жұмыс істеді.

Ста­линг­рад май­да­нын бар­лық жағынан Қазақстан қам­та­масыз ет­кен. Осын­да көпте­ген әске­ри тех­ни­ка жөнде­уден өтті. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыш­тар ди­визи­ясы, 81-ат­ты әскер ди­визи­ясы т. б. Ста­линг­рад­ты қорғауға қатыс­ты.

Жам­былдың ұлы Алғадай Ста­линг­рад түбінде ерлікпен қаза тап­ты. Кеңес­тер Одағының ба­тыры, қараған­ды­лық ұшқыш Нұркен Әбдіров өз ұшағын жа­удың әске­ри ба­засы­на құла­тып, Гас­телло­ның ерлігін қай­та­лады.

Ста­линг­рад түбінде қазақстан­дықтар Қ. Сы­пата­ев пен А. А. Бель­гин өздерінің ерлігі нәти­жесінде Кеңес­тер Одағының Ба­тыры атағына ие бол­ды. Ста­линг­рад шайқасы соғыс та­рихын­да ерек­ше орын ал­ды. Гит­лерлік басқын­шы­лар­дың Ста­линг­рад түбіндегі жеңілуі олар­дың соғыс­тағы тағды­рының шешілу уақытын жақын­да­та түсті.

Қазақстан жеріндегі же­келен­ген ха­лықтар­дың қоныс ауда­руы. Қоныс аударған ха­лықтың жағдайы (1941–1945 жж.)

30-жыл­да­ры Қазақстанға өзге ұлттар­ды қоныс аудар­ту кеңінен жүргізілді. Өлке аумағына елдің ор­та­лық ай­мағынан ха­лық көптеп ке­ле бас­та­ды. Бұл ке­зеңнің қоныс ауда­ру са­яса­тын үш бағытқа бөлу­ге бо­лады: өндірістік, ауыл ша­ру­ашы­лық және күштеп, жа­залау тәртібімен қоныс аудар­ту. 1928–32 жыл­да­ры РКСФР-дің басқа рес­публи­кала­рынан елімізге 100 мыңға жуық ша­ру­ашы­лық көшіп келді. Ашық және рес­ми түрде жүргізілген жос­парлық қоныс ауда­рудан басқа 30–40 жыл­да­ры әле­уметтік, кейін ұлттық белгі бойын­ша күштеп қоныс ауда­ру ісі кеңінен жүргізілді. Ұжым­дасты­ру науқаны бас­та­лысы­мен ар­найы қоныс ауда­ру бұқара­лық си­пат ал­ды. 1930 жы­лы көктем­де Қазақстанға 0,5 млн. «ар­найы қоныс ауда­рушы­лар келді».

1937 жы­лы қазақстанға жа­пон бар­лау қыз­метімен бай­ла­нысы бар деп айып­талған 95мың 903 адам­нан тұра­тын ко­рей ди­ас­по­расы қиыр Шығыс­тан көшіріліп қоныс­танды­рыл­ды. 1939–1941 жы­лы Ба­тыс Бе­ларус­сия мен Ба­тыс Ук­ра­ина­дан, бал­тық жағала­уын­дағы Кеңестік рес­публи­калар­дан по­ляк­тарды қоныс ауда­ру (де­пор­та­ция) жүзе­ге асы­рыл­ды. Са­нақ бойын­ша де­пор­та­ция ал­ды­на 1939 жы­лы Қазақстан­да 54,7мың по­ляк, 3,6мың ла­тыш, 808 лит­ва­лықтар және т. б. тұрған.

1941 жы­лы 28 та­мыз­да фа­шис­термен бай­ла­нысы бар де­ген айып­пен 349713 неміс, 1944 жыл­дың ақпа­нын­да ин­гуштер мен че­шен­дер, на­урыз­да башқұрлар, қара­шада түрік мес­хе­тин­дер Қазақстанға күштеп қоныс ауда­рушы­лар бол­ды.

Ішкі істер ха­лық ко­мис­са­ри­аты мен КСРО мем­ле­кеттік қауіпсіздік ко­митетінің рес­ми құжат­та­ры күштеп қоныс­танды­ру се­беп­терін фа­шистік ре­жимді қол­да­ушы­ларға, бан­ди­тизмнің пай­да бо­лу­ына қар­сы жа­салған әре­кет деп түсіндіреді.

Жал­пы алған­да Қазақстан­да 30 — 50-жыл­да­ры қоныс­та­нушы­лар са­ны, ГУ­ЛАГ тұтқын­да­рын са­намаған­да, ор­та есеп­пен 1560мың адамға жетті.

1939–1959 жыл­дар ара­лығын­да ха­лықтың өсуі 3210234 адам­ды құра­ды. Бұл ке­зеңде қазақ халқының тағды­рына зор қауіп төнді. То­тали­тар­лық ре­жим Қазақстан­ды қоныс ауда­рушы­лар ла­геріне, ГУ­ЛАГ, конц­ла­герь­лер еліне ай­нал­ды­рып жіберді. Қазақ халқы ста­линдік са­ясат құрбан­да­рын құшақ жая қар­сы ал­ды. Олар­мен азық-түлігімен бөлісті, қайғысы­на ор­тақтас­ты, өздері аш-жа­лаңаш отырған қазақтар бақыт­сыздарға ба­ла-шағасы­ның аузы­нан жы­рып көмек көрсетті.

Қазақстан – май­дан ар­се­налы (1941–14–945 жж.)

Соғыс­тың алғашқы күнінен бас­тап Қазақстан май­дан ар­се­нал­да­рының біріне ай­нал­ды (ар­се­нал – күш-қуат, қару-жа­рақтар қой­ма­сы).

Қараған­ды шах­терлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн тон­на көмір өндірді, бұл шах­та­ның бүкіл өмір бойы өндіргенінен 3 млн. тон­на ар­тық еді. Орал-Ембі мұнай­лы ауда­нының кәсіпо­рын­да­ры сұйық отын шығару­ды 39 пайызға арт­тыр­ды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.

Көмір өнеркәсібі

1941 жығы 27 қара­шада БК (б) П ОК «Қараған­ды көмірін ти­еу ту­ралы» шешім қабыл­да­ды. Пар­ти­яның ОК ӨҚХК-ін (Өнеркәсіп пен құры­лыс ха­лық ко­мис­са­ри­атын) көмір та­су үшін Орал мен Сібір жол­да­рын­да қосым­ша 200 ай­нал­ма бағыт ашып, Томск, Ом­бы, Қараған­ды, Оңтүстік Орал, Пермь, Орын­бор, Пен­за, Оңтүстік-Шығыс, Ря­зань-Орал, Қазан Түркістан-Сібір жол­да­ры басқар­ма­ларын­да көмір мен кокс ти­ел­ген по­ез­дарды бақылап оты­ратын ар­найы дис­петчерлік топ құруға міндет­теді: МҚК құры­лыс­та­ры то­лық аяқта­лу­ын күтпей, Ақмо­ла – Қар­та­лы желісінің өткізу қуатын арт­ты­ру ту­ралы шешім қабыл­да­ды.

Мұнай өнеркәсібі

Әске­ри-ша­ру­ашы­лық жос­парға сәй­кес Еділ бойы, Ба­тыс Сібір, Қазақстан мен Ор­та Азия аудан­да­рын­да қара және түсті ме­тал­лурги­яны, отын-энер­ге­тика­лық өнеркәсіпті, темір жол транс­пор­тын же­дел да­мыту қолға алын­ды. Ембіде мұнай көздерін бар­лап өндіру, Қараған­ды мен Маңғыс­та­уда шах­та­лар, бірқатар электр стан­са­лары мен балқаш мыс қоры­ту за­уытын­да от пен мыс та­зар­ту це­хы құры­лыс­та­рын са­лу белгіленді. Қазақстан­дағы отын-энер­ге­тика комп­лексі мен түсті ме­тал­лурги­яны да­мыту нұсқауы бойын­ша КСРО-ның соғыс ке­зеңіндегі ха­лық ша­ру­ашы­лық жос­па­рының құрам­дас бөлігі ретінде қарас­ты­рыл­ды.

Шах­та­лар құры­лысын тез­де­ту кен шығару­дың шап­шаңда­тылған әдістері есебінен жүзе­ге асы­рыл­ды. Со­ның нәти­жесінде соғыс­тың алғашқы бір жа­рым жы­лын­да 12 жаңа шах­та іске қосыл­ды.

Соғыс жыл­да­рын­дағы ірі құры­лыс­тар

Қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпо­рын­да­рын түсті ме­тал­дармен жаб­дықта­удың негізгі ауырт­па­лығы соғыс қар­саңын­да КСРО-дағы мыс қоры­ның жар­ты­сынан ас­та­мы топ­тасты­рылған Балқаш пен Жезқазған за­уыт­та­рына жүктелді. 1941 жылғы шілде­де Шығыс Қоңырат мо­либ­ден кен ор­ны­ның, Балқаш мыс қоры­ту за­уытын­дағы мыс та­зар­ту және ұса­тып-үгіту цех­та­рының құры­лыс­та­ры әске­ри маңызы бар екпінді құры­лыс деп жа­ри­ялан­ды. Қысқа мерзімнің ішінде су кор­пу­сын – ар­на­улы мо­либ­ден це­хының құры­лысын аяқта­ды. 1941 жыл­дың 7 қара­шасы­на қарай еліміздің ме­тал­лурги­ялық за­уыт­та­рына қажетті алғашқы мо­либ­ден өнімі шығарыл­ды. Бұл құры­лысқа Орал мыс кеніштерінің бұрғыла­ушы­лары келді.

Ақша­тау мо­либ­ден-воль­фрам ком­би­натын са­лу аса ірі екпінді құры­лысқа ай­нал­ды.

Темір жол

Рес­публи­ка көлік қаты­насы ұжым­да­ры да өз жұмыс­та­рын соғыс уақыты­на бейімдеп, қай­та құрды. По­ез­дар қозғалы­сы ауыс­па­лы гра­фик­ке көшірілді. Бірінші ке­зек әскер­лер мен әске­ри жүкке берілді, жо­ла­ушы та­сымал­дауға шек­теу қойыл­ды. Түркістан-Сібір темір жо­лын­да ша­ру­ашы­лық жүктерін та­су жы­лына 2,5 есе өсті. Бүкіло­дақтық жа­рыс жеңімпаз­да­рының қата­рын­да 1942 жылғы ма­усым­да Түрксібтің Шар бөлімі де бол­ды. Бұл ұжымға ең жоғарғы наг­ра­да – МҚК-нің ауыс­па­лы Қызыл Туы тап­сы­рыл­ды.

Се­ло еңбек­керлерінің ерлігі

Қазақстан­ның кол­хозшы ша­ру­ала­ры соғыс­тың жеңіспен аяқта­лу­ына қомақты үлес қос­ты. Рес­публи­каның кол­хоз-сов­хозда­рына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау ба­сып алған аудан­дардан көшіп кел­ген ша­ру­алар еңбек­те ерліктің үлгісін көрсетті.

Қазақстан еңбекшілері та­ры өсірудің ше­бері – Шығанақ Бер­си­евті, атақты күрішшілер – Ыбы­рай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашыл­дар мен ас­тықтан мол өнім алу­дың май­тал­манда­ры Мұни­ра Са­тыбал­ди­наны, Ан­на Дац­ко­ваны, Нүрке Ал­пысба­ева­лар­ды және т. б. орын­ды мақтан етті. Ақтөбе об­лы­сы Ойыл ауда­нының озат та­ры өсірушісі Ш. Бер­си­ев та­рының қуаңшы­лыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сор­тын өсіріп шығар­ды. Ол 1942 жы­лы әр гек­тардан – 175ц, ал 1943 жы­лы – 202ц. өнім жи­нады. Қызы­лор­да­лық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жы­лы әр гек­тардың өнімін 192ц. жеткізді.

Мал ша­ру­ашылғы өнімдерін өндіру мен қоғам­дық мал ба­сының өсу жос­парла­ры ой­дағыдай орын­да­лып отыр­ды. Мал­шы­лар ара­сынан көпте­ген рес­публи­каға та­нымал еңбек озат­та­ры шықты. Мы­салы, Жезқазған ауда­ны Аман­келді атын­дағы кол­хоздың шо­паны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қой­дан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Аты­рау об­лы­сы «Жаңа та­лап» кол­хо­зының жылқышы­сы Ш. Шұғаипо­ва бір мыңнан ас­там жылқыны ешқан­дай шығын­сыз бақты. Қоғам­дық мал ба­сы Рес­публи­када соғыс жыл­да­рын­да 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жы­лы Бүкіло­дақтық еңбек жа­рысын­да мал ша­ру­ашылғын өркен­де­тудегі ора­сан зор та­быс­та­ры үшін Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жаңақала, Гурьев об­лы­сының Қызылқоға аудан­да­ры КСРО Қорғаныс ко­митетінің ауыс­па­лы Қызыл Ту­ын жеңіп ал­ды. Жал­пы соғыс кезінде Қазақстан­ның ауыл-се­ло еңбек­керлері өздерінің пат­ри­от­тық және еңбек па­рыз­да­рын ай­тар­лықтай өтеді. 1941–1945жж. олар май­дан мен ел­ге 5 829мың тон­на ас­тық, 734мың тон­на ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Қазақстан халқының ма­тери­ал­дық жағдайы

1941–1945жж. Қазақстан­нан ба­тыс аудан­дардың 532,5мың тұрғыны бас­па­на, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қата­рынан өз ор­нын тап­ты. 970мыңдай ре­пат­ри­ци­яланған немістер, по­ляк­тар осын­да келді. Олар­дың көпшілігі ауыл­дар мен се­лоларға та­раты­лып ор­на­лас­ты­рыл­ды. Ал қала­лар­да соғысқа дейін қиын болған тұрғын үй проб­ле­масы одан сайын ши­еленісе түсті: 1940 жы­лы қала­ның әрбір тұрғыны­на 5,1 шар­шы метр­ден кел­се, соғыс жыл­да­ры 4,3 ал Қараған­ды қала­сын­да 2,2 шар­шы метр­ден ғана келді.

Бөлшек са­уда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қол­ды то­вар­лар бұрынғыдан 7–15есе аз түсті, ал ба­зар­дағы баға 10–15есе көтерілді. Ел­де ха­лықты нан және басқа аса маңыз­ды азық-түлікпен жаб­дықтауға кар­точка жүйесі енгізілді, көмекші ша­ру­ашы­лықтар жүйесі, ұжым­дық және же­ке бақша ша­ру­ашы­лығы кеңейтілді. Мем­ле­кеттің, еңбек ұжым­да­рының, рес­публи­ка тұрғын­да­рының бірігіп күш жұмса­уы арқасын­да ел азық-түлік проб­ле­масын ше­ше ал­ды. Мол­шы­лық болған жоқ, бірақ бар­лық жұрт ең аз қажетін өтеді.

Бүкілха­лықтық май­дан мен тылға көмек

Май­данға ерікті көмек кең құлаш жай­ды. Ха­лықтың пат­ри­от­тық үлес­терінен жи­налған қорғаныс қоры 1943 жы­лы қазанға дейін ақша­лай 185,5 млн. сомға және тап­сы­рылған об­ли­гаци­ялар­дың құны 193,6 млн. сомға жетті. 1941 жы­лы күзден бас­тап пат­ри­от­тардың қар­жы­сына танк­тер, ұшақтар, сүңгуір қайықта­рын са­тып алу науқаны бас­талды. Олар нақты жа­уын­герге ар­налды. Сон­дай-ақ бүтіндей ко­лон­на, эс­кадрилья са­тып алын­ды. Қазақстан­ның қару-жа­рақ жа­сауға өткізілген бар­лық соғыс за­ем­да­рының және ақша­лай-зат­тай ло­тере­ялар­дың құнын есеп­те­ген­де рес­публи­ка халқының май­дан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом бол­ды, бұл соғыс­тың екі жетілік тіке­лей әске­ри шығынын өте­уге же­тетін еді.

Әсіре­се соғыс­тың бірінші қысын­да жы­лы киім көмегі едәуір бол­ды. Рес­публи­када ха­лықтың 2,5 млн. жы­лы киім, оның ішінде 11,5мың шо­лақ тон, 312мың пар киіз бай­пақ түсті. Мұның үстіне май­дан­дағы сол­даттарға 1600 ва­гон же­ке және ұжым­дық сәлем-сауқат­тар жіберілді, кей­де олар­ды об­лыстың не­месе рес­публи­каның ар­на­улы өкілдері алып бар­ды. Отан қорғаушы­лар­дың олар­мен кез­де­суі, сол сияқты Қазақстан ар­тистерінің май­дан шебіндегі ор­мандар­да, жер ас­тындағы клуб­тарда не­месе ал­дыңғы шеп­тегі блин­даждар­да көрсет­кен 1216 кон­церт­тері май­дан мен тыл­дың бірлігінің айқын көрінісі бол­ды.

1943 жы­лы Қазақстан өз ре­сурс­та­рынан Ре­сейдің Крас­но­дар және Став­ро­поль өлке­леріне, Ук­ра­ина­ның шығыс об­лыста­рына 2700 трак­тор, 123 ком­байн, 880 се­ял­ка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осы­ның бәрін жеткізіп апарған­дардың ішінен 295 ком­бай­ншы, 636 трак­тор бри­гада­сының бри­гадирі, 115 ме­хани­затор, 115 аг­ро­ном, 65 МТС ди­рек­то­ры сон­да қалып, ша­ру­ашы­лықты қал­пы­на келтіру­ге көмек­тесті.

Ұлы Отан соғысы жыл­да­рын­дағы Қазақстан мәде­ни­еті (1941–1945 жж.)

Ғылым мен мәде­ни­ет

Соғыс жыл­да­рын­да эко­номи­каны соғысқа бейімдеу мақса­ты мен КСРО Ғылым ака­деми­ясы жа­нынан «Орал, Ба­тыс Сібір, Қазақстан ре­сурс­та­рын қорғаныс қажетіне жұмыл­ды­ру жөніндегі ко­мис­сия» құрыл­ды. Ко­мис­сия құра­мын­да А. А. Бай­ков, В. Л. Ко­маров, В. К. Об­ру­чев сияқты ғалым­дар бол­ды. Со­нымен қатар Қазақстан жерінде Л. С. Берг, С. Н. Берн­штейн, Н. Д. Зе­линс­кий, Л. И. Мен­дель­штам, А. Н. Бах т. б. ака­демик­тер жұмыс істеді.

Ака­демик А. С. Ор­лов соғыс жыл­да­рын­да орыс­ша-қазақша сөздік құрас­ты­рып, «Ба­тыр­лар жы­ры» ат­ты еңбек жаз­ды. Ал­ма­тыға май­дан өңірінен 20-ға жуық ғылы­ми-зерт­теу ме­кемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы да соғыс мұқта­жына жұмыс істеді. Май­дан қажетіне бай­ла­ныс­ты си­рек ме­тал­ды зерт­теу ісінде Қ. И. Сәтба­ев көп еңбек сіңірді. 1942 жы­лы Қ. И. Сәтба­евқа Жезқазған мыс кен орын­да­рын зерт­теу еңбегіне бай­ла­ныс­ты Мем­ле­кеттік сый­лық берілді. Қазақстан­да ор­на­ласқан Моск­ва ави­ация, ал­тын және түсті ме­тал­дар инс­ти­тут­та­ры, Ки­ев уни­вер­си­теті ерек­ше екпінді еңбек етті. Соғыс жыл­да­рын­да қазақстан­да ашылған жоғары оқу орын­да­ры: Ал­ма­ты шет тілдер инс­ти­туты, Шым­кент тех­но­логия инс­ти­туты, Де­не шы­нықты­ру инс­ти­туты т. б.

90-ға жуық ақын, жа­зушы май­дан­дағы жа­уын­герлер қата­рын­да бол­ды.

Соғыс жыл­да­рын­да Ж. Жа­ба­ев «Ле­нинг­рад­тық өренімді», Ж. Са­ин өлеңдер жи­нағын, Қ. Аман­жо­лов «Ақын өлімі ту­ралы аңыз­дар», С. Мұқанов «Өмір мек­тебін», М. Әуезов «Абай» ро­ман эпо­пе­ясы­ның 1 кіта­бын жаз­ды. А. Толс­той «Қазақстан жерінде болған­да», «Иван Гроз­ный» кіта­бын жаз­ды.

Май­дан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жы­лы Қазақстанға «Мос­фильм», «Лен­фильм» ки­нос­ту­ди­яла­ры көшіріліп әкелінді. Бұл ки­нос­ту­ди­ялар Ал­ма­ты ки­нос­ту­ди­ясы­мен бірігіп, екі жыл ішінде 23 ки­нокар­ти­на түсірді. Олар­дың ішінде «Пар­ти­зан­дар», «Екі жа­уын­гер», «Ге­ор­гий Са­кад­зе» сияқты та­нымал ки­нокар­ти­налар бар.

Соғыс жыл­да­рын­да Ал­ма­тыда ак­терлерді да­яр­лай­тын бүкіло­дақтық мем­ле­кеттік ки­нема­тог­ра­фия инс­ти­туты жұмыс істеді. Ки­нос­ту­ди­ялар М. Әуезов, Ғ. Мүсіре­пов т. б. жа­зушы­лар­дың көмегімен «Абай әндері», «Жа­уын­гер ұлы», «Саған май­дан», «8-гвар­ди­ялық» сияқты кар­ти­налар­ды түсірді. Қазақстан­да құрылған 11 кон­церт бри­гада­сы май­дан­да өнер көрсетті. Соғыс жыл­да­рын­да ғылым мен мәде­ни­ет май­дан қажетіне осы­лай аян­бай қыз­мет етті.