Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Қазақстан – менің Отаным

Өз Ота­ныңын, өз еліңнің пат­ри­оты болғанға не жетсін! Сайын да­ла — атажұрт ба­бала­рымыз­дың көздің қара­шығын­дай сақтап, най­за­ның ұшы, білектің күшімен қорғағаны­ның арқасын­да бізге жетіп отыр. Ен­де­ше осын­дай алып Отан­ды сүйіп өту кімге де бол­сын па­рыз әрі қаси­етті міндет. Отан­ды сүю оның әрбір та­сын сүюден бас­та­лады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа де­ген ма­хаб­бат Отанға де­ген ма­хаб­батқа ұлас­пақ.

Қазақстан жерін ежел­ден қоныс­та­нып ке­ле жатқан ел — қазақ халқы. Көпте­ген ғасыр­лар бойы ел басқарған да­на бас­шы­лары­мыз, қол­басшы ба­тыр­ла­рымыз кең-бай­тақ жерімізді сырт­тан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, дос­тыққа адал, ба­уыр­мал, қонақжай ха­лық.

1991 жы­лы 16 жел­тоқсан­да қазақ халқы азат­тық жо­лын­дағы екі жа­рым ғасыр бойғы үздіксіз күрес­тен кейін мем­ле­кеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жы­лы 1 жел­тоқсан­да бүкілха­лықтық елдің тұңғыш Пре­зидентін сай­лау өткізілді, сай­лау нәти­жесінде мем­ле­кет бас­шы­сы бо­лып Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев сай­лан­ды.

1992 жыл 4 ма­усым — Пар­ла­мент оты­рысын­да Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік рәміздері — Туы, ел­таңба­сы және Гимні қабыл­данды.

1992 жыл на­урыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы­на мүше бо­лып қабыл­данды.

1993 жыл 28 қаңтар — Еге­мен Қазақстан­ның тұңғыш Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің ке­зекті жал­пы оты­рысын­да Пре­зиденттің ас­та­наны Ақмо­лаға көшіру ту­ралы ұсы­нысы мақұлдан­ды.

1995 жыл 29 сәуір — Рес­публи­калық ре­ферун­думда Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­тың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 жел­тоқсанға дейін ұзар­тылды.

1995 жыл 30 та­мыз — Қазақстан­ның жаңа Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

1997 жыл 10 қазан — Пре­зиденттің жар­лығымен мем­ле­кеттің ас­та­насы бо­лып Ақмо­ла жа­ри­ялан­ды.

1997 жыл 11 қазан — Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев рес­публи­ка халқына «Қазақстан — 2030» Жол­да­уын қабыл­да­ды.

1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. На­зар­ба­ев Қазақстан Пре­зиденті бо­лып қай­та­дан сай­лан­ды.

2005 жыл 4 жел­тоқсан — Қазақстан Рес­публи­касы­ның пре­зиденті сай­ла­уын­да Н. Ә. На­зар­ба­ев Пре­зидент бо­лып сай­лан­ды.

2007 жыл 4 ма­усым — Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік ны­шан­да­ры ту­ралы Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ялық заңы қабыл­данды.

Ел­де бейбітшілік пен келісімге, тұрақты­лық пен да­муға қол жеткізілді. Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді да­му стра­теги­ясы белгіленіп жүзе­ге асы­рыл­ды.

Тәуелсіздік — ғасыр­лар бойы аңсаған ар­ма­нын жүзе­ге асы­рып, Ұлы Ев­ра­зи­яның төсінде еге­мен, тәуелсіздік мем­ле­кетін Қазақстан­да тұра­тын әрбір адам өзін осы елдің пер­зенті сезінбейінше, бо­лашағына сен­бейінше, біздің жұмы­сымыз ілгері бас­пай­ды.

Қазақстан Рес­публи­касы — Ев­ра­зия құрлығының ор­та­лық бөлігінде ор­на­ласқан мем­ле­кет. Жер көлемі — 2724,4 мың шар­шы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы са­нақ бойын­ша). Ұлттық құра­мы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыс­тар — 30,0%, ук­ра­ин­дар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғыр­лар — 1,4%, ко­рей­лер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

Мем­ле­кеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Рес­публи­касы — де­мок­ра­ти­ялық және біртұтас мем­ле­кет бо­лып та­была­ды. Ел тұрғын­да­ры негізінен ис­лам және хрис­ти­ан дінін ұста­нады. Бас­ты қала­мыз — Ас­та­на. Мем­ле­кет бас­шы­сы — Пре­зидент. Заң шығару­шы жоғарғы өкілді ор­га­ны — Се­нат (39 де­путат) пен Мәжілістен (77де­путат) тұра­тын Пар­ла­мент. Атқару­шы билік ор­га­ны — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.

Пар­ла­мент — заң шығару міндет­терін жүзе­ге асы­ратын ең жоғарғы өкілеттік ор­ган бо­лып та­была­ды.

Үкімет де­геніміз — мем­ле­кеттік атқару билігінің ең жоғарғы ор­га­ны. Үкімет­ке ми­нистрліктер, агенттіктер, ко­митет­тер, об­лыстық, аудан­дық және қала­лық әкімшіліктер бағына­ды. Үкіметті ең бас­ты ми­нистр — Премьер -Ми­нистр басқара­ды. Оны бұл ла­уазымға Пар­ла­менттің мақұлда­уымен ел Пре­зиденті тағайын­дай­ды.

Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Рес­публи­касы­ның ұлттық ақша­сы пай­да­лануға 1993 жыл­дың қара­шасын­да енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен ти­ын­дардың түрлерін Қазақстан­ның ең таңда­улы су­ретшілерін қатыс­ты­ра оты­рып, Ұлттық банк жа­саған бо­латын.

Мем­ле­кеттік наг­ра­далар бо­лып та­ныла­тын мы­надай ор­дендер мен ме­даль­дар бар.

Жоғарғы деңгей­дегі айырым белгілері «Ал­тын қыран» ор­дені, «Ха­лық қаһар­ма­ны» атағы.

«Отан», «Даңқ», «Ай­бын», «Па­расат», «Дос­тық», «Құрмет» ор­дендері.

Ерлігі үшін, Жа­уын­герлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Ша­пағат ме­даль­да­ры бар.

Қазақстан­да 14 об­лыс, 87 қала (оның екеуі рес­публи­калық дәре­жеде), 159 аудан, 195 аудан­дық деңгей­дегі елді ме­кен, 2150 ауыл­дық әкімшілік ок­руг бар. Рес­публи­ка аумағы ба­тыс­та Еділдің төменгі ағысы­нан шағыс­та Ал­тайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Ба­тыс-Сібір жа­зығынан оңтүстікте Тянь-Шань та­улы жо­тала­рына 1600 км-ге со­зылып жа­тыр.

Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлем­де тоғызын­шы орын­да тұрған, та­биғи бай­лығы мол. Оның ішінде хром­ның әлемдік қоры­ның жар­ты­сынан ас­та­мы Қазақстан аумағын­да бол­са, одан өзге де қорғасын, мы­рыш, мыс, ал­тын мен күмістің бай қоры бар. Воль­фрам қоры бойын­ша екінші, мар­га­нец қоры бойын­ша үшінші, қорғасын мен мо­либ­ден қоры бойын­ша төртінші, темір кен­та­сының қоры бойын­ша сегізінші орын ала­ды.

Қазақстан­ның ба­тысы мен солтүстік Ре­сей Фе­дера­ци­ясы­мен, оңтүстігі Түрікменс­тан, Өзбекс­тан және Қырғызс­тан­мен, шығысы Қытай­мен шек­те­седі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем­де Ре­сей, Қытай, АҚШ, Ар­генти­на, Бра­зилия, Ка­нада, Үндістан және Авс­тра­лия кейінгі 9-орын ала­ды. Кли­маты — ба­рын­ша кон­ти­нен­тальді.

Қазіргі уақыт­та 2700 кәсіпо­рын өнеркәсіп өнімдерін өндіру­мен ай­на­лыса­ды. Бұл кәсіпо­рын­дарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді.

Же­текші өнеркәсіп са­лала­рының қата­рына түсті және қара ме­тал­лургия жа­тады. Жоғары са­палы мыс пен мы­рыш, қорғасын мен кад­мий әлемдік на­рықта үлкен сұра­нысқа ие.

Қазақстан — дәнді дақыл­дар (негізінен ас­тық), азық түлік пен тех­ни­калық дақыл­дардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл ша­ру­ашы­лығын­дағы негізгі са­лалар­дың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізат­пен, ха­лықты та­мақ өнімдерімен қам­та­масыз ететін мал ша­ру­ашы­лығы.

Қазақстан мұнай қоры бойын­ша әлемнің көпте­ген мұнай өндіруші ел­дерінен ал­да тұрды. Рес­публи­када қазіргі уақыт­та бар­ланған және та­былған 2,8 млрд. тон­на мұнай мен кон­денсат қоры­нан және 1,9 трил­ли­он тек­ше метр газ қоры­нан тұра­тын 172 мұнай, 42 кон­денсат және 94 газ кен ор­ны бар. 1993 жы­лы сәуір айын­да Қазақстан мен «Шев­рон» ком­па­ни­ясы мұнай мен бар­лау ісі бойын­ша — «Теңізшев­ройл» бірлес­кен кәсіпор­нын құру ту­ралы келісім жа­сады. Қазақстан­ның газ өндірісінің бо­лашағы үлкен. Әлем­дегі ірі кен орын­да­рының қата­рына жа­татын негізгі газ кен орын­да­ры Қара­шығанақта ор­на­ласқан. Қазақстан­мен ара­да жа­салған келісімдер­ге сәй­кес «Бри­тиш газ» бен «Ад­жип» ком­па­ни­яла­рының осы кен ор­ны аумағын­да жүргізілетін жұмыс­та­ры бас­талған­нан кейін рес­публи­када газ өндіру ай­тар­лықтай өсетін бо­лады. Өзіндік да­му жо­лын та­ба білген елдің ең жаңа та­рихы, әсіре­се, оның бас­тапқы ке­зеңі, атап айтқан­да жаңа мем­ле­кет ретінде дүни­еге келіп, қалып­та­су және да­му та­рихы кімді де бол­са қызықты­рары сөзсіз. Ең ал­ды­мен ол, ұлт тағды­ры үшін ше­шуші рөл атқарған аса маңыз­ды та­рихи құбы­лыс ретінде, осы елдің қазіргі және ке­лешек­те дүни­еге ке­лер жас ұрпағы үшін қым­бат. Уақыт озған сайын қай­та құрылған мем­ле­кетіміздің алғашқы қалып­та­су ке­зеңіне, яғни ірге­тасы­ның қай­та қала­ну ке­зеңіне де­ген қызығушы­лықтың ар­та түсері, ол ке­зеңнің қара­ма-қай­шы­лықтарға то­лы күрделі де маңыз­ды ке­зең ретінде жан-жақты зерт­те­лері, оның та­рихы­на ар­налған іргелі еңбек­тердің дүни­еге ке­лері анық.

Қазақстан­дағы білім бе­ру жүйесі бір-бірімен өза­ра бай­ла­ныс­ты бірне­ше деңгей­ден тұра­ды, олар: мек­тепке дейінгі тәрбие орын­да­ры, жал­пы білім бе­ру мек­тептері, кәсіптік — тех­ни­калық мек­теп, ар­на­улы ор­та және жоғарғы оқу орын­да­ры жұмыс істейді. Олар­дың ара­сын­да Қазақ ұлттық уни­вер­си­теті, Қараған­ды мем­ле­кеттік уни­вер­си­теті, Ев­ра­зия ұлттық уни­вер­си­теті т. б. тәрізді жоғары са­палы ма­ман­дар да­яр­лап ке­ле жатқан оқу орын­да­ры бар.

Қазақстан ғылы­мы әлемдік ғылым қазы­насы­на зор үлес қос­ты, іргелі ғылым­дарды түбе­гейлі зер­те­уге бағыт­талған ірі инс­ти­тут­тар жұмыс істейді.

Рес­публи­каның ғалым-ар­хе­олог­та­ры әлемдік маңызға ие сақ дәуірінің ғажайып ес­керткіштерін — Есік және Бе­рел қорған­да­рын іздестіріп тап­ты. Есік қорғаны­нан біздің за­маны­мызға дейін 5 ғасырға жа­татын «Ал­тын адам» мүрдесі та­был­ды.

Ден­са­улық сақтау са­ласы мем­ле­кеттік және мем­ле­кеттік емес сек­торларға бөлінеді. «Қазақстан — 2030» Стра­теги­ясы­на сәй­кес са­ла­уат­ты өмір сал­ты мем­ле­кет да­му­ын­дағы аса маңыз­ды бағат­тардың бірі бо­лып жа­ри­ялан­ды.

Рес­публи­каның мәде­ни өмірі сан са­лалы. Ел­де 52 те­атр (оның екеуі опе­ра және ба­лет те­ат­ры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, ко­рей және неміс дра­ма те­ат­ры, же­теуі қуыр­шақ те­ат­ры), 15 фи­лор­мо­ния, 64 му­зей, 10 мыңнан ас­там кітап­ха­на (оның 3066-сы мем­ле­кеттік), 2227 мәде­ни-са­уық ме­кеме­лері, 271 ки­ноте­атр, 24 кон­церттік ме­кеме­лер бар.

Қазақстан­ды әлем­ге та­ныта­тын белгілердің бірі ел спорт­шы­лары­ның әлемдік аре­надағы жетістіктері бо­лып та­была­ды. Бо­лашақ спорт­шы­ларға олим­пи­ада чем­пи­он­да­ры Е. Иб­ра­имов, В. Смир­нов, Б. Сат­тарха­нов, О. Ши­шиги­на, т. б. спорт­шы­лар­дың жарқын жеңістері үлгі бо­ла ала­ды.

Әлемнің 120-дан ас­там мем­ле­кет­тері рес­ми түрде та­ныған Қазақстан Рес­публи­касы Біріккен Ұлттар Ұйымы­на (1992ж.), басқа да ха­лықара­лық ұйым­дарға мүше.

Қазақстан — яд­ро­лық қару­дан бас тартқан ең алғашқы мем­ле­кет.

Ел тәуелсіздік мем­ле­кет ретінде да­мыған жыл­да­ры құқықтық және аза­мат­тық қоғам құру жо­лын­да еле­улі та­быс­тарға жетті.

Та­биғаты: Қазақстан­ның жер бе­дері ба­рын­ша әр алу­ан. Оның кең-бай­тақ аумағын­да та­улар да, ор­ман-тоғай­лар да, кең жа­зықтар да бар. Жер бе­дері Қазақстан­ның ба­тыс және солтүстік аудан­да­рынан шығыс және оңтүстік-шығысы­на қарай биіктей түседі. Маңғыс­тау түбегіндегі теңіз дей­гейінен 132 м мөмен жатқан Қарақия ойысы мен Қазақстан­ның ең биік жері — рес­публи­каның оңтүстік-шығысын­да ор­на­ласқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі 6995 м) ара­сын­дағы биіктік айыр­ма­шылығы 7127 м. Кас­пий теңізінің қазақстан­дық бөлігінің ең те­рең жері 600 м-ге же­теді.

Рес­публи­ка аумағының солтүстік-ба­тысын Кас­пий жағала­уы ой­па­ты (абс. биіктігі 28 м-ден +50 м-ге дейін) алып жа­тыр. Әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқан Кас­пий ой­па­тының ені теңіздің солтүстік жағала­уын­да 250 км-ге, ал солтүстік-шығысын­да 120 км-ге же­теді. Жайық Маңғыс­тау та­ула­рымен (300м) шек­те­леді.

Оңтүстік Орал және Мұғад­жар та­ула­ры мен Са­ры­арқа шоқыла­ры ара­сын­да ені 250 -500 км-ге же­тетін Торғай қола­ты ме­риди­ан­дық бағат­та со­зылып жа­тыр.

Солтүстік тізбек­те Са­рым­сақты (3373), На­рым (3483 м) және Күршім (2645 м) жо­тала­ры енеді. Олар­ды Күршім өзенінің аңғары бөліп жа­тыр. Ертіс өзенінің аңғары арқылы бөлінген Са­уыр (2053) және Тар­бағатай (2992 м) та­ула­рынан Зай­сан көлі ор­на­ласқан қазаншұңқыр (400 м) бөліп тұр.

Ал­тай­дан солтүстік-ба­тысқа қарай, Ор­та­лық Қазақстан­да Шыңғыс­тау со­зылып жа­тыр. Тар­бағатай жо­тала­ры мен одан оңтүстікке қарай ор­на­ласқан Жетісу (Жоңғар) Ала­та­уының ара­лығын­дағы кең алқап­та Алакөл ой­па­ты (340 м) бар, ол оңтүстік-шығысын­да Жетісу (Жоңғар) қақпа­сы (600 м) деп ата­латын сүйірленіп кел­ген та­уара­лық аңғар түзеді.

Жетісу та­улы ай­мағына оның бас­ты тізбегін (ең биік тұсы — Бес­бақан шыңы, 4464 м) жа­най ор­на­ласқан Тоқсан­бай (3600м), Тышқан­тау (4359 м), Ал­ты­неміл (293 м) жо­тала­ры енеді.

Қазақстан, Қырғызс­тан және Қытай мем­ле­кет­тері ше­кара­лары­ның түйісінде жатқан Хантәңірі шыңы (6995 м) Ор­та­лық Тянь-Шаньнің Қазақстан­дағы бөлігі бо­лып та­была­ды. Тянь-Шянь­ның тар­мақта­ры — Үлкен және Кіші Қара­тау жо­тала­ры Тұран жа­зығына ішкерілей еніп, то­лығымен Қазақстан аумағын­да жа­тыр.

Әрбір адам ба­ла кезінен «Қазақстан — менің Ота­ным, оның мен үшін жа­уап­ты екені сияқты, мен де ол үшін жа­уап­ты­мын» де­ген қара­пайым ой­ды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн.

Ал­ма­ты — біздің тәуелсіздігіміздің ал­тын бесігі, мем­ле­кетіміздің ал­тын діңгегі.

Ас­та­на кел­беті — ұлт кел­беті.

Ас­та­на — Ота­нымыз­дың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның ұлттық рәміздері: Туы, Ел­таңба­сы, Гимні бар.

Ыс­тық қой. Шіркін, туған жер! Туған жер­ге жет­кенше, қайтіп дәтің шы­дай­ды? Кім сағын­бас өз қағын? Кім сүй­месін өз жерін? Сүй­ме­се сүй­мес зер­десіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек же­тесіз…